БАҒдарламасы семей 2013 Алғы сөз 1 ҚҰрастырылды



Дата01.07.2016
өлшемі247.58 Kb.
#169135
түріБағдарламасы

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ

БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті


3 деңгейлі СМЖ құжаты

УМКД

ПОӘК 042-06.1..45/02-2013

ПОӘК

«Физика» пәнінің студенттерге арналған бағдарламасы



№ 2 баспа

«____» ____ 2013 ж.





5В070400- -«Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету

мамандығы үшін

«Физика»


ПӘНІНІҢ ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНІ

СТУДЕНТТЕРГЕ АРНАЛҒАН ПӘННІҢ

БАҒДАРЛАМАСЫ

Семей 2013


Алғы сөз

1 ҚҰРАСТЫРЫЛДЫ

Құрастырушы – «___» _____ 2013 ж. ________ Рахимбердина Анаргуль Турысбековна «Физика» кафедрасының аға оқытушысы
2 ТАЛҚЫЛАНДЫ

2.1 «Физика» кафедрасының отырысында

№ хаттама, ___ ________ 2013 ж.

Кафедра меңгерушісі _______ Маусымбаев С.С.


2.2. Физика-математика факультетінің оқу-әдістемелік бюросы кеңесі отырысында

№ ____ хаттама, _____ ___________ 2013 ж.

Төраға ________ Батырова К.А.
3 БЕКІТІЛДІ

Университеттің оқу-әдістемелік кеңесінің отырысында құпталып және баспаға ұсынылды

№ __ хаттама, ____ ____________2013 ж.
ОӘК төрағасы ________ Искакова Г.К.
4 Алғаш рет енгізілді

Мазмұны



  1. Жалпы мағлұмат

  2. Пәннің мазмұны және сабақ түрлері бойынша сағатты жіктеу.

  3. Курсты оқыту туралы әдістемелік нұсқау

  4. Курстың форматы

  5. Курстың саясаты

  6. Баға қою саясаты

  7. Әдебиеттер

1 ЖАЛПЫ МАҒЛҰМАТ

1.1 Оқытушы және пән туралы жалпы мағлұмат

Рахимбердина Анаргуль Турысбековна

Кафедра «Физика және электротехника»

Байланыс туралы ақпарат – тел. 35-26-22, №1 оқу корпусы, № 1110 каб.

Сабақты жүргізу орыны – 11-ші қабат аудиториялары

Осы пән бойынша кредит саны – 3




    1. Пәннің мазмұнының қысқаша сипаттамасы

Механиканың физикалық негіздері. Классикалық механикадағы күй түсінігі, қозғалыс теңдеулері, сақталу заңдары, релятивистік механика негіздері. Механикадағы салыстырмалылық принципі, салыстырмалылықтың әлеуметтік теориясының элементтері, қатты дене, сұйық және газдар кинетикасы.

Электр және магнетизм: Вакуум және заттағы электростатика және магнетостатика. Максвелл теңдеуі, квазистационарлық токтар, электродинамикадағы салыстырмалылық принципі. Тербеліс және толқындар физикасы, гармониялық және ангармоникалық осциллятор, спектрлі бөлшектердің физикалық мағынасы.

Толқындық процестер кинематикасы, толқындар интерференциясы және дифракциясы. Фурье-оптика элементтері. Кванттық физика: корпускулярлы-толқындық дуализм, суперпозиция принципі, қозғалыстың кванттық теңдеуі, физикалық шамалар операторлары, атомдар мен молекулалардың энергетикалық спектрі, химиялық байланыс табиғаты. Статикалық физика және термодинамика: термодинамиканың үш бастауы, күйдің термодинамикалық функциялары, фазалық тепе-теңдік және фазалық өзгерістер, тепе-теңсіздік термодинамиканың элементтері, классикалық және кванттық статистика, кинетикалық құбылыстар, зарядталған бөлшектер жүйелері, конденсациялы күй.

1.3 Осы курстың мақсаты физика туралы мағлұматтар алулары керек;

1.4 Осы пәннің негізгі мақсаты қарастыратын негізгі құбылыстар жайлы білімді, олардың өту ерекшеліктерін, негізгі ұғымдарды, физикалық шамаларды, олардың математикалық жазылуларын, өлшем бірліктерін; тәжірибелік әдістердің негіздерін және өлшеу нәтижелерін өңдеу туралы мағлұматтар алулары керек.


    1. Оқытудың нәтижелері:

Курсты оқығаннан соң студент игеруі қажет:

негізгі құбылыстарды, олардың өту ерекшеліктерін, негізгі ұғымдарды, шамаларды, олардың математикалық жазылуларын, өлшем бірліктерін; тәжірибелік әдістердің негіздерін және өлшеу нәтижелерін өңдеуді; физика заңдарын нақты физикалық есептерге қолдануды, құралдармен жұмыс істеуді;

ұға білуі қажет:

негізгі физикалық заңдылықтарды, олардың табиғатта байқалуын және техникада қолданылуын, математикалық сипатталуын;

меңгеруі қажет:

физикалық приборлармен жұмыс істеуді, физиканың нақты есептерін шығаруды және оны физика заңдарымен байланыстыра білуді;

Курсты оқығаннан соң студент мынаны істей білуі қажет:

- құбылыстың физикалық механизмін аша білуі, белгілі бір нақты процестерде термодинамикалық параметрлердің өзгерісіне талдау жасай білуі,

- статистикалық әдісті қолдана білуі;

- құралдармен және жүйелердің негізгі параметрлерін өлшеу әдістерімен

жұмыс істей білуі;

- молекулалық жүйелермен істелінетін физикалық эксперименттердің

техникасын меңгеруі, термодинамилық параметрлерді, тұрақтыларды

- процесс сипаттамаларын өлшей білуі, өлшеу нәтижесін бағалай білуі,

компьютерді қолдана білуі және өлшеу нәтижесінің статистикалық өңдеуінің нәтижесін ала білуі; молекулалық физика және термодинамика есептерін шығара білуі.

1.6 Курс пререквизиттері:

1.6.1 математикалық анализ

1.6.2 дифференциалдық және интегралдық теңдеулер

1.6.3 аналитикалық геометрия және жоғарғы математика

1.6.4 векторлық және тензорлық анализ негіздері

1.7 Курс постреквизиттері:

1.7.1 Электротехника

1.7.2 Жылу техникасы;

2 ПӘННІҢ МАЗМҰНЫ ЖӘНЕ САБАҚ ТҮРЛЕРІНЕ БОЙЫНША САҒАТТАРДЫ БӨЛУ

1-кесте

Тақырып аттары


Сағаттар саны

Әдебиет

тер




Дәріс

Зерт.сабақ


Машық. саб.

ОБСӨЖ

СӨЖ

1

2

3

4

5

6




Дәріс № 1. Кинематика. Механикалық қозғалыс – материя қозғалысының қарапайым үлгісі. Кеңістік пен уақыт. Санақ жүйесі. Материялық нүкте туралы түсінік. Материялық нүкте қозғалысының сипаттамасы. Қозғалыс заңы. Айналмалы қозғалыстың кинематикасының элементтері. Қисық сызықты қозғалыстағы жылдамдық пен үдеу. Бұрыштық жылдамдық пен бұрыштық үдеу. Материалық нүктенің және қатты дененің динамикасы. Механикадағы күштердің түрлері. Гравитациялық күштер. Бүкіл әлемдік тартылыс заңы. Серпімділік күштері. Гук заңы. Үйкеліс күштері. Инерциалды санақ жүйелері. Салыстырмалылықтың механикалық принципі. Галилей түрлендірілуі. Инерциалды емес санақ жүйесі. Абсолют қатты дене түсінігі. Қатты дененің инерция моменті және күш моменті. Қозғалмайтын оске қатысты қатты дененің айналмалы қозғалыс динамикасының негізгі теңдеуі. Штейнер теоремасы.

Зертханалық сабақ № 1 «Қателіктер теориясына кіріспе. Геометриялық дұрыс формалы денелердің тығыздықтарын анықтау»

Машықтану сабағы № 1 Материалық нүктенің кинематикасы, динамикасы.

Өздік жұмыс № 1 Инерциалды санақ жүйесі.



1


1


1

3


3


7.11,

7.12,


7,13,

7,14


Дәріс № 2 Сақталу заңдары. Сақталу заңдары кеңістік және уақыттың симметриялы екендігінің салдарлары. Материалдық нүктелер жүйесі. Сыртқы және ішкі күштер. Массалар центрі. Механикалық жүйенің массалар центрі (инерция центрі) және оның қозғалыс заңы. Импульстің сақталу заңы - табиғаттың іргелі заңдарының бірі. Реактивті қозғалыс. Энергия - әр түрлі көріністегі формалы қозғалыстар мен өзара әсерлесудің әмбәбап өлшемі. Күш жұмысы және оның қисық сызықты интерграл арқылы берілетін өрнегі. Қуат. Механикалық жүйенің кинетикалық энергиясы және оның жүйеге түсірілетін сыртқы және ішкі күштердің жұмысымен байланысы. Сыртқы күш өрісіндегі материалдық нүктенің потенциалдық энергиясы және оның материалдық нүктеге әсер ететін күшпен байланысы. Консервативті және консер-вативті емес күштер. Механикадағы энергияның сақталу заңы. Импульс моменті. Импульс моментінің сақталу заңы. Арнайы салыстырмалылық теориясының элементтері. Эйнштейн постулаттары. Лоренц түрлендірулері. Түрлендірілудің инварианттары. Жылдамдықтарды қосудың релятивтік заңы. Релятивтік динамика.

Зертханалық сабақ № 2 «Обербек маятнигі көмегімен айналмалы қозғалыс заңдылықтарын зерттеу».

Машықтану сабағы № 2 Қатты дененің динамикасы. Механикадағы сақталу заңдары.

Өздік жұмыс № 2 Консервативті және консервативті емес күштер.



1


1

1

3

3

7.11,

7.12,


7,13,

7,14


Дәріс № 3 Тұтас орталар механикасының элементтері. Тұтас орта түсінігі. Сұйықтар мен газдардың жалпы қасиеттері. Идеаль және тұтқыр сұйық. Бернулли теңдеуі. Сұйықтардың ламинарлық және турбуленттік ағыны. Стокс өрнегі. Пуазейл теңдеуі. Серпімді кернеулер. Серпімді деформацияланған дененің энер гиясы.

Тербелістер мен толқындар. Гармониялық тербелістердің жалпы сипаттамалары. Серіппедегі жүктің тербелісі, математикалық және физикалық маятниктер. Тербелістерді қосу. Векторлық диаграмма. Еркін өшетін тербелістер Өшу коэффициенті. Өшудің логарифмдік декременті. Синусоидалық күштің әсерінен болатын еріксіз тербелістер. Еріксіз тербелістердің амплитудасы мен фазасы. Резонанс. Автотербелістер. Толқындық қозғалыстардың негізгі сипаттамалары. Толқын теңдеуі. Қума және тұрғын толқындар. Фазалық жылдамдық. Допплер эффектісі. Дыбыс. Ультрадыбыс.

Зертханалық сабақ № 3 «Тұтас дөңгелектің инерция моментін және үйкеліс күшін анықтау»

Машықтану сабағы № 3 Арнайы салыстырмалылық теориясы элементтері. Тұтас орталар механикасының элементтері. Гармоникалық тербелістер. Толқындық процестер.

Өздік жұмыс № 3 Резонанс. Автотербелістер.


1


1

1

3


3


7.11,

7.12,


7,13,

7,14


Доріс № 4 Статистикалық физика және термодинамика. Молекула - кинетикалық теорияның элементтері. Молекула-кинетикалық көзқарас тұрғысынан газдың қысымы. Температураның молекула -кинетикалық теория тұрғысынан мағынасы. Идеал газ молекулаларының орташа кинетикалық энергиясы. Термодинамикалық параметрлер. Тепе-теңдік күйлер мен процестер, оларды термодинамикалық диаграммаларда көрсету. Идеал газ заңдары. Идеал газ күйінің теңдеуі. Ықтималдық және флуктуация. Максвелл таралуы. Бөлшектердің жылулық қозғалысының жылдамдығы. Сыртқы потенциялық өрістегі бөлшектер үшін Больцман таралуы. Идеал газдың ішкі энергиясы. Идеал газдың жылу сыйымдылығының молекула-кинетикалық теориясы және оның шектелуі.

Термодинамика негіздері. Термодинамиканың 1-ші бастамасы. Изопроцестер. Қайтымды және қайтымсыз жылулық процестер. Карно циклі және оның п.ә.к. Карно теоремасы. Келтірілген жылу. Клаузиус теоремасы. Энтропия. Термодинамикалық потенциалдар. Термодинамиканың екінші бастамасы және оның физикалық мағынасы.

Машықтану сабағы № 4 Газ заңдары. Статистикалық таралу. Тасымалдау құбылыстары. Термодинамика негіздері. Реал газдар.

Зертханалық жұмыс № 4 «Газдың жылу сиымдылықтарының қатынасын Клеман-Дезорма әдісімен анықтау»

Өздік жұмыс № 4 . Тепе-теңдіксіз термодинамикалық жүйелердегі тасымалдау құбылыстары.


1


1

1

3


3


7.11,

7.12,


7,13,

7,14


Доріс № 5 Тасымалдау құбылысы. Тасымалдау құбылысының жалпы сипаттамасы. Молекулалардың соқтығысуының орташа саны және еркін жүру жолының орташа ұзындығы. Релаксация уақыты. Термодинамиканың тепе-тең емес күйлердегі тасымалдау құбылысы. Жылу өткізгіштік, ішкі үйкеліс (тұтқырлық), диффузия, тасымалдау құбылыстарының молекула-кинетикалық теориясы. Тасымалдау коэффициенттері. Нақты газдар. Молекулааралық өзара әсер күштері. Молекулалардың эффективті диаметрі. Ван-дер-Ваальс изотермалары. Бірінші және екінші текті фазалық тепе-теңдік және фазалық алмасулар. Клапейрон-Клаузиус теңдеуі. Кризистік нүкте. Үштік нүкте.

Электростатика. Электр зарядтарының өзара әсерлері. Электр зарядтарының сақталу заңы. Электр өрісі. Электр өрісінің кернеулігі. Суперпозиция принципі. Электрлік диполь. Вектор ағыны. Гаусс теоремасы. Электр өрістерінің кернеуліктерін есептеу үшін Гаусс теоремасын қолдану. Электростатикалық өрістің жұмысы. Электростатикалық өрістің циркуляциясы. Потенциал. Потенциалдың электростатикалық өріс кернеулігімен байланысы. Электростатикалық өрістегі өткізгіштер. Өткізгіштер және өткізгіш бетіне жақын жердегі электр өрісі. Өткізгіш - вакуум шекарасындағы шекаралық шарттар. Электр сыиымдылық. Конденсаторлар.

Машықтану сабағы № 5 Тасымалдау құбылыстары. Электростатика.

Зертханалық жұмыс № 5 «Стокс әдісі көмегімен сұйықтың тұтқырлық коэффициеннтін анықтау»

Өздік жұмыс № 5 Әр түрлі геометриялық пішіндегі конденсаторлардың сиымдылығы.


1


1

1

3


3


7.11,

7.12,


7,13,

7,14


Дәріс №6 Электростатикалық өрістегі диэлектриктер. Поляризацияланған зарядтар. Диэлектик ердің түрлері.. Электрлік ығысу. Екі диэлекриктін шекарасындағы шарттар. Электр зарядтарының өзара әсерлесу энергиясы. Зарядталған конденсаорлардың және өткізгштер жүйесінің энергиясы. Электростатикалық өріс энергиясы. Электрлік өріс энергиясының көлемдік тығыздығы.

Тұрақты электр тоғы. Электр тогының болу шарттары және оның жалпы сипаттамасы. Металдардың электрлік өткізгіштігінің классикалық электрондық теориясы. Ом және Джоуль-Ленц заңдарының дифференциалды түрі. Бөгде күштер. Гальваникалық элементі бар тізбектің бөлігі үшін жалпы Ом заңы. Кирхгоф ережелері.

Машықтану сабағы № 5 Тұрақты электр тоғы.

Зертханалық сабақ № 6 «Электростатикалық өрісті зерттеу»

Өздік жұмыс № 6 Газдар мен плазмадағы электр өрісі.


1


1


1


3


3


7.11,

7.12,


7,13,

7,14


Дәріс № 7 Магнит өрісі. Магнит индукциясы векторы. Суперпозиция принципі. Био-Савар-Лаплас заңы. Қарапайым жүйелердің маг-нит өрісіндегі зарядталған бөлшектің қозғалысы. Лоренц күші. Холл эффектісі. Ампер заңы. Магнит өрісіндегі тоғы бар орам. Тоғы бар рамкаға әсер етуші күш моменті. Магнит ағыны. Магнит өрісі үшін Гаусс теоремасы. Тогы бар өткізгішті магнит өрісінде ауыстырғанда іс-телетін жұмыс. Заттағы магнит өрісі. Магнетиктер. Магнетиктердің түрлері. Диамагнетиктер. Парамагнетиктер. Ферромагнетиктер. Кюри температурасы. Екі ортаның шекарасындағы шекаралық шарттар. Заттағы магнит өрісі үшін толық ток заңы.

Электромагниттік индукция құбылысы. Электромагниттік индукцияның негізгі заңы. Ленц ережесі. Өзара индукция және өздік индукция құбылысы. Ұзын соленоидтың индуктивтігі. Токтың магнит энергиясы. Магниттік энергияның тығыздығы.

Зертханалық сабақ № 7 Жердің магнит өрісінің кернеулігінің горизонталь құраушысын анықтау»

Машықтану сабағы № 7 Магнит өрісі

Өздік жұмыс № 7 Өзара индукиця коэффициенті.


1


1

1

3


3


7.11,

7.12,


7,13,

7,14


Дәріс № 8 Максвелл теңдеулері. Электромагниттік индукция құбылысын Фарадейлік және Максвелдік түсініктемесі. Ығысу тогы. Максвелл теңдеулерінің жүйесі. Электрлік және магниттік өрістерінің салыстырмалылығы. Векторлық және скалярляқ потенциалдар. Толқындық теңдеу. Электромагниттік қозудың таралу жылдамдығы. Электромагниттік тербелістер. Тербелмелі контур. Еркін және еріксіз электромагниттік тербелістер. Резонанс. Айнымалы электр тогы. Айнымалы ток үшін Ом заңы. Кернеулер мен токтардың резонансы. Электромагниттік толқындар. Электромагниттік өріс үшін толқындық теңдеу. Электромагниттік толқынның қасиеттері. Энергия ағынының тығыздығы. Умов-Пойтинг векторы. Дипольдің сәуле шығаруы. Сәулелік (геометриялық) оптиканың негізгі заңдары. Шағылу және сыну заңдары. Толық шағылу құбылысы. Фотометрия.

Машықтану сабағы № 8 Электромагниттік индукция. Максвелл теңдеулер. Магнит және электр өрістерінде зарядталған бөлшектердің қозғалысы. Айнымалы электр өрісі.

Зертханалық сабақ № 8 «Тербелмелі қозғалыс заңдылықтарын зерттеу»

Өздік жұмыс № 8 Динамикалық хаос.



1

1

1

3

3

7.11,

7.12,


7,13,

7,14


Дәріс № 9 Жарық толқындарының қасиеттері. Толқындық түйдек. Жарықтың топтық жылдамдығы. Жарық толқындарының интерференциясы. Уақыттық және кеңістік когеренттік. Толқындардың дифракциясы. Гюйгенс-Френель принципі. Френельдің зоналық әдісі. Френель дифракциясы. Фраунгофер дифракциясы. Бір саңылаудағы және көп саңылаудағы дифракция. Спектрлік жіктелу.

Машықтану сабағы № 9 Сәулелік (геометриялық) оптиканың негізгі заңдары. Фотометрия. Жарық толқындарының интерференциясы.

Зертханалық сабақ № 9 «Френель бипризмасының көмегімен жарықтың толқын ұзындығын анықтау»

Өздік жұмыс № 9 Голография.



1


1


1

3


3


7.11,

7.12,


7,13,

7,14


Дәріс № 10 Заттағы электромагниттік толқындар. Заттағы жарықтың таралуы. Жарық дисперсиясы. Жарықтың жұтылуы. Жарықтың поляризациясы. Жылулық сәулелену. Абсолют қара дененің сәулеленуінің проблемалары. Кванттық гипотеза және Планк өрнегі. Фотондар. Жарық кванттарының энергиясы және импульсі. Франк және Герц тәжірибелері. Фотоэффект. Комптон эффектісі. Атомның сызықты спектрлері..

Машықтану сабағы № 10 Жылулық сәулелену. Абсолют қара дененің сәулеленуінің проблемалары. Фотоэффект. Комптон эффектісі.

Зертханалық сабақ № 10 Малюс заңын тексеру.

Өздік жұмыс № 10 Поляризацияланған жарықты алу әдістері.



1


1

1

3

3

7.11,

7.12,


7,13,

7,14


Дәріс № 11 Де Бройль гипотезасы. Микробөлшектердің дифракциясы. Микробөлшектердің толқындық қасиеттері және анықталмағандық қатынасы. Толқындық функцияның статистикалық мағынасы. Шредингердің уақытша және стационарлық теңдеуі. Бір өлшемді тік бұрышты шұңқырдағы бөлшек. Кванттық теориядағы сутегі атомы және молекуласы. Сутегі атомына арналған Шредингер теңдеуі. Сутегі тектес атомдар. Энергетикалық деңгейлер. Деңгейлер ені. Кеңістіктік квантталу. Күрделі атомдардағы электрондық деңгейлердің құрылысы. Паули принципі. Сутегі молекуласы. Иондық және коваленттік байланыстар. Екі атомды молекуланың электрондық термдері. Спонтанды және еріксіз сәулеленулер.

Машықтану сабағы №11 Кванттық теориядағы сутегі атомы және молекуласы. Бозе-Эйнштейн және Ферми - Дирактың кванттық статистикалары туралы түсінік. Квазибөлшектер.

Зертханалық сабақ № 11 «Стефан-Больцман тұрақтысын анықтау»

өздік жұмыс № 11 Лазерлер.



1


1

1

3


3


7.11,

7.12,


7,13,

7,14


Дәріс №12 Фазалық кеңістік. Элементар ұяшық. Күй тығыздығы. Бозе-Эйнштейн және Ферми - Дирактың кванттық статистикалары туралы түсінік. Квазибөлшектер. Олардың анықтамалары мен түрлері. Конденсацияланған күй. Құрылымдық кристаллографияның элементтері. Кристалдық құрылымдарды зерттеу әдістері Кристалдық торлардың жылу сиымдылығы. Фонондық газ.

Машықтану сабағы №12 Кванттық статистика элеменнттері

Өздік жұмыс № 12 Кристалдардың жылу өткізгіштігіндегі өлшемдік эффект.


1


1

1

3


3


7.11,

7.12,


7,13,

7,14


Дәріс №13 Металдардың электр өткізгіштігі. Токты тасымалдаушы квазибөлшектер. Кристалдардағы энергетикалық зоналар. Ферми деңгейі. Ферми беті. Зоналық теориядағы металдар, диэлектритер және жартылай өткізгіштер.Кемтік өткізгіштер түсінігі. Меншікті және қоспалы өткізгіштер. Асқын өткізгіштік құбылысы. Ферромагнетиктердің қасиеттері туралы кванттық көзқарастар. Алмаса әсерлесу. Кюри температурасы.

Машықтану сабағы № 13 Металдардың электр өткізгіштігі. Токты тасымалдаушы квазибөлшектер. Ферми деңгейі.

Өздік жұмыс № 13 Ферромагнетиктердің магниттелінуі.


1





1

3


3


7.11,

7.12,


7,13,

7,14


Дәріс № 14 Атом ядросы. Атом ядросының құрылысы. Ядролық күштер. Ядро моделі. Альфа-бета және гамма сәулеленудің тегі мен заңдылықтары және олардың затпен әсерлесуі.

Машықтану сабағы №13 Атом ядросы. Альфа-бета және гамма сәулеленудің тегі мен заңдылықтары және олардың затпен әсерлесуі. Ядролық реакциялар. Атом ядроларының радиоактивті ыдырауы. Ядролық бөліну дің реакциясы. Бөлінудің тізбекті реакциясы. Ядролық реактор. Синтез реакциясы.

Машықтану сабағы № 14 Ядролық реакциялар. Атом ядроларының радиоактивті ыдырауы.

Зертханалық сабақ № 12 «Сутегі атомын зерттеу. Ридберг тұрақтысын анықтау

Өздік жұмыс № 14 Ядролық күштердің ауыспалы сипаты.


1


1

1


3


3


7.11,

7.12,


7,13,

7,14


Дәріс № 15 Элементар бөлшектер. Лептондар, адрондар. Кварктер. Күшті, электромагниттік, әлсіз, гравитациялық өзара әсерлесулер. Өзара әсер лесуді тасымалдаушылар.

Машықтану сабағы № 15 Элементар бөлшектер.

Өздік жұмыс № 15 Қазіргі физиканың және астрофизиканың негізгі проблемалары туралы түсінік.


1




1

3

3

7.11,

7.12,


7,13,

7,14


3. ПӘНДІ ОҚЫТУҒА АРНАЛҒАН ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУЛАР

Курсты оқыған кезде берілген тақырыптың негізгі жағдайларын қарастыруға баса назар аудару керек, осы мақсатта пәннің оқу-әдістемелік кешенін ұсынып отырмыз, ол студенттердің оқулықпен жұмыс істеуін жеңілдетеді. Пәнді оқып меңгеруі үшін студенттің қолында оқулықтар, оқу құралдары, физикадан зертханалық жұмыстарға әдістемелік нұсқаулар бар.

Ең маңыздысы дұрыс оқулық таңдап алу. Бір уақытта бірнеше оқулықты пайдаланудың қажеті жоқ, ұсынылып отырға әдебиеттердің ішінен тек біреуін ғана негізгі етіп алу керек. Басқа оқулықтарды тек қажетті материал болмаған кезде немесе оқулықта қысқаша ғана көрсетілген кезде ғана пайдаланады. Курсты тақырып бойынша, пән бағдарламасына сәйкес оқыған жөн.

Студент барлық аудиториялық сабақтарға және ОКӨБЖ –қа қатысуы міндетті, оқытушымен қосымша сабақ өтуге мүмкіндігі бар.

4. КУРСТЫҢ ФОРМАТЫ

Студент мерзімінде оқытушыға ӨБЖ тапсырмаларын тапсыруы қажет, зертханалық, машықтану сабақтарына дайын болуы керек.

Студент сабақты босататын болса, оның рейтингісі төмендетіледі, сондықтан ол босатылған сабақтар бойынша бақылау жұмысын орындауы қажет.

Студент оқу сабақтарының барлық түрлерінде белсенді жұмыс істеуі қажет, оның жұмысы баллмен бағаланады да, қосылып аралық және қорытынды рейтинг қойылады.

ОКӨБЖ –қа сабақ және өзбетімен жұмыс кезінде қиындық тудырған сұрақтар шығарылады. Егер ондай сұрақтар туындамайтын болса, дәріс бойынша білімін кеңейтіп тереңдетеді, қосымша ғылыми әдебиеттермен танысуына болады.

5. КУРСТЫҢ САЯСАТЫ

Студентке қойылатын талаптар:

Сабаққа қатысу: Дәріс, машықтану сабақтарына қатысу міндетті түрде. Қандай да бір себептермен сабақты босататын жағдайда да студент өзбетімен жұмыс тақырыптарын дәл уақытында өткізу қажет, ал босатылған сабақтар тақырыбы бойынша бақылау жұмысын жазу немесе тест тапсыру керек.

Мінез-құлық: Сабақ уақытында үнемі тәртіп бұзған студент аудиториядан шығарылып жіберіледі немесе бүкіл курс бойынша “қанағаттанғысыз” деген баға қойылады.

Бақылау тапсырмалары: Міндетті түрде оларды дәл уақытында орындап тапсыру керек. Уақытынан кешіктіріліп тапсырылған тапсырмалар автоматты түрде төмендетіліп бағаланады.

Межелік аттестация: Межелік аттестация сабаққа қатысу, өзбетімен жұмысты дәл уақытында өткізу, сабақ кезінде ауызша және жазбаша түрде тапсыру, межелік бақылау нәтижесінде қойылады.

Көшіру мен плагиат: Кез-келген көшіріп алу немесе плагиат (басқа студенттердің дайын тапсырмалары мен шығарылған есептерін қолдану) анықталатын болса студент аудиториядан шығарылып жіберіледі немесе бүкіл курс бойынша “қанағаттанғысыз” деген баға қойылады.

Ұялы телефондар: Сабақ кезінде өшіріліп қоюы керек.

Емтихан: Қорытынды ауызша емтиханға пән бойынша қойылатын ең жоғары баллдың 50% алған студенттер жіберіледі.

6. БАҒА ҚОЮ САЯСАТЫ.

«Физика» пәні бойынша балдардың бөлінуі

2- кесте

2- кесте


Апталар

Бақылау түрлері

Барлық балдар


Ескерту

3 апта

Машықтану сабағы

20




Зертханалық сабақ

20




СОӨЖ

10




СӨЖ

20




6 апта

Машықтану сабағы

20




Зертханалық сабақ

20




СОӨЖ

10




СӨЖ

20




7 апта

Машықтану сабағы

20




Зертханалық сабақ

20




СОӨЖ

10




СӨЖ

20




Рейтинг

60




11 апта

Машықтану сабағы

20




Зертханалық сабақ

20




СОӨЖ

10




СӨЖ

20




14 апта

Машықтану сабағы

20




Зертханалық сабақ

20




СОӨЖ

10




СӨЖ

20




15 апта

Машықтану сабағы

20




Зертханалық сабақ

20




СОӨЖ

10




СӨЖ

20




Рейтинг

60





7. ОҚУЛЫҚТАР

7.1 Негізгі оқулықтар

7.1.1 Трофимова Т.И. Курс физики. М, Высшая школа, 1981-1999 г.

7.1.2 Савельев И.В. Жалпы физика курсы I, II. Алматы Мектеп 77ж.(аударма)

7.1.3 Детлаф А.А., Яворский Б.М. Курс физики, М, Высшая школа, 1989 г.

7.1.4 Волькенштейн В.С. Жалпы физика курсының есептер жинағы Алматы, Мектеп, 1974 ж.

7.1.5 Абдуллаев Ж. Жалпы физика курсы, Ана тілі, 1991 ж..

7.1.6 Жумагулов А.Ж., Естекбаев М.Қ., Тұрысбекова Б.Ш., Паримбеков З.А. Физика лабораториялық практикум. Семей,1 995 ж.

7.1.7 Сивухин Д.В. Общий курс физики. М, Наука, 1977-1986 г.

7.1.8. Естекбаев М.Қ., Жумагулов А.Ж. Механика. Методикалық нұсқау, Семей 1990 ж.

7.1.9. Естекбаев М.Қ., Жумагулов А.Ж. Методическое разработка по молекулярной физике, Семей 1991

7.1.1.0. Естекбаев М.Қ., Жумагулов А.Ж., Турысбекова Б.Ш. Электромагнетизм, Семей 1991 ж.

7.1.11 Естекбаев М.Қ., Жумагулов А.Ж. Тербелістер мен толқындар, Семей 1991



7.1.12.Мұқышева М.К., Паримбеков З.А., Тұрысбекова Б.Ш. Физика курсы 1-бөлім, Физика курсы, 2-бөлім Оқу құралы: Семей 2010ж.

7.1.13. Паримбеков З.А., Рахимбердина А.Т., Тұрысбекова Б.Ш. Физика курсынан зертханалық практикум: Оқу-әдістемелік құрал, 2012 ж.


7.2. Қосымша

7.2.1. Дж. Орир Физика в 2-х томах ., Москва, Мир, 1981 г.

7.2.2. Берклеевский курс физики 1-6 томы, Москва, Наука, 1971 – 1978.

7.2.3. Чертов А.Г., Воробьев А.А. Задачи по физики. М. Высшая школа, 1988 г.

7.2.4.Белешина А.М. Учебное пособие для самостоятельного обучения решения

задач по физики в вузе, Воронеж, ВГУ, 1968 г.

7.2.5 Физический практикум под редакцией Ивероновой В.И., М, Наука, 1968 г.

7.2.6. Беликов Б.С. Решение задач по физики, М, Высшая школа, 1986 г.






Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет