Уәзір: Ұлы мәртебелі Әмір Темір келе жатыр Хан



Дата18.02.2022
өлшемі16.15 Kb.
#455511
Уәзір



Уәзір: Ұлы мәртебелі Әмір Темір келе жатыр
Хан: Уәзірлер ертеңнен қалмай жорыққа аттанамыз! Парсылардың жері Орталығын өз еркімізге өткіземіз! Бір Алла өзің жар бола көр.
Ханшайым: Әміршім жорықтан оралғанда қандай сый – сыйапатпен күтіп алсам екен? Сәрсенбі күні таң алдында тәтті ұйқымда түсімде ұшар басы көкке өрлеген мұнара көрдім. Әлде соны салдырсам ба екен? Жаппар ұстаны шақыртыңдар! Әміршім жорықтан оралғанда қос өзен бойына ешкімде жоқ ешкім көрмеген мұнара салдыртпақшымын.
Бері қара Жаппар ұста, бұл істі саған тапсырамын. Ұқтың ба?
Жаппар ұста: Әміріңізге құлдық ханым! Көз арбаған көк күмбез мұнараны ақша бұлттарға теңетіп жасауға ант етемін.
Жаппар ұста: Жарқын тартқан келбеті ғой, саған ешбір сұлулықты теңей алмай, қымбат көрдім өзіңді алтын айдан, қолаң шашың әсемдей төгілгенде көздеріңнен жылулықты сезінемін. Орын бердім тап таза жүрегімнің төрінен
Досы: Ей досым, кімге ғашық болдың?
Жаппар ұста: иа досым, мен ғашық болдым
Досы: ей бәрекелді!
Жаппар ұста: Бірақ ол қолжетпейтін арман ғой, ол тіпті мен сияқты қарапайым шеберге көз тастамас
Досы: ол кім соншама?
Жаппар ұста: Хор қызындай кіші ханым
Досы: Не дейді, енді қайттің?
Жаппар ұста: Тәкапар ханымның аспаннан басқа ешқайда түспейтін асқақ жанарын өзіме қаратудың жалғыз жолы мынау мұнараны ешкім көрмегендей етіп, ғажайып көрініске бөлеу. Артынан ерген қырық қыздың аузының суы құрып, мына мұнараны қалай салды деп таңдана қарайды.
Ханшайым: Құдайым ау, түсімде кімді көрдім, өрімдей жап –жас жігіт менен нені қалайды? Алақандай, алақандай екі көзі мөлдіреп.....
Жоқ, жоқ мен әміршіме адалмын, менің күткенімде, сүйгенімде бір Әміршім.
Көмекші қыз: Сүйінші , сүйінші.....Ғажайып мұнараға татитындай сүйінші.
Ханшайым: Сүйіншісін беремін тез айтшы?
Көмекші қыз: алдымен сүйіншіңді бер, содан кейін айтамын. – Қандай керемет, хан иеміз келуіне 3 ақ күндік жолы қалды.
Ханшайым: оны кімнен естідің?
Көмекші қыз: Мана құлағымды түріп қалсам, қоймашы айтып жатыр екен
Ханшайым: Ендеше, ендеше мұнара бітті ме екен көріп келейік.
Мұнара неге әлі бітпей жатыр?
Досы: Шебердің ойлағындай шықпай жатыр
Ханшайым: 6 ай бойы бітпейтін неғылған мұнара?
Досы: шебердің ойлағанындай шыққан бойда тез аяқтаймыз.
Ханшайым: Мына мұнара жорықта жүрген Әміршіме деген қаяусыз махаббатымды бейнелейді. Бірақ жақындаған сайын бір нәрсе шалқақтай түсетіні қалай? Әлде мұнысының бір себебі барма?Мұнараның бітпей тұруының себебін білдің бе?
Көмекші: Білдім ханым
Жаппар ұста: Ханша тоқтаңыз, мен сізді ешқайда жібермеймін. Сіз осы қызық жансыз білесіз бе? Жүректі баурап аласыз білесіз бе? Сіз сияқты арулар бар, сенемізғой, Дәменім жоқ сезіммен күресуге, Ханша тоқтаңыз!
Уәзір: Ұлы мәртебелім Әмір Темір келе жатыр!
Әмір Темір: Мына мұнараны маған ханшайым салғызыпты, соншама көкпен таласқан мұнараны салдырудың бір себебі бар сияқты ғой, маған ханшайымның күтушісін шақыртыңдар!
Көмекші: Иа мәртебелім
Әмір Темір: Мен 6 ай бойы жорықта болғанда ханшайым кіммен кездесті?
Қайда барды баянда!
Көмекші: Хан ием, кіші ханым мұнараның тез бітуін қалады, Мұнара басында жас шебермен екі рет жолыққан болатын, бірақ сіздің махабатыңызға дақ түсірген жоқ.
Әмір Темір: осы мұнараны салған шеберді алып келіңдер!
Осы мұнараны салған сен бе?
Жаппар ұста: иә, мен
Әмір Темір: Осы шебердің екі көзін ойып алыңдар!
Автор: Өнерді зұлымдық жеңе алмайды, өнер өлмейді, өнерді ешкім жеңбейді. Өнер мәңгілік!

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет