Бағдарламасы Шолаққорған 2014 жыл Созақ аудандық мәслихатының



бет3/10
Дата22.02.2016
өлшемі2.15 Mb.
#1353
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10

Агро-өнеркәсіп кешені
Ауыл шаруашылығы – тұрғындар үшін маңызды тамақ өнімдерімен қамтамасыз ететін Созақ ауданындағы негізгі салалардың бірі. Ауданда бидай, арпа, жүгері, мақсары, картоп, көкөніс, бақша дақылдары мен жеміс-жидек (бау) өсіруге қолайлы климаттық жағдайлары бар, сонымен қатар жайылымдықтарды жыл бойына азықтық база ретінде қолдану мүмкіндігі және осы арқылы мал шаруашылығының дамуына ықпал ету мүмкіндігі бар.

2003-2008 жылдары агроөнеркәсіп кешенінің дамуы тұрақсыз болды. Осы жылдарда мал шаруашылығы өнімдері өндірісінің тұрақты жағдайында, өсімдік шаруашылығы өнімдері өндірісінің тербелісі байқалған. Мемлекеттің ауыл шаруашылығы саласын қолдауының және аудан әкімдігі тарапынан атқырылған жұмыстардың арқасында 2008 жылдан бастап бұл қатынас теңелді.

2013 жылы ауыл шаруашылығы жалпы өнім көлемі өткен жылдан 1 592 млн.теңгеге ұлғайып 7 921 млн. теңгеге жетті. Нақты көлем индексі 100,9 % құрады.
Ауыл шаруашылығы жалпы өнім көлемі дамуының

көрсеткіштер динамикасы



Көрсеткіштердің атауы

2011 жыл

2012 жыл

2013 жыл

2014 жыл

11 айында

2015 жыл

болжам

Ауыл шаруашылығы жалпы өнім көлемі (млн.тг.)

5 188

6 329

7 921

7 959,1

9 346,4

Нақты көлем индексі (%)

103,5

94,4

100,9

101,1

103,0

Ауданда 2012 жылы ауыл шаруашылығы мақсаттары бойынша пайдаланатын жерлер 22 896 га құраған. Алайда, 2013 жылдан бастап су шаруашылығы нысандарының істен шығуына және басқа да себептерге байланысты 7 424 га алқап жайылымға ауыстырылып, аудандағы ауыл шаруашылығы мақсаттарындағы пайдаланылатын жер 15 472 га. болып отыр. Нәтежиесінде 2014 жылы ауыл шаруашылығы дақылдары алқаптары 13 013 га. орналыстырылды. Ауыл шаруашылығы дақылдарынан алынған өнім көлемі орташа есеппен 20 % артты. Оның ішінде бақшадан 3 332 тонна, картоптан 3 215 тонна, көкөніс 3 464 тонна, жүгері 2 132 тонна, майлы дақылдардан 354 тонна, жеміс-жидектен 300 тонна өнім жиналды.

Сонымен қатар, ауданда 292,0 мың га. суармалы жерлердің көлемін кезең-кезеңімен қосымша ұлғайту бойынша аудан әкімдігінің қаулысы қабылданды. Іс-шара бойынша ауданда 636 га. жер суармалы алқапқа ауыстырылды. (2012 жыл - 200 га, 2013 жыл - 200 га, 2014 жыл - 236 га).

2014 жылы егіс көлемі өткен жылдан 1 853 га. артып, 13 012 га. жетті (2013 жылы - 11 159 га). 2015 жылы егіс алқаптары 12 100 га. болады деп жоспарлануда.

Ауыл шаруашылығы дақылдарынан алынған өнім көлемі дәнді дақылдардан 2 981 тонна (2013 жылы 105 %), бақшадан 3 332 тонна (100,2 %), картоптан 3 215 тонна (100,6 %), көкөніс 3 464 тонна (100,9 %), жүгері 2 132 тонна (102,1 %), майлы дақылдардан 354 тонна (102,8 %) өнім жиналды. Созақ ауданының ауыл шаруашылығының жүйелік мәселесі, суғару суының жетіспеушілігі. Бұл мәселенің жалғыз шешімі – суғару тиімділігін арттыру, су үнемдеу технологияларын енгізу. Егін алқаптарын суғаруда бір гектарына орташа 6 000 - 7 000 метр куб су жұмсалынады. Бұл көрсеткіш алдыңғы қатарлы технологияларды енгізіп жатқан шаруашылықтарда, тамшылатып суғару есебінен су шығыны гектарына 3 000 - 3 500 метр кубқа қысқарған. Есептеулер көрсетіп отырғандай, қолдағы бар су көлемімен қазіргіге қарағанда, Созақ ауданындағы егіс алқаптарын 5-6 есеге артық суғаруға болады. Соңғы жылдары тамшылатып суғару әдісі ендірілген ауыл шаруашылығы дақылдарының егіс алқаптары ұлғайуда.

2014 жылы тамшылатып суғару әдісі жалпы 236 га. ендірілді, бұл 2010 жылмен салыстырғанда 10 есеге артық (2010 жылы – 20 га, 2011 жылы - 21 га, 2012 жылы - 227 га, 2013 жылы - 252,2 га). 2015 жылға тамшылатып суғару әдісін 250 га. жеткізу жоспарлануда.

Азық-түлік теңгеріміне сәйкес ауданымыз бүгінгі таңда халықты қажетті 14 түрлі негізгі өнімдердің 8 түрімен толық қамтамасыз етіп отыр. Осыдан үш-төрт жыл бұрын қысқы және ерте көктемгі мезгілдерде жеміс-көкөніс сақтау қоймаларының тапшылығынан азық-түлік қорын жинақтауда бір шама қиындықтар кездескендігі баршамызға белгілі. Осы мәселені шешу бойынша аудан әкімінің тікелей ықпалымен қаржы институттарын тарта отырып, нақты жұмыстарды үйлестірудің арқасында, бүгінгі таңда ауданда сиымдылығы 5 900 тонналық жеміс - көкөніс сақтау қоймалары ашылды. Осы қоймаларда бірінші кезектегі әлеуметтік маңызы бар картоп, пияз, көкөніс, жеміс-жидек өнімдерін сақтап, азық-түлік бағаларының көтерілуіне жол бермей, жыл бойына ауданымызды сапалы өнімдермен қамтамасыз етуге толық мүмкіндік береді.

«Агробизнес – 2020» бағдарламасының 1-ші бағыты АӨК-ні қаржылық сауықтыру бағыты бойынша, 2013 жылы 9 тамызда Қазақстан Республикасы Үкіметінің №816 қаулысымен «Қаржылай сауықтыру үшін агроөнеркәсіптік субъектілерінің кредиттік және лизингтік міндеттемелері бойынша сыйақы мөлшерлемелерін субсидиялау туралы» Қағида бекітіліп, қолданысқа енгізілді.

Қағидаға сәйкес, «ҚазАгроҚаржы» АҚ арқылы 2013 – 2014 жылдары ауыл шаруашылығы техникалары жылдық 12,8 % берілуде, оның 7% - ын мемлекет субсидиялап, ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілеріне жылдық пайыздық мөлшерлеме 5,8 пайыздан түсуде. Нәтижесінде 2014 жылы ауыл шаруашылығы тауар өндірушілеріне қосымша 17 бірлік ауыл шаруашылығы техникалары жаңадан сатып алынды.


Мал шаруашылығы
2014 жылдың 11 айымен 2013 жылдың осы мерзімімен салыстырғанда аудандағы барлық санаттағы: мүйізді ірі қара малдың саны 111,8 % артып - 20 738 басты, қой 111,8 % артып - 193 910 басты, ешкі 121,4 % артып - 45 653 басты, жылқы басыда 118,8 % артып - 9 227 басты, түйе 108,9 % артып - 9 797 басты құрады.

Мал шаруашылығы өнімдерінің негізгі түрлерін өндіру көлемі бойынша: жұмыртқа - 2 302 мың дана, жүн - 424,1 тонна, сүт - 12 340 тонна өндірілді. 2013 жылдың осы мерзімімен салыстырғанда: ет сойыс салмағында 102,1 % артып 9 329,9 тонна ет өндірілген. Мал шаруашылығы саласында «Ірі қара мал экспортының әлеуетін дамыту» жобасы шеңберінде «Сыбаға» бағдарламасымен 2014 жылы 60 бас аналық, 2 бас асыл тұқымды бұқа сатып алынды. Ауданға етті бағыттағы 35 асыл тұқымды бұқа сатып әкелініп, белгіленген 800 бас орнына 1 013 бас мүйізді ірі қара аналығы тұқымдық түрлендіруге тартылды. Жоспар 127 пайызға орындалды.

Ауданда 2012 жылы 3 бірлік қана қолдан ұрықтандыру бекеттері жұмыс жасаған болса, 2013 жылы облыстық бюджет қаржысы есебінен қосымша 12 бекет салынды.

2014 жылы өткен жылмен салыстырғанда ұрықтандырылған ІҚМ саны 20% артып 1 302 бас мүйізді ірі қара мал қолдан ұрықтандырылды. Бұл жалпы аналық мүйізді ірі қара малының 12,4 % құрайды.

Сонымен қатар, ауданда кәсіпкерлікті дамыту, жұмыссыздық деңгейін төмендету, ауыл халқының әл-ауқатын жақсарту мақсатында облыс әкімінің қаулысымен «Оңтүстік Қазақстан облысының мал шаруашылығын дамытудың 2014 – 2016 жылдарға арналған іс-шаралар жоспары» бекітілді. Іс-шаралар жоспарының негізгі бағыты, аудандардың ерекшелігіне байланысты, ұсақ шаруашылықтарды қолдап, шағын жобаларды дамыта отырып, жаңа кооперация жүйесін қалыптастыру. Қабылданған іс-шараның басымды бағыттары:

- 10-15 бастық шағын мал бордақылау алаңдары - 87 бірлік ;

- шағын жанұялық сүт тауарлары - 12 бірлік;

- сүт қабылдау бекеттері - 1 бірлік;

- аталған құрылымдарға сервистік қызмет көрсететін селолық тұтыну кооперацияларын ұйымдастыру - 1 бірлік құрылды.

Созақ ауданы бойынша ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеумен айналысатын 3 кішігірім цехтар бар.

2014 жылдың 11 айында еттің қайта өңдеу үлесі 25,8 %, сүттің 22 %, көкөніс пен жеміс 32 % құрады.
Агроөнеркәсіп кешенін ғылым және кадрмен қамтамасыз ету
Саланы ғылыммен қамтамасыз ету мақсатында 2010 жылдан бастап «Инновациялық тәжірибені тарату мен енгізу жөніндегі іс-шараларды өткізу» облыстық бюджеттік бағдарламасы шеңберінде мал тұқымын асылдандыру және оның сапасын жақсарту мақсатында ІҚМ, қой шаруашылығында қолдан ұрықтандыру жұмыстарын жүргізу және ветеринариялық қауіпсіздікке басымдылық берілді. Егін шаруашылығында жоғары өнім беретін ауыл шаруашылығы дақылдарының жаңа сорттарын өндіріске ендіру және күзде жерді айдамай терең қопсыту технологиясын қолдану бойынша жобалар іске асырылып, өз нәтежиесін беруде.

Ауданда ауыл шаруашылығының ғылыми жұмыстарымен «ҚазАгроМаркетинг» АҚ-на қарасты «Оңтүстік-Батыс өсімдік және мал шаруашылығы ғылыми зерттеу институты» ЖШС-гі, Сайрам ауданында орналасқан «Тассай» білім тарату орталығы және Оңтүстік Қазақстан Мемлекеттік университеті оқыту және консультациялық қызметін көрсетуде.


Созақ ауданы ауыл шаруашылығының инвестициялық жобалары
2014 жылы ауыл шаруашылығын қаржыландыруға бағытталған институттар арқылы, аудандық ауыл шаруашылығы тауар өндірушілеріне жалпы 213 млн. 839 мың теңге несие беріліп, 67 жоба қаржыландырылды.

Атап айтқанда:

«Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ арқылы – 125 млн. тг;

«Максимум»АИО»ЖШС арқылы – 45,9 млн. тг;

«Несие серіктестіктері» арқылы – 42,9 млн. тг.

Сонымен қатар, ағымдағы жылы іске асырылып отырған «Агробизнес-2020» бағдарламасының «Инвестициялық субсидия» бағыты - ауыл шаруашылығы саласында инвестициялық қаржыларды көптеп тартуға мүмкіндік беріп отыр.


Ауыл шаруашылығы саласының негізгі проблемалары:

1. Егін шаруашылығында да, мал шаруашылығында да ұсақ тауарлы өндірістің басымдылығы.

2. Қарапайым ауыл шаруашылығы тауар өндірушілеріне несие қаржылардың қол жетімсіздігі;

3. Заманауи қайта өңдеу кәсіпорындарының аздығы;

4. Қазіргі таңда суармалы алқаптарда келесідей мәселелер орын алған:

- жердің гидрологиялық жағдайы төмен деңгейде болуы, жердің тұздық қабатының көбеюі салдарынан ауыл шаруашылығы жерлердің айналымынан шығуы, т.б;

- жер асты суларының жоғары деңгейлілігі;

- уақтылы тазалау және жөндеу жұмыстары жүргізілмеу салдарынан су шаруашылығы жүйесі (кәріз, канал, тоған) қанағаттанарлықсыз күйде болуы;

- заманауи агротехнологияларды ендірудің әлсіздігі және жоғары репродуктивті тұқыммен қамтамасыз етілмеуі;

- өсімдіктерді қорғауда минералдық тыңайтқыштар мен химиялық заттарды пайдалану жеткіліксіздігі;

5. Жайылымдардың тозуы.
Құрылыс саласы
Аудан бойынша құрылыс жұмыстарының көлемі 2011 жылы 9 829,7 млн. теңгені құрады. Нақты көлем индексі 113,7 пайыз. Тұрғын үйлерді іске қосудың аудан бойынша жалпы аумағы 6 497 шаршы метр. Тұрғын үй құрылысына бағытталған инвестициялардың көлемі 169,1 млн. теңге.

2012 жылы құрылыс жұмыстарының көлемі 15 711,7 млн. теңгені құрады. Нақты көлем индексі 142,5 пайыз. Облыс көлемінде ауданның үлесі 8,7 пайызды құрап отыр. Тұрғын үйлерді іске қосудың аудан бойынша жалпы аумағы 11 162 шаршы метр. Тұрғын үй құрылысына бағытталған инвестициялардың көлемі 231,2 млн. теңге.

2013 жылы 15 562,2 млн. теңгенің құрылыс жұмыстарының көлемін құрады. Нақты көлем индексі 94,5 пайыз. Облыс көлемінде ауданның үлесі 8,7 пайызды құрап отыр. Тұрғын үйлерді іске қосудың аудан бойынша жалпы аумағы 16 206 шаршы метр. Тұрғын үй құрылысына бағытталған инвестициялардың көлемі 1 627,7 млн. теңгені құрады. Өткен жылмен салыстырғанда 5,8 есеге артып отыр.

2014 жылдың 11 айымен құрылыс жұмыстарының көлемі 12 686 млн. теңгені құрады. Нақты көлем индексі 94,8 пайыз. Тұрғын үйлерді іске қосудың аудан бойынша жалпы аумағы 17 632 шаршы метр. Тұрғын үй құрылысына бағытталған инвестициялардың көлемі 1 130,2 млн. теңге.



2014 жылы атқарылған жұмыстар
Ауданда құрылыс қызметіне 2014 жылы 2 мыңнан аса адам жұмысқа тартылған, орташа айлық жалақы 2013 жылмен салыстырғанда екі есеге өскен. Созақ ауылынан 600 орындық Ә.Науайы атындағы орта мектеп құрылысына 200 000 мың теңге бөлініп, құрылысын «Обл. штаб. ССО» ЖШС-і өндірістік кестеге сәйкес жүргізуде. Пайдалануға 2015 жылы беріледі деп жоспарлануда.

Шаға ауылынан 150 орындық мектептің құрылысына 203 627 мың теңге бөлініп, құрылысын «БЕК» ЖШС-і жүргізуде. Бүгінгі күнге бөлінген қаржы толық игерілді. Пайдалануға 2015 жылы беріледі деп күтілуде.

Шу ауылынан Ж.Қаламбаев атындағы 150 орындық орта мектептің құрылысына 147 742 мың теңге бөлініп, құрылысын «ШЫМКЕНТСКОЕ ТЕПЛОЭНЕРГОСТРОИТЕЛЬНЫЕ И ЭКСПУЛАТАЦИОННОЕ ПРЕДПРИЯТИЯ» ЖШС-і жүргізуде. Бүгінгі күнге бөлінген қаржы толық игерілді. Пайдалануға 2015 жылы беріледі деп күтілуде.

Құмкент ауылынан 200 орындық клуб құрылысына 177 370 мың теңге қаралып, құрылысын «Дау-Бек» ЖШС-і жүргізді, 12 қараша күні жұмыс комиссиясынан, 27 қарашада мемлекеттік қабылдау комиссиясынан өтті. Ашылу салтанаты 12 желтоқсанда болды.

Жыныс ауылынан 80 орындық бала бақша құрылысы бойынша аудандық бюджеттен 2012 жылы 215 395 мың теңге, 2013 жылы 72 770 мың теңге, 2014 жылы 47 000 мың теңге бөлініп, құрылыс жұмыстарын «Жаңа Арна 2002» ЖШС-і жүргізді. 29 тамызда мемлекеттік қабылдау комиссиясынан өтіп, пайдалануға берілді.

Созақ ауылындағы «Созақ» орта мектебінің спорт зал құрылысына 2013 жылы 20 000 мың теңге, 2014 жылы 108 984 мың теңге бөлініп құрылыс жұмыстарын «Рото Пласт» ЖШС-і өндірістік кестеге сәйкес жүргізді. Қазіргі таңда құрылыс жұмыстары бітіп 29 қыркүйекте мемлекеттік қабылдау комиссиясынан өтіп, пайдалануға берілді.

Тасты ауылынан 50 орындық мектепке дейінгі жалпы білім беретін мекеме құрылысына 2013 жылы 61 689 мың теңге 2014 жылы 85 351 мың теңге бөлініп құрылыс монтаж жұмыстарын «Жаңа Арна Құрылыс» ЖШС-і жүргізуде. Пайдалануға 2015 жылы беріледі деп күтілуде.

Шолаққорған ауылынан «Беккери» шұңқырының құрылысына 10 456 мың теңге бөлініп отыр. Құрылысын «Канат» ЖШС-і жүргізді. Құрылыс жұмыстары аяқталып 23 қыркүйекте мемлекеттік қабылдау комиссиясынан өтіп, пайдалануға берілді.

Шолаққорған ауылынан малдарды емдеу станок құрылысына 4 642 мың теңге, Созақ ауылынан малдарды емдеу станок құрылысына 4 642 мың теңге бөлініп отыр. Құрылыс жұмыстарын «Жеңіс Астана 2007» ЖШС-і жүгізді, 20 қараша күні жұмыс комиссиясынан, 27 қарашада мемлекеттік қабылдау комиссиясынан өтті.

Сызған бөлімшесіндегі Қ.Рүстемов атындағы 198 оқушыға арналған орта мектептің аумағын абаттандыру құрылысына 21 000 мың теңге қаралып, құрылысын «Абонис и К» ЖШС-і жүгізді. Құрылыс жұмыстары аяқталып 3 қыркүйекте мемлекеттік қабылдау комиссиясынан өтіп, пайдалануға берілді.


Жобалық сметалық құжаттар бойынша:

1. Аққолтық елді мекеніндегі 200 орындық Ш.Уалиханов атындағы орта мектеп құрылысына ЖСҚ дайындалып мемлекеттік сараптамадан өтті – сметалық құны 388 346 мың теңге.

2. Қаратау ауыл округі Ақсүмбе елді мекеніндегі 100 орындық С.Қожанов атындағы бастауыш мектебінің құрылысына ЖСҚ дайындалып мемлекеттік сараптамадан өтті – сметалық құны 170 497 мың теңге.

3. Ы.Алтынсарин атындағы орта мектебінің мәдени-спорт кешені нысанының құрылысына ЖСҚ дайындалып мемлекеттік сараптамадан өтті – сметалық құны 162 431 мың теңге.

4. Жартытөбе, Құмкент, Таукент ауылдарынан қызметтік коммуналдық тұрғын үй және Созақ ауылынан 2 қызметтік коммуналдық тұрғын үйлер құрылысының ЖСҚ-тары дайындалып мемлекеттік сараптамадан өтті – сметалық құны 12 млн. теңгеден.

5. Шолаққорған ауылынан Жеткеншек елді мекені мен Наурыз мөлтек ауданы аралығына инженерлік инфрақұрылымдарының құрылысына ЖСҚ дайындалып мемлекеттік сараптамадан өтті. Жеткеншек елді мекенінің сметалық құны - 234 878 мың теңге, Наурыз мөлтек ауданының сметалық құны – 156 540 мың теңге.

6. Құмкент ауылындағы спорт кешені нысаны құрылысына ЖСҚ дайындалып мемлекеттік сараптамадан өтті – сметалық құны 151 358 мың теңге.

7. Аудан бойынша 9 елді мекендерде (Жартытөбе, Құмкент, Шолаққорған, Созақ, Қарақұр, Қаратау, Жуантөбе, Тасты және Шу) мал тоғыту пункттерін (купка) салу құрылысына ЖСҚ дайындалуда.

8. Созақ ауылынан "Созақ" спорт комплексіне ЖСҚ дайындалуда.

9. Шолаққорған ауылындағы А.Сүлейменов атындағы орта мектебінің жанынан 120 орындық балабақша құрылысына ЖСҚ дайындалуда.

10. Суындық су қоймасының ТЭН-не корректировка жасалынады.
2015 жылы атқарылатын жұмыстар


  1. 2014 жылы басталған құрылыс нысандардың құрылыс монтаж жұмыстарын толық бітіріп, пайдалануға тапсыру.

  2. Аққолтық елді мекеніндегі 200 орындық Ш.Уалиханов атындағы о/м, Абай елді мекеніндегі 150 орындық А.Иманов атындағы о/м құрылысы және Раң елді мекеніндегі 150 орындық мектеп құрылысы жоспарланып отыр. Саржаз елді мекенінен 150 орындық мектеп құрылысы, Шолаққорған ауылы «Ақшам» мөлтек ауданындағы 50 орындық балабақшаның құрылысы, Шолаққорған ауылындағы Ы.Алтынсарин атындағы о/м спорт зал құрылысы және Созақ, Жартытөбе, Құмкент, Таукент ауылдарынан қызметтік коммуналдық тұрғын үйлер құрылысы жоспарланып отыр. (Уалиханов, Иманов және Раң – 200,0 млн. теңгеден бөлінді)

«Қолжетімді тұрғын үй - 2020» бағдарламасына сәйкес, Шолаққорған ауылынан 50 коммуналдық тұрғын үйлер құрылысы мен 2 пәтерлі 10 тұрғын үйлер құрылысы ұсынылды. (50 үйге -50,0 млн. бөлінді.) Сондай-ақ, Шолаққорған ауылындағы «Біресек» су қоймасының құрылысы ұсынылды. (189,0 млн. бөлінді.)
Жобалық сметалық құжаттар бойынша:

1. Ыбырай ауылынан 200 орындық Құрманғазы атындағы орта мектеп құрылысына;

2. Балдысу елді мекенінен 100 орындық орта мектеп құрылысына;

3. Қарабұлақ елді мекенінен 4 сыныптық мектеп құрылысына:

4. Қаратау, Қайнар ауылдарынан 50 орындық балабақша құрылысына;

5. Қарақұр,Тасты және Аққолтық ауылдарынан 200 орындық мәдениет үйінің құрылысына;

6. Шолаққорған ауылы «Ақшам» мөлтек ауданына, Таукент поселкесі мен коттеджіне инженерлік инфрақұрылым жүргізуге жобалық сметалық құжаттар дайындалады.

Аумақтың экологиялық мәселелері

Орман шаруашылығының жағдайы
Атмосфераға ластаушы заттар шығарындыларының көлемінің өсуі экономиканың өнеркәсіп саласының дамуымен, құрылыс өнеркәсібінің дамуымен, автокөліктердің сандық құрамының артуымен, өндіріс және тұтыну қалдықтарын жою мәселелерінің шешілмеуімен байланысты.

Қазіргі таңда Созақ даласы уран кенінің кеніші ретінде әлемге белгілі. Мұнда Қазақстанның барланған уран байлығының тең жартысы шоғырланған. Ауданның өнеркәсіптік өндіріс құрылымы көп салалы сипатта. Ластаушы заттардың атмосфераға шығуы, таукен өнеркәсібінің тез дамуы, пайдалы қазбалардың, әсіресе уранның, экспортқа-бағытталған өндірісімен, автокөлік майларының сапасының төмен болуымен, қоршаған ортаны қорғау стандарттарының сақталмауымен, өндіріс және тұтыну қалдықтарын жою мәселелері бар.

Аудан көлемінде экологиялық жағдайды жақсарту мақсатында жыл сайын ағаш көшеттері егіледі.

Созақ орман шаруашылығы мемлекеттік мекемесінің мемлекеттік орман қорының жер көлемі 1 019 281 гектар. Жергілікті маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумаққа жататын « Қызылкөл» табиғат аумағы 800 гектар.

Қазіргі таңда аудан бойынша 12 ауыл әкімшілігінде тұрмыстық қатты қалдықтарды тастайтын (полигон) орыны бар.

Аудан көлемінде экологиялық тепе-теңдікті сақтау мақсатында 5 өндірістік кәсіпорындар табиғи уранның химиялық концентратын және шала тотығын алу арқылы құрамында уран кездесетін өнімдерді өндіру және өңдеу, радиациялық және экологиялық жұмыстарды жүргізу бойынша қызмет көрсетуге сәйкестік сертификатын («Степное – РУ» ЖШС, «Таукент тау химиялық кәсіпорны» ЖШС, «Инкай» БК ЖШС, «Бетпақ - Далал» ЖШС, «Реммонтажсервис» ЖШС) алған.

Қоршаған ортаны қорғау саласындағы орта мерзімдік кезеңге арналған негізгі міндеттердің бірі су ресурстары жетіспеушілігін қысқарту, сумен қамту деңгейі мен сапасын жақсарту.

Аудан көлемінде 12 су қоймалары орналасқан. Олардың 7 республикалық, 3 «Табиғатты қорғау» МКҚҚ, 2 жеке меншікте. Аудан аумағында жалпы ұзындығы 213,49 шақырым келетін 17 каналдар бар. Оның ішінде 6 канал республикалық, 6 канал коммуналдық меншікте болса, 5-уі жеке меншікте.

2013-2015 жылдары аралығында тоғандар мен каналдар 370 млн. теңге көлеміндегі қаржыға жөндеуден өтіп, 746 гектар суармалы жер айналымға қосылса, нәтижесінде үш жылда 1 702 гектар суармалы егістік жер айналымға қосылатын болады деп жоспарлануда.
Мемлекеттік экологиялық сараптама жұмыстары
Қазақстан Республикасы Экологиялық кодекстің 198 бабына сәйкес мемлекеттік экологиялық және санитарлық-эпидемиологиялық сараптаманың оң қорытындысы жоқ жобаларды қаржыландыруға және іске асыруға тыйым салынған. Құрылысты бастаудан бұрын жеке және заңды тұлғалар құрылыс салу жобаларына мемлекеттік экологиялық сараптаманың оң қорытындысын алуы тиіс, яғни құрылыс салмай тұрып, жобалардың экологиялық талаптарға сәйкестігін анықтау қажет. Жұмыс жобаларына сараптама жасау барысында қоршаған ортаға ластағыш заттардың шығарындылары нормаланады.

Негізінен сараптама қорытындысының жоқтығы нысанды уәкілетті орган тарапынан қабылдауға беру кезінде анықталады. Құрылыс салушы нысанды мерзімінде қабылдау үшін, құрылыс басталмай алу қажет мемлекеттік экологиялық сараптама қорытындысын алуға мәжбүр болады. Сонда, құрылыс салушы құрылыс бастамай тұрып алатын қорытындыны, құрылыс біткеннен кейін алып, заң бұзушылыққа барады.

Осындай заң бұзушылықтардың алдын-алу мақсатында ауданда төмендегіше іс шаралар қарастыру көзделген:

- аудандық сәулет және қала құрылысы бөлімі аудан аумағындағы құрылысы жобаланатын нысандардың жұмыс жобасы келісімінде мемлекеттік экологиялық сараптама қорытындысын алдыруын міндеттеу қажет;

- сәулет құрылыс қадағалау басқармасының аудандық инспекторларының құрылысқа рұқсат беру кезінде тиісті мемлекеттік экологиялық сараптама қорытындысының болуын қадағалауы қажет;

- Шу, Талас экологиялық инспекторлары аудан аумағындағы құрылысы жоспарланатын нысандардың құрылысын мемлекеттік экологиялық сараптама қорытындысынсыз болдырмауы тиіс.


2.2.2. Әлеуметтік сала
Демографиялық потенциал
Аудан бойынша 2012 жылы халық саны 56 748 адамды құрады, 2011 жылмен салыстырғанда 1 374 адамға немесе 2,5 % артты. 2013 жылғы көрсеткіш бойынша аудан халқының саны 58 230 адам, 2014 жылы 11 айында 59 638 адамды құрап, өсу қарқыны 21,2 % көрсетіп отыр. Некелесу және ажырасудың жалпы коэффициенттері әр 1000 адамға шаққанда 2012 жылы 9,59 % неке қию және ажырасу 0,08 % тіркелсе, 2013 жылы 10,4 % неке қию және ажырасу 1,46 % тіркелген.
Денсаулық сақтау

Созақ ауданында 10 емдеу-сақтандыру мекемелері және 18 медициналық пункттер орналасқан. Оның ішінде: 1 аурухана (Созақ аудандық орталық аурухана), 1 емхана ( Созақ аудандық емхана), 1 Созақ аудандық туберкулезге қарсы диспансер, 7 Ауылдық аурухана ( Сызған, Жуантөбе, Тасты, Жартытөбе, Қарақұр, Қаратау, Құмкент ауылдық ауруханалар), 8 Дәрігерлік амбулатория (Созақ, Сызған, Жуантөбе, Тасты, Жартытөбе, Қарақұр, Қаратау, Құмкент). Бүгінгі таңда медициналық мекеме нысандарының бірі ғана типтік үлгіде, қалғандары ыңғайластырылған.



Ана өлімінің көрсеткіші: 2011 жылы ана өлімі бойынша 1 әйел қайтыс болды, 100 мың тірі туылған балаға шаққанда көрсеткіші – 63,70. Ал 2012 - 2014 жылдары - ана өлімі тіркелмеген.
Нәресте өлімінің көрсеткіші: 2011 жылы 1 жасқа дейін бала өлімі аудан бойынша 31 бала қайтыс болып, өлім көрсеткіші 1000 тірі туылған балаға шаққанда 22,4 пайызды құраған. Ал 2012 жылы 1 жасқа дейінгі 25 бала қайтыс болған. Өлім көрсеткіші 1000 тірі туылған балаға шаққанда 17,3 пайызды көрсетті. 2013 жылы 1 жасқа дейін бала өлімі бойынша 33 бала қайтыс болған. Өлім көрсеткіші 1000 тірі туылған балаға шаққанда 23,2 пайызды құрады. 2014 жылдың 11 айының қорытындысымен 20 бала қайтыс болып, өлім көрсеткіші 14,2 пайызды құрап отыр. Жыл соңына дейін бұл көрсеткішті өзгертпеу барысында жұмыстар атқарылуда.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет