Алдыңғы деректемелер: мәліметтерді беруге дайындығы болуы; белгілі бір тақырыпты талқылауға деген өз қабылдауының болуы; тұрмыстық сөйлеу жағдаяттарында әңгімені қолдау және талқылай білуі; алған мәліметтерге өз көзқарасын білдіре алуы; мәліметтерді беруге дайын болуы; нұсқау, кеңес бере білу; мәліметтерді беруге дайындығы мен қабілеттегі болуы керек.Олардың сөздік қоры 3000 – 4500 сөз болуы тиіс;
Кейінгі деректемелер: оқудың басты стратегиясын пайдалану; мәтіннің негізгі идеясын түсініп, қажетті ақпараттарды ала білу; мамандық бойынша ғылыми баяндама, мәлімдеме, хабарлама жазу үшін ойды логикалық жүйемен жазбаша құра білу, таңдаған кәсібі бойынша баяндама жасай білу. Курс студенттердің кәсіби лексиканы игеруіне бағытталған. Кәсіби жоғары дайындық деңгейіне жету үшін мамандыққа байланысты лексикалық қорды байытып, тілді тереңдете оқып, ғылыми тілді меңгерту, болашақ мамандығы бойынша терминдерді меңгеру, кәсіби стильдегі мәтіндермен жұмыс істеуге дағдыландыру;
1 тапсырма. Менеджмент мамандығының пәндік саласына кәсіби қазақ тілінде
кіріспе
Сөйлеудің формалары мен түрлері: ауызша және жазбаша
Басқару-менеджмент мәтінін (сипаты, функциялары, қолданылуы) логикалық тұрғыдан құру.
сөз тіркестерін (словосочетание) қолданып мамандыққа байланысты екі сөйлем құрастыр, мысалы компания құны, жетекші менеджер, т.б.;
сұраққа ойланып дербес пікіріңізді айтыңыз: «не себепті Менеджмент мамандығын таңдадыңыз?»
менеджмент пен басқарудың өзгешелігі неде?
«Кәсіби тіл» және «кәсіби сөйлеу» ұғымдары;
Менеджмент (ағылш. мanage – басқару, меңгеру, ұйымдастыру,) – ұйымда немесе кәсіпорында жұмыс істейтін адамдардың еңбегін басқара отырып, алға қойған мақсатқа жетуді ұйымдастыра білу, әлеуметтік, оның ішінде білім беру үрдістерін басқару принциптері, әдістері, құралдары мен нысандарының жиынтығы.
Менеджмент кейде Менеджмент ғылымы (Management Science) деп те аталады, яғни ол адамзаттың басқару ісінің заңдылықтары мен өнімді әдістерін зерттейтін пән саласы есептеледі. Ол белгілі бір құралдар мен әдістанмалар арқылы басқаруды өнімді етеді, әсіресе Операцияларды зерттеу (Operations Research) және Статистика секілділер арқылы басқаруға сапалық және сандық анализ жасайды. Ал, басқару дегеніміз басқарылушыға өнімді, пайдалы жұмыс істету әрекеті. Қазіргі заман басқару істері кейбір басқару мәселелеріне талдау жасаудай тар шеңберден шығып, жаратылыстану және гуманитарлық пәндердегі пайдалы білімдер мен әмбебап әдістерді пайдаланып, операцияны басқару, адам күші байлығын басқару, қауіп-қатерді басқару, айқын емес жағдайда шешім қабылду, шұғыл жағдайда таңдау жасауқұрделі құрылымның өзгерісін тізгіндеу, қалыптасу (emergence), өзін көрсете алу, ортаға үйлескіштік, өздігінен ұйымдасу, ұқсастықтардың біріктіруі секілді ауқымды мәселелерді жаппай қамти бастады. Әрқандай ұйымды жүйе ретінде қарастыруға болады, ал басқару сол жүйе үшін маңызды феномен ретінде жоспарлау, жетелеу, тіпті де жақсысын өндіру секілділерге талпына бастады. Сондай-ақ әлденені басқарудан бұрын оның өз-өзін басқаруы, басқаруға әзірлігі, басқаруының жүйелілігі мен табыстылығы, әсіресе жаңа деңгейге үздіксіз көтеріліп, жетіліп отыру секілділер де менеджментке жаңа мазмұндар қосты.
“Менеджмент” ұғымының мәні мен мазмұны “басқару” түсінігіне ұқсас. Сонымен қатар менеджмент жоспарлау, ұйымдастыру, үйлестіру, бақылау, ынталандыру сияқты
қызметтерді де атқарады. Ғылыми менеджменттің негізін салушы белгілі ағылшын ғалымы Фредрик Уинстоу Тэйлор (1856 – 1915) есептеледі. Оның еңбекті ұйымдастыру және өндірісті басқару жүйесі алғаш рет АҚШ-та 19 ғасыр мен 20 ғасыр тоғысында кең пайдаланыла бастады. Қазіргі замандағы менеджмент, негізінен, барлық экономикалық мектептердің тәжірибелері мен бағыттарының жетістіктерін қорытындылау арқылы дамуда. Менеджмент мақсат қоюға, жоспарлауға және саясатты қалыптастыруға міндетті. Ол үшін болжам жасайды. Менеджмент бойынша дәлелденген және жоспарланған операциялары бар ұйымдық құрылым жасау, адамдар арасында міндеттерді бөлу және жауапкершілік деңгейді белгілеу, нұсқау шығару мақсатында әр түрлі шешімдер қабылданады. Қазақстанда менеджмент қағидаттары, тәсілдері, амалдары нарықтық экономиканың өркендеуіне сай кеңінен таралған.
ЛЕКСИКА: Менің мамандығым
тапсырма. Мәтінді оқып, аударыңыз. Менің мамандығым
Мамандық таңдау - өте жауапкершілікті және маңызды іс. Мамандық таңдауда әр адам өзінің қызығушылығына, қабілетіне, бейімділігіне, қалауына сүйену керек. Қазіргі таңда мамандықтың түрі көп. Таңдау жасау оңай емес. Ең бастысы - адам еңбекке қабілетті, зейінді болуы қажет және оның мамандығы өзі өскен ортаға маңызды, бағалы үлес қосатындай болуы шарт. Өз ісіне сенімді, дұрыс таңдау жасаған адам ғана жетістікке жетеді. Өзінің сұранысын, қызығушылығын жоймаған кең тараған мамандықтарға дәрігер, мұғалім және құрылысшы мамандықтарын атап өтуге болады. Ал, өзекті мамандықтар қатарына жоғары технология, байланыс, коммуникация, әлеуметтік орта, экономиканы басқару мамандықтары және еңбек сұранысына қажетті жаңа мамандықтар жатады. Менің мамандығым – оқытушы. Мен бұл мамандықты бала кезімнен армандадым. Балалық шағымда мұғалім ролін көп ойнадым. Бұл мамандықты тандауда менің анамның әсері күшті болды. Себебі менің анам да оқытушы. Анамның жұмысына барып, сабақтарына да қатысқан кездерім болды. Кейін мектепте оқып жүріп өз мұғаліміме де сүйсіне қарайтынмын. Неткен білімді адамдар деп ойлап, өскенде мен де осындай мамандыққа ие боламын деп өзіме сөз бердім.
Сөздік :
мамандық - профессия
мамандық таңдау – выбор профессии жауапкершілікті – ответственный маңызды іс - важное дело
зейінді - сообразительный
өзі өскен орта - среда, где вырос білімді – образованный қызығушылық - интерес
қабілет - способность бейімділік - склонность қалау - желание
сүйену керек - надо опираться үлес - вклад, лепта
жетістік – достижение
тапсырма. Мәтін бойынша сұрақтарға жауап беріңіз.
Мамандық дегеніміз не?
Мамандық тандауда нені ескеру керек?
Сізге мамандық тандауда кім көмектесті?
Өз мамандығыңызды дұрыс тандадым деп ойлайсыз ба?
Қандай адам жетістікке жетеді?
Сіз тандаған мамандықтың маңыздылығы неде?
Үнемі сұранысқа ие мамандықтарды атаңыз.
Өзекті мамандықтар қатарына қандай мамандықтар жатады?
3 тапсырма. Қазіргі заманғы менеджердің имиджін қалыптастыру және қолдану
Қазіргі заманғы менеджердің имиджін қалыптастыру және қолдану – өте қызық тақырыптардың бірі. Қазіргі кезде менеджер имиджін қалыптастыруда көптеген әдістер мен түрлі тренингтер бар. Бірақ бастапқы білімсіз және жоғарыда қарастырған әдістерсіз имиджді қалыптастыру мүмкін емес. Сонымен, заманауи менеджер – мамандырылған басқарушы, яғни оның жауапкершілікті жұмысынан, фирма сәттілігінің басты құраушыларының бірі болып келеді.
Соңғы жылдары экономиканың жекелеген секторларының дамуына байланысты, фирма, кәсіпорындардың менеджерлерінің рөлі арта түсуде. Менеджерге жиі өз фирмасының қиын сұрақтарын шешуге тура келеді, олар көбінесе критикалық жағдайлар мен күтпеген перспективалардан тұрады. Менеджердің ерекше ісі болып, адамдармен көп байланыс құруы есептелінеді. Осыған орай, психология, әлеуметтану, ұйымдастыру тәртібінің принциптерінің негіздерін білу қажет. Өз қоластындағылардан қадірлеушілікке жеткенней кейін, олардың ісін ең жақсы жолмен құрастырып, орнатуға тиіс.
Менеджердің профессионалдық ісінің сәттілігі оның жеке қасиеттерінен бағынышты болады. Ұйымдастыру мен іскери қасиеттер өте маңызды. Басқарудың тиімділігі менеджердің авторитет деңгейіне байланысты.
Жаңа үлгіні өмірге әкелу әсте оңай емес. Қырық ойланып, жүз толғануға тура келеді. Творчестволық шабыт жоқ жерде қарабайыр үлгі ғана жасалмақ. Сол себепті де нағыз шығармашылықпен жұмыс істейтін сән үлгілеушілерді жинадым. Дүниеде, оның ішінде Қазақстанда енді қайталанбайтын киімге ие болу мен үшін үлкен бақыт деп есептеймін. Жалғыз дана ғана киіммен жүру- аз бақыт емес. Ол жеке адамды басқалардан да дараландырып тұратыны анық. Жұртшылық қаншама шабытпен, ізденіспен, керек десеңіз қиналыспен келетін киімдердің қымбаттығын түсіну керек. Авторлық киім салонынан адам арылмауы – оны түсіну ғана емес, қолдау да болса керек. «Болмасаң да ұқсап бақ» деген қанатты сөз бар. Біз де әлемді мойындатқан және таңдай қақтырған, жалпақ дүниенің жұртын жақсы киіндіруде алдына жан салмаған «Пьер Карден», «Валентина», «Нина Риччи» фирмалар сияқты болғым келеді.Болуға ұмтыламын.
Модалық киімдер жасау, сән әлемінде өз дауысынды айту – басқалар ойлағандай әсте оңай емес. Оның шығармашылық шабытының толғағы өз алдына, қазіргі дүниеде бәрі заңдастырылуы керек. Кез-келген сәнді киімнің алдымен үлгісі қаралады. Ол үшін арнайы кеңестердің отырыстары да болады. Бар тірлік олардың батасымен де тынбақ емес. Енді әлгі үлгінің бүкіл конструкциясы жасалады. Жағасы, жеңі, тіпті түймесі мен тігісіне дейін талдау мен таңдаудан өтеді. Конструкциялық құрылымды бір детальға, тіпті шағын әшекей де таліне төмен баға берілсе, үлгінің жолдама алуына қауіп төнеді. Содан кейін барып оның бәрі қағазға түсіріледі. Түсінікті тілмен айтқанда, сипаттап жазылады. Кейде тіпті матамен, материалмен жақсы жұмыс істеп, одан неше түрлі құбылған киім шығаратын үлгілеушілер
өз туындыларын қағаз бетінде сипаттап жазуға шорқақтау келеді. Мұны жаңа, тамаша ән шығарғанымен, оның нотасын түсіре алмайтын композиторлармен салыстыруға болады. Бірақ, өндірістің талабы бойынша сипатталып жазылуы керек. Керек десеңіз, көркемдік кеңестер көп ретте үлгінің өзіне емес, қағаздағы сипаттамаларын талдай береді. Өйткені, олар сол қағаздағы толық сипаттамаларды оқып отырып мұны қандай киім екенін көз алдарына әкеле алады. Мәселен, менің өзім де дәл осылай істеймін.
«Қазақ халық не кигісі келеді?» деген өте күрделі сұрақ. Оған жалпылама немесе жанама жауап бере салуға болмайды. Сондықтан үнемі халықтың қалай киінгісі келетінін, қандай үлгідегі киімдерді іздейтінін анықтаймын. Мода ешқашан ырғалып – жырғалуды көтермейді. Қазақта «таз тарағанша – той тарқап кетіпті» деген сөз бар.
Қазіргі заманда халықтың бірдей киінбейтінін ескерген жөн. Нарықтық қатынастар тұсында тұрғандардың көптеген әлеуметтік топтарға бөлінетіні белгілі. Мысалы, қарттар мен жастарды бірдей киіндіру мүмкін емес. Жастарға ұнаған киімді қарттар жағы ұдайы сынға алып отыратыны даусыз. Оның есесіне қарттардың киім киісіне жастар жағы күле қарайды. Сол себепті де әрбір үлгінің қандай әлеуметтік топқа арналатынына назар аударады. Әр маусым сайын моданың соңғы сөзін айтуда көптеген өлшемдерді есептеймін. Бірде өте ұзын киімдер мода болса, жыл айналмай жатып сәнге қысқа, келте киімдер еніп жатады. Ендеше қанша ұзындықта немесе қысқалықта болуы керек, қаншалықты кең, қаншалықты тар болуы керек деген өлшемдерді де алдын ала зерттеймін.
Сән әлемі басқа өмірден бөлек дамыған емес. Қайта өмірдің бүкіл өлшемдері мен өрнектері осы модадан көрініс тауып отырады. Әсіресе, Қазақстан Республикасының модадағы жетістіктерінің бастауы, қайнары қазақ халқының мыңдаған жылдық дәстүрінде, тұрмысында жатыр. Міндетім – сол ежелгі дәстүрлер мен бүгінгі талапты ұштастыру. Қазіргі киімнің ең сәнді үлгілерінде қазақтың ұлттық ерекшеліктері, тым болмаса сол ерекшеліктің жұқанасы сақталуын қамтамасыз ету.
Ұлттық қайнарлар мен үшін сарқылмастай көрінеді. Одан осы заманғы кез-келген суретші – үлгілеуші өзінің қиялына қанат, ақылына азық таба алады. Біздің ұлттық бояуларға бай киімдерімізге Батыс елдерінің аса құмартатынын мен «Сымбат» модалар театрының талай елдегі қойылымдары барысында байқадым. Европаны бір бағындырсақ, ұлттық ерекшеліктеріміз бен дәстүрлерімізді көрсете отырып, сол дәстүріміз бен салттарымызды дамыта отырып қана таң-тамаша етерімізді ұғынған жөн.
9-тапсырма. Ой-отауға үңіліңіз.
Экономика – қаһарлы ғылым.
Достарыңызбен бөлісу: |