Бағдарламасы Шолаққорған 2014 жыл Созақ аудандық мәслихатының


Халықтың туылғаннан бастап күтілетін өмір сүру ұзақтығы



бет4/10
Дата22.02.2016
өлшемі2.15 Mb.
#1353
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10

Халықтың туылғаннан бастап күтілетін өмір сүру ұзақтығы: Созақ ауданы бойынша өмір сүру ұзақтығы жылдан жылға артып келе жатыр. 2011 жылы халықтың өмір сүру ұзақтығы 67 жас болса, 2012 жылы халықтың өмір сүру ұзақтығы 68,50 жасты құраған. Ал 2013 жылы халықтың өмір сүру ұзақтығы 69 жасқа дейін ұлғайған. 2014 жылы 70 жасқа, 2015 жылы 72 жасқа дейін халықтың өмір сүру ұзақтығы жетеді деп болжануда.
Қан айналымы жүйесінің ауруларынан болатын өлім-жітім: аудандағы қан айналымы жүйесінің ауруларына шалдыққан халық саны жылдан жылға төмендеп келеді. 2011 жылы Созақ ауданында қан айналымы жүйесінің ауруларынан 85 науқас қайтыс болса, көрсеткіші 100 мың халыққа шаққанда 172,40 % құрады. 2012 жылы қан айналымы жүйесінің ауруларынан 77 науқас қайтыс болып, көрсеткіші 140,3 % болды. 2013 жылы қан айналымы жүйесінің ауруларынан 70 науқас қайтыс болған, көрсеткіші 100 мың халыққа шаққанда 124,60 % құрап, өткен жылдың көрсеткішімен салыстырғанда төмендеп отыр. 2014 жылдың 11 айында 35 адам қайтыс болған, жыл соңына дейін бұл көрсеткішті өзгертпеу барысында жұмыстар атқарылуда.

Онкологиялық аурулардан болатын өлім-жітім: Созақ ауданында 2011 жылы онкологиялық аурулардан 31 науқас қайтыс болған, өлім көрсеткіші 100 мың халыққа шаққанда 54,2 %. 2012 жылы 47 науқас қайтыс болған, өлім көрсеткіші 85,6 % болды. 2013 жылы 37 науқас қайтыс болып, өлім көрсеткіші 100 мың халыққа шаққанда 67,6 % болып отыр. 2014 жылдың 11 айында 29 науқас қайтыс болып, өлім көрсеткіші 51 % құрап отыр. Жыл соңына дейін бұл көрсеткішті өзгертпеу барысында жұмыстар атқарылуда.
Туберкулезден болатын өлім-жітімі: Созақ ауданында 2011 жылы туберкулез ауруынан қайтыс болған науқас тіркелмеген. 2012-2013 жылдары 1 науқастан қайтыс болып, өлім көрсеткіші 100 мың халыққа шаққанда 3,6 % болды. 2014 жылдың 11 айында 3 науқас қайтыс болып, өлім көрсеткіші 5,2 % құрап отыр. Жыл соңына дейін бұл көрсеткішті өзгертпеу барысында жұмыстар атқарылуда.
Адамның иммун тапшылығы вирусының таралуы: Созақ ауданы бойынша 2011 жылы науқас тіркелмеген. 2012 жылы 4 науқас тіркелген, 100 мың халыққа шаққанда адамның иммун тапшылығы вирусының таралуы - 7,1 % құрады. 2013 жылы науқас тіркелмеген. 2014 жылы 1 науқас тіркеліп, 100 мың халыққа шаққанда адамның иммун тапшылығы вирусының таралуы – 1,7 % құрады.
Еңбек нарығы
Ауданымызда «Жұмыспен қамту 2020 жол картасы» бағдарламасына 2014 жылға 929 адамды қатыстыру көзделген. Бүгінгі күнге дейін 1053 адам қатысты (129 адам (12,2%) –табысы аз адамдар). Бағдарламаға қатысушылармен әлеуметтік контракт түзілді (113,3%), оның ішінде 685 адам (65,1 %) – өз бетінше жұмыспен айналысушылар, 368 адам (34,9 %) – жұмыссыздар.

Бағдарламаның бірінші бағыты  бойынша: «Инфрақұрылым мен тұрғын үй - коммуналдық шаруашылықты дамыту арқылы жұмыспен қамтамасыз ету» - 2014 жылы 196,576 млн. теңге 9 жобаға бағытталған, оның ішінде: білім саласы бойынша 2 жоба (119,473 млн. теңге), жол жөндеу жұмыстары бойынша 7 жоба (77,103 млн. теңге) енгізілген. Жоспарға сәйкес 48 адамды жұмыспен қамту жоспарланған. Білім саласының күрделі жөндеу жұмыстары бойынша 2 жобаға 41 адам жолданды. (Байтұрсынов мектебіне - 25 адам, Созақ балалар бақшасына - 16 адам), 6 жол жөндеу жұмысы бойынша 11 адам қамтылды. 1 жоба бойынша (Таукент поселкесі, Орталық көшесі) ОҚО жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасында мемлекеттік сатып алу конкурсы өткізіліп, жеңімпаз анықталмады.

Бағдарламаның екінші бағыты: «Ауылдағы кәсіпкерлікті дамыту арқылы жұмыспен қамту» - Жоспар бойынша 40 адамға 100 млн. теңге несие беру жоспарланса, нақты 70 адам 193,2 млн. теңге несие алды. Жоспар 175% және 193,2% орындалды. 64 жаңа жұмыс орны ашылды.

Бағдарламаның үшінші бағыты: «Оқыту және көшіру арқылы жұмыспен қамту» - 2014 жылы жұмыс берушілерге 520 азамат жолданып, тұрақты жұмыспен қамтылды. Ауданда бүгінгі күнге дейін жалпы бағдарлама бойынша 590 азамат тұрақты жұмыспен қамтылды. /жылдық жоспардың орындалуы 113,4 %.

Жастар практикасына жоғары және кәсіби, техникалық оқу орындарын бітіруші түлектерден жыл ішінде 50 жұмыссыз азаматты жолдау жоспарланса, қазіргі таңда жастар практикасына 93 азамат жолданды. Әлеуметтік жұмыс орындарына 50 азаматты жолдау жоспарланса, 79 жұмыссыз азамат жолданды. Кәсіби оқыту бойынша қайта даярлауға 30 азамат, біліктілігін арттыруға 5 азамат, кәсіби даярлауға 25 азамат жылдық жоспарға сәйкес жолданды.


Халықтың тұрмыс деңгейі

Күнкөріс деңгейінен табысы төмен тұратын тұрғындардың үлес салмағы 2012 жылы 10,7 пайыз болса, 2013 жылы 6,2 пайызды құрап отыр. Күнкөріс деңгейінің мөлшері 2012 жылы 16 134 теңге болса, 2013 жылы 15 406 теңге болған. Тұрғындардың жан басына шаққандағы номиналды қаржылай табысы 2012 жылы нақтысы 35 482 теңге болып отыр. 2013 жылы 39 739 теңгеге орындалып отыр. Атаулы әлеуметтік көмек алушылар саны 2012 жылы 336 адамға жоспарланса, нақты көмек алған адам саны 26 болып отыр. 2013 жылы 329 адам жоспарланса, бұл жылы атаулы әлеуметтік көмекке өтініш түспегендіктен 0 пайыз болды. Атаулы әлеуметтік көмек алушылар ішінен жұмысқа қабілеттісі 2012 жылы 31,5 пайызды құраса, нақты орындалғаны 34,6 пайыз болып отыр. Ал, 2013 жылы жоспарланған 31,0 пайыз, атаулы әлеуметтік көмек алушылар саны әлеуметтік картаға тіркелмегендіктен 0 пайызды құрады.

Атаулы әлеуметтік көмектің жан басына шаққандағы орташа мөлшері 2012 жылы 3 346 адамға жоспарланса, нақты 26 адам атаулы әлеуметтік көмек алғандықтан орташа мөлшері жан басына шаққанда 2 868 теңгеден келіп отыр. 2013 жылы бұл 0 пайыз құрап отыр. Себебі 2013 жылы әлеуметтік көмекке өтініш түспеген.

Кедейлер саны 2012 жылы 381 адамға жоспарланса, нақты 26 адам әлеуметтік картаға тіркелген. 2013 жылы бұл 374 адамға жоспарланса кедей отбасы тіркелмегендіктен 0 пайызды құрады. 18 жасқа дейінгі балалар жәрдемақысы 2012 жылы 5 230 балаға жоспарланса, нақты орындалғаны 3 964 бала жәрдемақы алған. 2013 жылы 6 100 балаға жоспарланса нақты 9 айында 3 824 бала жәрдемақы алып отыр. Тұрғын үй көмегі 2012 жылы 272 отбасы жоспарланса , нақты 201 отбасы тұрғын үй көмегін алды. 2013 жылы 271 отбасы жоспарланса, нақты 9 айында 193 отбасы тұрғын үй көмегіне өтініш берді. 2014 жылы 18 жасқа дейінгі балалар жәрдемақысына жыл басынан бері 992 отбасына, 3 626 балаға 65 695,1 мың теңгеден тағайындалып, төленді. Тұрғын үй көмегіне 2014 жылы 301 отбасына, 1 754 адамға 5 500,0 мың теңге төленді. 2014 жылдың сәуір айында валютаның қымбаттауына байланысты аз қамтамасыз етілген отбасыларға бір айлық есептік көрсеткіштен республикалық бюджеттен қаржы бөлініп, аудан бойынша 691 отбасына 2 418 адамға 3 839,2 мың теңгенің көмегі көрсетілді.

Барлық мүгедектер тиісті жәрдемақыларын және қосымша жеңілдіктерін ай сайын уақытылы алып отыр. Бөлімшеде 117 мүмкіндігі шектеулі кемтар балалар қамқорлыққа алынған. Оның ішінде 47-сі үйден оқытылатын мүгедек балалар. Оларға 22 әлеуметтік қызметкер кесте бойынша қызмет көрсетуде.

Жүріп-тұруы қиын мүгедектерге жеке көмекші қызметіне 2014 жылы жергілікті бюджеттен 16 396,0 мың теңге қаржы қаралып І-топтағы жүріп-тұруы қиын 49 мүгедектерге 47 жеке көмекші қызмет көрсетіп келеді.

Естімейтіндігі бойынша мүмкіндігі шектеулі адамдарға ымдау тілі мамандарына 2014 жылға жергілікті бюджеттен 927,0 мың теңге қаралған. Бүгінгі таңға 16 мүгедекке 4 ымдау тілі мамандары қызмет көрсетуде.

1 маусым «Халықаралық балаларды қорғау күні» мерекесіне орай Арыс қаласындағы Т.Тәжібаев атындағы отбасылық балалар үйінде тәрбиеленуші балаларға 16 жасқа дейінгі 6 балаға, АҚТҚ инфекциясын жұқтырған баласы бар 1 отбасына және 46 қамқоршылық және қорғаншылықта есепте тұратын балалардың әр қайсысына 5,0 мың теңгеден жергілікті бюджеттен қаржылай 265,0 мың теңге таратылып берілді. АҚТҚ инфекциясын жұқтырған Қыземшек кенті тұрғыны 2008 жылы 10 сәуірде туылған Ерболатқызы Сафинаның анасы Шнарбекова Салтанат Аманжоловаға өтемақы ретінде 2012 жылдан бастап бөлім арқылы есеп шотына толығымен төленіп келеді. 2014 жылға жалпы 489,0 мың теңге қаралса, қазіргі таңда 369,0 мың теңге төленді.

Жергілікті бюджеттен қол арбаны қажет ететін 10 мүгедекке қол арба алуға 291,4 мың теңге қаржы қаралып, 8 дана үй ішілік қол арба, 2 дана серуендік қол арба алынып берілсе, облыстық бюджеттен 8 дана үлкендерге арналған үй ішілік қол арба, 4 дана серуендік, 4 дана балаларға арналған үй ішілік қол арба, 4 дана жасөспірім балаларға арналған қол арбалар 654,4 мың теңгеге алынды. Барлығы 30 дана қоларба мүмкіндігі шектеулі жандарға таратылып берілді. Бөлімде әлеуметтік такси қызметіне 719,0 мың теңге жергілікті бюджеттен қаралып, жұмыс жасауда.

Жергілікті бюджеттен 1 035,4 мың теңгеге «Ақсу-Жабағылы» шипажайына 31 жолдама алынып аға-ұрпақ өкілдері мен мүгедектерге жолдама беріліп демалып қайтты. Сонымен қатар облыстық бюджеттен «Күлпаршын» санаториясына – 25 азамат, «Арыс» шипажайына – 16 азамат, «Біркөлік» шипажайына – 33 азамат, «Спутник» шипажайына - 16 азамат, барлығы 90 жолдама беріліп, 9 айда 70 мүгедек демалып қайтты. Шымкент мүгедектерді оңалту орталығына 16 жастан 59 жасқа дейінгі 21 мүгедектер жіберілсе, Түркістан мүгедектерді оңалту орталығына 7 жастан 16 жасқа дейінгі 10 мүгедек балалар жеке оңалту бағдарламасына сәйкес жіберілді. Бүгінгі күнге 121 мүмкіндігі шектеулі жандар емделу сауықтыру орындарында демалып қайтты.

Облыстық бюджеттен барлығы 264 дана, жалпы құны 1 477,7 мың теңгенің «Сурдотехникалық, тифлотехникалық» құралдары және жергілікті бюджеттен 4415,0 мың теңгеге гигиеналық құралдары алынып жеке оңалту бағдарламасына сәйкес 92 мүгедектерге таратылып берілді.

ОҚО мүгедектері үшін естуді протездеу қызметтерін көрсету үшін ЖК «Ибрагимова Р.А.» мекемесіне 11 мүгедекке жолдама беріліп, есту аппаратымен қамтылды.

Республикалық «Протез – ортопедиялық орталық» АҚ Алматы филиалына жеке оңалту бағдарламасы негізінде ауданнан 20 мүгедекке жолдама берілді.

Мүгедектерге көмек көрсету мақсатында аудан әкімі А.Аймұрзаев Шолаққорған ауылының тұрғыны ІІІ-топ мүгедегі Б.Шойбековке демеушілер есебінен алынған аяқ киім тігетін 1 машинасын және ІІ-топ мүгедегі Г.Сыздықоваға 1 тігін машинкасын сыйға тартты, сондай-ақ Талғар қаласындағы «Спутник» шипажайына жолдама алған 2 мүгедектің әр қайсысына 25,0 мың теңгеден қаржылай көмек көрсетті және Шолаққорған ауылы тұрғыны ІІІ-топ мүгедегі, көп балалы ана М.Сағымбаеваны аудан әкімі тұрғын үймен қамтамасыз етті.

10 қазан мүгедектер мерекесіне байланысты 298 - 16 жасқа дейінгі мүмкіндігі шектеулі балаларға 5,0 мың теңге жергілікті бюджеттен қаржы қаралып, барлығы 1 490,0 мың теңге есеп шоттарына аударылып берілді. Сонымен қатар «КАТКО» БК ЖШС-гінің демеушілігімен І-топтағы 147 мүмкіндігі шектеулі жандарға 1 000 000 теңгенің заттай сыйлықтары таратылып берілді. Аудан көлеміндегі мекеме басшылары мен кәсіпкерлердің демеушілігімен 11 отбасына 1 тоннадан 12 тонна көмір, 17 отбасына 17 қап ұн, қаржылай заттай сыйлықтар берілді. Жалпы сомасы 674,5 мың теңгені құрады.

Облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы белгілеген жоспар бойынша жыл соңына дейін 93 мүгедекті жұмыспен қамтуды тапсырған. Бөлім арқылы жеке оңалту бағдарламасына сәйкес 33 мүмкіндігі шектеулі азаматтар тұрақты жұмысқа, 19 мүмкіндігі шектеулі азамат ақылы қоғамдық жұмысқа, ал «Жұмыспен қамту – 2020» бағдарламасы арқылы тұрақты жұмысқа мүмкіндігі шектеулі 16 азамат, әлеуметтік жұмыс орындарына 8 азамат, жастар практикасына 3 мүмкіндігі шектеулі азамат, қайта даярлауға 3 азамат, уақытша жұмыс орындарына 3 мүмкіндігі шектеулі азамат, 1-ші бағыт бойынша 3 мүмкіндігі шектеулі азамат, 2-ші бағыт бойынша 7 мүмкіндігі шектеулі азаматтар қазіргі таңда жұмысқа орналасып отыр. Бөлім арқылы 52 мүмкіндігі шектеулі азамат жұмыспен қамтылса, орталық арқылы 43 азамат жұмыспен қамтылып, 1 азаматша кәсіп ашуға несие алып отыр.

Ал белгіленген квотаны білім бөліміне қарасты мектеп, балабақшалар 83 пайызға, денсаулық сақтау мекемелері 28 пайызға орындаған.

Жыл соңына дейін берілген тапсырма бойынша 3 пайыздық квотамен мүмкіндігі шектеулі азаматтарымыз жұмыспен қамтылатын болады.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 16 қаңтардағы «Қазақстан Республикасында өмір сүру сапасын жақсарту жөніндегі 2012-2018 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарының бірінші кезеңін (2012-2013) бекіту туралы» №64 қаулысын іске асыру туралы облыс әкімдігінің 2012 жылғы 14 желтоқсандағы №374 қаулысын жүзеге асыру мақсатында, Созақ ауданында мүгедектердің кіріп-шығуын қамтамасыз ету үшін бейімделуге жататын 80 нысан анықталған.

Аудан әкімдігіне қарасты барлығы 40 нысанға қажетті 11 594 430 (он бір миллион бес жүз тоқсан төрт мың төрт жүз отыз ) теңге жергілікті бюджеттен қаржы қаралып, оның ішінде ауыл, кент әкімдіктеріне жұмысшы топтары шығып мемлекеттік мекеме, кәсіпорындардың ғимараттарына мүмкіндігі шектеулі азаматтар үшін кедергісіз кіріп-шығуына (пандус) жасалған жұмыстар жөнінде қарап төмендегіше анықтады.

Жергілікті бюджеттен қаралған 11 594 430 (он бір миллион бес жүз тоқсан төрт мың төрт жүз отыз ) теңгенің қазіргі таңға 4 979,6 мың теңгесі игерілген, 3 326,6 теңге үнемделген. 40 нысанға жөндеу жұмыстары жүргізілу жоспарланса, бүгінгі күнге 33 нысанға жөндеу жұмыстары жүргізілген.

Алдағы уақытта жұмысшы тобы барлық бейімдеуге жататын мекеме ғимараттарына, ауыл округтеріне мүмкіндігі шектеулі азаматтар үшін кедергісіз кіріп-шығуына (пандус) бағыттылған жұмыстарын жалғастыратын болады.

Білім беру
Созақ ауданында 35 жалпы білім беру ұйымдары бар, оның ішінде жалпы орта мектеп 32, негізгі мектеп 1, бастауыш мектеп 2. Аудан бойынша мектеп оқушылар саны 12 286 құрап отыр.

Қазіргі таңда барлығы 1 656 педагог кадр қызмет атқарады. Оның 314-і жоғары санатты, 522-і бірінші санатты болса, қалған 460-і екінші санатты және лайықты (360) мұғалімдер.

12 286 оқушының жаратылыстану-математика пәндері бойынша 6 241-і жақсы және өте жақсы оқиды.

2013-2014 оқу жылы Созақ ауданы әкімдігінің білім бөліміне қарасты Созақ ауылдық округінде орналасқан «Созақ» жалпы орта мектеп-гимназиясында 3-сынып 2 «д», 3 «д», 4 «д» сыныптарында 32 бала оқыды және Шолаққорған ауылдық округінде орналасқан «Ертөстік» және «Балауса» бала-бақшасында екі топтан инклюзивті топтар ашылып 35 бала тәрбиеленді.

2014-2015 оқу жылы Оңтүстік Қазақстан облыстық Ведомствоаралық психологиялық-медициналық-педагогикалық кеңес беру мекемесінің мамандарының берген қорытындысы бойынша аудан әкімдігінің 21.08.2014 жылы №283 қаулысы және аудан әкімдігінің білім бөлімінің бұйрығы шығып 85 бала инклюзивті сыныптар мен топтарда оқып жатыр. Олар;

Бөкенов жалпы орта мектебінде 2- сынып, 20 -бала

Шолаққорған жалпы орта мектебінде 1- сынып, 10-бала

С.Әліұлы атындағы жалпы орта мектебінде 1- сынып 10-бала

«Болашақ» бала-бақшасында 1-топ, 10-бала

«Созақ» ясли бақшасында 2-топ, 25- бала

«Жұлдыз» ясли бақшасында 1-топ, 10-бала

Интегривті сыныптар Ш.Уалиханов, М.Маметова, Қ.Сәтбаев, Ғ.Мұратбаев, Қарағұр. Байтұрсынов атындағы жалпы орта мектептерінен және №14 Т.Әлімкұлов атындағы мектеп-интернат лицейінен ашылып 8 бала интегрив сыныптарда оқытылып жатыр.

Бүгінгі таңда мектептердегі аз қамтамасыз етілген отбасыларынан шыққан 2 859 бала толығымен ыстық тамақпен қамтылды.

Ауданымызда 2011 жылы 21 мектепке дейінгі мекемеде 1 702 бала тәрбиеленіп 50 % құраған болатын, қазіргі таңда 27 мектепке дейінгі мекеме жұмыс жасайды, онда 1-6 жастағы 2 911 бала тәрбиеленуде. Оның ішінде «Балапан» бағдарламасы бойынша 3-6 жастағы 2 891 бала балабақшамен қамтылып 75,4 % құрап отыр, жыл соңына дейін «Созақ» мектеп-гимназиясы жанынан 50 орындық шағын орталық ашылып тиісті жоспар 76,7 % орындалады деп күтілуде. Бұл 2011 жылмен салыстырғанда 26,7%-ға артық.


Мектепке дейінгі білім беру

Қазіргі таңда бәсекеге қабілетті білім алу және 12 жылдық жалпы білім беруге көшуді жүзеге асыру үшін, біріншіден балабақшалар жүйесін қалпына келтіруге және толыққанды мектепке дейінгі білім беруді қалыптастыруға, мүмкіндік бар жерде мектепке дейінгі білім беруді мектептер аясында дамыту қажет деп көрсетілген Қазақстан Президентінің жолдауында. Осыған орай біздің ауданда да мектепке дейінгі білім беруді қамтамасыз ету жолында мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының желілерін арттыру жұмыстары атқарылып жатыр. Атап айтқанда,

- 2008 жылы небәрі 9 мекеме ғана жұмыс істеген, қалған балабақшалар жабылған немесе жекешелендірілген болатын.

- 2009 жылы жаңадан Қарағұр ауылынан 25 орындық «Айгөлек» балабақшасы, Жыныс елді мекенінен 25 орындық «Болашақ» балабақшасы, Жуантөбе ауылынан 25 орындық «Ақбота» балабақшалары ашылып, 12 балабақшада 990 бала тәрбиеленген.

- 2010 жылдың қаңтар айынан бастап мектепке дейінгі тәрбие мен білім беру ұйымдарынан қосымша топтар ашу арқылы Ертөстік балабақшасынан 50 балалық 2 топ, Созақ балабақшасынан 25 балалық 1 топ, Қарағұр балабақшасынан 15 балалық 1 топ ашылды. Барлығы 90 бала қамтылды.

Сонымен қатар, 2010 жылы аудан бойынша қосымша 5 мектепке дейінгі шағын орталықтар ашуға жалпы орта мектептер арқылы аудандық және республикалық бюджет есебінен қаржы бөлінді:

Шолаққорған жалпы орта мектебі жанындағы 40 балаға арналған шағын орталықты ұстау үшін – 4 791,0 мың теңге;

Кеңесбаев атындағы жалпы орта мектебі жанындағы 40 балаға арналған шағын орталықты ұстау үшін - 4 791,0 мың теңге;

Мұратбаев жалпы орта мектебі жанындағы 25 балаға арналған шағын орталықты ұстау үшін – 3 312,7 мың теңге;

Уәлиханов жалпы орта мектебі жанындағы 25 балаға арналған шағын орталықты ұстау үшін – 3 281,0 мың теңге;

Абай жалпы орта мектебі жанындағы 25 орындық шағын орталықты ұстау үшін – 3 281,0 мың теңге;

2010 жылы 17 мектепке дейінгі мекемелердің ішінде 12 балабақшада және 5 шағын орталықта балалар тәрбиеленді. «Балапан» бағдарламасы бойынша 3-6 жасқа дейінгі балаларды қамту пайызы 39,7 болса, 2 - 6 жас балалардың мектепке дейінгі қамту 27,9 пайыз.

- 2011 жылы демеуші есебінен Шолаққорған ауылынан 80 орындық, жергілікті бюджет есебінен Қозмолдақ ауылынан 30 орындық балабақша салу арқылы мектепке дейінгі мекемелердің санын 19-ға арттыру, оның ішінде 14 балабақшада 1 495 бала және 9 шағын орталықта 255 бала қамтылған. Демеушілер есебінен А.Сүлейменов жалпы орта мектебі, облыстық бюджет есебінен Бабата ауылындағы М.Мәметова, Қаратау ауылынан Панфилов жалпы орта мектептері салынды.

- 2012 жылы облыстық бюджет есебінен Шолаққорған ауылынан Ә.Молдағұлова, Жартытөбе ауылынан Қ.Кемелұлы жалпы орта мектептерінің ғимараты салынды, Қыземшек кентіндегі Л.Бөкенов атындағы жалпы орта мектебінің 600 оқушы орындық ғимараты 1 000 оқушы орындыққа кеңейтілді. Басбұлақ елді мекенінде Басбұлақ бастауыш мектебінің жаңа ғимараты ашылды.

- 2013 жылы демеуші есебінен Тайқоңыр ауылынан Арай атындағы 80 орындық балабақшасы салынды. Облыстық бюджет есебінен Тасты ауылынан Абай атындағы жалпы орта мектебінің 300 орындық жаңа ғимараты берілді.

- 2014 жылы жергілікті бюджеттен Жыныс елді мекенінен 80 орындық балабақшасы салынды.

- 2015 жылы демеуші есебінен «Наурыз» мөлек ауданынан 280 орындық балабақша, облыстық бюджеттен Ақсүмбе елді мекеніндегі Қожанов атындағы жалпы орта мектебінің 100 оқушыға арналған жаңа ғимараты, Саржаз елді мекеніндегі Саржаз негізгі мектебінің 100 оқушыға арналған жаңа ғимараты, Аққолтық елді мекеніндегі Ш.Уалиханов атындағы 200 орындық жалпы орта мектебі, Көктөбе ауылындағы Суындық жалпы орта мектебінің 200 орындық жаңа ғимараты, Шу ауылындағы Қаламбаев атындағы жалпы орта мектебінің 150 орындық жаңа ғимараты, Қарағұр ауыл округіне қарасты Шаға елді мекеніндегі С.Бақбергенов атындағы жалпы орта мектебінің 150 оқушы орындықты жаңа ғимараты, Абай елді мекеніндегі Иманов атындағы жалпы орта мектебінің 150 орындық жаңа ғимараты, Қарағұр ауыл округіне қарасты Раң елді мекеніндегі Батырбекова атындағы жалпы орта мектебінің 150 оқушы орындықты жаңа ғимараты, Шолаққорған ауылы Ақшам мөлтек ауданынан 50 орындық балабақша, Теріскей мөлтек ауданынан 120 орындық балабақша құрылыстары салынады деп жоспарлануда.
Балаларға қосымша білім беру
Созақ аудандық білім бөліміне қарасты А.Жұбанов атындағы Созақ балалар саз мектебінде 23 педагог - кадр жұмыс істейді. Оның 16 - сы жоғары білімді, 3-еуі арнаулы орта білімді, 4-еуі аяқталмаған жоғары білімді мұғалімдер.

Аталған мектепке ауданның 165 оқушысы тартылған. Ол жалпы аудан оқушыларының 1,48 пайызын құрайды. Онда 5 бөлім жұмыс жасайды. Атап айтар болсақ;



  • Домбыра

  • Қобыз

  • Фортепиано

  • Скрипка

  • Ән-терме

  • Оқушылар фортепиано және скрипка бөлімінде 7 жыл, қалған бөлімдерде 5 жыл оқып дәріс алады.

Ұзақтығы 45 минуттан тұратын сабақ әр оқушымен жеке өтіледі. Өз мамандықтары бойынша өтілетін сабақпен қатар, музыкалық теориялық сабақтар өтіледі. Олар топтық сабақтар. Атап айтар болсақ,

  • Негізгі аспап – аптасына 2 рет, ұзақтығы 45 минут.

  • Сольфеджио – аптасына 2 рет, ұзақтығы 45 минут.

  • Музыкалық әдебиет – аптасына 1 рет, ұзақтығы 45 минут.

  • Қазақ музыкасының әдебиеті - аптасына 1 рет, ұзақтығы 45 минут.

  • Ансамбль – аптасына 1 рет, ұзақтығы 45 минут.

  • Таңдау пәні - аптасына 1 рет, ұзақтығы 45 минут.

  • Хор сабағы – аптасына 1 рет, ұзақтығы 45 минут

Сондай-ақ, оқушылар қосымша аспапты меңгере алады. Оқу-тәрбие жоспарына сәйкес оқу жылы барысында оқушылар тоқсан сайын бақылау сынақтарын, әрбір жартыжылдық сайын академиялық сынақ, 1 рет техникалық сынақ және сыныптан сыныпқа көшу емтиханын тапсырады. Мамандығы бойынша және сольфеджиодан мемлекеттік емтихан тапсырады.
Техникалық және кәсіптік білім
Созақ ауданында 2 техникалық және кәсіптік білім беру мекемелері жұмыс жасауда




1. «№1 колледж» МКҚК 1959 жылы Қазақ ССР Министрлер кеңесінің шешімімен УМСХ – ауыл шаруашылығын механизациялау училищесі болып ашылған болатын. Осы уақытқа дейін колледждің атаулары 1963 жылы №134-ші селолық кәсіптік техникалық училищесі, 1978 жылы №51-ші техникалық училище, 1984 жылы №22 орта кәсіптік техникалық училищесі, 1996 жылы №23 кәсіптік техникалық мектеп, 2002 жылы №1 кәсіптік мектеп, 2008 жылы «№1 кәсіптік лицей» МКҚК, 2013 жылдан бастап «№1 колледж» МКҚК болып атаулары өзгерді. 1959 жылдан бастап осы уақытқа дейін колледждің педагогикалық ұжымы ауданымыздың экономикасының дамуына аса қажетті тракторшы, автомобиль жүргізуші, сатушы, ағаш ұстасы, геотехнологиялық скважиналардың операторы, бұрғылаушы, лаборант, компрессоршы, бақылау-өлшеу приборларының жөндеушісі, слесарь-жөндеуші, эксковаторшы, газбен және электрмен дәнекерлеуші, аспазшы, тігінші, электромонтер мамандықтары бойынша 12 мыңнан астам жұмысшы кадрларын даярлап шықты. Соңғы 4 жылдың көлемінде колледжді 449 білім алушылар бітіріп шыққан болса, олардың 89 пайызы өз мамандықтары бойынша аудан көлеміндегі шаруа қожалықтары мен өндіріс орындарына еңбекке орналасып, ауданымыздың экономикасының өркендеуіне өз үлестерін қосып келеді.

2014-2015 оқу жылында колледжде автомобиль жүргізуші, тракторшы, жөндеуші, дәнекерлеуші, эксковаторшы, тігінші, аспазшы мамандықтары бойынша 298 білім алушы кәсіби білім алуда. Оларға 50 инженер-педагог қызметкерлер сапалы білім беруде. Білім алушыларға сапалы, кәсіби білім беру мақсатында 3 шеберхана, 2 зертхана, 13 оқу бөлмелері мен 6 доңғалақты трактор, 3 шынжыр табанды трактор, 1 астық комбайны, 1 К-701 тракторы, 2 Газель автомобилі, 1 ГАЗ-53 автомобилі, 1 КАМАЗ автомобилі, 1 эксковатор, 12 тігін машинасы, 6 түрлі дәнекерлеу аппараттары, оннан астам әртүрлі ауыл шаруашылық машиналары жұмыс істеуде. Колледждегі компьютерлер интернет желісіне қосылған. 3 оқу бөлмесіне 3 интерактивті тақта қойылып, білім алушыларға сапалы қызмет көрсетуде. Қазіргі таңда колледждегі еңбек етіп келе жатқан 50 инженер-педагогтардың 38-і жоғары білімді, 12-сі арнаулы орта білімді (өндірістік оқыту шеберлері), 17-сі жоғары санатты, 8-і І санатты, 16-сы ІІ санатты. Осы инженер-педогог кадрлар жастарға саналы тәрбие мен сапалы кәсіби білім беруде жемісті еңбек етіп келеді.

2. ОҚО Созақ ауданы, Таукент поселкесіндегі «№24 Колледж» МКҚК негізінен Созақ өңірі Қазақстандағы ең ірі Уран өнімдерін өндіретін өндіріс ошағына айналғандықтан, «Қазатомөнеркәсіп» Ұлттық Компаниясының уран өндіру өндіріс орындарына маман даярлау мақсатында ашылған оқу орны.

2008 жылғы қараша айында Оңтүстік Қазақстын облысы әкімінің шешіміне сәйкес «№24 Кәсіптік лицей» МКҚК болып ашылып, 2013 жылдың қаңтар айынан бастап Оңтүстік Қазақстын облысы әкімінің №394 қаулысымен «№24 Колледж» МКҚК болып қайта құрылды.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет