БАҒдарламасы (Syllabus) pkya 2204 «Кәсіби қазақ тілі»



бет4/7
Дата15.06.2016
өлшемі0.73 Mb.
#136840
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7

Ыңғайлас салалас





Түрлері

Мысалдар

Жалғаулықтары


жалғаулықты

Бұл уақыттың ішінде ел де өзгерді, адамдар да өзгерді.

Қоңырау соғылды да, балалар орындарына отырды.

Бүгін әрі жұмысымыз көп болды, әрі жиналысқа қатыстық



да, де


әрі, және


жалғаулықсыз


Қоңырау соғылды,сабақ бітті.









1-жаттығу. Мына жай сөйлемдерден ыңғайлас салалас құрмалас сөйлем жасаңыз.

Гүлсара мен Оля жазғы демалысты жақсы өткізді. Нұраш ағасына қаламмен хат жазды. Өсімдіктер бос топырақта жақсы өседі. Залдың оң жағында киім шешетін бөлме бар.


2 - жаттығу. Жалғаулық шылаулардың қайсысы ыңғайлас салаласта, қайсысы бірыңғай мүшелі жай сөйлемдерде жұмсалғанын ажыратып, себебін түсіндіріңіз.

1. Тың көтеруде де, егін жинауда да олар совхоз бойынша алда болды. 2. Кабинетке Нұржамал мен Баймұрат кірді де, ендігі назар соларға ауды (М.И.). 3. Жазғы таң ұйқыдан әрі тез, әрі сергек оянды. 4. Молынан алуға елдің бұрын күші де жетпеген, мүмкіндігі де болмаған (Ғ.С.) 5. Жердің ойлы-қырлы бедеріне қарай және кеңнің жатыс ыңғайына, формасына қарай тау қазбаларының түрі де әр түрлі келеді. 6. Кей металдар табиғатта өте аз және таза түрінде кездесуі сирек (А.Маш.).


3-жаттығу. Түсіндірмелі салалас сөйлемдердің мәнін, құрылымдық ерекшелігін, тыныс белгілерін түсіндіріңіз.

Ол аулаға кіре бергенде байқады: үйге алыстан қонақтар келген сияқты. Оқудың төлем ақысы өзгерді: оқу жылының басынан бастап төлемі 2 есе көтеріледі. Жақында мен байқадым: ауылда бұрын тұрған кісілер, көшіп кетіпті. Өмір сүрудің екі түрі бар: шіру мен жану. Алаң толған адам: кәрісі де жасы да концерт тамашалауға жиналған.


4-жаттығу.Оқыңыз. Сөйлемдерді қажетті алайда, біресе, және, де, бірақ жалғаулықтары арқылы байланыстырыңыз.

1. Көктемнің алғашқы гүлдері гүлдеді, ... даланың беті көктей бастады.2. Мен үндемедім, ... үндеуді қажет те көрмедім. 3. Бұл топ мектеп үйін тамызда бітіреді, ... сабақ бірінші қыркүйекте басталады. 4. Күз түсті, .. күн әлі жылы. 5. Мен кітабымды беріп едім, ... ол алмады. 6. Олар біресе ән салды, ... домбыра тартты. 7. Менің әкем жақсы аңшы, ... ол кісі кейде мылтықты дұрыс қолдана алмайды


5-жаттығу. Сөйлемдерді қарсылықты жалғаулықтар арқылы жалғастырып жазыңыз.

Күн жылынды,.............. . Бекен шахмат үйірмесіне қатысады,....... .

Ақмарал кітапханаға бара жатыр,.............. . Оқу жылы аяқталып келеді, ....
6-жаттығу. Мына сөйлемдерді қазақ тіліне аударыңыз.

Я хотел перевести текст, но у меня не было словаря. Погода была пасмурная, но мы все же поехали в лес. Я проголодался, но все же не пошел в столовую. Дорога была ровной, но все же мы устали. На празднике детей было много, но все же всем хватило подарков.



XIIIсабақ. Патент: оның нысаны мен сипаттамасы. Патент жазуда қолданылатын ғылыми-техникалық және ресми-іскери стильдер ерекшеліктері.

Осы тақырып бойынша терминдер сөздігін құрастыру. Терминдерді пайдаланып мәтін құрастыру. Жазып, оқып машықтану.



Патент – арнаулы салық режимін қолдану құқығын куәландыратын құжат.

Патенттеу негізгі қызметі – жаңалықты енгізетін тұлғаға монополияны қамтамасыз ету болып табылады.

Патенттеу мақсаты – сәйкес саладағы маман патент мазмұнын оқып, ондағы техникалық шешімді жүзеге асыра алатындай деңгейге жеткізіп ашу.

Осы тақырыпты мазмұндау барысында мен көптеген патенттік терминдермен таныстым. Бұл терминдер патентпен жұмыс істеуде қажет

Патенттелген өнеркәсіп меншік объектілері – қорғау құжаттары берілген өнеркәсіптік меншік объектілері.

Патент жүргізуде мынадай құжаттармен танысамыз:

Бюллетень - өнеркәсіптік меншік объектілерін қорғау мәселелері жөнінде Қазпатент шығарып тұратын мерзімдік басылым.

Лицензиялық шарт - патент иеленуші (лицензиар) басқа тарапқа өнеркәсіптік меншік объектісін белгілі бір түрде уақытша пайдалану құқығын беру шарты.

Патентті сенімді өкілдер – жеке және заңды тұлғалардың Қазпатент алдындағы өкілдеріне заңдарға сәйкес құқық берілген азаматтар.

Патентке қабілеттілік жағдайлары - өнеркәсіптік меншік объектілеріне құқықтық қорғауды берудің осы Заңда көзделген жағдайлары.

Патенттік қорғау келесі аспектілерімен сипатталады:


  • қорғалатын объектілердің шектеулі шеңбері;

  • патенттік құқықтар пайда болуының ерекше тәртібі; патент иесіне құқықтар кешенінің және объектіні пайдалануға айрықша құқықтың берілуі;

Патент құқығының объектілеріне қатынастарды Конститутциямен бірге, Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексі де реттейді.

Қазақстан Республикасының Патент Заңы 1999 жылдың 16 шілдесінде қабылданады.Патент Заңы сегіз тарау құрайды. Осыған қосымша ретінде 38 баптан тұратын Қазақстан Республикасының Патент Заңы кешенді нормативтік – құқықтан тұрады.

Патент жүйесіне заңнамалық өзгерістер енгізуге байланысты және Республика аумағында өнеркәсіптік меншік саласындағы қатынастарды реттейтін төрт маңызды халықаралық конвенция әрекет етеді. Олар: Париж конвенциясы, Мадрид келісімі, Бүкіләлемдік меншік қорғау ұйымы конвенциясы, Патент кооперациясы туралы келісімшарт.

Атап өтілген конвенциялар қазақстандық интеллектуалдық меншік жөніндегі заңнаманы қалыптастыруға және дамытуға елеулі ықпал етті, өйткені бұл конвенциялар көптеген елдердегі осыған ұқсас жүйелерді дамытуға қажетті халықаралық параметлер мен шоғырландырылған ұлттық тәжірибені жинақтаған.

Айта кету керек барлық елде патент ведомствосы деп аталатын патент жүйесін құрайтын мекеме аса маңызды мамандандырылған ұйым болып табылады. Біздің Республикамыздың Президентінің 1992 жылғы 18 маусымдағы Жарлығына сәйкес Қазақстан Республикасы Министрлер кабинеті жанына ұлттық патент ведомствосы, қысқаша Қазпатент құрылды.

Бұл бастаулар біздің мемлектіміздің оң қадамдары болып, өз экономикамызды одан әрі дамытуға, үлкен белестерге шығуға бірталай көмек береді деген үмітпен жасалынып отырған бастамалар болып табылады.

1. Патенттеуге қажетті сөздердің аудармасын жазыңыз:

заң - закон

өнеркәсіп–

меншік -

техникалық –

шешім–


жеке және заңды тұлғалар –

патенттік қорғау -

сипаттау -

Республика аумағында -



2. Төмендегі сөздер мен сөз тіркестерін орыс тіліне аударыңыз.

Патенттелген өнеркәсіп меншік объектілері, Патенттеу мақсаты, негізгі қызметі , Лицензиялық шарт, Патентті сенімді өкілдер, Патентке қабілеттілік жағдайлары, Қазақстан Республикасының Патент Заңы.


3. Мәтінді оқыңыз, аударыңыз.
Болатты пештен тыс вакуумдеу қондырғысына арналған отқатөзімділер.

Болатты пештен тыс вакуумдеу қондырғыларын шегендеуге қолданатын арнаулы отқатөзімділер вакуумде булануға тұрақты, жоғары температурада көлемі тұрақты, балқыған металл мен қождың және көміртекті газдардың химиялық әсеріне төзімді болуы керек.

Өңделетін болат түріне, қолданатын отқатөзімділер сапасына қарай шегеннің әр бөлігінің қызмет атқару мерзімі әрқилы болады. Камераның жоғарғы бөлігі мен қақпағының шегені 120 дан 1500 балқыма өңдеуге, қабырғасының төменгі бөлігі мен едені 50 ден 200 балқымаға дейін, жеңшелері 30 дан 100 балқымаға дейін өңдеуге жарайды.

Вакуум–камераларды шегендеуге лайық отқатөзімділер MgO– Cr2O3–Al2O3 жүйесіндегілер екені анықталған.

Бұларға корундтылар, балқыған түйірлер негізіндегі бадделеиттілер, периклаз–хромиттілер, магнезиттілер және периклазшпинельділер (МеСТ 10888–76) кіреді.

4. Сұрақтарға жауап беріңіз.

1. шегендеуге қолданатын арнаулы отқатөзімділер не үшін қолданады?

2. камераның жоғарғы бөлігі мен қақпағының шегені неше рет балқыманы өңдеуге дейін жарайды?

3. қабырғасының төменгі бөлігі мен едені неше рет балқыманы өңдеуге дейін жарайды?

4. жеңшелері неше рет балқыманы өңдеуге дейін жарайды.

5. Вакуум–камераларды шегендеуге лайық отқатөзімділерді атаңыз?



1- жаттығу.Сөйлемдерді аяқтаңыз.

Студенттер емтиханды жақсы тапсырды, өйткені ... . Кешке жақын біз көп қыдырмаймыз, өйткені ... . Жазда мен демалысқа шығамын, өйткені ... . Ешкім үндемеді, өйткені … . Биыл астық аз болды, себебі … . Біз сыйлық сатып алған жоқпыз, сондықтан ... .



2-жаттығу.Төменде көрсетілген сондықтан, сол себептен, бірақ деген шылауларды пайдалана отырып, жай сөйлемдерден құрмалас сөйлемдер құрастырыңыз.

1. Мәжілісте негізгі баяндаманы әкімнің бірінші орынбасары жасауы керек еді. Ол шұғыл жағдайға байланысты басқа қалаға ұшып кетті.

2. Шетелдермен қарым-қатынас нығайып барады. Шетел тілдерін, әсіресе, ағылшын тілін жетік меңгеру қажет.

3. Ертең күн салқын болады. Жылы киін.

4. Жоғары оқу орындарына бюджеттен берілетін қаржы шектеулі. Университет ақылы түрде студенттерді қабылдауға мәжбүр.

5. Бұл өнімге сұраным төмендеп кетті. Нарық сұранымын анықтап, басқа тауар шығару керек.

6. Біз жексенбіде Медеуге барып демаламыз деп келіскенбіз. Жексенбі күні таңертеңнен бастап жаңбыр жауды.
3-жаттығу. Берілген сөздерден себеп-салдар салалас құрмалас сөйлем құраңыз.

А) театр, жаңбыр, достар, автобус.

Ә) сабақ, мұғалім, кеш.

Б) суық, ауа райы, көктем, қар.


4-жаттығу.Берілген жай сөйлемдерді мағыналарына қарай топтастырып, талғаулы салалас етіп құрастырыңыздар.

1. Қасқырлар шанадан жұлып алып қалды ма? 2. Шанадан өзі құлады ма? 3. Жасыл шөп ала алмадым. 4. Сұр шөп ала алмадым. 5. Кедергі болар тас жоқ. 6. Жарақат та жоқ. 9. Шөп жоқ. 10. Қамыс жоқ. 13. Қасқырлар оқ тиіп жаралаған аңды алып жейді екен. 14. Адамнан қашқан аңның жолын тосады екен.



5-жаттығу. Көп нүктенің орнына ыңғайына қарай жай сөйлем ойлап тауып, себеп-салдар салаласқа айналдырып жазыңыздар.


    1. Ол ауданға жетуге асықты, өйткені ... . 2. ... , себебі ауыл онша алып емес еді. 3. Қойға енді біз иеміз, сондықтан ... . 4. Одан әрі олар сөйлескен жоқ: ... . 5. ... , жаңа туған баланың атын Сәтжан қойды. 6. ... өйткені көптен көрмеген Нариманға жолығады. 7. ... , сондықтан шаршап келе жатқан Жанай қуанып кетті. (С. Бегалин.)



XIVсабақ. Арнайы техникалық фразеологизмдер

Арнайы техникалық фрезологизмдер. Кәсіби қазақ тіліндегі стильдік ерекшелік. Кәсіби терминдерді қолдану аясына қарай дұрыс айту нормалары. Мамандық бойынша фразеологизмдер ерекшеліктері.



Фразеологизмдер халықтың тұрмыс-тіршілігінің, салт-санасының, дүниетанымының айнасы болып табылады, олар-тақырыптық және семантикалық тұрғыда көп аспектілі, ойлау мен танымның ерекше бейнелі, эмоционалды-экспрессивтік реңкке ие және тіл қабаттарының ішіндегі құрылымдық типтері мен синтаксистік модельдері қалыптасқан тілдік бірліктер. Фразеологизмдер сөйлем ішінде қолданылғанда стильдік ерекшелікті, эмоциялық реңкті айқын көрсетуге қызмет етеді. Мысалы, қуанды деген сөз бен екі езуі екі құлағына жетті фразеологизмінің, қорықты деген сөз бен жүрегі тас төбесіне шықты

Оқу үдерісі барысында студенттің танымдық әрекетін белсендіру, жағымды эмоцияларын жетілдіруге айрықша ықпал ететін тілдік құрал – фразеологизм.

Фразеологизмдерді оқыту барысында студенттердің сөздік қорын, тіл байлығын, сөздікпен жұмыс жасау тәсілдерін меңгеруі фразеологияның түрлері мен оның құрамын саналы түсінуіне, сөздік қордағы фразеологизмдерді күнделікті қарым-қатынаста жұмсауға дағдылануға әсер етіп, пәнге деген оқу мотивацияларын арттыру болып табылады.

Мақал-мәтел коммуникативтік фразеологизмдердің мәнмәтінде қолданысындағы әр түрлі ерекшеліктер төмендегідей сипатта болып келеді. Мақал-мәтелдер ауыс мағынада я ішкі астармен қолданылғанымен, құрамындағы сөздері өздерінің негізгі лексикалық мағыналарынан айырылмайды. Осыған сүйеніп олардағы ішкі астарды ескермеуге болмайды. Мақал-мәтел коммуникативтік фразеологизмдер мәнмәтінде жеке қолданылғанда да олардың ішкі астары байқалып тұрады, ол семантикалық қасиет мәнмәтіндегі өзге сөйлемдердің семантикасымен байланысында өте-мөте анық аңғарылады. Сол себепті де мақал-мәтелдер тілде әр түрлі тәсілде қолданылады. Оларды тұлғалық өзгерістерге ұшыратпай, өз қалпында қолдану арқылы эмоционалды-экспрессивті мәнді білдіру жиі кездеседі. Мысалы: Уәде-сөз. Айтылды-кетті. Алтын көрсе періште жолдан таяр. Жомарттың да тайғаны ғой. Қалайылаған қасты орданың сырығы.–аса қадірлі, қымбатты, ел-жұрты бағалаған азамат. Бұл фразеологизм білдіретін мағынасы жағынан алтын ердің қасы еді. Зергерлер тілінде материалдардың сапасына, өңделуіне байланысты көпшілік біле бермейтін көптеген атаулар пайда болған. Мәселен, бір ғана алтынның «таза алтын» деген ұғымда ши алтын, шым алтын, шымқай алтын, шора алтын, ұрғашы алтын, қарқ алтын, айырған алтын, сап алтын, сары алтын, қызыл алтын, тайтұяқ алтын, құйма алтын тәрізді 20-астам атауы, ал күмістің әртүрлі сапа-белгісін білдіретін жамбы, ақ жамбы, асық жамбы, жал күміс, балшабай күміс, нақыра күміс, құйма күміс, ұрғашы күміс (таза күміс) т.б. тәрізді 10 – нан астам атауы кездеседі. Алтынның сынығы – жақсы адамның ұрпағы, жақсының көзі, ат басындай алтын – көлемді, үлкен алтын, олжа; алтын дегенім мыс болды, күміс дегенім жез болды – ойдағыдай болмай шықты, алтыннан ардақты, күмістен салмақты – аса қадірлі, қымбатты (адамға байланысты).

Бір топ фразеологизмдер әшекей бұйымдар атауларының қатысуымен пайда болған: айдан алқа, жұлдыздан жүзік іздеме – қол жетпеске босқа әуре болма; алтын бергек, асыл діңгек – сүйеніш, тірек, қамқоршы адам; Жұмыста зергерлердің құрал-саймандары мен металл т.б. өңдеу атауларының қатысуы негізінде бірсыпыра тұрақты тіркестер қалыптасқандығы қарастырылады: қорғасындай балқыды — әбден ұйыды, есіл-дерті қалмады, нақышына келтірді –безендірді, сәндеді; тезге салды – тәртіпке шақырды (тез деп үйшілер мен зергерлердің ағашты белгілі бір формаға келтіруге арналған құралы); шот маңдай – қабағы тік, еңкіш адам туралы айтылады; азу тісі балғадай – тістері ірі, мықты; сүйегін жасытты –сағын сындырды (жасыту деп металды отқа қыздырып жұмсартуды айтады),қалпына келді – бұрынғы күйіне түсті. Зергерлер қалыпты күйдірілген саз балшық, темір, сүйек, шойын, тас тәрізді материалдардан бір үлгіде өздері дайындап алады. Тілімізде қолданылып жүрген бір қалыпқа құйғандай, бір қалыпта, бір қалыптан таймады, қалпына түсті т.б. зергерлердің осындай құралына байланысты қалыптасқан.



Темір өңдеумен (ұсталық өнерге) байланысты қалыптасқан фразеологизмдер. Қазақ қолөнерінің белгілі бір түрімен немесе бірнеше түрімен қатар айналысқан шеберлерді ұста деп атай берген. Ұсталар, негізінде, ағашпен, темірмен, ішінара таспен жұмыс істеген. Соған байланысты ел ішінде оларды ағаш ұстасы, темір ұстасы деп атаған. Темір өңдеп, зат жасайтын шеберлерді қара ұста, ал, алтын-күміспен, асыл тастармен жұмыс істейтін шеберлерді ақ ұста деп ажыратып айту да болған.

Ұсталық кәсібіне байланысты атаулардың қатысуымен қалыптасқан фразеологизмдер: Дем берді – демеді, сүйемелдеді (дем беру – ұсталық кәсібінде көріктің аузына дем беру, отты үрлеу); дүкен құрды - әңгімелесті (дүкен — шеберхана) т.б.



Мысы басты – біреуден қаймықты, тайсалды (мыс — металл) суын тапты – бабын тапты, көңілдегідей етті (кәсіби лексикадасуын табу – металды шоқта қыздырып, суға салып шыжғырып, таптап шынықтыру); темірді қызуында соқ — әр нәрсені өз уақытында істе т.б.

«Кәсіби фразеологизмдер уәжділігінің этнотанымдық мәні» .

Формасына байланысты уәжделген фразеологизмдер. Табиғаттағы заттар мен жасанды заттар да бір-бірінен формасы арқылы ажыратылады. Адам танымының осы бір ерекшелігі қолөнеріне байланысты қалыптасқан фразеологизмде айқын байқалады. Олардың басым көпшілігі адамды сипаттауға қолданылады. Мысалы: айбалтаның сабындай – жұп-жұмыр, әдемі білекті.  Шелек ертеде бақырдан (мыстан) жасалған. Шелектің бақыр аталуының өзі оның материалына байланысты шыққан. Бұл фраза басы бақырдай түрінде де жұмсалады.  Бір қалыпқа соққандай //Бір қалыптан шыққандай – бір-бірінен айнымайды, ұқсас. Қалып – затты белгілі бір формада дайындайтын құрал. Оның қорғасыннан жасалған құйма қалып, темір шыбықтарынан басына ою, бедер салып жасаған соқпа қалып деген түрлері бір үлгі – пішінмен көптеген бұйымдарды жасауға пайдаланылады. Оймақ ауыз – кішкентай ғана дөңгелек ауыз. Бұл тіркес – қазақ ұғымындағы сұлулық өлшемдерінің бірі.

Сымға тартқандай – нәзік, жіңішке; түзу. Халық ауыз әдебиетінде бұл фразеологизм қыз-келіншектердің сұлулығын бейнелеу үшін жиі қолданылған. «Түзу, жіңішке әрі әдемі» мағынасында сымға тартқан күмістей формасында кездеседі. – Сымға тартқан күмістей Он саусақтың саласы («Қыз Жібек», 1977, 32-б.). Сым сөзі бұрын екі түрлі мағынаны білдірген: 1. алтынды, күмісті жіңішкертіп созатын қалып; 2. қалыптан шыққан жіңішке металл (алтын, күміс, жез) жіп, талшық. Атаудың бұл мағыналары ауыз әдебиеті үлгілерінде молынан сақталған және осындай сымның нәзік болатыны себепті ол сұлулықты бейнелеуге қызмет етеді: — Белі нәзік талып тұр, тартқан сымнан жіңішке, үзіліп кетпей неғып тұр (Қазақ эпосы, 1957, 24-б.).
1. Берілген фразеологизмді оқып, жаттап алыңыз, аударыңыз. Мән мағынасын түсіндіріңіз.

Алтын дегенім мыс болды, күміс дегенім жез болды; Сымға тартқандай; Бір қалыпқа соққандай; темірді қызуында соқ; айбалтаның сабындай ; Дем берді; Алтынның сынығы; алтыннан ардақты, күмістен салмақты; Алтын көрсе періште жолдан таяр.
2. Мәтінді оқыңыз, аударыңыз.
Болатты үздіксіз құюдың технологиялық негіздері

Қорамсауытқа құюдың басты кемшілігі – 12–35% металл шығынға кетеді. Онымен қоса, мұндағы құймакесектің құрылымы мен қасиеттері әр тұсында әркелкі болып келеді. Әдетте, құймакесектің бас жағында және орта тұстарында газ және шөгу қуыстары мен кеуектері, көміртегі мен күкірт ликвациясы орын алады. Қатаю кезіндегі құймакесектің ортасы мен шет жағындағы суыну жылдамдықтарының алшақтығы, және оны ретке келтіру мүмкіндігінің жоқтығы құрылым мен қасиеттерінің әркелкі болуына әкеліп тұрады.

Үздіксіз құю әдісі – металлургиядағы ең алдыңғы қатарлы технологиялық үрдістердің бірі деп танылған. Оның артықшылықтары:


  1. дайын өнімнің 1 тоннасына кететін металл шығынының құймакесектің бас жағы мен түбін кескенде болатын 12–35% шығынмен салыстырғанда 3–5%–ға дейін азаюы;

  2. кристалдық құрылымы мен технологиялық қасиеттерінің дайындаманың ұзын бойында біркелкі болуы;

  3. су бүркіп суытылатындықтан дайындама сапасының жоғары болуы;

  4. механизациялау және автоматтандыруды кеңінен қолдануға мүмкіндіктер көптігі;

  5. үздіксіз құю мен дайындаманы илемдеу әдістерін бірге орындау мүмкіншілігі.

Осыларға қоса, үздіксіз үрдіс болғандықтан бұл әдістің өнімділігі ең жоғары деңгейде екенін еске салу керек. Қазіргі уақытта дүние жүзінде өндірілетін болаттың 83% –ын, ал дамыған капиталистік елдерде 97% –ына дейін үздіксіз құю әдісімен алады.


  1. Мына сөйлемдерді қазақ тіліне аударыңыз.

Конструкционными называются стали, применяемые для изготовления деталей машин, конструкций и сооружений. Стали, применяемые в конструкциях и сооружениях, называются строительными. Четкой границы по химическому составу между строительной и машиностроительными сталями нет. Конструкционными могут быть как углеродистые, так и легированные стали. Содержание углерода в этой группе не превышает 0.6 %. Конструкционные углеродистые стали разделяют так же по назначению, технологическим признакам. Мәтінді қазақ тіліне аударыңыз.
2-жаттығу.Қазақ тіліне аударыңыз

1. Республика Казахстан является одним из ведущих производителей руд цветных и редких металлов, а также многих других ценных полезных ископаемых. В этой рес­публике планомерно осуществляется программа даль­нейшего наращивания сырьевого обеспечения быстро развивающейся горнодобывающей промышленности. Мәтінді қазақ тіліне аударыңыз.



Берілген жаттығулар арқылы студенттердің ой-өрістері, сөйлеу дағдылары, сөйлесім әрекеттері, тілдің танымдық, қатысымдық қасиеттерін тереңдету, сөйлеу мәдениеттеріне көп ықпал етері сөзсіз.
3-жаттығу. Берілген сөздердің синонимдік қатарын табыңыз.
Ойламаған жерден-аяқ астынан

Орақ ауызды –

Түн жамылды –

Топ жарды –

Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйіні бар –

Оң мен солын айырды –

Төс қағысты –

Жапан дала –

Шашбауын көтерді - т.б.
4-жаттығу. Берілген омоним фразеологизмдердің мағыналарын ашыңыз.

Өре түрегелді - 1. аяғынан тік тұрды, ұшып тұрды. 2. қарсы тұрды.

Өркен жайды –

Ойы бұзылды –

Лақ еткізді –

Ит пен қүсқа жем болды –

Көрге кірді –

Жүзіктің көзінен өткендей –

5-жаттығу. «Әдемі» (ай десе аузы бар, күн десе көзі бар, туған айдай, үріп ауызға салғандай т.б.), «Қорықты» сөзінің синоним фразеологизмін табыңыз.

6-жаттығу. Көп мағыналы фразеологизмдерді мағынасына қарай топтастыру.

Айтқанына көнбеді –

Аузын ашты –

Таң қалды –

Дәм тәтті –

Мұз балақ –

Ақиық –

Ауыз тиді - т.б.
7-жаттығу. Фразеологиялық варианттардың нұсқасын тапқызу.

Пешенесіне жазылған - бешенесіне жазылған

Ашуына тиді –

Тыныс алды –

Аспанмен таласқан –

Ат кекілін кесті –

Кек алды –

Маңдайының соры бес елі –

Ай дейтін ажа, қой дейтін қожа жоқ т.б
XVсабақ. Іскери тіл: өтініш түрлері, өмірбаян, түйіндеме, жеке іс парағы, қызметтік хаттар.

Кәсіби тілдегі техникалық құжаттамалар түрі. Қазақ тіліндегі кәсіби жиі қолданылатын құжаттар. Құжат түріне қарай оларды құрастыру шарттары мен ерекшеліктері. Кәсіби құжаттарға қойылатын талаптар

Қазақ тіліндегі ресми іс қағаздары, Жеке адам өміріне қатысты құжаттар.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет