Күшті жақтары:
-
Шағын және орта кәсіпкерлікті дамытуға арналған заңдық негіздің болуы;
-
шағын және орта бизнес субьектілерінен салық түсімдерінің өсуі;
-
шағын кәсіпкерлік саласында өндірістің жаңа инновациялық технологияларын
енгізу;
-
шағын және орта бизнес кәсіпорындарында жаңа жұмыс орындарының ашылуы;
-
шағын және орта кәсіпкерлік субьектілері тұрғындарды еңбекпен қамтудың елеулі бөлігін құрайды.
Әлсіз жақтары:
-
Өздік айналыс қорларының жетіспеушілігі;
-
кәсіпкерлердің теориялық және тәжірибелік даярлығының әлсіздігі, білікті мамандардың жетіспеушілігі;
-
салық салу кезінде олардың дамуы, қызмет түрі, қалыптасу кезеңі ерекшеліктерін дифференциалды тәсілінің жоқтығы;
-
көптеген рұқсат беруші құжаттарды алу үшін Семей қаласының кәсіпкерлеріне облыс орталығына бару қажеттігі;
Мүмкіндіктер:
-
Шағын және орта кәсіпкерлікке мемлекеттік қаржы-несиелік қолдау көрсетудің бірқалыпты дамуы;
-
кәсіпкерлік ортаның ұсыныстарын жүзеге асыру мен ақпараттық-кеңес берушілік қызмет көрсету мақсатында «БизнесОрталық» құру;
-
рұқсат беруші құжаттар (рәсім) алу кезінде әкімшілік тежеулерді азайту.
Қатерлер:
-
Сұралған несиені қамтамасыз етуге кепілдеменің жетіспеуі немесе мүлде жоқ болуы, кепілге қойылған мүліктің құн өлшемін банк сарапшыларының төмендетуі сияқты себептерге байланысты қаржы-несиелік қорларға қол жетімдіктің жетіспеушілігі;
-
бизнесті жүргізудің салыстырмалы түрде жоғары операциялық кедергілері;
-
кепілдемемен қамтамасыз етілмеген жағдайда нақтылы салада бизнес ашудың мүмкіншілігінің болмауы.
2.2.1.6. Сауда
Аймақта 1520 сауда объектілері қызмет етеді, оның ішінде 62 сауда үйі, 1149 азық-түлік сауда кәсіпорыны, 28 азық-түлікке жатпайтын сауда кәсіпорыны, 169 мамандандырылған сауда кәсіпорындары, 94 аралас ассортименті бар кәсіпорындар, 18 сауда базарлары бар. 2009 жылы аймақта сауда кәсіпорындарының саны өткен жылғымен салыстырғанда 0,8% азайды.
2009 жылы бөлшек сауда айналымы 62,6 млрд. теңгені, көтерме сауда айналымы 55,6 млрд. теңгені құрады, бұл 2007 жыл деңгейімен салыстырғанда (бөлшек) 1,2 есе көп (сурет 15) оның себебі сатып алушылық сұраныстың төмендеуінен болып отыр.
2009 жылы инфляциялық процестер біраз бәсеңдеді және жалпы әлемдік тенденциямен үйлесімді болды.
Сонымен қатар, ішкі сауда бей-берекет дамуда. Экономиканың ірі салаларының бірі жүйелі қайта құруларды қажет ететіндігі айдан анық, заңдық базаны жетілдіру, кезеңмен даму тетіктері құрастырылуы тиіс.
Аймақта 375 қоғамдық тамақтандыру кәсіпорындары жұмыс істейді және тұрмыстық қызмет көрсету саласында 242 кәсіпорын жұмыс істейді, олар 2009 жылы 1542,1 млн. теңгенің немесе 2008 жылдың 109,1 % қызмет түрлерін көрсетті. Көрсетілген қызметтің жалпы көлемінен көп үлес қоғамдық тамақтандыру кәсіпорындарына тиесілі болып келеді (73,4 %).
2007- 2009 жылдардағы көтерме және бөлшек сауданың
өзгерістер динамикасы
Сауда саласының жағдайы SWOT- талдауында көрсетілген:
Күшті жақтары:
-
көтерме сауда нарығында қалыптасқан қатысушылардың болуы.
Әлсіз жақтары:
-
сауда заңдарының «айқын еместігі», нормативтік-құқықтық актілерде қазіргі заманғы терминологиялардың болмауы;
-
сауда мамандықтары бойынша кәсіптік-техникалық білім беру жүйесінің әлсіздігі.
Мүмкіндіктер:
1. Кедендік одаққа кіруге байланысты сауда нарығының даму болашағының зор болуы;
2. бәсекенің өсуі, сауда желілерінің бәсекеге қабілеттілігінің артуы;
-
ішкі нарықты тұтынушы товарларымен толтыру.
Қатерлер:
-
азық-түлік товарлары бойынша да, өзге товарлар бойынша да импортқа
тәуелділігі;
-
өнімнің бәсекеге қабілеттілігінің төмен болуына байланысты өндірілетін товарларға сұраныстың төмендеуі.
Проблемалық жақтары ретінде мыналарды келтіруге болады:
- сауда қызметін реттеу саласында заңдық қамтамасыз етудің әлсіздігі;
- ішкі сауда инфрақұрылымының даму деңгейінің төмендігі.
2.2.1.7. Қоршаған ортаның жағдайы
Семей қаласының экологиялық жағдайы қалаға әкімшілік жағынан бағынышты территорияларды қоса есептегенде көптеген табиғи және техногендік сипаттағы факторлармен анықталады.
Семей қаласындағы «ШҚ гидрометеорология орталығы» ЕМК зертханасының мәліметтері бойынша ауаның ластануы индексінің орташа көрсеткіші 4,1- 5,1 құрайды. Семей қаласының ауасының тазалығына ықпал ететін негізгі факторлар өнеркәсіп кәсіпорындарының лақтырған қалдықтары мен қозғалмалы көздер лақтыратын қалдықтардың мөлшерінің артып келе жатқандығы болып отыр. Семей қаласының ауасына түсетін ластаушы заттардың эмиссиясының көлемі 34,9 мың тоннаны құрайды. Семей қаласының стационарлы көздерінен лақтырылатын қалдықтардың негізгі бөлігі «Теплокоммунэнерго» МКК пайдалануындағы коммуналдық жылу қазандықтарының үлесіне тиесілі, сондай-ақ құрылыс өнеркәсібінің кәсіпорындары - «Семей цемент заводы» ЖШС мен «Силикат» ЖШС, олардың үлесіне қаланың ауасын ластайтын заттардың жалпы эмиссия көлемінің 70 % тиесілі болып келеді. Бұл кәсіпорындардың («Семей цемент заводы» ЖШС мен «Силикат» ЖШС) табиғатты қорғау іс-шараларын орындауға, лақтырылымдардың көлемін азайту мен тазалаушы қондырғылардың жұмыс нәтижелілігін арттыруға бағытталған шараларды орындауға өз қаражат шығындары едәуір көлемде бөлініп отырғанымен осы кәсіпорындар қала ауасын негізгі ластаушылар болып қалып отыр.
Қаланың ірі стационарлық көздерінің лақтырылымдарының жалпы көлемі 25,076 мың тоннаны құрайды, оның ішінде:
- «Семей цемент заводы» ЖШС
|
- 8,483 мың тонна
|
- «Теплокоммунэнерго» МКК
|
- 14,439 мың тонна
|
- «Силикат» ЖШС
|
- 1,322 мың тонна
|
- «Алел» ҚИС АҚ
|
- 0,232 мың тонна
|
- «Ар Ман» ЖШС
|
- 0,146 мың тонна
|
- «Семей АПК»
|
- 0,229 мың тонна
|
- «ТБЖБК» ЖШС
|
- 0,225 мың тонна
|
2007-2009 жылдардағы Семей қаласы ауасына ластаушы заттарды лақтырудың көлемінің өзгерістері динамикасы
(мың тонна)
Сур. 16
Соңғы жылдар ішінде стационарлы көздерден зиянды қалдықтарды лақтыру көлемінің аздаған өсуімен жағдайдың тұрақтануы байқалады. 2009 жылы 2008 жылмен салыстырғанда лақтырулар көлемінің өсуі 0,3 % құрады.
Сонымен қатар, аймақта жыл сайын жылжымалы зиянды қалдықтар лақтырушылар паркі көбейіп келеді, олар да ауаның сапасына кері ықпалын тигізеді, бұл да аймақтың тұрақты экономикалық дамуының тікелей салдары болып табылады.
Бұрынғысынша қаланың негізгі әлеуметтік және экологиялық проблемаларының бірі жылу беруші қазандықтардың санының өте көп болуы болып қалып отыр. Қазандықтардың технологиялық қондырғылары күшті ескірген және оларды ауыстыру көптеген қаражатты құюды қажет етеді. Шағын және орташа қуатты жылу көздерінің лақтыруларының ықпалы бүкіл қала бойынан анық көрінеді, себебі қазандықтардың өндірістік алаңдары қаланың тұрғын үй аймағының ішінде орналасқан және олардың нормативті–санитарлық қорғаныс аймағы сақталынбаған. Қаланың бұл мәселені түбегейлі шешуіне тек қуатты жылу көзінің құрылысын салу (ЖЭО- 3) және ЖЭО-1 толық күрделі жөндеуден өткізу мәселесі ғана орындай алады.
2009 жылы қала кәсіпорындарының Ертіс өзеніне су лақтыруы 19,3 млн. м3 құрады. Өнеркәсіптен лақтырылған судың ықпалындағы өзеннің едеуір бөлігінде судың сапасы 4 классқа сәйкес келеді, демек ластанған су деп есептелінеді.
Шульбинск су қоймасының салынуы Ертіс өзенінің ағысының қаттылығына ықпал етті, мұның өзі өзеннің өзін-өзі тазалау процесіне әсерін тигізіп отыр. Сонымен қатар, су қоймасындағы судың сапасы нашарлап бара жатқандығы байқалады, оның басты себептерінің бірі суды ауыстырудың ақырындауы болып отыр.
Балық шаруашылығы үшін маңызды су қоймасының СЖК-сымен салыстырғанда судың ластануын тексеру үшін судан қаладан жоғары аймақтан да, төменгі аймақтан да тексеруге су алынбаған.
Аймақтың кәсіпорындарында жыл сайын 5-тен 8 млн. тоннаға дейін өнеркәсіп қалдықтары жиналады, олар негізінен Семей қаласының әкімшілік аймағында орналасқан тау-кен кәсіпорындарының қалдықтары болып табылады. Олардың ең көп бөлігі кен өндіруші және кен өңдеуші кәсіпорындарға тиесілі. Сондай-ақ жыл сайын 70 мың тоннаға жуық қатты тұрмыстық қалдықтар жиналады. Қолданылып жатқан шаралар әзірге аймақты дамыған елдер стандарттарына жетуіне мүмкіндік бермей отыр.
Семей қаласының әкімшілік басқаруына жататын барлық дерлік ауылдық елді мекендер қатты тұрмыстық қалдықтарды рұқсат етілмеген жерлерге тастайды, олар қазіргі экология талаптарына сәйкес келмейді.
Жер қыртысының жағдайына жел және су эрозиясы процесстері, шаруашылық қызметі барысында көрсетілетін антропогенді қиыншылықтар ықпал етеді. Жалпы алғанда аймақтың жер қыртысының жағдайы тұрақты болып табылады, олардың улы заттармен ерекше ластануы тіркелген жоқ.
Аймақта жер қорларының жағдайына негізгі теріс ықпалды өнеркәсіп кәсіпорындарының шаруашылық қызметі келтіріп отыр.
Бұзылған жерлердің аймағы орта есеппен 1,9 мың га құрайды, оның ішінде өнеркәсіптің, көліктің, қорғаныстың және өзге де ауыл шаруашылығына жатпайтын мақсаттағы жерлер 1,43 га, қордағы жерлер – 0,42 мың га және елді мекендердің жерлері - 46 га құрайды.
Аталған жерлерді өңдеуден өткізіп отыру пайдалы қазба байлықтарының кен орындарын өңдеуді аяқтаған кезде жүргізіледі, мұның өзі бұзылған жерлерді қалпына келтіру процесін уақыт жағынан соза түседі.
Аймақтың өміршең мәселелерінің бірі бұрынғы Семей ядролық сынақ полигонының (одан әрі СЯСП) проблемаларын шешу болып отыр, оның салдарын оның маңайында тұратын халық әлі күнге дейін сезініп келеді, полигон аймағының басым бөлігі Шығыс Қазақстан облысының жері болып табылады.
Қазіргі таңға дейін СЯСП-ның теріс ықпалына ұшыраған тұрғындарды сауықтандыру бойынша тиісті шаралар толық қабылданбай отыр. Жалпы дозалық жүктемелер бойынша толық ақпарат жоқ. Радиацияның ықпал ету деңгейінің басты өлшемі жинақталған дозалық жүктеме болып табылады. Қазіргі таңда Қазақстанда тұрғындардың сәуле қабылдау мөлшерін, әсіресе ішкі сәулеленуді анықтайтын жеткілікті қазіргі заманғы ғылыми-әдістемелік база жоқ.
«Бұрынғы СЯСП тұрғындарын сауықтандыру бойынша медициналық және әлеуметтік-экономикалық проблемалар бойынша республикалық салааралық ғылыми-әдістемелік орталық» құру мүмкіндігін қарастыру қажет.
Соған байланысты ең проблемалы келесі мәселелер болып отыр:
- ауаның автомобиль көлігінің ластауының өсуі;
- трансшекаралық Ертіс өзенінің ластануы;
- Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақтардың салдарының экологиялық проблемалары;
- Семей қаласының тазалағыш қондырғылары мен канализациялық желілерінің салыстырма түрде күшті ескіруі;
- Семей қаласына әкімшілік жағынан бағынышты елді мекендерде тұрмыстық қатты қалдықтарды тастайтын полигондардың болмауы.
Аймақта республиканың пайдаланылатын ормандарының негізгі бөлігі орналасқан (Қазақстан ағаштарының пайдаланылатын қорының 70 %). Орман, орман өңдеуші, орман химия өнеркәсібін, ағаш өңдеу негізіндегі құрылыс материалдары өндірісін дамытудың елеулі мүмкіндіктері бар.
Семей аймағының жерінде «МОТР «Семей орманы» ММ Семей бөлімшесі орналасқан.
Семей бөлімшесінің жалпы көлемі - 104130 га құрайды, оның ішінде - 69632 га, немесе 67 % орман алып жатқан жерлер.
Аймақтың орманы орман түрінің құрамы бойынша және аймақтың табиғи-климаттық ерекшеліктеріне байланысты жоғары деңгейдегі өрт қауіпі бар аймақ болып есептелінеді, мұның өзі алдын алу өрт қауіпсіздігі іс-шараларын қамтамасыз ету мен жану көздерін жою бойынша іс-шараларға ерекше көңіл бөлуді талап етеді.
2007 жылдан 2009 жылға дейін «ГЛПР «Семей орманы» ММ Семей бөлімшесі мемлекеттік орман қоры жерінде 2007- 2009 жылдарда болған орман өрттерінің пайда болу динамикасы
Сур. 17
Орман шаруашылығының мемлекеттік мекемелері орманда қауіпсіздік ережелерін сақталуын қадағалауды күшейту бойынша барлық шараларды іске асырып отыр. Алайда өртке қарсы құрал-жабдықтардың қажетті мөлшерінің жоқ болуына байланысты 2007-2008 жылдары орман өрттерін сөндіру кезінде қиыншылыққа тап болған жағдайлар кездесіп отырды.
Осындай жағдайларда орман ағаштарын отырғызу арқылы орманды қалпына келтіру жұмыстарын жүргізу ерекше маңызға ие болады, сондай-ақ орманның табиғи өсуіне жағдай жасауға да ерекше көңіл бөлу қажет.
Мемлекеттік орман қоры аймақтарында орман шаруашылығы мекемелері жыл сайын ағаш отырғызады.
2007-2009 жылдары «МОТР «Семей орманы» ММ Семей бөлімшесінің орман ағаштарын отырғызу динамикасы
Сур.18
Тұрақты жұмыс істейтін орман питомнигі бар, оның аумағы - 5,4 га, мұнда кәдімгі қарағай тұқымдары егіледі, олар одан әрі орман өрті шалған аймақтардағы орманға отырғызылады. 2011 жылы осы питомникті үлкейту жоспарлануда. Күзгі есеп жүргізу материалдары бойынша 2010 жылы питомникте төмендегі көлемдегі ағаш тұқымдары өсірілген:
-
бір жасар қарағайлар 1,5 га аумаққа - 1912 мың дана.
-
екі жасар қарағайлар 1,5 га аумаққа - 2084 мың дана.
2010 жылы 312 га аумаққа орман ағаштарын отырғызу жүзеге асырылды.
Қоршаған ортаны қорғау саласында шешуді талап ететін төмендегі проблемаларды атап көрсетуге болады:
ірі көлемдегі:
-
Семей ленталы борының азаюының байқалуы;
ұлттық көлемдегі:
-
бұрынғы Семей ядролық сынақ полигонының болуы;
-
кен өндіруші өнеркәсіп қызметі салдарынан тарихи қалыптасқан ластандыру объектілерінің болуы;
-
жерасты суларының авиа керосинмен ластануы;
-
авариялық жағдайдағы канализациялық докерлерді пайдалана берген жағдайда шекаралық Ертіс өзенінің ластану қауіпі;
-
трансшекаралық Ертіс өзеніне Семей қаласындағы толық биологиялық тазалаудан өткізетін тазалағыш қондырғылардан толық тазалаудан өтпеген ағын сулардың лақтырылуы.
жергілікті сипаттағы:
- Семей қаласының ауасына автокөліктердің газдар лақтыруы салдарынан ауаның ластануы;
Саланың даму жағдайын бағалау SWOT- талдауда көрсетілген:
Күшті жақтары:
1. Өнім сапасын басқарудың ИСО 9000 және қоршаған ортаның сапасын басқарудың ИСО 14001 халықаралық стандарттары енгізілуде, тұрғындарға экологиялық білім беру мен экологиялық сауат ашу жүйесі дамуда, азаматтарды қоршаған ортаның жағдайы туралы ақпараттандыру жүйесі жетілдірілуде;
2. жергілікті атқарушы органдардың суды қорғалатын аумақтармен зоналарды белгілеу бойынша қаулылары қабылданады, мұның өзі қаланың су қорларын қорғау мақсатында шаруашылық қызметіне шектеу қою режимін орнатуға мүмкіндік береді;
3. ормандардың сақталуы қамтамасыз етіледі;
4. ағаш отырғызатын аумақ ұлғайтылуда;
5. ормандарды өрттен қорғау, зиян келтірушілер мен аурулардан қорғау жақсарып келеді;
6. жастардың еңбек отрядтары қатысады.
Әлсіз жақтары:
1. «Қазгидромет» АМК құрылымдық бөлімшелері жүзеге асырып келе жатқан қолданыстағы мемлекеттік мониторинг жүйесі физикалық және химиялық ластаушылардың қоршаған ортадағы құрамы туралы жедел және толық шынайы ақпаратпен қамтамасыз ете алмай отыр, себебі қоршаған ортаның ластану мониторингі оның ішінде облыстың ірі қалаларының ауасының ластануының мониторингі ластаушы заттардың аздаған бөлігі бойынша ғана үлкен мерзім ішінде жүргізіледі, мұның өзі қалыптасқан экологиялық жағдайды шынайы бағалауға және ластаушылардың ауаны ластауға қаншама үлес қосқанын нақтылы анықтауға мүмкіндік бермейді.
2. қайталап өңдеу мен жою технологиясының болмауы.
Мүмкіндіктер:
1. қалдықтарды қайталап өңдеу мен жоюды енгізу энергия сақтау қорлары саясатын жүзеге асыруға мүмкіндік береді, ол өз кезегінде табиғи қорларды үнемдеуге, қалдықтар көлемін азайтуға мүмкіндік береді;
2. қоршаған ортаның сапасын бақылаудың автоматтандырылған жүйесін енгізу оның жағдайының шынайы суреттемесін неғұрлым тиімді басқарушы шешімдер қабылдау үшін алуға мүмкіндік береді, нәтижесінде тұрғындардың өмір сүру жағдайларын жақсартуға оң ықпалын тигізетін болады;
3. заматтардың табиғи қорларды пайдалануға саналы көзқарастарын қалыптастыру;
4. орман тұқымын өсіру мен питомник шаруашылығын ұлғайту.
Қатерлер:
1. Семей қаласындағы Ертіс өзені бойымен өтетін канализациялық докердің авариялық жағдайына байланысты Трансшекаралық Ертіс өзенінің ластануы және Семей қаласының тазалау қондырғыларының артық жүктемемен жұмыс істеуі;
2. иесі жоқ, өнеркәсіптік, улы және тұрмыстық қалдықтардың көптеп жинақталуының жалғасуы;
3. табиғи-климаттық жағдайдың күрт өзгеруі;
4. жалпы экономикалық жағдайдың нашарлауы, орман, ағаш өңдеу, ағаш химия өнеркәсіптерінің өнімдері нарығының күрт өзгеруі;
5. орман шаруашылығы өнімдеріне қатысты экспорттық-импорттық операциялардың кедендік ережелерінің өзгеруі;
6. энергия көздеріне бағаның тұрақсыз болуына байланысты жанар-жағар май материалдарына бағаның елеулі өсуі.
2.2.2 Әлеуметтік сала
2.2.2.1 Білім беру
Қаланың әлеуметтік-экономикалық даму жағдайы нақтылы салалардың да, әлеуметтік саланың да оң өзгерістер бағытында дамуымен сипатталады.
2007- 2010 жылдар ішінде балалардың мектепке дейінгі мекемелерінің саны 18-ге дейін өсті, оның ішінде 3 - жеке меншік нысанындағы. Қала мектептерінің оқушылары жалпы санының 100 % жаңа буын оқулықтарымен, қайта басылған оқулықтармен және оқу құралдарымен толық қамтамасыз етілген.
Сонымен қатар демографиялық және көші-қон мәселелеріне байланысты оқушылар контингентінің азаюы байқалады, мектептер саны (8-ге) азайған, ауылдарда шағын комплектілі мектептер саны өсуде.
Сондай-ақ білім беру саласының жағымсыз жақтары мектепке дейінгі жастағы балаларды мектепке дейінгі білім берумен қамтудың төмен деңгейінен, білім беру мекемелері ғимараттарының елеулі түрде ескіруінен, білім беру мекемелерінің тиісті құрал-жабдықтармен қамтамасыз етілуінің төмен деңгейінен көрінеді, мұның өзі сапалы білім алуға әсерін тигізеді.
2007 жылдан 2010 жылға дейін білім беру саласында білім беруді дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған Мемлекеттік бағдарламасын, 2005-2007 жылдары білім беру мекемелерінің материалдық-техникалық базасын нығайту және күрделі жөндеуден өткізу бойынша қалалық бағдарламасын жүзеге асыру бойынша жұмыстар жүргізілді. Олардың барысында білім берудің қол жетімділігі мен сапасын қамтамасыз ету, ауылдарда білім беруді дамыту бойынша іс-шаралар жүзеге асырылды.
Мектепке дейінгі мекемелердің желісін сақтау мен кеңейту бойынша шаралар қабылданды, бес-алты жасар балаларды мектепке дейінгі дайындаудың қол жетімділігін қамтамасыз ету бойынша шаралар қабылданды. 2010 жылы қалада 18 бала бақша мен 54 шағын-орталықтар қызмет етеді. Мектепке дейінгі білім берумен қамту мектеп жасына дейінгі балалардың жалпы санынан 75,5 % (7460 бала) құрады. 2007 жылмен салыстырғанда бала бақшалар желісі 3 мекемеге көбейді, шағын орталықтарда 117 топ жұмыс істейді, олардағы орын саны 1,6 есеге көбейді.
5-6 жастағы балаларды мектепке дейінгі дайындықпен қамту 100 % құрады.
Кесте 13.
Мектепке дейінгі мекемелер желісінің даму динамикасы
МДБМ саны
|
Шағын-орталықтар саны
|
2007
|
2008
|
2009
|
2010
|
2007
|
2008
|
2009
|
2010
|
15
|
15
|
15
|
18
|
54
|
54
|
50
|
54
|
.
Балаларды мектепке дейінгі балалар мекемелеріне қамту динамикасы
Алайда кезекке тұрудың өсуіне тікелей ықпал ететін және оны төмендетуге мүмкіндік бермейтін балалардың туу көрсеткіштеріне байланысты кезекке тұрғандар саны жыл сайын өсіп келеді және 1 қараша 2010 жылы ол 4913 баланы құрады.
Жеке меншік нысанындағы 3 мектепке дейінгі мекеме типтік емес ғимараттарда орналасқан, бұл 16,6% құрайды. Қаланың МДБМ 100% ыстық сумен қамтамасыз етілген.
Орта білім беруде 12-жылдық жалпы орта білім беруге көшуді дайындау, мектеп жасындағы балаларды толық оқумен қамтуды қамтамасыз ету бойынша жұмыстар жүргізілді.
2009-2010 оқу жылында 74 мемлекеттік жалпы орта білім беретін мекеме, 4 жеке меншік және 2 КУИС мекемелері жанындағы кешкі мектептер жұмыс істейді.
Қалада орта жалпы білім беретін мектептердің азаюы мен демографиялық және миграциялық процестер әсерінен оқушылар контингентінің азаюы байқалады. 2010 жылы5 орта жалпы білім беретін мектеп негізгі жалпы білім беретін мектеп болып қайта құрылды. 2010 жылы қыркүйек айында Суықбұлақ ауылында 400 орынға арналған № 48 жалпы білім беретін орта мектеп ашылды.
2007 – 2010 жылдар аралығында оқушылар контингенті 3432 оқушыға азайды.
Кесте 13
2007- 2010 жылдардағы
мемлекеттік күндізгі жалпы білім беретін мектептердің
өзгеру динамикасы
2007
|
2008
|
2009
|
2010
|
бірлік
саны
|
контингент, адам
|
Саны
|
контингент, адам.
|
бірлік
саны
|
контингент, адам
|
бірлік
саны
|
контингент, адам
|
83
|
41492
|
75
|
40150
|
74
|
39026
|
75
|
38060
|
Қалада барлық мектептер компьютерлендірілген. 2010 жылы жалпы білім беретін мектептердің компьютерлермен қамтамасыз етілуі бір компьютерге 20,5 оқушыны құрады. Интернетке мектептердің 82,6% қосылған, оның ішінде мектептердің 60,3% кең көлемді интернетке қосылған.
Мектептердің кабинеттермен, құрал–жабдықтар мен материалдық-техникалық қамтамасыз етілуі жеткіліксіз деңгейде болып отыр. Мысалы, 2010 жылдың соңына қарай 75 мектептің 48-і ғана мультимедиялық кабинеттермен жабдықталған, бұл 64% құрайды, пән кабинеттерінің саны - 73, 41 мектепте - 176 интерактивті тақта бар.
Кесте 14
Достарыңызбен бөлісу: |