Саяси экономиканың алғашқы көрнекті өкілдері:
Адам Смит (1723-1790жж) Томас Манн (1571-1641жж) Уильям Петти (1623-1687жж) Давид Рикардо (1772-1823жж) И.Т.Посошков (1652-1726жж) М.В.Ломоносов (1711-1765жж) Ордын-Нащокин (1605-1680жж) М.М.Сперанский (1772-1839жж)
тапсырма. Сөйлемдерден экономикалық терминдерді теріп жазыңыз. Мына сұрақтарға жауап беріңіз.
а) Микроэкономика дегеніміз не? ә) Макроэконимика дегеніміз не?
Микроэкономика – жеке өндірушілердің қызмет-әрекеттерін, кәсіпкерлік капитал мен бәсекелік ортаның қалыптасу заңдылықтарын зерттейді. Мұнда жеке тауарлардың бағасы, жұмсалған ресурстар, шығындар, фирмалардың қызмет атқару механизмдері, бағаның құрылуы, еңбекке деген ынта, т.б. жәйттер талданады.
Макроэкономиканың зерттеу нысанына ұлттық өнім, бағаның жалпы дәрежесі, инфляция, жұмыспен қамту, т.б. жатады.
тапсырма. Берілген тілдік тұлғалармен сөйлем құраңыз.
Дербес ғылым, көрнекті өкілдері, қажеттілік, өндіру, айырбастау, тұтыну, саудагер, тауар-ақша айналымы, нақты экономикалық ғылымдар.
тапсырма. Терминдермен жұмыс істеңіз.
Экономика – қоғамға қажетті өмірлік игіліктерді жасау және оларды пайдалану жолымен адамдар мен жалпы қоғамның қажеттіліктерін қанағаттандыратын шаруашылық жүйесі.
Экономикалық жүйе – бұл материалдық, рухани игіліктер мен қызметтерді өндірушілер және тұтынушылар арасындағы байланыстардың ерекше реттелген жүйесі.
Экономикалық қорлар – тауар өндіруге және қызмет көрсетуге пайдаланылатын барлық табиғи адам және адам қолымен өндірілетін ресурстар.
Экономикалық қатынастар – бұл адамдар арасында қызметтер мен материалдарды, рухани игіліктерді өндіру, бөлу, айырбастау мен тұтыну процесі барысында пайда болатын қатынастар.
Достарыңызбен бөлісу: |