БАҒдарламасы семей 2013 Алғы сөз 1 ҚҰрастырылды



Дата01.07.2016
өлшемі220.7 Kb.
#169175
түріБағдарламасы

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИАСЫНЫҢ

БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

ШӘКӘРІМ атындағы

СЕМЕЙ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ



3 деңгейлі СМЖ құжаты

УМКД

ПОӘК 042-16.18.1.99/02-2013

ПОӘК

«Ядролық физика» пәнінің студенттерге арналған бағдарламасы



№ 1 басылым

04.01.2013 жыл





5В060400 -«Физика» мамандығы үшін

«Ядролық физика»

ПӘНІНІҢ ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНІ

СТУДЕНТТЕРГЕ АРНАЛҒАН ПӘННІҢ

БАҒДАРЛАМАСЫ

Семей 2013

Алғы сөз
1 ҚҰРАСТЫРЫЛДЫ

Құрастырушы –__________ А.Т. Рахимбердина «Физика» кафедрасының аға оқытушысы
2 ТАЛҚЫЛАНДЫ

2.1 «Физика» кафедрасының отырысында

№ 1 хаттама, 11 қыркүйек 2013 ж.
Кафедра меңгерушісі _______ С.С.Маусымбаев
2.2. Физика-математика факультетінің оқу-әдістемелік бюросы кеңесі отырысында

№ 1 хаттама, 12 қыркүйек 2013 ж.


Төраға ________ К.А.Батырова
3 БЕКІТІЛДІ

Университеттің оқу-әдістемелік кеңесінің отырысында құпталып және баспаға ұсынылды

№ __ хаттама, ____ ____________2013 ж.
ОӘК төрағасы ________ Г.К.Искакова
4 Алғаш рет енгізілді

Мазмұны



  1. Жалпы мағлұмат

  2. Пәннің мазмұны және сабақ түрлері бойынша сағатты жіктеу.

  3. Курсты оқыту туралы әдістемелік нұсқау

  4. Курстың форматы

  5. Курстың саясаты

  6. Баға қою саясаты

  7. Әдебиеттер

1 ЖАЛПЫ МАҒЛҰМАТ

1.1 Оқытушы және пән туралы жалпы мағлұмат

Рахимбердина Анаргуль Турысбековна

Кафедра «Физика және электротехника»

Байланыс туралы ақпарат – тел. 35-26-22, №1 оқу корпусы, № 1110 каб.

Сабақты жүргізу орыны – 11-ші қабат аудиториялары

Осы пән бойынша кредит саны – 3

1.2 Пәннің қысқаша мазмұны.

Кіріспе. Атом ядросының жалпы қасиеттері. Радиоактивтілік. Ядро құрылымының физикасы. Ядро құрылымының, радиоактивтік ыдыраулардан шығарылатын қасиеттері. α-ыдырау. β-ыдырау. Ядролардың γ-нұрлануы. Ядролық реакциялар физикасы. Атом ядроларының бөлінуі мен түзілуі (синтезі). Жеңіл ядролық түзілуі (синтезі). Нуклон-нуклондық әсерлесу

Қолданбалы ядролық физиканың физикалық негіздері. Жоғарғы энергия мен элементар бөлшектер физикасы. Кварктер. Ғарыштық сәулелер.

1.3 Осы курстың басты мақсаты студенттерді субатомдық микроәлемде өтетін негізгі физикалық құбылыстармен таныстыру;

- Оларды теориялық талдау және тәжірибелік бақылау әдістерімен, олардың ерекшеліктерімен таныстыру;

- Микроәлем физикасының маңызды кезеңдері мен олардың философиялық және әдістемелік мәселелеріне түсінік беру.

1.4 Осы пәннің негізгі мақсаты

- Студентті негізгі ядролық физика құбылыстары мен, оларды бақылау және зерттеу әдістерімен, эксперимент нәтижелерін өңдеуді ЭЕМ-ды қолдану әдістерімен таныстыру;

- Студентке ядролық физиканың дамуы мен оның философиялық және методологиялық проблемалары жайлы ұғым беру.


    1. Оқытудың нәтижелері:

Курсты оқығаннан соң студент

Білу керек:

  • Негізгі физикалық құбылыстар мен олардың ерекшеліктерін;

  • Оларды бақылау және тәжірибелік зерттеу әдістерін;

  • Атом ядролары мен элементар бөлшектердің қасиетерін анықтаудың басты әдістерін;

  • Негізгі заңдар мен олардың математикалық өрнектерін;

  • Субатомдық құбылыстардың маңызды ғылыми техникалық қолдануларын.

Істей алулары керек:

  • Бөлімнің негізгі міндеттерін дұрыс, сапалы және санды тұжырымдау;

  • Физикалық шамалардың мөлшерін бағалау;

  • Кванттық ұғымдар мен релятивтік түсініктерді, атомдық ядролармен элементар бөлшектердің қасиеттері мен ядролық нұрлардың затпен әсерлесуін қарастыруда сапалы пайдалану.

Тәжірибелік дағдылану керек:

  • Қарапайым теориялық есептеулерге үлгілік есептерді шығаруға;

  • Тәжірибелік жұмыстарды жүргізу мен олардың нәтижелерін талдауға.

1.6 Курс пререквизиттері: Механика, Молекулалық физика, Электр және магнетизм, Оптика, Атомдық физика, Математикалық талдау..

1.7 Курс постреквизиттері:

1.7.1 нейтрондық физика

1.7.2 конденсирленген күй физикасы.


2. ПӘННІҢ МАЗМҰНЫ ЖӘНЕ САБАҚ ТҮРЛЕРІ БОЙЫНША САҒАТТЫ ЖІКТЕУ

1 кесте



Тақырып аттары



Сағаттар саны

Әдебиет

тер


Дәр

Зер

Маш саб

ОБС

ӨЖ


СӨЖ

1

2

3

4

5

6

7

8

Модуль № 1 Атом ядросының жалпы қасиеттері. Радиоактивтілік. Ядро құрылымының физикасы. Ядро құрылымының, радиоактивтік ыдыраулардан шығарылатын қасиеттері. α-ыдырау, β-ыдырау. Ядролардың γ-нұрлануы.

1.

Дәріс № 1. Кіріспе. Ядро мен элементар бөлшектер физикасының дамуының басты кезеңдері. Микроәлем құбылыстарының мөлшері. Негізгі бөлім. Атом ядросының жалпы қасиеттері. α-бөлшектердің шашырауына Резерфорд тәжірибесі. Ядро өзара әсерлесетін протондар мен нейтрондардың жүйесі ретінде. Ядроның электр заряды. Массалық сан. Изотоптар мен изобаралар. Ядроның массасы. Ядроның байланыс энергиясы. Ядроның байланыс энергиясы үшін жартылай эмперикалық формула. Киелі сандар. Нуклонның байланыс энергиясы. Нық және радиоактивті ядролар.

Машықтану сабағы № 1 Ядроның байланыс энергиясы мен дефект массасы

Зертханалық сабақ № 1

Өздік жұмыс № 1 Нық және радиоактивті ядролар.

1



2


1

1

1

7.1.1- 1 бөлім, 9-42беттер;

7.1.3- 16 бөлім, 385-395 беттер;



2.

Дәріс № 2 Ядроның спині магниттік моменті. Ядролық магнетон. Ядролардың статикалық мультипольдік моменттері. Ядроның электрлік квадрупольдік моменті. Ядролық күйлердің кванттық механикалық бейнедеуі. Толқындық функцияның жұптылығы. Айнымайтын бөлшектердің толқындық функцияларының симметриялық қасиеттері. Бозондар мен фермиондар. Паули принципі.

Машықтану сабағы № 2 Ядроның спині мен магниттік моменті.

Өздік жұмыс № 2 Ядроның электрлік квадрупольдік моменті.

1




1

1

1

7.1.1- 2 бөлім 42-69 беттер

7.1.3- 16 бөлім, 387-394 беттер;



3.

Дәріс № 3 Радиоактивтілік. Атом ядролардың нықсыздығының негізгі себептері. Табиғи және жасанды радиоактивтілік. Радиоактивтіліктің статистикалық сипаты. Радиоактивтік ыдырау заңы.

Машықтану сабағы № 3 Радиоактивтілік.



Өздік жұмыс № Радиоактивтіліктің статистикалық сипаты. Радиоактивтік ыдырау заңы.

Зертханалық сабақ № 2

1

2

1

1

1

7.1.1- 6 бөлім 192-197 беттер;

7.1.3- 17 бөлім, 410-419 беттер;



4.

Дәріс № 4 Ядро құрылымының физикасы. Атом ядроларының модельдері. Ядролық қабықтар моделі: бірбөлшектік модель, бірбөлшектік модель бойынша ядроның қасиеттері. Жалпыланған ұжымдық модель; ядроның тамшылық моделі. Кластерлік модель. Ядро құрылымының, радиоактивтік ыдырау-лардан шығарылатын қасиеттері. α-ыдырау, α-бөлшектердің спектрі. Негізгі тәжірибелік заңдылықтар. α-ыдырау теориясын элементтерін. Тунельдік эффект. α-ыдырау периодының α-бөлшектердің энергияларына тәуелділігі. Ядролардың мөлшерін α-ыдыраудан алынған мәліметтермен анықтау.

Машықтану сабағы № 4 α-ыдырау.

Өздік жұмыс № 4 Жалпыланған ұжымдық модель; ядроның тамшылық моделі. Кластерлік модель.

1






1

1

1

7.1.1- 6 бөлім 207-219 беттер;

7.1.3- 17 бөлім,425-428 беттер;



5.

Дәріс № 5. β-ыдырау. β-ыдыраудың түрлері. Электрондардың энергиялық спектрлері. Нейтронның барлығын тәжірибелік дәлелдеу. β-ыдырау теориясының элементтері. Нәзік әсерлесу туралы ұғым. Рұқсат етілген және тиым салынған спектрлер. β-ыдырауларда жұптылықтың сақталмауы.

Машықтану сабағы № 5 β-ыдырау.

Зертханалық жұмыс №

Өздік жұмыс № 5 Ядролардың мөлшерін α-ыдыраудан алынған мәліметтермен анықтау.

1



2

1

1

1

7.1.1- 6 бөлім 219-242 беттер;

7.1.3- 17 бөлім, 434-439 беттер;



6.

Дәріс № 6 Ядролардың γ-нұрлануы. Электрлік және магниттік өтулер. γ-өтулер үшін момент пен жұптылық бойынша сұрыптау ережелері және әр түрлі мультипольдік өтулер үшін өту ықтималдықтары. Ядролық изомерия. γ-кванттардың ішкі конверсиясы. Мессбауер эффектісі.

Машықтану сабағы № 6 Ядролардың γ-нұрлануы.

Өздік жұмыс № 6 Нейтронның барлығын тәжірибелік дәлелдеу.

1




1

1

1

7.1.1- 6 бөлім беттер;

7.1.3- 248-262 бөлім, беттер;



Модуль № 2 Ядролық реакциялар физикасы. Атом ядроларының бөлінуі мен түзілуі (синтезі). Жеңіл ядролық түзілуі (синтезі). Нуклон-нуклондық әсерлесу.

7.

Дәріс № 7 Ядролық реакциялардың кірістік және шығыстық арналары. Ядролық реакциялардың энергетикасы. Ядролық реакциялардың кинематикасы. Сақталу заңдары.

Машықтану сабағы № 7 Ядролық реакциялар. Ядролық реакциялар кинематикасы. Электр зарядтары мен нуклон сандарының сақталу заңдары.

Өздік жұмыс № 7 Ядролық изомерия. γ-кванттардың ішкі конверсиясы.

1




1

1

1

7.1.1- 4 бөлім 104-114 беттер;

7.1.3- 18 бөлім, 439-446 беттер;




8.

Дәріс № 8 Реакциялар қималары. Ядролық реакциялардың механизмдері. Құрама ядро моделі. Резонанстық ядролық реакциялар. Брейт-Вигнер формуласы. Ядролық тіке реакциялар. Ядролық тік реакцияларды ядролық күйлердің кванттық сипаттамаларын анықтауға қолдану. γ-кванттарлың, электрондардың, нейтрондардың, жеңіл иондардың, көп зарядты иондардың әсерінен өтетін реакциялардың ерекшеліктері. Тепе-теңдік алдылық процестер. Жоғарғы энергия кезіндегі реакциялар механизмдері. Ядролық реакцияларды зерттеудің тәжірибелік әдістері. Үдеткіштердің жұмыс істеу принциптері. Ядролық бөлшектердің тіркегіштері.

Машықтану сабағы № 8 Атом ядроларының бөлінуі.

Зертханалық жұмыс № 4

Өздік жұмыс № 8. Ядролық реакциялардың кинематикасы. Сақталу заңдары.

1

1

1

1

1

7.1.1- 4 бөлім 118-146 беттер;

7.1.3- 449-453 бөлім, беттер;



9.

Дәріс № 9 Атом ядроларының бөлінуі мен түзілуі (синтезі). Бөліну туралы негізгі тәжірибелік мәліметтер. Бөлінудің элементар теориясы. Бөліну көрсеткіші. Өздік бөліну. Уранның нейтрондар әсерінен бөлінуі. Тізбекті реакция. Көбею коэффиценті. Ядролық реакторлар. Ядролық энергетика. Дағдылы және бәсекелес энергия көздерінің салыстырмалы сипаттамалары.

Машықтану сабағы № 9 Жеңіл ядролар синтезі.

Зертханалық жұмыс № 5

Өздік жұмыс № 9 Ядролық бөлшектердің тіркегіштері.

1

2

1

1

1

7.1.1-11 бөлім 510-540 беттер;

7.1.3- 18 бөлім, 453-475 беттер;



10.

Дәріс № 10. Жеңіл ядролық түзілуі (синтезі). Жұлдыздардағы ядролық реакциялар. Басқарылатын термоядролық синтез проблемалары

Машықтану сабағы № 10 Зарядталған бөлшектердің затпен өзара әсерлесуі.

Зертханалық сабақ № 6

Өздік жұмыс № 10 Дағдылы және бәсекелес энергия көздерінің салыстырмалы сипаттамалары.

1

2




1

1

7.1.1- 12 бөлім 540-575 беттер;


11

Дәріс № 11 Нуклон-нуклондық әсерлесу. Дейтрон – n-p-жүйенің байланысқан күйі. Дейтроннның негізгі анықтамалары. Дейтронның толқындық функциясы. Ядролық күштердің тензорлық сипаты. Нейтронның протонда шашыратылуы. Ядролық күштердің спинге тәуелділігі. Айнымайтын бөлшектердің шашыратылуының ерекшеліктері. Ядролық күштердің зарядқа тәуелсіздігі. Изотоптық спин. Паулидің жалпыланған принципі. Ядролық күштердің алмастырмалық сипаты. Ядролық күштердің қанығулық қасиеттері.

Машықтану сабағы № 11 γ-нұрланудың зат арқылы өтуі. γ- кванттардың өзара әсерлесу эффективті қимасының энергия мен заттың қасиеттеріне байланыстылығы.

Өздік жұмыс № 11 . Жұлдыздардағы ядролық реакциялар. Басқарылатын термоядролық синтез проблемалары.

















7.1.1- 5 бөлім 154-188 беттер;

7.1.3- 15 бөлім, 395-405 беттер;



Модуль № 3 Қолданбалы ядролық физиканың физикалық негіздері. Жоғарғы энергия мен элементар бөлшектер физикасы. Кварктер. Ғарыштық сәулелер.

12.

Дәріс № 12. Қолданбалы ядролық физиканың физикалық негіздері. Ядролық нұрдың затпен әсерлесуі. Зарядталған бөлшектердің ортамен әсерлесуі. Энергияның атомды иондау мен қоздыруға шығыны. Нұрлану шығындары. Вавилов Черенков нұрлануы. Серпімді шашыратылу. Зарядталған бөлшектердің жүрімдері. Нейтрондардың затпен әсерлесулері. Нейтрондардың баяулауы. Жылулық және резонанстық нейтрондар. Жылулық нейтрондардың диффузиясы. γ-нұрдың зат арқылы өтуі. γ-кванттардың әсерлесулерінің қималарының γ-нұрдың энергиясы мен заттың қасиеттеріне тәуелділігі. Ядролық нұрлардың тірі организмге әсері. Дозиметрия мен ядролық нұрлардан қорғанудың элементтері.

Машықтану сабағы № Жоғары энергиялар физикасы.

Өздік жұмыс № 12 Дозиметрия мен ядролық нұрлардан қорғанудың элементтері.

1





1

1

1

7.1.1- 13 бөлім 383-400 беттер;

;


13.

Дәріс № 13. Жоғарғы энергия мен элементар бөлшектер физикасы. Элементар бөлшектер – жоғарғы энергия физикасы. Жоғарғы энергия физикасының тәжірибелік әдістері.Жоғарғы энергиялы шоқтарды алудың қазіргі әдістері туралы ұғым. Бөлшектердің жинақтағыштары. Қарсы шоқтар. Релятивистік кинематика элементтері. Бөлшектердің туу және ыдырау құбылыстарын бақылау. Қысқа өмірлі бөлшектерді бақылау әдістері.

Машықтану сабағы № 13 Нуклон-нуклондық әсерлесу. Нейтрондардың протондарда шашырауы.

Зертханалық жұмыс № 8

Өздік жұмыс № 13 Жоғарғы энергия физикасының тәжірибелік әдістері.

1

2




1

1

7.1.1- 9 бөлім, 417-479 беттер;

7.1.3- 19 бөлім, 483-485 беттер;



14.

Дәріс № 14 «Элементар бөлшек» ұғымының дамуы. Бақыланатын элементар бөлшектердің ортақ қасиеттері: лептондар, адрондар. Бөлшектер мен антибөлшектер. Іргелі әсерлесулердің төрт түрі. Әсерлесу күші. Элементар бөлшектерді сараптау. Сақталу заңдары. Дәл және дәл емес кванттық сандар.

Машықтану сабағы № 14 Нейтрондардың затпен өзара әсерлесуі. Зертханалық сабақ № 8

Өздік жұмыс № 14 Қысқа өмірлі бөлшектерді бақылау әдістері.

1

2

1

1

1

7.1.1- 7 бөлім 262-383 беттер;

7.1.3- 19 бөлім, 488-517 беттер;



15.

Дәріс № 15 Кварктар. Элементар бөлшектердің кварктық моделі. Кварк – лептондық симметрия. Глюондар. Кванттық хромодинамиканың негізгі түсініктері. Кварктар мен лентондардың электромагниттік және нәзік әсерлесулері. Нәзік және электромагниттік әсерлесулердің біріккен теориясы. Ұлы біріктіру теориясы. Ғарыштық сәулелер. Бірінші реттік ғарыштық нұр. Ғарыштық нұрдың атмосфера арқылы өтуі. Ғарыштық сәулелердің өзгерістері. Жердің радиациялық белдіктері. Ғарыштық сәулелердің тегі туралы тұжырымдар. Ғарыштық нұр бөлшектерінің үдетілуінің мүмкін механизмдері.

Машықтану сабағы № 15 Элементар бөлшектер және ғарыштық сәулелер.

Өздік жұмыс № 15 Нәзік және электромагниттік әсерлесулердің біріккен теориясы. Ұлы біріктіру теориясы.

1




1

1

1

7.1.1- 7 бөлім 331-355 беттер;

3 ПӘНДІ ОҚЫТУҒА АРНАЛҒАН ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУЛАР

Курсты оқыған кезде берілген тақырыптың негізгі жағдайларын қарастыруға баса назар аудару керек, осы мақсатта пәннің оқу-әдістемелік кешенін ұсынып отырмыз, ол студенттердің оқулықпен жұмыс істеуін жеңілдетеді. Пәнді оқып меңгеруі үшін студенттің қолында оқулықтар, оқу құралдары, физикадан зертханалық жұмыстарға әдістемелік нұсқаулар бар.

Ең маңыздысы дұрыс оқулық таңдап алу. Бір уақытта бірнеше оқулықты пайдаланудың қажеті жоқ, ұсынылып отырға әдебиеттердің ішінен тек біреуін ғана негізгі етіп алу керек. Басқа оқулықтарды тек қажетті материал болмаған кезде немесе оқулықта қысқаша ғана көрсетілген кезде ғана пайдаланады. Курсты тақырып бойынша, пән бағдарламасына сәйкес оқыған жөн.

Студент барлық аудиториялық сабақтарға және ОКӨБЖ –қа қатысуы міндетті, оқытушымен қосымша сабақ өтуге мүмкіндігі бар.

4. КУРСТЫҢ ФОРМАТЫ

Студент мерзімінде оқытушыға ӨБЖ тапсырмаларын тапсыруы қажет, зертханалық, машықтану сабақтарына дайын болуы керек.

Студент сабақты босататын болса, оның рейтингісі төмендетіледі, сондықтан ол босатылған сабақтар бойынша бақылау жұмысын орындауы қажет.

Студент оқу сабақтарының барлық түрлерінде белсенді жұмыс істеуі қажет, оның жұмысы баллмен бағаланады да, қосылып аралық және қорытынды рейтинг қойылады.

ОКӨБЖ –қа сабақ және өзбетімен жұмыс кезінде қиындық тудырған сұрақтар шығарылады. Егер ондай сұрақтар туындамайтын болса, дәріс бойынша білімін кеңейтіп тереңдетеді, қосымша ғылыми әдебиеттермен танысуына болады.

5. КУРСТЫҢ САЯСАТЫ

Студентке қойылатын талаптар:



Сабаққа қатысу: Дәріс, машықтану сабақтарына қатысу міндетті түрде. Қандай да бір себептермен сабақты босататын жағдайда да студент өзбетімен жұмыс тақырыптарын дәл уақытында өткізу қажет, ал босатылған сабақтар тақырыбы бойынша бақылау жұмысын жазу немесе тест тапсыру керек.

Мінез-құлық: Сабақ уақытында үнемі тәртіп бұзған студент аудиториядан шығарылып жіберіледі немесе бүкіл курс бойынша “қанағаттанғысыз” деген баға қойылады.

Бақылау тапсырмалары: Міндетті түрде оларды дәл уақытында орындап тапсыру керек. Уақытынан кешіктіріліп тапсырылған тапсырмалар автоматты түрде төмендетіліп бағаланады.

Межелік аттестация: Межелік аттестация сабаққа қатысу, өзбетімен жұмысты дәл уақытында өткізу, сабақ кезінде ауызша және жазбаша түрде тапсыру, межелік бақылау нәтижесінде қойылады.

Көшіру мен плагиат: Кез-келген көшіріп алу немесе плагиат (басқа студенттердің дайын тапсырмалары мен шығарылған есептерін қолдану) анықталатын болса студент аудиториядан шығарылып жіберіледі немесе бүкіл курс бойынша “қанағаттанғысыз” деген баға қойылады.

Ұялы телефондар: Сабақ кезінде өшіріліп қоюы керек.

Емтихан: Қорытынды ауызша емтиханға пән бойынша қойылатын ең жоғары баллдың 50% алған студенттер жіберіледі.

6. БАҒА ҚОЮ САЯСАТЫ.

«Ядролық физика» пәні бойынша балдардың бөлінуі



2- кесте

Апталар

Бақылау түрлері

Барлық балдар


Ескерту

4 апта

Дәріс

10




Зертханалық сабақ

20




СОӨЖ

10




СӨЖ

10




7 апта

Дәріс

10




Зертханалық сабақ

30




СОӨЖ

15




СӨЖ

15




8 апта

Дәріс

10




Зертханалық сабақ

30




СОӨЖ

15




СӨЖ

15




11 апта

Дәріс

10




Зертханалық сабақ

20




СОӨЖ

10




СӨЖ

10




14 апта

Дәріс

10




Зертханалық сабақ

30




СОӨЖ

15




СӨЖ

15




15 апта

Дәріс

10




Зертханалық сабақ

30




СОӨЖ

15




СӨЖ

15




7. ОҚУЛЫҚТАР

7.1 Негізгі оқулықтар

7.1.1 Широков Ю.М., Юдин Н.П. Ядерная физика.-М.: «Наука»,1972 г. 283 с.

7.1.2 Сивухин Д.В. Общий курс физики, т.5. Атомная и ядерная физика: ч.2, учебное пособие. - М.: ВШ, 1986.-416 с.

7.1.3 Детлаф А.А.,Яворский Б.М. Курс физики. – М.: ВШ., 1989. – 608 с.

7.1.4 Сборник задач по общему курсу физики. V. Атомная физика. Физика ядра и элементарных частиц. Под ред. Сивухина Д.В..-М.: Наука, 1981г.

7.1.5 Иродов И.Е. Задачи по общей физике. М.: Наука, 1988

7.1.6 Кортнев А.В., Рублев Ю.В., Куценко А.Н. Практикум по физике, М.:ВШ,1965

7.1.7 Иродов И.Е. Атомная и ядерная физика. Сборник задач: Учебное пособие.- СПб: изд. «Лань»,2002. – 288 с.

7.1.8 Сивухин Д.В. Атомная и ядерная физика, т.V .-М.: Физматлит.2006г. 439 с.

7.1.9 Иродов И.Е. Квантовая физика. Основные законы.- М.: ВШ,1988г.

7.1.10 Савельев И.В. Сб. вопросов и задач по общей физике. Учебное пособие.- М.: Наука. 1982. – 272с.

7.1.11 Пустовалов Г.Е. Атомная и ядерная физика. М.: МУ.1968.-311с.

7.1.12 Шпольский Э.В. Атомная физика: Учебное пособие в 2-х томах. – М.: Наука,1984, т.2-438с.

7.2 Дополнительная

7.2.1 Гольдин Л.Л., Новикова Г.И. Введение в квантовую физику. – М.: Наука, 1988.-328 с.

7.2.2 Мухин К.Н. Экспериментальная ядерная физика. Т.1,Физика атомного ядра.- М.: Энергоатомиздат, 1993 г.,616 с.

7.2.3 Мухин К.Н. Экспериментальная ядерная физика; т.2, Физика элементарных частиц.- М.: Энгергоатомиздат,1993 г, 293 с.

7.2.4 Савельев И.В. Курс общей физики. Книга 5. М.: Наука,1998.- 368с.

7.2.5 Корсунский М.И. Оптика. Строение атома. Атомное ядро. М.: Наука, 1967.

7.2.6 Физический практикум. Под ред. В.И.Ивероновой М.: Наука,1968.

7.2.7 Майсова Н.Н. Практикум по курсу общей физики. Росвузиздат, 1963.

7.2.8 Руководство к лабораторным занятиям по физике. Под ред. Л.Л.Гольдина. М.: Наука, 1973.

7.2.9Ракобольская И.В. Ядерная физика, М.: Изд. МГУ,1971 г,293 с.


      1. Сив

      2. ухин К.Н. Введение в ядерную физику, - М.:Госатомиздат

1963г.

7.2.11 Айзенберг И.В., Грайнер В. Модели ядер. Коллективные и одночастичные явления. М.: Атомиздат,1975, 454 с.

7.2.12 Айзенберг И.В., Грайнер В. Механизмы возбуждения ядра. М.: Атомиздат,1976,487 с.

7.2.13 Атмачиди П.И., Гайнова Л.Е. и др. Физика. Методические указания к выполнению контрольных работ для студентов-заочников инженерно-технических специальностей. Семипалатинск, УОП СТИММП, 1996

7.2.14 Капитонов И.М. Введение в физику ядра и частиц – М.: УРСС, 2002г.

7.2.15 Взоров Н.Е. и др. Сборник задач по общей физике -М.: Наука,1968г. ч.5

7.2.16 Жумагулов А.Ж., Гайнова Л.Е. и др. Физика. Тесты. Атомная и ядерная физика. Семипалатинск, 1996

7.2.17 Батракова Л.М. и др. Программа вопросов с выборочными ответами для изучения курса физики. Ч.2. Алма-Ата,1979

7.2.18 Байсакалова А.Б. Методическая разработка по программированному контролю по общему курсу физики. Алма-Ата, 1987

7.2.19 Чертов А.Г.,Воробьев А.А.Задачник по физике –М.: ВШ, 1988, гл. 8

7.2.20 Джумагулова К.Н., Гайнова Л.Е. и др. Лабораторный практикум по ядерной физике – Курчатов,2001 г.

7.2.21 Нерсесов Э.А. Основные законы атомной и ядерной физики. - М.: ВШ.1988





Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет