тапсырма. Сөз тіркестерін қатыстырып сөйлем құраңыз.
Уақыт талабы, уақыт жок, уақыт тапты, уақыт өткізді, уақыт болып қалды, уақытты бағалау, уақытты пайдалану, уақыт қымбат, уақытша баға, уақытты босқа өлтірме, уақытты үнемдеу.
тапсырма. Мына сұрақтарға жауап беріңіз:
Уақыт деген не?
Әрбір өнімге эквивалент не?
Ақшаның эквиваленті не?
Бизнестің эквиваленті не болады?
Уақыт мемлекет үшін керек пе?
Мемлекет үшін уақытпен санасу керек пе?
Мемлекеттің байлығы кімге керек?
Уақытты үнемдеу деген не?
Уақытты үнемдеу - тек жеке адам үшін емес, мемлекет үшін де қажетті дегенді қалай түсінесіз?
Экономикадағы үш заңның бірі - уақытты үнемдеу заңы дегенді қалай түсінесіз?
тапсырма. Мәтінге қажетті сөздермен, сөз тіркестерімен жаттығыңыз, сөйлем құраңыз.
Уақыт, ақшалай құн, өмірлік капитал, әрбір сәт, ақшалай уақыт, кісінің кісілігі, уақытты босқа өлтірмеу, даналық, ортақ, орынды пайдаланады, қанағат тұтады, ақсүйектік, мойындамау, уақытты бағалай білу, тектілер катары, кадағалап отыру, уақытты сезіну, бағыт белгілеу, ең жаман дерт, еріншектікті жеңу, іскерлер әлемі, ұлы мәртебелі уақыт, уакыттың шашылуы, шығын.
Басталу, аяқталмаған жұмыс, өшіру, баяндама, баяндама жасау, қызықты, ойлау, есептемеу, нақты, анықтау, тырысу, сенімді, шартты, жағдайға қарай, шаршау, ертеңге қалдыру, қабілет, шаршатпау, естірту, күту, уәде, айналысу, үлгеру, уақытты созу.
тапсырма. Мына сөздерге қарсы мағынадағы сөздерді табыңыз:
басталу — көру -
баяндама жасау — тырысу –
азырақ – кеше — күн – таңертең — ертерек — кешігу — шындық — бар – жоғалту —
Достарыңызбен бөлісу: |