Бағдарламасы силлабус Дәрістер


Бақылау (сұрақтар, тестілер, тапсырмалар және т.б.)



бет9/10
Дата24.02.2016
өлшемі1.01 Mb.
#13537
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10

Бақылау (сұрақтар, тестілер, тапсырмалар және т.б.):

    1. Ортағасырлық Қазақстандағы медициналық білімнің ерекшеліктері.

    2. 18-19 ғ.ғ. Қазақстандағы фельдшер қазақтарды дайындау.

    3. Алғашқы дәрігер-қазақтар және олардың кәсіби жетістіктері.

    4. С.Д.Асфендиаров –медицина институтының алғашқы ректоры.

    5. Алматы медициналық университетінің алғашқы бітіруші түлектер саны неше болды?

    6. Алматы мемлекеттік медициналық университетіндегі педиатрия, стоматология және санитарлық-гигиеналық факультеттердің ашылған уақыты.

    7. Қазақстанда ашылған басқа да медициналық университеттер қашан ашылды.

    8. Қазақстан медицинасының дамуына бітіруші үлектердің қосқан үлесі.

    9. ҚазҰМУ-нің көрнекті клиникалық профессорлары.

    10. ҚазҰМУ профессор-оқытушы құрамдарының медицина саласында тәуелсіз Қазақстанға қосқан жетістіктері


Тақырып 5. АРАБ ХАЛИФАТЫНЫҢ МЕДИЦИНАСЫ. АБУ-АЛИ ИБН СИНА (АВИЦЕННА). «ДӘРІГЕРЛІК ҒЫЛЫМНЫҢ ҚАҒИДАЛАРЫ».

Мақсаты: Студенттерді Араб халифаты медицинасы ерекшеліктері және араб медицина мектебінің танымал өкілі Абу Али Ибн Сина еңбектерімен таныстыру.

Тапсырма:

  • Араб Халифатындағы аурухана ісі

  • Араб Халифатындағы емшілік ерекшеліктері

  • Араб медицинасының көрнекті өкілі – Абу Али ибн Синаның өмір тарихы

  • «Дәрігерлік ғылымның қағидалары» шығармасының мазмұны

  • Абу али Ибн Синаның ауру себептеріне, дәрілік заттар спектріне, оларды емдеуге ұсынылған дәрі-дәрмектерге деген негізгі көзқарастары


Орындау түрі:

- Берілген тақырыпқа сәйкес толық көлемде орындау

- Қосымша әдебиеттер пайдалану
Тапсыру мерзімі: бесінші апта ағымында.
Бағалау талаптары: пәннің жұмыс бағдарламасында және силлабуста көрсетілген.
Әдебиеттер:

1.Камалиев М.А., Бигалиева Р.К., Хабиева Т.Х. История народной медицины и общественного здравоохранения Казахстана. – Алматы, 2004. – 173 с.

2.Заблудовский П.Е., Крючков Г.Р., Кузьмин М.К., Левит М.М. История медицины. М., 1981, 352 с.

3.Мультановский М.П. История медицины. М., 1967, 272 с.

4.Сорокина Т.С. Атлас истории медицины. М., 1987, 166.

5.Сорокина Т.С. История медицины М., 2005, 2006, 560 с.


Бақылау (сұрақтар, тестілер, тапсырмалар және т.б.):

  1. Араб халифатындағы медицинаның даму ерекшеліктері.

  2. Араб халифатындағы ауруханалар түрі.

  3. Араб халифатындағы ауруханалардың ішкі жағдайлары.

  4. Ауруханаларды салуда жерді таңдауға қойылатын талаптар.

  5. Араб дәрігерлерінің еңбектеріндегі аурудың болу себептері туралы.

  6. Араб емшілерінің емдеу тәсілдері.

  7. Ибн Синаның алғашқы емдеу тәжірбиесі.

  8. Ибн Синаның «Дәрігерлік ғылымдар қағидалары» еңбегі неше томнан тұрады?

  9. Ибн Сина еңбегінің қай томында, оны оқып-үйрену арқылы «Өзін дәрігермін» деп айта алады деген?

  10. Ибн Сина емдеу барысында неше емдік өсімдіктер мен минералдар пайдаланған?


Тақырып 6. ӘБУ НАСЫР ИБН МУХАММЕД Әл-ФАРАБИ. Әл-ФАРАБИ ТРАКТАТТАРЫ.
Мақсаты: Студенттерді әлемге танымал ойшыл, араб медициналық мектебінің өкілі Абу Насыр әл-Фараби еңбектерімен таныстыру

Тапсырма:

  • Әл-Фараби – ұлы математик және ғылымдағы материалистік ағым жолын қуушы.

  • Әл-Фараби – араб әлеміне танымал дәрігер.

  • Әл-Фарабидің философиялық трактаттары

  • Әл-Фарабидің анатомиялық трактаттары.

  • Әл-Фарабидің медицналық трактаттары.


Орындау түрі: реферат, презентация.
Орындау талаптары:

- Берілген тақырыпқа сәйкес толық көлемде орындау

- Қосымша әдебиеттер пайдалану
Тапсыру мерзімі: бесінші апта ағымында.
Бағалау талаптары: пәннің жұмыс бағдарламасында және силлабуста көрсетілген.
Әдебиеттер:

1.Камалиев М.А., Бигалиева Р.К., Хабиева Т.Х. История народной медицины и общественного здравоохранения Казахстана. – Алматы, 2004. – 173 с.

2. Заблудовский П.Е., Крючков Г.Р., Кузьмин М.К., Левит М.М. История медицины. М., 1981, 352 с.

3.Мультановский М.П. История медицины. М., 1967, 272 с.

4.Сорокина Т.С. Атлас истории медицины. М., 1987, 166.

5.Сорокина Т.С. История медицины М., 2005, 2006, 560 с.


Бақылау (сұрақтар, тестілер, тапсырмалар және т.б.):

1. Әл-Фараби еңбектеріндегі «Адам ағзасы жөнінде Аристотельмен пікір таласқан Галенге қарсы» негізгі концепцияларын көрсетіңіз

2. Әл-Фарабидің «Адам ағзалары туралы кітап» трактаты

3. Әл-Фарабидің қай еңбегінде медицина өнерінде айқындайтын негізгі 7 факторын

4. Әл-Фараби ағзадағы ең маңызды орын алатын ағза деп қай ағзаны айтқан.

5. Әл-Фараби «Жан туралы» трактатында қандай концепция ны алға тартады?

6. Әл-Фараби емдеуде музыканың маңызын айқындап көрсетті?

7. Әл-Фараби пікірі бойынша дәрігерге қандай білім қажет?

8. Әл-Фарабидің астрологияға қарым-қатынасы?

9. «Ғылымдар жіктемесі туралы» трактаттың маңызын көрсетіңіз



Тақырып 7. ӨТЕЙБОЙДАҚ ТІЛЕУҚАБЫЛҰЛЫ «ШИПАГЕРЛІК БАЯН».
Мақсаты: Студенттерді ХҮ-ғасырдың дәрігері, ғалымы - Өтейбойдақ Тілеуқабылұлының ғылыми және рухани, мәдени мұраларымен танысу.
Тапсырма:

  • ХҮғ. Қазақстандағы халық медицинасының жағдайы.

  • «Шипагерлік баян» медициналық еңбегінің пайда болу себебі және алғышарттары.

  • Ө.Тілеуқабылұлы «Шипагерлік баян» еңбегінің негізгі бөлімдерінде не туралы баяндайды?

  • Қазіргі таңда «Шипагерлік баян» медициналық энциклопедиясының ғылыми және

тәжірибелік маңызы.
Орындау түрі: тарихи эссе жазу
Орындау талаптары: тақырыпқа сәйкес эссе жазу, ғылыми әдебиеттермен жұмыс жасай білу, мәліметтерді толық және анық айту, сараптай білу және қорытынды жасау, оқу мәліметтерін талдау. Рефераттың алғашқы бетін безендіру, ғылыми-анықтамалық аппарат және қолданылған әдебиеттер тізімі болу керек.
Тапсыру мерзімі: алты аптадан кеш болмауы керек.
Бағалау талаптары: пәннің жұмыс бағдарламасында және силлабуста көрсетілген.
Әдебиеттер:

  1. Алимбаев Н., Муканов М.С., Аргынбаев Х. Традиционная культура жизнеобеспечения казахов. (Очерки теории и истории) - Алматы., «Ғылым».,- 1998.

  2. Камалиев М.А., Бигалиева Р.К., Хабиева Т.Х. История народной медицины и общественного здравоохранения Казахстана. – Алматы, 2004. – 173 с.

3. Нуржанов Х.Н., Дощанова А.М., Куттыкужанова Г.Г. Основные исторические этапы развития акушерства и перинатологии (на каз.) - Алматы., ТОО « Экономика»., 2006., - 95 с.

4. Шахиева А.М. Отебойдак Тлеугабылулы – великий целитель средневековья.// Фармация Казахстана №9, 2008. - С. 47-48.

5. Уразаков Е. Казахская народная медицина. – Алматы, 1989. – 140 с.
Бақылау (сұрақтар, тестілер, тапсырмалар және т.б.):

1. Ортағасырлық ұлы шипагер Өтейбойдақ Тілеуқабылұлының өмір тарихы.

2. «Шипагерлік баян» атты шығарманың алғышарттары

3. «Шипагерлік баян» атты шығарма неше бөлімнен тұрады?

4. «Шипагерлік баян», «Қанықталғы» және «Медицина негіздері» шығармаларының үшінші бөліміндегі сипатталған негізгі сұрақтар?

5. «Нарыкталғы» немесе «Диагностика», «Шипагерлік баян» шығармаларындағы негізгі сұрақтар

6. «Шипагерлік баян», «Дарымдалғы» немесе «Емдеу» шығармаларының алтынші бөліміндегі сипатталған негізгі сұрақтар.

7. Өтейбойдақ Тілеуқабылұлының «Шипагерлік баян» еңбегі ортағасырлық Қазақстан медицинадағы ғылыми және рухани мұра ретінде.

8. «Шипагерлік баян» қолжазбасындағы денсаулық және белсенді өмір түсінігі.

9. Өтейбойдақ Тілеуқабылұлының «Шипагерлік баян» энциклопедиялық медициналық еңбегіндегі бағыттар

10. Қазіргі таңда «Шипагерлік баян» атты шығарманың өзектілігі.
Тақырып 8. ЖҮСІП БАЛАСАҒҰН «ҚҰТТЫ БІЛІК».
Мақсаты: Студенттерді ұлы ғалым Жүсіп Баласағұнның рухани және мәдени мұрасымен және медицинаның дамуына «Құтты білік» шығармасының маңызымен таныстыру.

Тапсырмалар:


  • Қазақтардың материалдық және рухани мәдениетін меңгеру

  • Ж. Баласағұнның «Құтты білік» еңбегінің пайда болу себебі және алғышарттары.

  • «Құтты білік» шығармасының медицинаға қандай маңызы бар.

  • Қазіргі таңда «Құтты білік» шығармасының медициналық және ғылыми маңызы.

Орындау түрі: тарихи эссе жазу.

Орындау талаптары: берілген тақырып бойынша эссе дайындау, ғылыми әдебиеттермен жұмыс жасай білу, мәліметтерді толық және анық айта білу, қорытынды жасау, оқу мәліметтерін көрнектілендіру, жүйелендіру және талдау. Эссенің алғашқы бетін толтыру, қолданылған әдебиеттер тізімі болу керек.

Тапсыру мерзімі: алтыншы аптадан кеш емес.

Бағалау талаптары: пәннің жұмыс бағдарламасында және силлабуста көрсетілген.

Әдебиеттер:

  1. Алимбаев Н., Муканов М.С., Аргынбаев Х. Традиционная культура жизнеобеспечения казахов. (Очерки теории и истории) -Алматы., «Ғылым»., - 1998.

  2. Камалиев М.А., Бигалиева Р.К., Хабиева Т.Х. История народной медицины и общественного здравоохранения Казахстана. – Алматы, 2004. – 173 с.

  3. Нуржанов Х.Н., Дощанова А.М., Куттыкужанова Г.Г. Основные исторические этапы развития акушерства и перинатологии (на каз.) - Алматы., ТОО « Экономика»., 2006., - 95 с.

4. Очерки истории народной медицины Казахстана / Под ред. Т.Ш. Шарманова и Б.А.

Атчабарова. - Алма-Ата, 1978. – 209 с.

5. Уразаков Е. Казахская народная медицина. – Алматы, 1989. – 140 с.
Бақылау (сұрақтар, тестілер, тапсырмалар және т.б.):


  1. Қазақтардың материалдық және рухани мәдениетін ашып көрсету

  2. Ж. Баласағұнның өмір тарихы

  3. Ж. Баласағұнның «Құтты білік» еңбегінің пайда болу себебі және алғышарттары.

4. Ж. Баласағұнның медицина тарихын зерттеуге қосқан үлесі.

5. Ж. Баласағұн «Құтты білік» кітабының мазмұны.

6. Қазіргі таңда «Құтты білік» еңбегінің ғылыми маңызы.

7. Қазіргі таңда «Құтты білік» еңбегінің медициналық маңызы.

8. Қазіргі таңда жастар үшін «Құтты білік» еңбегінің маңызы.

ПӘН БОЙЫНША, БІЛІМГЕ, ІСКЕРЛІККЕ

ЖӘНЕ ЕҢБЕК ДАҒДЫСЫНА

БАҒА БЕРУГЕ АРНАЛҒАН

БАҚЫЛАУ-ӨЛШЕУ ҚҰРАЛДАРЫ

КУРС: бірінші


2012


1. Медицина тарихы дегеніміз–

1. Медициналық білімдердің туындауын зерттейтін ғылым.

2. Медициналық білімдердің туындауы мен дамуын, көне заманнан қазірге дейінгі медициналық ғылымның қалыптасуын зерттейтін ғылым.

3. Жекелеген медициналық пәндердің қалыптасуын зерттейтін ғылым.

4. Медицинадағы діни бағытты зерттейтін ғылым.

5. Дәстүрлі емес медицинаның дамуын зерттейтін ғылым.


2. Ауызша эпостың туындауы алғашқы қауым адамдарының қандай жаңалықты ашуымен байланысты?

1. Отты ашу

2. Еңбек құралын жасау

3. Қару жасау

4. Тілдің ауыз-екі қатынас құралы ретінде ашылуы

5. Шеберлік істің ашылуы


3. Науқас денесінен жаман рухты қуу үшін шамандар қандай тәсілдер қолданды?

1. Науқастың денесінен ашулы рухты қуалайтын әрекеттер

2. Тұнбалар мен қайнатпалар

3. Дұға оқу

4. Жануар текті киімдер

5. Лаймен емдік ванналар


4. Медицина тарихын зерттеудің негізгі көздерін атаңыз:

1. Жазбаша мәліметтер және а археологиялық қазбалар

2. Халықтың ауыз шығармашылығы

3. Халық эпосы, жазбаша мәліметтер, палеонтологиялық және археологиялық материалдар, құжаттық материалдар

4. Кітаптар және фото құжаттар

5. Тасқа түсірілген суреттер, картиналар мен мүсіндер


5. Өсімдіктердің емдік қасиеттері жөнінлегі алғашқы білімдердің пайда болуы қандай әрекетпен байланысты?

1. Жауынгерлік

2. Шығармашылық

3. Аңшылық

4.Өсімдік тағамдарын жинаумен

5. Жануарларды қолға үйретумен


6. Медициналық білімдердің элементтерін алғашқы қауымдық құрылыста бірінші болып кім жинады?

1. Әйелдер

2. Ерлер

3. Қарттар

4. Балалар

5. Жасөспірімдер

7. Алғашқы қауымдық құрылыстағы әйелдердің жетекші ролін қандай археологиялық материалдар дәлелдейді?

1. Қаңқа қалдықтары

2. Трепанациялық тесігі бар бассүйек

3. Ыдыс қалдықтары

4. Әйел (Берегиняның) мүсіншелері

5. Жануа көріністері бар амулеттер


8. Алғашқы қауымдық адаммен өсімдіктердің қандай емдік қасиеттері ашылды?

1.Сергектендіру

2. Улы

3. Аурусыздандыру



4. Тұтқыр

5. Күйдіру


9. Алғашқы қауымдық қоғам әйелдері фито білімдерін ең алғаш қандай мақсатқа қолданды?

1. Ауру балаларды емдеу

2. Өсімдіктерді емдеу

3. Қарттарды емдеу

4. Тағам даярлау

5. Жануарларды емдеу


10. Аңшылықпен айналысу кезеңінде алғашқы қауымдық адам қолданысында қандай емдік заттар пайда болды?

1. Минералдар жөніндегі білім

2. Лаймен емдеу

3. Жануар текті өнімдер

4. Өсімдіктер

5. Тұздар жөніндегі білім


11. Аңшылықтың пайда болуы ненің ашылуымен байланысты

1. Оттың


2. Қатынас құралы ретінде тілдің ашылуы

3. Шеберлік өнер

4.Қару

5. Еңбек құралы


12. Жануар майы емдік зат ретінде қандай мақсатпен қолданылды?

1. Денені қыздыру

2. Тамақ дайындау

3. Шөлді басу

4. Ішті айдау

5. Энерго матерал ретінде


13. Емдік заттарды ертедегі адамдар қалай атады?

1. Емдік зат

2. Дәрі-дәрмек

3. Маниту

4. Қайнатпа

5. Тұнба
14. Алғашқы қауымдық қоғамдағы қандай діни ағым жануар культімен байланысты?

1. Шаманизм

2.Тотемизм

3. Анимализм

4. Ашулы рухтар культі

5. Құдайлар культі
15. Алғашқы қауымдық қоғамның қай сатысында медициналық білімдер әйелдерден ерлерге өтеді?

1. Неандертьалец

2. Матриархат

3. Аңшылық

4. Мал бағу шаруашылығы

5. Мыс дәуірінде


16. Ішкі мүшелердің ауруларын ертедегі адамдар немен байланыстырды?

1.Өлген ата-бабаның ашулы рухының ішке кіріп кетуімен

2. Климат және ауа-райымен

3. Нашар тамақтанумен

4. Ауыр еңбекпен

5. Қоршаған табиғат әсерімен


17. Ішкі аурулармен науқасқа көмекті кімдер көрсетті:

1. Емшілер

2. Әйелдер

3. Ерлер


4. Сиқыршылар

5. Шамандар


18. Көне Шығыс елдерінің қайсысында тексеру, тыңдау, иісті анықтау, науқасты сұрау сияқты төрт әдіске негізделген диагностикалау туындады?

1. Көне Грекия

2. Көне Рим

3. Көне Қытай

4.Көне Үнді

5. Көне Мысыр


19. Ежелгі Грекияның жазбаша жәдігерлерінің қайсысында б.д.д. ХІІ ғасырдағы дәрігерлік жанұя туралы алғашқы рет айтылады?

1. «Дәрігерлік кабинет» трактатында

2. «Афоризмдер» трактатында

3. «Илиада» поэмасында

4. «Жұқпа және жұқпалы аурулар» поэмасында

5. «Ауалар, сулар, аймақтар» трактатында


20. Гиппократтың өмір сүрген жылдары?

1. б.д.д.460-372 ж.

2. б.д.д.372-460 ж.

3. б.д.д 450-370 ж.

4. б.д.д 370-450 ж.

5. шамамен б.д.д 121 ж.


21. «Ауалар, сулар, аймақтар туралы» трактатты жазған кім?

1. Гален – рим дәрігері

2.Гиппократ – грек дәрігері

3. Ван Шу-хе - қытай дәрігері

4. Әл-Фараби - Отрар ғалымы

5. Авиценна - Бухар дәрігер


22. «Ант», «Заң», «Дәрігер туралы», «Өсиеттер» деген шығармалар қандай жинақта берілген?

1. Ван Шу-хенің «Ней-цзинь» жинағында

2. Сушрутының «Аюр-Веда» жинағында

3.«Гиппократ жинағында»

4. Әл-Фарабидың «Логика» атты трактатында

5. Ибн-Синаның «Медицина қағидалары» шығармасында


23. Кәсіпқой-дәрігер алғаш қай дәуірде пайда болды?

1. Алғашқы қауым қоғамында

2. Құл иелену дәуірінде

3. Феодализм дәуірінде

4. Капитализм пайда болу кезеңінде

5. Крепостнойлық құрылым ыдырау кезеңінде


24. «Ян» және «инь» туралы ілім қай елде пайда болды?

1. Үндіде

2. Мысырда

3. Грекияда

4. Қытайда

5. Румда
25. Ежелгі қытайлықтардың «өмір нүктелерін» күйдіру арқылы емдеу әдісі қалай аталды?

1. Инемен емдеу

2. «Вариоляция»

3. «Акупунктура»

4. Теріні қыздыру

5. Мокса
26. Қытайда науқастың аурысыну сезімін жою үшін қандай заттар қолданған?

1. Апиын


2. Мандрагора түбірігінің тұнбасы

3. Қалақай

4. Түймедағы гүлінен тұнба

5. Меңдуана



  1. 1,2,5

  2. 1,2,3

  3. 3,4,5

  4. 2,4.5

  5. 2,3

27. Үнді медицинасын зерттеуде пайдаланатын деректер қандай (2 жауап дұрыс)

1. Хаммурапи заңдары

2. ХІІ кестедегі заңдар

3. Ману заңдары

4. Юстипиан заңдары

5. Веды


  1. 3,5

  2. 1,2,3

  3. 2,4

  4. 3,4,5

  5. 2,3

28. Қытайдың алып бекетінің құрылысы қашан басталды?

1. б.д.д. 228 ж.

2. б.д.д. 341 ж.

3. б.д. 121 ж.

4. б.д.д. 221 ж.

5. б.д. 201 ж.
29. Ежелгі Шығыс елдерінің қайсысында аурулар түрін «жазылатын», «күмәнді» және «жазылмайтын» деп бөлген?

1. Үндіде

2. Қытайда

3. Ассирияда

4.Мысырда

5. Вавилонда


30. Мысыр папирустарының ең көне түрі қалай аталады?

1. Смит папирусы

2. Бругш папирусы

3. Имготеп папирусы

4. Эберс папирусы

5. Кахуан папирусы


31. «Пневма» туралы ілім Ежелгі Шығыс елдерінің қайсысында пайда болды?

1. Мысырда

2. Қытайда

3. Месопотамияда

4. Вавилонда

5. Ассирияда


32. Ежелгі Мысырда мәйітті, бальзамдау жұмысы қанша уақытқа созылған?

1. 30 күнге

2. 40 күнге

3. 50 күнге

4.70 күнге

5. 100 күнге


33. Ежелгі Мысырда емшілік құдайы деп саналған кімдер?

1. Сахмет

2. Тот

3. Анубис



4. Тауерт

5. Зевс


  1. 1,2,3,4

  2. 2,3,4

  3. 2,3,4,5,

  4. 1,2,3

  5. 4,5

34. Ежелгі Мысырда дәрігерліктің құдайы деп аталғандар кімдер? (3 жауап дұрыс)

1. Асклепий

2. Тот


3. Анубис

4. Гор


5. Зевс

  1. 2,3,4

  2. 4,5

  3. 1,2,3

  4. 2,3

  5. 1,2,3,4

35. Ежелгі Месопотамияда сырқаттың пайда болуын немен байланыстырған?

1. Әдептілік тәртібін бұзумен

2. Құқықтық тәртіпті бұзумен

3. Дәстүрді бұзумен

4. Табиғат тылсымының әсерімен

5. Діни наным-сенімдермен


  1. 4,5

  2. 3,4

  3. 3,4,5

  4. 1,2

  5. 3,4,5

36. Ежелгі Мысырда адам ағзасының құрылымын қандай іс-әрекет жасағанда зерттеген?

1. Тыңдау арқылы

2. Бальзамдауда

3. Бас сүйегін тескенде

4.Саусақпен тықылдатып зерттегенде

5. Барлық жауаптар дұрыс
37. Ежелгі Үнді елінің дәрігерлері қандай хирургиялық оталар жасаған? (4 жауап дұрыс)

1. Аяқ кесу

2. Ішті жарып ашу

3. Жарық ауруын емдеу

4. Пластикалық ота жасау

5. Өт қабын алып тастау



  1. 1,2,3,4

  2. 2,3,4,5

  3. 3,4,5

  4. 2,3,5

  5. 1,2,3

38. Ежелгі Үнді елінде дәрігерлері қандай хирургиялық оталар жасаған?

1. Қан ағызу

2. Тасты алып тастау

3. Бас сүйегін тесу

4. Нәрестені алып тастау

5. Өт қабын алып тастау


  1. 1,2,3,4

  2. 2,3,4,5

  3. 3,4,5

  4. 2,3

  5. 1,2

39. Ежелгі Қытайда дәрігерлер дайындаудың негізгі түрлері қандай болған?

1.Жанұя мектептері

2. Лекарлық мектептер

3. Храм мектептері

4. Императорлар жанындағы медициналық мектептер

5. Жоғары медициналық мектептер


  1. 1,3,4,5

  2. 2,3,4

  3. 3,4,5

  4. 2,3,4,5

  5. 1,5

40. Қытай медицинасының дамуына Цан Гун (б.д.д. 267-215 ж.ж.) қандай үлес қосқан?

1. Сырқатты қарауды ұсынған

2. Алғашқы сырқатнамалар енгізген

3. Дәрігер антын ұсынған

4.Дәрігер қызметінің төлемін айтқан

5. Ішкі аурулар жіктелуін ұсынған
41. Қытайда жаңа дәуірден бұрын шешекке қарсы қандай аурудың алдын алу шаралары пайдаланған?

1. Вариотомия

2.Васкуляция

3. Вариоляция

4.Корреляция

5. Лактация


42. Ежелгі Қытайда аурудың алдын алу шараларының ішінде қандай түрлері маңызды болған?

1.Уқалау


2. Емдік дене шынықтыру

3. Тыныс алу реттілігі

4. Цжень-цзю терапия

5. Су қасиетін қолдану

1. 1,2,3,5

2. 3,4,5


3. 2,3,4,5

4. 2,3,5


5. 1,5
43. Қытайлықтар нағыз дәрігер деп ауруды емдейтінді емес, ал сонда кімді айтқан?

1. Кеңес берушіні

2.Физикалық жаттығулар тағайындаушыны

3. Ота жасау әдісін игергендерді

4. Аурудың алдын алуды қамтамасыз етушіні

5. Гипнозды игергенді


44. Дәстүрлі Қытай медицинасына тән ерекшелік:

1. Инь-янь емі

2. Инь-янь хирургиясы

3. Дао емі

4. Чжень-цзю емі

5. Дащ-цзю емі


45. Ежелгі Қытайда ауруды анықтау өнерінің шыңы аталған қандай ілім?

1. Пневма туралы

2. Тамыр соғу туралы

3. Инь-ян

4. Мезгіл туралы

5. Космос туралы


46. Ежелгі Грекияның емшілдік тарихында қандай кезеңдер бар?

1.Эгейлік

2. Полистен бұрын

3. Полистік

4. Классикалық

5. Грекиялық



  1. 1,2,3,4

  2. 3,4,5

  3. 4,5

  4. 3,4,5

  5. 1,2

47. Ежелгі Рим тарихының негізгі кезеңдері қандай?

1. Патшалық

2. Полистік

3. Республикалық

4. Классикалық

5. Римдік


    1. 1,2,3,4

    2. 2,3,4,5

    3. 3,4,5

    4. 3,4

    5. 1,3,5

48. Императорлық Рим дәрігерлерінің қандай құқықтары болды?

1. Сый құрметке бөленген

2. Заңмен қорғалған

3. Еңбегіне мол ақы алуға мүмкіншілігі болған

4.Салық төлемеген

5. Жеңілдіктері болмаған

1. 1,2,3


2. 3,4,5

3. 2,3


4. 1,2

5. 3,4
49. Ежелгі Римнің патшалық кезеңіне тән:

1. Кәсіби дәрігерлер болған

2. Кәсіби дәрігерлер болмаған

3.Үйде халық әдістерімен емдеген

4. Ауруханада емдеген

5. Асклепейондарда емдеген

1. 2,3


2. 3,4,5

3. 1,2,3


4. 2,3,5

5. 1,5
50. Өлген науқастардың мәйіттерін ашу арқылы патологиялық анатомияның дамуына жол сілтеген?

1. Цельс

2. Герофил

3. Птоломей

4. Эразистрат

5. Гален
51. Римде Александриялық кезеңдегі хирургияның дамуындағы маңызды жетістіктер:

1. Аурусыздандыруды пайдалану

2. Залалсыздандыруды қолдану

3. Қан тамырларын байлау

4. Қан тоқтатуға ыстық темірді қолдану

5. Гипстен таңбалар қолдану



    1. 1,3

    2. 1,2,3

    3. 3,4

    4. 1,5

    5. 2,3

52. Рим медицинасының патшалық кезеңінде емдеудің қандай тәсілдері қолданылған?

1. Халық емдеу әдістері

2. Сиқырлық әдістері

3. Қайнатпа мен тұнбалар қолдану

4. Мыңжапырақты қолдану

5. Мандрагора сықпасымен


    1. 1,2,3,4

    2. 2,3,4,5

    3. 3,4,5

    4. 3,4

    5. 1,3,5

53. Акведуктер римдіктердің ойлап тапқаны емес, мұны олар қайдан алған?

1. Қытайда

2.Мысырда

3. Үндіде

4.Вавилонда

5. Ассирияда
54. Ортағасырлардағы Қытай медицинасының күшті жақтарын атаңыз:

1.Ине салу

2.Күйдіру

3. Дәрі егу

4. Массаж

5. Травматология



    1. 1,2,3,4

    2. 2,3,4,5

    3. 3,4,5

    4. 3,4

    5. 1,3,5

55. Рим қаласында санитарлық шараларды айғақтайтын ең ерте қабылданған заңдылық құжаттар қандай?

1. Санитарлық техникалық құрылыстарды пайдалану туралы заң

2. Ману заңы

3. Рим қаласының тұрғындарының заңы

4. ХІІ кесте заңы

5. Цезарь заңы
56. Рим мемлекетінде республика кезеңіндегі (б.д.д. УІ ғ. соңы) жетістіктер: (4 жауап дұрыс)

1.Санитарлық заңдамалардың дамуымен

2.Санитарлық техникалық құрылыстар соғылуымен

3.Кәсіби дәрігерлер болуы және медицинада материалистік көзқарас бағытының қалыптасуы

4. Патологиялық анатомияның қалыптасуымен

5. Медициналық істің мемлекеттік тұрғыда бақылануы



    1. 1,2,3,5

    2. 1,2,3,4

    3. 2,3.4,5

    4. 1,3,5

    5. 2,4

57. Рим Империясы кезеңінде қалалар мен жекелеген провинцияларда Мемлекеттік Үкімет дәрігерлердің қызметтерін бекіте бастады, олар қалай аталды?

1. Гинекологтар

2. Эдилдар

3. Архиатрлар

4. Ординаторлар

5. Интерндер
58. Рум ғалымы сыртқы ағзалар анатомиясын хирургтар, ал ішкі ағзалар құрылымын барлық дәрігерлер білуі керек деген. Ол ғалым кім?

1. Цельс


2. Соран

3. Герофил

4.Эразистрат

5. Гален
59. Римде шет ел дәрігерлерінің көптігі қандай нәтижегее әкелді?

1. Бәсекелестікке

2. Дәрігерлердің мамандандырылуына

3. Жұмыстан бас тартуына

4.Медициналық қажетсіздігіне

5. Дәрігерлердің көбеюіне

1. 1,2,5


2. 1,3,4

3. 1,2


4. 1,5

5. 2,3
60. Медицинада тірі жануарларға әртүрлі тәжірибе жасау әдісі қолданады. Оны алғашқы рет кім қолданған?

1. Гиппократ

2. Герофил

3. Гарвей

4. Декарт

5. Гален
61. Әйелдерге бала туарда көмек көрсету, әйелдер және балалар аурулары туралы ежелгі заманда медициналық көлемді шығармалар қалдырған кім?

1. Гален Пергамадан

2. Соран Эфестен

3. Плиний Үлкен

4.Асклепиад Прустан

5. Диоскорид Педаний Киликиядан


62. Грекия медицинасы жетістіктерін Рим империясында дамытқан және өркейткен медициналық мектепті ұйымдастырған кім?

1. Соран


2. Асклепиад

3. Гален


4. Цельс

5. Диоскорид


63. Ежелгі Румда алғашқы дәрігерлер кімдер болды?

1. Әулиелер

2. Құлдар

3. Діни қызметкерлер

4. Құл иеленушілер

5. Абыздар


64. Катонның айтуынша Ежелгі Римде ең көп тараған емдік өсімдік қандай?

1. Қызылша

2.Сәбіз

3. Мыңжапырақ



4. Жусан

5. Пияз
65. Тазалық сақтау туралы Ежелгі Румның ең алғашқы заңнамалық қандай құжатында жазылған?

1. Абатон заңында

2. 12 кесте заңында

3. Хайди-Вайнберг заңында

4. Ману заңында

5. Юлиан заңында
66. Румда дәрігерлер мәртебесін жоғарлату үшін қандай шаралар қолданды?

1.Көп құқықтық шаралар берілді

2. Аса ауыр борыштардан құтқарылды

3. Жеңілдіктер беретін шаралар жүргізілді

4. Дәрігерлер және олардың балалары әскери міндеттен босатылды

5. Әскери борышты өтеуден қыздарының ұл балалары босатылды



    1. 1,2,3,4

    2. 1,2,3

    3. 2,3

    4. 2,3,4

    5. 1,2,3,5

67. Қабынудың төрт белгісін сипаттаған кім?

1. Соран

2. Цельс


3. Асклепиад

4. Гален


5. Гиппократ

68. Халыққа емшілдік көмек көрсеткендер қалай аталған?

1. Баксы

2. Балгер

3. Шипагер

4. Сынықшы

5. Абыздар


    1. 1,2,3,4

    2. 1,2,3

    3. 2,3

    4. 2,3,4

    5. 1,2,3,5

69. Қай ғалымның пікірі бойынша табиғаттың 4 құбылысы өзара байланысты: ауа, су, от, жер?

1. Аристотельдің

2. Гиппократтың

3. Галеннің

4. Авиценаның

5. Везалийдің
70. Қай ғалым мінез-құлық пен дене бітімінің 4 түрге бөлінетіні туралы ұғым қалыптастырды?

1. Гиппократ

2. Гераклит

3. Демокрит

4. Аристотель

5. Гален
71. «Ежелгі медицина» трактатында Гиппократ қандай мәселелерді көтерді?

1. Ұстама аурулар туралы анықтама береді

2. Диетаның маңызы туралы

3. Бассүйек жіктерін бейнелейді

4. Шипагерлік өнеріне оқыту мәселесін талқылайды

5. Адам денсаулығына сыртқы орта факторларының әсері туралы
72. Гиппократ енгізген медициналық атаулар сөздігін құрастырған:

1. Эротиан

2. Аристотель

3. Гален


4. Леонардо да Винчи

5. Везалий


73. Аурудың алдын-алу туралы Гиппократтың алғашқы шығармасы:

1. «Күн кестесі туралы»

2. «Эпидемиялар»

3. «Илиада»

4. «Дәрігерлік бөлме туралы»

5. «Ауа, сулар және жер туралы»


4. Гиппократтың ең атақты хирургиялық трактаты:

1. «Қасиетті ауру туралы»

2.«Сынықтар туралы»

3. «Афоризмалар»

4. «Бас жарақаттары туралы»

5. «Жұқпа және жұқпалы аурулар туралы»

75. Гиппократтың ұстама ауруына берген анықтамасы қай шығармасынан?

1. «Жұқпа және жұқпалы аурулар туралы»

2. «Ауа, сулар және жер туралы»

3. «Афоризмалар»

4. «Буындар туралы»

5. «Қасиетті ауру туралы»


76. Қазақстан халық медицинасында емдеушілердің бірнеше түрі болған. Олар кімдер?

1. Шамандар мен емші көмекшілері

2. Емшілер мен емдеушілер.

3. Бақсылар мен шипагерлер

4. Шөпшілер мен тамыршылар

5. Сынықшылар мен шамандар


77. 1832 ж. Батыс Қазақстан аймағына алғашқы маман-дәрігер келді. Ол кім?

1. Альжан Байгурин

2. Санжар Асфендияров.

3. Николай Попов.

4.Александр Сергачев

5. Борис Какуев


78. «Қайырымды қала тұрғындарының көзқарасы» - атты тарктатты жазған кім?.

1. Әр-Рази

2.Әл-Фараби

3. Ф.Морганьи

4. Рене Декарт

5. Әл-Дулати


79. Әл-Фараби тұған қаланы белгілеңіз.

1. Тараз


2.Мемфис -'^

3. Дубаи


4.Отрар

5. Созақ
80. Әл-Фараби ата тегі бойынша қандай тайпадан екенін белгілеңіз.

1. Сақ

2.Оғыз


3.Қыпшақ

4. Дулат

5.Скиф

81. Ортағасырлық медициналық еңбектердің ішінде ең күрделі «Шешек және қызамық» - атты трактаты жазған кім?



1.Әр-Рази

2.Әл-Фараби

3. Ибн-Сина

4.Аз-Захрави

5. Аммар ибн Али
82. Араб халифатында алапеспен сырқаттанғандар үшін алғашқы аурухана қашан соғылды?

1. 395 ж.

2. 707ж.

3. 1620 ж.

4.1755 ж.

5. 1764 ж.


83. Араб халифатында алғашқы дәріханалар қашан ашылды?

1. 8 ғ.


2. 9 ғ.

3. 10 ғ.


4. 11 ғ.

5. 16 ғ.
84. Византияның атақты дәрігер-ғалымдарының қайсысы емшілердің негізгі нұсқауы ретінде пайдаланған «Синопсис» атты көлемді жинақтың қысқаша нұсқасын жасады

1. Павел Эгинский

2. Орибасий

3. Александр Тралльский

4. Гален


5. Аэций Амидский
85. Ортағасырлық Византияда жұқпалы індеттерге қарсы және ауруларға қандай шаралар қолданған?

1. Оңашаландыру жүргізген

2. Монастырлық ауруханаға орналастырған

3. Ауруларды оңашаландырып лазаретте емдеген

4.Азаматтар ауруханасында емдеген

5. Госпитальға орналастырып емдеген



    1. 1,2,3

    2. 2,3

    3. 3,5

    4. 2,4,5

    5. 1,4

86. Ортағасыр дәурінің алғашқы кезеңінде Италияның қай қаласында жоғары мектеп негізінде университет ұйымдастырылды?

1. Парижде

2.Болоньяда

3. Оксфордта

4. Салернода

5. Кембриджде
87. Ортағасыр дәурінің алғашқы кезеңінде Византияда университеттерінің оқулық жоспарларын және оқыту Ережелерін кімдер бақылады?

1. Ғалымдар

2. Дәрігерлер

3. Оқытушылар

4. Оқушылар

5. Католиктер шіркеуінің басшылары

88. Ортағасырлар дәуірінің алғашқы кезеңінде медициналық білімнің ғылыми орталығы ретінде қай мемлекет танылды?

1. Рум


2. Византия

3. Араб халифаты

4.Швейцария

5. Нидерланд


89. Медициналық ғылым мен тәжірибені үйлестіру мақсатымен араб медицинасының өкілдерінің ішінде кім алғашқы аурухананы ашты?

1. Әл-Фараби

2. Әл Захрави

3. Әл Рази

4.Ибн Сина

5. Илаки
90. «Медицина - бұл тәжірибелік өнер, ол нақты мәліметтерге негізделеді де 7 бөлімнен турады: анатомия, физиология, патология, ауру түрін анықтау, болжау, тамақтану тәртібі және фармакология» деп анықтама берген кім?

1. Ибн Сина

2.Әл-Фараби

3. Әл Захрави

4.Әл Рази

5. Илаки
91. Ортағасырлық Шығыс медицинасында алғашқы рет мақтаны, қой ішегінен жасаған жіпті жараны тігуге, көмекейге тұрып қалған бөтен затты алып тастауға арналған құралды қолданған кім?

1. Ибн Сина

2.Әл Рази

3. Әл Захрави

4. Әл-Фараби

5. Илаки
92. Ортағасыр дәуірінде мұсылман әлемінде алғашқы ауруханалар қандай аурумен науқастанғандарға арналған?

1. Шешек ауруымен

2. Гангрена («қағыну») ауруымен

3. Безгек ауруымен

4. Алапес ауруымен

5. Оба ауруымен
93. Араб халифатында ортағасырдың алғашқы кезеңінде ауруханалардың қандай түрлері болды?

1. Бұқара халыққа арналған ірі аурухана

2. Бай адамдарға арналған орта деңгейдегі ауруханалар

3. Дәрігерлер және діни қайраткерлер ұйымдастырған кіші-гірім ауруханалар

4. Әскери емдеу мекемелері

5. Ақсүйектерге арналған жекеменшік ауруханалар



    1. 1,3,4

    2. 2,3

    3. 3,5

    4. 2,4,5

    5. 4,5

94. Ресейде монастырлық аурухана қай жерде ашылды?

1. Киев-Печор монастырында

2. Загорск монастырында

3. Переяславск монастырында

4. Белозерск монастырында

5. Ярослав монастырында
95. Қазақ халық емшілері күйгеннен болған жараны қалай емдеген?

1. Жылы сүтпен

2.Ағаш ыдыстағы өңезбен

3. Қаздың майымен

4. Жылқы майымен

5. Жаңа сойылған қойдың қарынының көк етімен



    1. 2,3,4,5

    2. 1,2,3

    3. 1,4,5

    4. 1,2,3,4

    5. 3,4

96. Орта ғасырда қазақ халық емшілері сынықты бекітіп емдеу үшін неден жасалынған таңғыштар пайдаланған?

1. Жануарлар сүйегінен

2. Тығыз киізден

3. Ағаштан

4. Былғары байлауыштардан

5. Матадан


    1. 3,4,5

    2. 1,2

    3. 2,3,4

    4. 4,5

    5. 1,3,5

97. Қозғалу –тірек буындардың және тері ауруларында қазақ халық емшілері бұлаудың қандай түрлерін қолданған?

1. Ыстық сумен

2. Құмға түсу

3. Шипалы балшықты пайдалану

4. Жаңа сойылған малдың терісіне орану

5. Емдік өсімдіктер қайнатпасына түсу


    1. 2,3,4,5

    2. 1,2,3

    3. 2,4,5

    4. 1,2,3,4

    5. 2,3

98. Пайдаланатын емдік өсімдіктерді әсеріне қарай қазақ халық емшілері қандай топтарға бөлген?

1. Зәр шығаратын

2. Іш жүргізетін

3. Қыздыратын

4. Ішті қаттайтарын

5. Сергітетін


    1. 2,3,4,5

    2. 1,2,3

    3. 2,4,5

    4. 1,2,3,4

    5. 2,3

99. Халық емшілер пайдалынатын емдік заттардың қайсысын басқа елдерге жіберетін?

1. Можжевельник

2. Алтей тамыры

3. Жусан

4. Дермене

5. Бөкен мүйізі


    1. 4,5

    2. 1,2,3

    3. 2,4,5

    4. 1,2,3,4

5.2,3
100. Жүкті әйелдердің босану жағдайын асқындырмауын көздеп қазақ халық емшілері қандай шараларды қолдану қажеттілігін ұсынған?

1. Жүктіліктің соңғы айында ауыр жұмыстан босатуды

2. Қайғы, уайым, күйзелістен сақтануды

3. Көп қимылдауға тыйым салуды

4. Көп қимылдауға мәжбұрлеу

5. Бұлшық еттерді қатайту үшін ішті үзбей сипауды



    1. 1,2,4,5

    2. 1,3

    3. 1,2

    4. 1,5

    5. 1,2,3

101. Ортағасырдың соңғы кезеңіне қазақ халық емшілерінің қайсысы өмір сүрген?

1. Құртқа баб(Абыз Ата)

2. Өтейбойдақ Тлеуқабылұлы

3. Домалақ Ана (Әулие Нурила)

4. Жаланаш Қоңырбайұлы (Көтен тәуіп)

5. Қорқыт Ата


    1. 1,2

    2. 2,3

    3. 2,5

    4. 4,5

    5. 1,5

102. Ортағасырларда халық медицинасында емшілердің қандай түрлері болған?

1. Шипагер

2. Бақсы


3. Сынықшы

4. Тамыршы

5. Шөпші


    1. 1,3,4,5

    2. 2,3

    3. 1,2

    4. 3,4,5

    5. 4,5

103. Ортағасырлық дәуірдің алғашқы кезеңінде Ресейде медициналық көмектің қандай түрлері болған?

1. Жекеменшік тұрғыдағы қарапайым емдеу көмегі

2. Медициналық қамқоршылдық

3. Ауруханалық көмек

4.Әскери дәрігерлер көмегі

5. Әскери емшілер көмегі


    1. 1,2,3

    2. 3,4,5

    3. 1,2

    4. 3,4,5

    5. 4,5

104. Әбу Насыр Әл-Фараби қай қалада дуниеге келген?

1. Бухарада

2. Багдадта

3. Отрарда

4. Самаркандта

5. Камкарада
105. Әбу Насыр Әл –Фараби қандай жанұяда өмірге келді?

1. Түркіжанұясында

2. Қазақ жанұясында

3. Өзбек жанұясында

4. Қырғыз жанұясында

5. Араб жанұясында


106. Аристотельден кейінгі «Екінші ұстаз» деп кімді айтады?

1. Әбу Әли Ибн Синаны

2. Әл Хорезмиді

3.Әбу Насыр Әл -Фарабиді

4. Әл Бируниді

5. Әр Разиді


107. Әл-Фарабидың «Адам ағзалары жөнінде Гален мен Аристотельдың арасындағы өзара келіспеушілік» атты трактаты қайда сақталған?

1. Қазақстанда

2. Өзбекстанда

3. Қырғызстанда

4.Сирияда

5. Туркияда


108. Әл-Фараби адамның қандай ағзаларын ең мңызды деп санаған?

1. Миды


2. Жүректі

3. Бүйректі

4. Бауырды

5. Көк бауырды



    1. 1,2

    2. 1,2,3

    3. 2,3

    4. 3,4

    5. 1,2,3,4

109. Әл-Фарабидың қандай шығармалары «Әлеуметтік-этикалық трактаттар» жинағының құрамына кірді?

1. Бақыт жолын сілтеу

2. Азаматтық саясат

3. Мемлекеттік қайраткердің нақыл сөздері

4. Бақытқа жету жолында

5. Галенге қарсы шығу жөнінде


    1. 1,2,3,4

    2. 1,2,3

    3. 2,3

    4. 3,4

    5. 2,3,4,5

110. «Адам ағзалары туралы» трактаттың авторы кім?

1. М.Петенкоффер

2. Б Ж. Баласагун

3. Әбу Насыр Әл- Фараби

4. Гиппократ

5. Н.И. Пирогов
111. «Синопсис» атты көлемді жинақты (9 кітап) шығарған кім?

1. Гиппократ

2. Гален

3. Орибасий

4. Павел из Эгины

5.Симеон Сиф


112. Ортағасырда Бағдатта аурухана ашқан кім?

1. Авиценна

2. Гиппократ

3. Ар-Рази

4.Орибазий

5. Гален
113. Авиценнаның «Дәрігерлік ғылымның қағидалары» қанша кітаптан тұрады?

1. 3 кітаптан

2. 4 кітаптан

3. 5 кітаптан

4. 6 кітаптан

5. 7 кітаптан
114. Авиценнаның «Дәрігерлік ғылымның қағидалары» араб тілінде алғашқы рет қай жерде басылып шықты?

1. Грекияда

2. Римде

3. Византияда

4.Мысырда

5. Вавилонда


115. Хирургияда мақтаны алғашқы рет қолданған кім?

1. Авиценна

2.Гален

3. Ар-Рази



4.Гиппократ

5. Пирогов Н.И.


116. «Кедейлерге арналған медицина немесе шипагерлері жоқтарға арналған» деген кітапті кім жазды?

1. Гален


2. Ибн-Сина

3. Ар-Рази

4. Әл-Фараби

5. Гиппократ


117. Жүсіп Баласағун дуниеге келген қала қайда орналасқан?

1. Оңтүстік Қазақстанда

2. Батыс Қазақстанда

3. Жамбыл облысында

4. Өзбекстанда

5. Шығыс Қазақстанда


118. «Құдатқу білік» кітабінің авторы кім?

1. Ө. Тлеуқабылұлы

2. Әл-Фараби

3. Ж. Баласағұн

4. Қожахмет Яссауи

5. Әл-Бируни


119. Жүсіп Баласағұн қандай кітап жазды?

1. Шипагерлік баян

2. Қудатқу білік

3. Медицина кагидалары

4.Адам дене мүшелері туралы

5. Медициналық кітап


120. Қазақстан халық медицинасында қандай өсімдіктер қолданады?

1.Жусан


2.Қара андыз

3.Күшала

4.Арша

5. Женшень



    1. 1,2,3,4

    2. 1,2

    3. 1,2,3

    4. 1,4

    5. 1,4,5

125. Қазақстан халық медицинасында жануарлар ағзаларының қайсысын емдеуде қолданады?

1. Жылқының майы

2. Аю өті

3. Қымыз

4.Бөкен мүйзі

5. Мумие


    1. 1,2,3,4

    2. 1,2,3

    3. 2,3

    4. 3,4

    5. 1,2

122. Ежелгі Қазақстанда ең алғашқы қалыптасқан медицинаның бағыттыры:

1.Тазалық сақтау және аурулардың алдын алу

2.Тамыр ұстау

3. Оташылдық

4. Шипагерлік

5. Акупунктура


    1. 1, 3

    2. 1,2,3

    3. 2,3

    4. 3,4

1,2
123. Ежелгі Қазақстан жерінде көрініс алған емшілдік тәсілдер:

1. Қоғамдық гигиена

2. Жеке адам басының гигиенасы

3.Бальзамдау

4. Бас сүйекті тесу

5. Анестезия



    1. 1,2,3,4

    2. 2,3,4

    3. 2,3

    4. 3,4

    5. 1,2,4,5

124. Қайта өркендеу дәуірінде медицинада ятрофизика бағыттын негіздеген кім?

1. А.Везалий

2. М.Сервет

3. Р.Коломбо

4. В.Гарвей

5.Р.Декарт
125. Қайта өркендеу дәуірінде жаңа ( «аяушылық») әдіспен жараларды емдеуді кім ашты?

1. Әр-Рази

2. Әл-Фараби

3. Дж.Листер

4.Амбруаз Паре

5. Парацельс


126. Медицинада материализм бастауын нақты түрде қалыптастырған француз дәрігерлері кім?

1.А.Везалий, М.Сервет, Р.Коломбо

2. Ф.Бекон, Р.Декарт

3.Леруа, Ламетри, Кабанис

4.Деви, Кох,Пастер

5. Мортон, Уоррен


127. «Анатом анықтайтын аурулардын орналасуы мен себептері» атты шығарманы жазған итальяндық дәрігер, кім?

1. Рене Лаэннек

2. Леопольд Ауэнбруггер

3.Дж.Баттиста Морганьи

4. Амбруаз Паре

5. Джозеф Листер


128. Қайта өркендеу дәуірінде анатомияның дамуына үлес қосқандардың бірі кім?

1. Фернан Магеллан

2. Колумб

3. Васко да Гама

4.Рафаэль

5.Леонардо да Винчи


129. Гален ілімінің 200 қатесін тапқан «Адам ағзасының құрылымы туралы» атты шығарманы жазған кім?

1. Леонардо да Винчи

2.Андреас Везалий

3. Мигуэль Сервет

4. Реальдо Коломбо

5. Вильям Гарвей


130. Жұқпалы аурулар ілімінің негізін қалаған, «Жұқпа, жұқпалы аурулар және емдеу» атты кітапты қайта өркендеу дәурінде жазған кім?

1. А.Везалий

2. М.Сервет

3. Р.Коломбо

4.Дж.Фракастро

5. Дж.Листер


131. Ортағасыр дәуірінің соңғы кезеңінде Батыс Еуропа дәрігерлерінің ішінде кім медицинаға жаңалықтар енгізді?

1. Андреас Везалий

2. Мишель Сервет

3. Амбруаз Паре

4.Уильям Гарвей

5. Антоний Левенгук


132. Ортағасыр дәуірінің соңғы кезеңінде Батыс Еуропаның қандай ғалымының еңбегінің шығуымен анатомияның дамуында «алтын ғасыр» басталды делінеді?

1. Андреас Везалий

2. Мигель Сервет

3. Амбруаз Паре

4. Уильям Гарвей

5. Антоний Левенгук


133. Ортағасыр дәуірінің соңғы кезеңінде физиология ғылымының туындауы Батыс Еуропада қандай ғалымның атымен байланысты?

1. Андреас Везалий

2. Мигель Сервет

3. Амбруаз Паре

4. Уильям Гарвей

5. Антоний Левенгук


134. Қан айналым жүйесінің кіші және үлкен шеңберлерінің қызметіне тәжірибелік негіздеме беріп ғылыми дәлелдеме жасаған кім?

1. Марчелло Мальпиги

2. Мигель Сервет

3. Амбруаз Паре

4. Уильям Гарвей

5. Антоний Левенгук


135. Ортағасыр дәуірінің соңғы кезеңінде микроскоп арқылы өкпе, бауыр, көк бауыр, бүйрек капиллярларына сипаттама берген кім?

1. Марчелло Мальпиги

2. Мигель Сервет

3. Амбруаз Паре

4. Уильям Гарвей

5. Антоний Левенгук


136. Ежелгі үнді дәрігерлеріне белгілі тәсілдің бірі әйел босанарда теріс келген нәрестені бұру әдісін Батыс еуропа хирургтарының ішінде қайта қолданған кім?

1. Марчелло Мальпиги

2. Мигель Сервет

3. Амбруаз Паре

4. Уильям Гарвей

5. Антоний Левенгук


137. Батыс Еуропада ортағасырдың соңғы кезеңінде адам анатомиясын зерттеу үшін жаңа анатомиялық зерттеулер енгізген ғалым кім?

1. Мигель Сервет

2. Андреас Везалий

3. Леонардо да Винчи

4.Уильям Гарвей

5. Антоний Левенгук


138. Жұқпаның таралуының 3 жолын анықтаған Батыс Еуропа ғалымы кім?

1. Мигель Сервет

2. Андреас Везалий

3. Джироламо Фракастро

4. Уильям Гарвей

5. Амбруаз Паре


139. Батыс Еуропа ғалымы Д.Фракасторо жұқпаның таралуының 3 жолы болатындығын анықтаған, олар қандай?

1. Аурумен тікелей қатынаста болу

2. Заттарда сақталған жұқпа қоздырғышы арқылы

3. Сұйықтар арқылы

4. Кеңістіктегі науқас тұрған ауа арқылы

5. «Миазма» арқылы


140. Ресейде госпиталдық мектепті қашан ашылды?

1. 395 ж.

2. 850 ж.

3. 870 ж.

4. 1620 ж.

5.1707ж.
141. Мәскеу университеті қашан ашылды?

1. 1620 ж.

2. 1707 ж.

3. 1761 ж.

4.1755 ж.

5. 1856ж.
142. Мәскеу университетінде медицина факультетінің ашылған жылы?

1. 1620 ж.

2. 1755 ж.

3. 1761 ж.

4.1764 ж.

5. 1778 ж.


143. 1868 ж.Ресейдің Ішкі істер министрлігінің медицина департаментінің шешімі бойынша Ішкі Ордаға әйелдерге бала туарда медициналық көмек көрсететін маман жіберілді. Ол кім?

1. М.Ниязова

2. А.Досщанова

3.Н.Лебедева

4. С.Ковалевская

5. М.Кюри


144. Ресей патшалық мемлекетінің Ішкі Қазақ ордасының Ережесіне сәйкес 15 төсек аурухана ашуға шешімі қабылданған. Бұл шешім қашан қабылданды?

1. 1731


2. 1832

3.1845


4. 1868

5. 1913
145. Қазахстан жері Ресейге толық қосылғаннан кейін «Медициналық істі ойластыру туралы Ереже қабылданды». Қашан қабылданды?

1. 1731

2. 1832


3. 1845

4.1868


5. 1913
146. Қазақ ағартушыларының қайсысының еңбектерінде денсаулық және медицина сұрақтары қарастырылған?

1.Ш. Уәлиханов, А.Кунанбаев, Ы.Алтынсарин

2. Ш.Уәлиханов, Букейханов Х.Н., А.Кунанбаев.

3. Ы.Алтынсарин, Букейханов Х.Н., А.Кунанбаев.

4. А.Кунанбаев, Букейханов Х.Н., Сызганов А.Н

5. Сызганов А.Н, Букейханов Х.Н., Ш.Уәлиханов


147. Қырғыз (Қазақ) аймағын басқару бойынша Революциялық комитет жөніндегі Халық комиссарлар Кеңесінің декретіне В.И. Лениннің қол қойған датасы:

1. 5 қыркүйек 1905 ж.

2.7 қазан 1917 ж.

3. 10 шілде 1919 ж.

4. 26 тамыз 1920 ж.

5. 25 қараша 1925 ж.


148. Орта Азиядағы ана мен баланы қорғау институтының негізі қашан қаланды?

1. 1929 г.

2. 1930 г.

3. 1931 г.

4. 1932 г.

5. 1933 г.


149. Қазақстанда уездік медицина қашан енгізілді?

1. 1731


2. 1832

3. 1845


4.1868

5. 1913
150. Қазақстанда әрбір уезде медициналық істі үйлестіру «Ережесіне» сәйкес қандай медицина қызметкерлері болуы тиісті еді?

1. Бала туарда көмек көрсететін қызметкер

2. бір уездік дәрігер

3. Бір уездік дәрігер және көмек көрсететін бір қызметкер

4. Бір уездік аурухана дәрігері

5. Бір уездік емхана дәрігері

151. 1925 ж. Қызыл-Орда қаласында медициналық бағыттағы ғылыми зерттеу институты (ҒЗИ) ашылды. Қандай?

1. Кардиология ҒЗИ

2. Туберкулезге қарсы ҒЗИ

3.Қазақ Өлкелік санитарлық-бактериологиялық институты

4. Өлкелік тері-венерология институты

5. Ана мен баланы қорғау институты
152. «Оқ дәрі жараларын және садақтан, найзадан болған жараны қалай емдеу керек?» деген шығарманы жазған кім?

1. Р.Коломбо

2. Н.Пирогов

3. А.Везалий

4. А.Паре

5. Буяльский


153. Ағылшын химигі Деви азот қышқылының жансыздандыру әсерін қашан анықтап жазды және сипаттамасын келтірді?

1. 1620


2. 1755

3. 1764


4.1800

5.1846
154. Перкуссия әдісі қашан ұсынылды және ауруды анықтау тәсілі ретінде сипатталды?

1. 1620

2. 1755


3.1761

4.1800


5.1846
155. Залалсыздандыру зат ретінде карбол қышқылын алғашқы рет ұсынған және пайдаланған кім?

1. Деви


2. Дж.Баттиста Морганьи

3. Р.Кох

4.Джозеф Листер

5. Л.Пастер


156. Кеңес Одағының батыры атағына ие болған Қазақ медициналық инстутының студенттерін таңдаңыз:

1. З. Шашкин

2. С. Карынбаев

3. М. Маметова

4. Р. Самарин

5. В. Иванилов



  1. 3,5

  2. 1,3

  3. 1,3,4

  4. 3,4,5

  5. 3,4

157. Түберкүлез қоздырғышын 1882 ж. ашқан кім?

1. Деви

2. Дж.Баттиста Морганьи



3.Р.Кох

4. Джозеф Листер

5. Л.Пастер
158. Зат алмасуында орталық нерв жүйесінің қатысуын дәлелдеу үшін бас миына классикалық тәжірибені («қант шаншуын жасау») кім ұсынды?

1. Деви


2. Джозеф Листер

3. Пастер

4. Р.Кох

5.Клод Бернар


159. Кім алғашқы рет наркозды пайдаланды (тісті жұлу кезінде)?

1.А Р.Кох

2. Дж.Листер

3. Пастер

4. К.Бернар

5. Мортон


160. Аптекарлық бұйрықтың міндеттері қандай?

1. Патша жанұясын дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету

2. Емшілер дайындау

3. Шет ел дәрігерлерін шақыру

4. Патша әскерін дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету

5. Ауруханалардың құрылысына қатысу

1. 1,2,3,4

2. 2,3,4


3.2,4,5

4. 2,3,4,5

5. 3,4,5
161. «Орыс халқының өсіп-өнуі және сақталуы туралы» мемлекеттік қайраткер граф Шуваловқа хат жолдаған кім?

1. Щепин К.К.

2. Зыбелин С.Г.

3. Кондоиди П.З.

4. Д.Самойлович

5. Ломоносов М.В.


162. Ортағасырлық дәуірде Ресейде тұрмыстық санитарлық шаралардың қайсысын емдеу мақсатымен жиі пайдаланған?

1. Шаштаразды

2. Су құбырын

3. Су қоймасын

4. Булы моншаны

5. Пайдаланған суды ағызуды


163. Ресейде жалпыға бірдей қол жетерлік «дәрі-дәрмектің барлық түрлерін кез келген адамға сату үшін» дәріхана қашан ашылды?

1. 1672 ж.

2. 1668 ж.

3. 1658 ж.

4. 1707 ж.

5. 1702 д.


164. Батыс Еуропада 18 ғ. медицинада идеалистік ұғымды қалыптастырған кім?

1. Ламетри

2. Кабанис

3. Шталь


4. Ф.Мажанди

5. Г.Бургав


165 Дүниежүзілік Денсаулық сақтау Ұйымы заңды түрде қай жылы құрылды:

1. 1938.

2. 1941.

3. 1948.


4. 1952.

5. 1953.


166. Ресейде ХУІІ ғ. ортасына дейін індеттердің таралуына қарсы қандай шаралар жүргізіледі?

1. Сау адамдарды науқастарға жолатпау

2. Аурулар бар үйлерге белгі қою

3. Жұқпа ошағын қоршау

4. Ауру шыққан үйлерді өртеу немесе отпен аластау

5. Өлгендерді тұрақтан тыс жерге жерлеу, жолдарға өрт салу



    1. 1,2,4,5

    2. 1,2,3

    3. 2,3,4,5

    4. 3,4

    5. 2,3,4

167. Ресейде алғашқы дәріхана қалай аталды және кімге қызмет істеді?

1. «Патшалық» - патшаға қызмет істеді

2. «Жанұялық» - патша жанұя мүшелеріне

3. «Государлық» - патшаға жақын адамдарға

4. «Кремлдік» - боярларға қызмет істеді

5. «Армиялық», әскери адамдарға қызмет істеді
168. Медициналық тексерілуге келгендерді тыңдау арқылы зерттеуді ашқан кім?

1. Р.Лаэннек

2. Кабанис

3. Ж.Корвизар

4. Г.Бургав

5. Мудров


169. Патологиялық анатомияның негізін қалаған кім?

1. Ф.Мажанди

2. Г.Бургав

3. Р.Вирхов

4. Д.Морганьи

5. Н.Пирогов


170. Медицинаға «инфекция» деген ұғымды енгізген кім?

1. Боткин

2. Г.Бургав

3. Д.Фракасторо

4. А.Паре

5. Парацельс


171. Қан айналым жүйенің жабық шеңбер тұрғысында екенін қандай ғалым ашты?

1. Р.Коломбо

2. У.Гарвей

3. А.Везалий

4. А.Паре

5. Р.Декарт


172. Медициналық ятрохимиялық бағытын ұстанған ғалым кім?

1. Р.Декарт

2. У.Гарвей

3. Г.Бургав

4.Парацельс

5. Мудров


173. «Қоздырғыш және жұқпалы аурулар, оларды емдеу туралы» шығарманы жазған ғалым кім?

1. Боткин

2. Г.Бургав

3. Д.Фракасторо

4. А.Паре

5. Парацельс


174. Хирургияда жаңа-құрал жабдықтар, жасанды қол, буындардың нұсқасын жасап қолданған дәрігер кім?

1. Загорский

2. Н.Пирогов

3. А.Везалий

4. А.Паре

5. Буяльский


175. Медицинада пайдаланатын заттардың «емдік дәрі» болуы немесе мөлшердеп жоғары «у болуы» мүмкін деген ұстанымды енгізген дәрігер кім?

1. Г.Бургав

2. Р.Вирхов

3. А.Паре

4. Р.Декарт

5. Парацельс


176. Медицинада «ятрофизикалық бағытты» ұстанған дәрігерлер кімдер?

1. Леруа


2. Ж.Кабанис

3. Р.Декарт

4. Ф.Бекон

5. Ф.Мажанди



    1. 3,4

    2. 1,4

    3. 2,5

    4. 1,2,3

    5. 3,4,5

177. Медицинада материалистік тұжырымдамаларды негіздейтін қандай заңдар бар?

1. Жасушалық патология теориясы

2. Ч.Дарвиннің эволюциялық ілімі

3. Жасуша туралы ілім

4. Шванн және Шлейденнің жасушалық теориясы

5. Химиялық реакцияда заттар массасының сақтану туралы заңы


    1. 2,4,5

    2. 1,2,3

    3. 3,4

    4. 3,4,5

    5. 1,3,5

178. 18-19 ғ.ғ. Батыс Еуропада медицина дамуының негізгі бағыттары қандай болды?

1. Патологиялық анатомияның пайда болуы және қалыптасуы

2. Тәжірибелік бағыт

3. Клиникалық бағыт

4. Жансыздандыру әдәсінің

5. Ятрохимиялық бағыт


  1. 1,2,3,4

  2. 1,2,3

  3. 3,4

  4. 3,4,5

  5. 1,3,5

179. Қазақстанда азаматтарға арналған алғашқы аурухана қай қалада ашылды?

1. Ташкент (1770 ж.)

2. Орынбор (1799 ж.)

3. Омбы (1827 ж.)

4. Түркістан (1830 ж.)



5. Петропавл (1845 ж.)
180. ҚазАСРР денсаулық сақтауының бірінші наркомы болып кім табылды?

  1. С.Д. Асфендияров

  2. А. Байгугин

  3. М. С. Шамов

  4. 3.Ж. Шашкин

  5. Д.М. Убугунов



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет