14-СОӨЖ тақырыбы: Стиль түрлерінде сөзді қолдану ерекшеліктері.
Тапсырмалар: Баяндама дайындау.
Есеп беру түрі: Баяндамаларын оқу.
СӨЖ тапсырмалары: Сөздің сұлулығы, көркемдігі. Жарнама тілі, тілге енген жаңа сөздер, жаңаша тіркестер.
Есеп беру түрі: реферат жазу.
Әдебиеттер (негізгі, қосымша):
1. Балақаев М., Жанпейісов Е., Томанов М., Манасбаев Б.. Қазақ тілінің стилистикасы. А., 2005.
2. Кожина М.Н. Стилистика русского языка. М., 1993.
3. Стилистика русского языка. Учебное пособие для студентов пединститутов. (В.Д. Бондалетов и др.) Л., 1989.
4. Әлкебаева Д.А. Қазақ тілінің прагмастилистикасы. – Алматы: Зият-Пресс, 2007.
5. Серғалиев М. Синтаксис және стилистика. А., 1997.
6. Серғалиев М. Синтаксистік синонимдер. А., 1981.
7. Шалабай Б. Көркем әдебиет стилистикасы. А., 2000.
8. Одинцов В.В. Стилистика текста. М., 2006.
9. Хасанова С., Жексембаева Ғ. Қазақ тілінің стилистикасы (жаттығулар жинағы) А.,1999.
10. Мұсабекова Ф. Қазақ тіліндегі зат есім стилистикасы. А., 1976.
11. Уәлиев Н. Сөз мәдениеті. А., 1984.
12. Шалабай Б. Көркем әдебиет стилистикасы. А., 2000.
Он бесінші апта
№15 дәрістің тақырыбы: Сөз мәдениеті және тілдік қарым қатынастағы стильдік қолданыс
Қарастырылатын мәселелер:
1. Тілдік қарым қатынастағы стилистика орны.
2. Әлеуметтік тұрмыстық қатынастағы сөз әдебінің стилистикаға қатысы.
Терминдер мен анықтамалар
Көлемдік-прагматикалық мүшелену – бөліктердің көлемін, оқырманның назар аударуын ескере отырып мәтінді бөлшектеу: том, кітап, бөлім, тарау, тарауша (араб сандарымен көрсетіледі), бөлектеу (бірнеше жол қалдырылып барып жазылады), абзац, күрделі фразалық тұтасым.
Дәрістің топтама-тәсімі ( тірек конспектісі немесе тезистер)
Ф.Ш. Оразбаева тілдік қатынас туралы былай деп жазады: «Тілдік қатынаста қатысымдық тұлғалар – сөз, сөйлем, мәтін ерекше рөл атқарады. Хабарды жеткізу жолында тіл басты құрал болып саналады. Сөзді қатысым құбылысына қатысты қарастырғанда, негізінен оның сөйлеу мен сөйлесуге байланысты ерекшеліктеріне назар аударуға тура келеді. Сөздің сөйлеу процесіндегі орны мен қызметі көптеген лингвистердің назарына ілікті. Демек, сөз жеке тұрғанда – тілдік тұлға да, сөйлем құрамында, тексте қолданылғанда қатысымдық тұлға болып саналады. Тілдік қатынастың орындалуына қатысушылар: баяншы, қатысымдық тұлғалар, қабылдаушы. Тілдік қатынастың негізгі мазмұны, мәні, мағынасы – хабарды іс жүзіне асырушылар, хабарға тікелей қатысушылар болып табылады.
Н. Уәлидің көрсетуінше, тілдік қатынас өз ішінен әлеуметтік-тұрмыстық қатынас және ресми-іскерлік қатынас деп екіге бөлінеді. Әлеуметтік-тұрмыстық қатынастың мазмұны мынадай, яғни сипаты: бейресми, орны: үй іші, көрші, ағайын т.б., жағдаяты: еркін түрде, мақсаты: тілдесу. Ал ресми-іскерлік қатынастың мазмұны мынадай: сипаты: ресми, орны: мекеме, кәсіпорын т.б., жағдаяты: еркін емес, мақсаты: хабарлау.
№15 практикалық сабақтың тақырыбы: Сөз мәдениеті және тілдік қарым қатынастағы стильдік ерекшелік
Тапсырмалар:
1. Тілдік қарым қатынас туралы түсінік.
2. Әлеуметтік тұрмыстық қатынастағы сөз әдебі.
3. Қаратпа сөз әдебі.
4. Ресми іскерлік қатынас және сөз әдебі.
5. Ресми іскерлік қатынас тілінің жазбаша және ауызша түрі.
Достарыңызбен бөлісу: |