Курс саясаты. Академиялық кезеңде «Таңдау бойынша шеберхана» пәні қашықтықтан оқытылады. Пән бойынша 60 практикалық және 10 оқытушының жетекшілігімен жүргізілетін білім алушының өзіндік жұмысы (бұдан әрі - ОБӨЖ) өткізу қарастырылған.
Нәтижелі жұмыс атқару үшін студенттің академиялық адалдығын сақтау, оқу процесіне белсенді қатысу, уақтылы берілген тапсырмаларды бақылау кестесіне сай орындап отыру қажет. Пәнді оқу кезінде сізді төзімді және ашық-жарқын болуға шақырамыз. Студенттің жүріс-тұрысы университеттің ішкі ережелеріне сәйкес келуі керек.
Студент оқытушы ұсынған негізгі және қосымша әдебиеттерді қолданып, әрбір практикалық сабаққа дайындалуы қерек.
Пән бойынша тапсырмаларды бағалау бақылау кестесіне сәйкес жүргізіледі.1-14 апталарда процентпен көрсетілген бағалар дерекқорға енгізіледі. Максималдық балл - 10 балға тең және балдық-рейтингтік шкала бойынша 0 - 100% шамасымен бағаланады.
Пән бойынша оқу процесін мониторингтеу үшін 2 аралық бақылау өткізіледі: бірінші аралық бақылау (РК 1) 8 аптада, екінші аралық бақылау (РК 2) 14 аптада. Академиялық кезеңнің 4, 6 және 8 апталарының қосынды балы бірінші аралық бақылаудың максималдық балын құрайды және оның көлемі 30 балға дейін (100% дейін) болады. 10, 12 және 14 апталардың қосынды балы екінші аралық бақылаудың максималдық балын құрайды және оның көлемі 30 баллға дейін (100% дейін) болады. Екі аралық бақылаудың максималдық қосынды балы – 60 балды (100%) құрайды.
Практикалық сабақтар кезінде А3, А4 форматтарында үй тапсырмаларын орындау беріледі. Пән бойынша 2 студенттің өзіндік жұмыстары (бұдан әрі - СӨЖ) қарастырылған.
Тапсырмалар мен материалдарды жүктеу үшін міндетті түрде университеттің ресми LMS– Сириус қолданылуы қажет. Оған кіру студенттің порталы арқылы орындалады.
Практикалық сабақтарды игеру бойынша қиындықтар және сұрақтар туындағанда, студент оқытушыға жүгініп, ОБӨЖ сабақтары кезінде талқылауға болады. ОБӨЖ сабағы (ОБӨЖ сабақ кестесі бойынша) аптасына бір рет Zoom платформасында өткізіледі. Пән бойынша тапсырмаларды студент міндетті түрде «№ Тапсырманы орындау» тарауында мерзімі көрсетілген уақытта университеттің ресми LMS – Сириусқа жүктеуі қажет.
1
|
Пәннің мақсаты мен міндеттері
|
Таңдау бойынша шеберхана пәнінің түпкі мақсаты: Білімгерлер дайындығы сәнді өнердің әр түрлі түрлерін оқыту және келесі курстарда оның бір түрін тереңдетілген кәсіби меңгеру базасында жүзеге асырылады. Сонымен, «Таңдау бойынша шеберхана» пән бағдарламасы келесі мақсаты қояды: сәнді- қолданбалы өнер бойынша білімдерді пайдалану және қолдану негізінде құрылымдық материалдарды көркемдік өңдеудің практикалық өңдеудің практикалық дағдаларын алу. «Таңдау бойынша шеберхана» көркемдік білімнің негізі, ол арнайы оқу үйрену мақсатында оқылатын дизайн және СҚӨ түрлерінің бірі болып табылады. Композиция өнерін, живопись өнеріне қатысты барлық өнер түрлерін (cурет, графика, композиция) игере алады.
|
2
|
Сағат саны
|
Практикалық сабақтар- 60 сағат
Білім алушының өзіндік жұмысы (бұдан әрі - БӨЖ)- 90 сағат (соның ішінде ОБӨЖ (10 сағат))
Барлығы – 150 сағат
|
3
|
Оқыту нәтижесі
|
Біледі:
Қазақстанның сәндк қолданбалы өнерін зерттеуге кіріседі. Практикалық сабақтарында олар материалдардың көркемдік өңдеуімен танысады, сәндік қолданбалы өнер тәсілдері туралы бірінші семестрде алған білімдерді пайдалана отырып, материалдарымен тікелей жұмыс істейді. Меңгереді:
Теориялық білімдерін арттыра отырып практикалық сабақтар сәнді композиция негіздерін, сәндік қолданбалы өнер тәсілдері мен ерекшеліктерін оқытуға анықтай білуі керек. Сонымен қатар сұрақтар мен СӨЖ тапсырмаларын меңгере білуі тиіс.
СҚӨ мен дизайн бойынша әр түрлі технологиясы мен техникасын білуі тиіс; алдыңғы қатарлы дизайн мен сәндік қолданбалы өнер шеберлерін білуі тиіс
|
Достарыңызбен бөлісу: |