Бағдарламасы Шахтинск 2014 ж. Мазмұны №


Аймақ жағдайының оңды және жағымсыз жақтарын бағалау, олардың елдің әлеуметтік-экономикалық және қоғамдық-саяси дамуына әсер ету



бет2/11
Дата09.06.2016
өлшемі0.89 Mb.
#125608
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11

2. АҒЫМДАҒЫ ЖАҒДАЙДЫ ТАЛДАУ


2.1. Аймақ жағдайының оңды және жағымсыз жақтарын бағалау, олардың елдің әлеуметтік-экономикалық және қоғамдық-саяси дамуына әсер ету.

2013 жылы Шахтинск аймағының өнеркәсіптік өндіріс көлемі 2008 жылмен салыстырғанда 3 есе өсті және 8341,5 млн теңгені құрды. Жеке индекс көлемі 106,9 %, құрды, облыстағы өнеркәсіптік өндірістің жалпы көлеміндегі аймақтың үлес салмағы 0,6 % құрды.

Өнеркәсіптің базалық салалары болып, өндірістің саласы және өңдеу саласы, газ және су электр энергиясын бөлу.

2013 жылы Шахтинск аймағының өнеркәсіптік өндірістің жалпы көлеміндегі өңделетін саланың үлес салмағы 91,5 % құрды, газ және су электр энергиясын бөлу және өндірістің үлес салмағы 5,9 % құрды.

Өнеркәсіптік өнім көлемінің өсуі «Курылысмет» ЖШс № 2 өндірісінде тау- кен металургиялық жабдықтарын дайындау және жөндеу есебінен өскен.

Осымен бірге, Шахтинск аймағының «АрселоМиттал Теміртау» АҚ құрылымдық бөлімшелері «Шахтинская», «Казахстанская», «Тентекская», «Ленин атындағы» шахтілер қызмет етеді.

Шахтілер және зауыттар Шахтинск аймағының экономикалық тірегі болып табылады. Олардың тұрақты қызмет етуі қаланың көркеюі және шахтинск қаласы тұрғындарының өмір сүру деңгейінің жақсаруы.

Аймақтағы өнеркәсіптің дамуында бірнеше мәселелері бар, олардың қатарына келесілерді жатқызуға болады: дәстүрлі және ескірген технологияларға басым жағдай жасау, негізгі өндірістік қорларды жайлап жаңарту, инвестициялардың тапшылығы және несиелік ресурстар бойынша жоғары пайыздық мөлшерлемелер.

2012 жылы кәсіпорындардың инвестициялық белсенділігі 6,0 % құрды. Кәсіпорындардың инвестициялық қызметінің негізгі түрлері болып, жаңа технологияларды, жабдықтарды енгізу табылады.

Сонымен бірге, 2008-2012 жылдардағы оңды тенденциялар аймақтың экономикасы құрылымында күрделі өзгерістерге әкелген жоқ. Жалпы экономика үшін салалық баланұстамауға тән болып келеді: өндіріс және инвестициялар көлеміндегі өңделетін өнеркәсіптің үлесін төмендету, кіші бизнесті әртараптандырудың төмен деңгейі.

Шағын бизнес қала аумағында дамыған экономиканың барлық салаларын қамтуда: құрылыс, өнеркәсіп, транпорт, сауда қызмет көрсету саласы. Шығарылатын өнімнің сұрыпталымы мен көлемі көбейген, халыққа көрсетілетін қызметтер түрлері кеңейген. Сонымен бірге, кіші бизнес әлуеті толық жүзеге асырылмаған. Кіші инвестициялық шектеу салаларына тән бірнеше мәселелер бар: алғашқы капитал тапшылығы, жабдықты, жадығат және шикізат, жарнаманы иемдену үшін айналым қаражаттардың жетіспеушілігі, кадрларды дайындауда қалыптасқан жүйенің болмауы.

Шахтинск қаласында кәсіпкерлері несиелеу мәселесімен соқтысады. Банктік несиелерден кәсіпкерлердің шеттетуінің басты мәселесі ретінде келесіні атауға болады: несиелерді рәсімдеу үдерісінің ұзақтылығы; несиелерді қамтамасыз етуде қатаң талаптар (кепілді қоса), кепілдік мүліктер, яғни Шахтинск аймағының аумағындағы орналасқан жылжымайтын мүлік Екінші деңгейлі банктермен қабылданбайды немесе өте төмен бағаланады.

Шахтинск аймағында бюджеттік қаражаттар арқылы тұрғын үй құрылысы жандандырылуда (несиелік үйлер, мемлекеттік жалға үйлері). Айта кету керек, осы сала үшін келесілер тән: азаматтар үшін тұрғын үйге қол жеткізудің жеткіліксіз деңгейі (тұрғын үй құрылыстың дамуындағы негізгі көрсеткіш жылына бір адамға тұрғын үйді іске қосу көрсеткіші болып табылады). Қарағанды облысы бойынша орташа есеппен жылына бір адамға 0,34 шаршы м., Шахтинск аймағында – жылына 0,18 шаршы м. Сонымен бірге, жеке құрылыс салу аудандарының инженерлік-байланыс инфрақұрылымын жайластыру және дамытуға бөлінетін қаражаттардың жеткіліксіз көлемдерінің болуы, себебі, бөлінетін қаражаттардың басым бөлігі құрылып жатқан көп пәтерлі коммуналдық және ипотекалық тұрғын ұйлер объектілеріне желістерді шығаруға бағытталған.

Шаруа (фермерлік) шаруашылықтардың саны 1- ден 15 – ке дейін өскен, жер қорынан ауыл шаруашылық айналымына 10 га жер берілген.

Шаруа (фермерлік) шаруашылықтар 1368 га жердәі алып отыр, оның ішінде мал жайылымының жерлері -441 га, залежи-72 га, мал жайылымы -333 га, жасыл желекті жерлер 2 га, құрылыс жерлері -1 га.

Оңтайлы және қолайсыз жақтардың бағасы бойынша жер телімдерін рәсімдеу құжаттары 2006 – 2010 жылдарға келген. Бұл мүлікті легализациялауға және тұрғындар белсенділігінің артуына байланысты. Бұл кезеңде рәсімделген және қайта рәсімделген жер телімдері 5 мыңды құраған.

Аймақтың әлеуметтік сала жағдайы халықтың шынайы өсімінің оңды өсу қарқынымен сипатталады, сонымен бірге білім беру қызметтерін жақсарту. Сонымен қатар, экономиканың дамуын тоқтататын және бар әлуетті толығымен пайдалануға кедергі тигізетін жағымсыз жақтары да бар.

Білім беру саласындағы жағымсыз жақтары, аймақтағы мектепке дейінгі білім беру қызметтерімен 1-ден 6 жастағы балалардың төмен қамтылуы, білім беру ғимараттарының қатты тозуы, мектепке дейінгі, орта, техникалық және кәсіби білім беру объектілерінің сәйкес жабдықтар мен құрал-саймандармен қамтамасыз етілуінің жеткіліксіз деңгейі.

Мәдениет саласын тиімді дамытудағы мәдени объектілер желістерін кеңейту, олардың негізгі жабдықпен және қажетті құрал-сайманмен қамтылу деңгейінің жоғарлауы секілді, оңды тенденцияларымен қатар, келесідей мәселелермен де шектеледі: Долинка қыстағындағы мәдениет үйі ғимаратының жоқ болуымен байланысты. уақыт өткізу мәдениет объектілері желістерінің жеткіліксіз дамуы, мәдениет объектілерінің әлсіз материалдық-техникалық базасы мәдениет ұйымдарының қызмет көрсету саласында беталыс алады және жаңа талаптарға сәйкес келмейді.
Шахтинск аймағында денсаулық сақтау саласында мынадай мықты жақтарын атап өтуге болады: дәрігерлермен толығудың жоғарғы деңгейі 98,8% және СМП – 100%; ана өлімі жоқ, туберкулез аурымен ауыру 13% төмендеген. Күрделі мәселелерге: сәби өлімі жағадйының 100% өсуі.

Бүгінгі күні денсаулық сақтау саласында 2 емдеу мекемесі жұмыс істейді: «Шахтинск қаласының орталық аурыханасы» КМК, «Шахтинск қаласының емханасы» КМК.

Денсаулық сақтау саласында 851 адам жұмыс істейді: дәрігерлер – 142, СМР – 360, кіші медициналық қызметкерлер – 174, басқа да қызметкерлер – 175. 10 мың тұрғынға дәрігерлермен қамтылу – 24,7; СМР – 62,7.

Толығымен аймақта әлеуметтік сала бойынша мына даму факторларын атауға болады, көрсетілетін қызметтің төмен сапасы және әлсіз материалдық – техникалық база: негізінен Новодолинский кентінің жастар орталықтарын орналастыру үшін аумақтың аз болуы, Новодолинский кентінің Мәдениет үйінде спорт залының болмауы; Экономкианың коммерциялық емес секторы үшін қызметтің толық қамтылмауы, тұрақсыз жұмыс істейтін Үкіметтік емес ұйымдардың көп болуы.

Шахтинск аймағының ерекшелігі тарихи және мәдени ескерткіштердің бар болуы. Осыған байланысты, аймақта туристік саланы дамыту шектелген: экологиялық және жағажай туризмін дамытуға туризм инфрақұрылымының дамымауы; туритік нысандарға кіре беріс жолдарының төмен сапасы және аймақтың туристік ресурстарға әлсіз қажеттілігі.


2.2. Шахтинск аймағының әлеуметтік-экономикалық дамуын талдау.
Қалада республикалық дамудың басымдығы болып 3 мемлекеттік және салалық бағдарламалар табылады, олардың инвестиция көлемі 6 млрд. теңге, Бағдарламаларды іске асыру экономиканың тұрақты дамуына жетуге бағытталған, өнеркәсіпті диверсификациялау, шағын кәсіпкерлікті дамыту, тұрғын үй құрлысы, автокөлік жолдары, тұрғындардың өмір сүру жағдайын жақсарту арқылы қол жеткізілген.

Өнеркәсіп

Аймақтың өнеркәсібі кен өндіру, өңдеу салалары және газ, су электр энергиясын бөлу және өндіріс саласымен көрсетілген. Ірі өнеркәсіптік кәсіпорындар қатарына «Шахтинск ЖЭО-сы» АҚ, «АрселорМиттал Теміртау» АҚ құрылымдық бөлімшелері, 4 шахтілер және 2 зауыт: «Қазақстандық» ш., «Шахтиндік» ш., «Тентекті» ш., «Ленин» атындағы ш., кіші механикаландыру және стандартталмаған жабдық өндірісі – «НОММ» зауыты және «Бірлескен машина құрылыстық зауыты» кен машиналарын дайындау және жиынтықтау.

Орташа кәсіпорындар қатарына етті қайта өндіру бойынша – «Апрель-Құлагер» ЖШС.

Айта кету керек, Шахтинск аймағында экономиканың негізі болып, газ, су электр энергиясын қайта бөлу, өндіріс, өңдеу саласы табылады.

2010 және 2013 жылдар кезеңінде әрекет ету бағаларында Шахтинск аймағындағы өнеркәсіптік өнімнің көлемі  2787,2 - ден 8341,5 млн. теңгеге дейін немесе 3 есеге көбейді.

Өнеркәсіптегі жұмыс істейтін халықтың саны 7659 адам немесе 2010 жылдың деңгейіне 9 есеге көбейді.



Көрсеткіш

2009

2010

2011

2012

2013

Өнеркәсіптік өндіріс көлемі, млн.теңге

2 191,8

2 787,2

3 538,9

9 228,5

8 341,5

Өнеркәсіпте негізгі капиталға инвестиция көлемі, млн. теңге

5 617

3 581

5 623

11 430

11 307

Өнеркәсіпте шектеулі орта айлық еңбекақы

40 102

49 999

56 251

62 514

85 725

Еңбек өнімділігі, мың теңге

842

845

860

7617

7659

Талданатын кезеңде аймақ экономикасына 35,9 млрд теңге инвестицияланған, оның ішінде өнеркәсіпке 31,9 млрд теңге.

2010 – 2013 жылдары әрекет етуші бағалардағы өнеркәсіптік өнімнің көлемі 7932,65 млн. теңгені құрды немесе 2008 жылға 397,3 %.

Жалпы 2008-2012 ж.ж. талдау кезеңінде өнеркәсіптік өндіріс көлемінің жыл сайын өсуінде оңды тенденциясы байқалуда. Өнеркәсіптік өнім көлемінің өсуі «Курылысмет» ЖШС № 2 өндірісінде тау- кен металургиялық жабдықтарын дайындау және жөндеу есебінен өскен.


Кен өндіру өнеркәсібі.
Саланың негізгі кәсіпорындары ретінде «АрселорМиттал Темиртау» АҚ құрылымдық бөлімшелері табылады: «Қазақстандық», «Шахтинский», «Тентекский», «Ленин» атындағы шахтілері. Жоғарыда аталған кәсіпорындар қызметтерінің негізгі түрі болып көмір өндіру табылады.

Осы кәсіпорындардың тұрақты дамуы тек қана қала емес, сонымен бірге жалпы ай3 жылдар аралығында тау- кен өнеркәсібіне 31,0 млрд. теңге инвестиция тартылған.

2013 жылдың қаңтар айынан бастап статитикалық есепке «Ленин», «Қазақстандық», «Шахтинский», «Тентекский» шахталарының өнімі енгізілген.

2013 жылы аймақ шахталарымен 4695,1 мың тонна көмір өндірілген. Осы өнім ішкі тұтынуға бағытталған.



Көрсеткіш__2009_жыл__2010_жыл__2011_жыл'>Көрсеткіш

2009 жыл

2010 жыл

2011 жыл

2012 жыл

2013 жыл

Көмір өндіру көлемі, мың тонна

4294,6

4501

4594,5

4695,2

5280,6



Қайта өңдейтін өнеркәсіп.

Өңдеуші өнеркәсіп келесідей кәсіпорындармен көрсетілген «Апрель-Құлагер» ЖШС, «Курылысмет» ЖШС № 2 өндіріс.

2010 жылдан 2013 жылға дейін өңдеуші өнеркәсіп өндірісінің көлемі 1480,4 –тен 6872,2 млн. теңгеге дейін немесе 4 есеге өсті.

2010 және 2013 жылдар аралығында өңдеуші өнеркәсіптегі жұмыс істейтін халық саны 785 адамға дейін көбейді.




Көрсеткіш

2008

2009

2010

2011

2012

2013

Өңдеуші өнеркәсіп көлемі, млн.теңге

1771,9

1744,5

2143,5

2926,6

8168,5

7356,5

Өнеркәсіптік өндірістің жалпы көлеміндегі өңделетін саланың үлес салмағы, %

80,4

80,0

77,0

82,7

88,5

92,0

Жылына жұмыскерлердің орташа тізімдік саны, адам

300

299

244

244

764

785

Өнеркәсіптік өнім көлемінің өсуі «Курылысмет» ЖШС № 2 өндірісінде тау- кен металургиялық жабдықтарын дайындау және жөндеу есебінен өскен.

2012 жылы өңдеуші өнеркәсіп өндірісінің көлемі 6872,2 млн теңгені 2011 жылдың деңгейіне 402,3 % құрды.

2015 жылы қайта өндеу өнеркәсібінде өндіріс көлемінің өсімінің болжамы Қарағанды облысының ірі кәсіпорындарымен ет және ет өнімдерін жеткізуге келісім шарттар жасауға байланысты болуда және шығаратын өнім түрлері көбейген.


Тамақ өнеркәсібін өндіру.

Тамақ өнеркәсібінің негізі ретінде «Апрель-Құлагер» ЖШС етті қайта өңдеу ыстамалары және шұжықтық бұйымдардың өндірісімен көрсетілген. Кәсіпорын өз қызметін 1998 жылдан бастап Шахтинск аймағының аумағында жүзеге асырады.

«Апрель-Құлагер» ЖШС Европа елдерінің финскалық-неміс «Эке-Хенкель» фирмасының жабдығымен жинақталған ет комбинатын білдіреді. Өз құрамына келесілерді жатқызады: ірі мүйізді мал және шошқаларды қайта өңдеу бойынша сойыс цехі, ауысымда 7 тонна өнімділігімен; шұжықтық цех, ауысымда 7 тонна өнімділігімен, 200 тонна мұздалған етті сақтау сиымдылығымен суытқыш; мұздағыш камерасы, тәулігіне 13 тонна өнімділігімен, суыту камерасы – тәулігіне 25 тонна.

Шұжық цехі шикізатты сапалы өңдеу және тұрақты технологиялық режимдерін қамтамасыз ететін жаңа жоғары өнімділігімен қамтылған. Кондиционерлер, калориферлер ауа суытқыштары автоматты режимде қызмет атқарады. Шикі ысталған шұжықтарды өндіру үшін суық ысымамен үш камералар және шикі ысымалы шұжықтарды кептіру үшін үш климкамералар бар. Шұжық цехінда шикізатты массаждау, шприцтау тумбылау үшін жабдық орналастырылған. «Кремер-Гребе» фирмасының вакуумдық куттері, «Робот-500» шприцтері, КН-23 клипсаторлары шикізатты сапалы әзірлеуін қамтамасыз етеді.

Өндірістік қорлардың жиі түрленуі кәсіпорын үшін 2008 жылдан 2012 жылға дейін 1284 млн. теңгеден 1587,6 млн теңгеге дейін немесе 1,2 есе өндіріс көлемін көбейюі еңбек өнім 123,6 %.

Кәсіпорын өзінің қызметі барысында шұжықтар және ыстаулардың 100 түрінің өндірісі меңгерілген.

«Апрель Кулагер» ЖШС өнім сапасын арттыру бойынша тұрақты жұмыс жүргізіледі, өндіріс техникалық қамтамасыз етілген. Шахтинск қаласында «Апрель Кулагер» ЖШС ет өнімдерін өндіретін жалғыз кәсіпорын болып табылады.
«Апрель - Кулагер» ЖШС негізгі өндірістік көрсеткіштері


Көрсеткіш

2008

2009

2010

2011

2012

Өнеркәсіп көлемі, млн теңге


1284

1265,8

1381,1

1708,3

1587,6

Еңбекақы төлеу қоры, мың теңге

Деректер жоқ.

жылына орташа жұмыскерлердің орташа саны, адам

245

244

244

244

244

Шахтинск ет комбинатының жұмыскерлерінің орта айлық еңбекақысы 2012 жылы 72 мың теңгені құраған.

2010 жылы кәсіпорында жандандыру, негізінен Шахтинск ет комбинатының өнім өндіру көлемін өсіру үшін: жалпы соммасы 41,8 млн. теңгеге бір «Клипсатор», екі «Климокамера», төрт «Термокамера» және бір «Волчок» сатып алынған.

2015 жылға «Апрель- Кулагер» ЖШС өнім өндіру көлемі 86,7 млн. теңгені құрайды. Жаңа технологияларды әзірлеу (рецептер), кәсіпорынды жандандыру, шығаратын өнім түрлерін көбейту.


Химиялық өнеркәсіп.
Бұл сала «Монета Дитерджентс» ЖШС синтетикалық түйіршіктелген жуғыш құралдарды оңалту» атты жобаны білдіреді, өндіргіш қуаты жылына 60 мың тонна.

Синтетикалық түйіршіктелген жуғыш құралдарды өндіру бойынша зауытты реанимациялау Шахтинск қаласының 2013 – 2015 жылдарға арналған Кешенді даму жоспарына енгізілген.

«Моноқалаларды дамыту» бағдарламасының шеңберінде зәкірлік жоба «Монета Дитерджентс» ЖШС қайта құру жоспарланған. Бас директор – Ержан Оразгали Сантаевич. Заңды мекенжайы Қарағанды облысы, Шахтинск қаласы. Жоспарлық қуаттылық жылына 60 тонна өнім өндіру. Жеке меншік нысаны «Наурыз Банк Казахстан» АҚ ликвидациялық комиссиясында тұр.

«Наурыз Банк Казахстан» АҚ ликвидациялық комиссиясы өздігінен ағылшын әдісімен мүлікті саудаға шығарған. Осы сауда – саттық болмаған деп саналады. Голандық әдіс бойынша (төмендетілген бағада) қайталап мүлікті саудалау үшін «НБК» АҚ ЛК кредиторлар комитеті 2013 жылдың қаңтар айының соңында өздерінің отырыстарында кешеннің кепілдік мүлігінің шектік құнын анықтау керек. Төменгі құнын анықтағаннан кейін ресми түрде БАҚ сауда күні, голландық әдіс бойынша деп хабарландыру берілетін болады.

«Моноқалаларды дамытудың 2012 – 2020 жылдарға арналған» бағдарламасының екінші бағытының шеңберінде және моноқалалардың экономикасын ұзақ мерзімді диверсификациялау үшін «зәкірлік инвестициялық жобалардың ісшараларын іске асыру, Шахтинск моноқаласының 2013 – 2015 жылдарға арналған әлеуметтік – экономикалық дамуының Кешенді жоспарын іске асыру жөнінде ісшаралар жоспарына бір жоба Реанимация завода по производству гранулированных синтетических моющих средств» - «Монета Дитерджентс» ЖШС енгізілген.

Кәсіпорын «Наурыз банк» АҚ ликвидациялық комиссиясының кепілдігінде тұр.

Қайтаруға жататын шағымдық қарыз сомасы 890 млн. 398 мың 987,0 теңгені құраған. Мемлекеттік баж сомасы 26 млн. 711 мың 970,0 теңге.

Бүгінгі күні «Наурыз банк» АҚ ликвидациялық комиссиясымен кепілдік мүлікті бағалау (кепілдік мүлік сомасы 592 млн. 457 мың теңгені құраған) бойынша жұмыс жүргізілген. Сауда 2014 ж.22.10 жоспарланған, әлеуетті сатып алушылардың жоқтығынан сауда болмай қалған. 2014 ж.14. 11 қайталап өткізілген сауда әлеуетті сатып алушылардың жоқтығынан сауда болмай қалған. 2014 ж.21. 11 кредиторлар комитетінің отырысы өткен, ол отырыста сауданы голландық әдіс бойынша өткізу шешілген, осыған байланысты кепілдік сомасы 20 % түскен. Кезекті сауда 2014 ж.12. 12 жоспарланған.

Өзекті мәселелер:

1.Әлеуетті сатып алушының жоқтығы.

2. Кепілдік мүлкін іске асыру үдерісінің ұзақтығы.

3. Әлеуетті инвесторларды іздеу.



Шешу жолдары:

Кепілдік мүлікті іске асыру үдерісін тездету бойынша сот орындаушылармен жұмыстар жүргізіледі, негізгі қарызды алып тастау бойынша жұмыстар жүзеге асырылады.



Зауытты реанимациялау 250 жаңа жұмыс орнын құруға мүмкіндік береді. Шахтинск моноқаласының әлеуметтік – экономикалық дамуының кешенді жоспарын іске асыру жөнінде ісшаралар жоспарына сәйкес зхауытты іске қосу үшін 2,0 млрд. теңге көлемінде инвестиция қажет.

Металлургия өнеркәсібі.
Аймақтағы металлургиялық сала келесі кәсіпорындармен бейімделеді: кіші механикаландыру және стандартталмаған жабдық өндірісі – «НОММ» зауыты; «АрселорМиттал Темиртау» АҚ «Бірлескен машина құрылысытық зауыты» - жөндеу жұмыстары бойынша өндіріс, кен машиналарын дайындау және жиынтықтылау және екі кіші кәсіпорындар «Шахтинск металқұрылыстық зауыты» ЖШС, «Технология» ЖШС, «Темирлайн» ЖШС.

№ 2 өндірістің негізгі қызметі болып, келесілер табылады: кен-шахтілік жабдықты күрделі жөндеу, конвейерлер үшін жабдықты дайындау, ГШО бөсалқы бөлшектерін дайындау, метал құрылыстарды сваркілеуді дайындау, кіші механизация құралдарын дайындау.

Жұмыс істейтіндердің саны 520 адамды құрайды. 2012 жылы шығарылған өнім көлемі 5,2 млрд. теңгені құрды.


Көрсеткіш

2012 жыл

2013 жыл

2014 жыл

«Курылысмет» ЖШС өндірісінің көлемі №2 Өндіріс млн. теңге

5284,5

4893,3

5664,7

Кен машиналары зауыты қызметінің негізгі түрлері болып келесілер («Бірлескен машина құрылыстық зауыты» - жөндеу жұмыстары бойынша өндіріс, кен машиналарын дайындау және жиынтықтылау) табылады: металл ұстағыштар элементтерін жөндеу; шахтілер үшін конвейерлік құралдарды дайындау, тарнспортерлік ленталар үшін роликтерді дайындау, калофилерлерді дайындау, темір жол вагондарына құралдарды дайындау және жандандыру, механикалық өңдеу (конвейерлердің роликтерін дайындау). 2009 жылы шығарылатын өнім көлемі 1030,0 млн теңгені құрды. Зауыт өз қызметін Шахтинск аймағында 1961 жылдан бастап жүзеге асыруда. Жұмыс істейтіндердің саны 169 адамды құрайды.

«Шахтинск металқұрылыс зауыты» ЖШС келесідей өнімдерді дайындайды: анкерлік ұстағыштар үшін металликалық ауқым ету, плиталар үшін сферикалық шайбаларды дайындау, төбетоп В-300, штыктык күректер және металл бұйымдарының басқа да түрлері дайындалады. 2009 жылы өндіріс көлемі 54,0 млн теңгені құрды. Кәсіпорындағы жұмыс істейтіндердің саны 22- адам.

«Технология» ЖШС бүл кәсіпорын қызметінің негізгі түрі болып, жылу беретін қазындықтарды дайындау, және де халықтық тұтынудағы металл бұйымдарының басқа да түрлері. Осы кәсіпорындағы жұмыс істейтін халық саны 22 адамды құрайды.

Осы сала бойынша тоқтап тұрған кәсіпорындардың бірі болып «Ак Тобе К.Т.» ЖШС табылады, олар штрипс шығаруды жүзеге асырады.

Құрылыс индустрия.

Шахтинск аймағында статистика органдарының деректері бойынша құрылыс материалдарын шығаратын 15 шағын кәсіпкерлік субъектілері орналасқан.Оның ішінде:

- 5 кәсіпорын пластикалық терезелерды және бөлме аралық жақтауды шығарады («SUMBILE- SIRUIS» ЖШС, «VIP СТРОЙ 2010, «Азия Полимер» Пласт» ЖШС, «OMEGA DESICN PLAST» ЖШС, «АЛЕНУШКА - БЛЕСК» ЖШС);

- 4 құрылыс кірпішін, қабырға блоктарын, пенопласт, және пенеоплостиролдан блок. («DUVAER» ЖШС, «Мерей и К» ЖШС, «Карағанды кірпіш зауыты» ЖШС, «Темиртауский пенопласт» ЖШС);




Анықтама:

«Темиртауский пенопласт» ЖШС өз мүлкін ЖК Матюхинге кәсіпорнына мүлкін жалдайды, осыған байланысты басқа екі мекеме шаруашылық қызметімен айналыспайды және олар ҚР аумағында жоқ.

Кәсіпкерлік бөлімімен қнеркәсіптік өнім көлемін өсіру мақсатында «Темиртауский пенопласт» ЖШС құрылтайшыларымен С.Т.Матюхинге осы ЖШС жұмыс мүмкіндігі қаралуда.

- 6 басқа да құрылыс материалдарын шығару (ақбалшық, темір бетон және бетон бұйымдары, шлакоблок, брусчатка және т.б.) («АБАЙЛИТМАШ» ЖШС, «ЮТЕКС» ЖШС, «INTER INVEST GROUP» ЖШС, «АМАНДЫҚ – МУРАТ- КОМПАНИЯСЫ, «ШАХТИНСКИЙ ЗАВОД МЕТАЛЛОКОНСТРУКЦИИ» ЖШС, «АҚ ТӨБЕ К.Т.» ЖШС).

Шахтинск аймағында бетон бұйымдарын, шлакоблок, шыны пластикалық арматура шығаратын «КаРЭМ» ДШС қызметін жүзеге асырады, осы кәсіпорын Қарағанды қаласында тіркелген, жүргізілген жұмыстардың нәтижесінде Шахтинск аймағы бойынша көлем статистикалық есепте жеке көрсетілген.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет