Бағдарламасы syllabus семестр 5 оқу аптасынан және сессия аптасынан тұрады. Пәннің көлемі кредитті құрайды



бет10/33
Дата21.10.2022
өлшемі0.54 Mb.
#463100
түріБағдарламасы
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   33
Түркі тілдерінің салыстырмалы грамматикасы, Қ.Ғ.Аронов

4-СОӨЖ тақырыбы: 1) дауысты дыбыстар жүйесі
2) жуан-жіңішкелік дауыстылар
3) езу, ерін дауыстылар
Тапсырмалар: зерттеу материалдарын жинастыру.
Есеп беру түрі: жекелей келіп, оқытушыға білімдерін дәлелдеу.
СӨЖ тапсырмалары: Қырғыз, алтай, тува, хакас, қазақ тілдеріндегі дауысты дыбыстардың ерекшеліктері, ұқсастықтары.
Есеп беру түрі:қысқаша хабарламалар дайындау, оқытушының электронды поштасына салу, тексеру.
Әдебиеттер (негізгі, қосымша):
1. Томанов М. Түркі тілдерінің салыстырмалы грамматикасы. Алматы, 1992
2. Серебренников Б.А., Гаджиева Н.З. Сравнительно-историческая грамматика тюркских языков. М., 1986
3. Нұрмаханова Ә. Түркі тілдерінің салыстырмалы грамматикасы. Алматы, 1971
4. Қайдаров Ә., М.Оразов. Түркология кіріспе. Алматы., 1985
5.Сыздықова Р. Қазақ әдеби тілінің тарихы.Алматы., 1994
6. Жұбанов Қ. Қазақ тілі жөніндегі зерттеулер. Алматы, 1999
Бесінші апта
5 дәрістің тақырыбы: Созылыңқы дауыстылар жүйесі
Қарастырылатын мәселелер:
1.Түркі тілдерінің созылыңқы дауыстылар жүйесі
2. Созылыңқы дауыстылардың түркі тілдеріндегі зерттелуі
3. Созылыңқы дауыстылардың қазақ тіліндегі көрінісі
Терминдер мен анықтамалар.
Интонация – сөз бен сөйлеудің ритмика-мелодикалық бейнесі, ол – сөйлемдегі синтаксистік мағына мен эмоционалды-экспрессивті бояуды білдіруші құрал.
Фраза – сөйлеу тасқынындағы паузамен ажыратылатын, мағына жағынан аяқталатын дербес сөздік бірлік, интонациялық бірлік.
Логикалық екпін – сөйлем құрамындағы бір сөздің маңызы мен мәнін күшейту мақсатымен айрықша бөліп айту.
Дәріс тезистері.
Дауысты дыбыстарды жіктеудің жоғарыда аталған принциптері,бұдан бұрын аталғандай түркі тілдерінің барлығына дерлік тән құбылыстар. Сондықтан барлық тілдерге тән құбылыстардың жеке тілдердегі ауытқулары қажет етеді. Жеке тілдердегі бинарлық топтар арасындағы сәйкестіктердің сақталуы бірде экстраленгвистикалық себептерге байланысып жатса, бірде субетраттық ерекшеліктерімен және тілдің ішкі заңдылығымен ұштасып жатады. Сонымен бірге, дауыстыларды барлық түркі тілдеріне емес, жеке тілдерге ғана тән болып келетін сапалық топтар бар. Олар негізінен дыбыстардың жасалу процесінде дыбыстардың мөлшеріне негізделген. Сондықтан оларды дауысты дыбыстардың өлшемдік жіктелуі деп те қарауға болар еді. Сондай топтардың бірі – созылыңқы дауыстылар. Созылыңқы дауыстылардың жіктелуі әдеттегідей дыбыстылармен салыстыра қарағанда мүмкін екендігі белгілі.Соңғы топ түркі тілдерінің барлығында бар.Ал, созылыңқы дауыстылар немесе дауыстылардыңсозылыңқы айтылыуы барлық тілдерде емес, алтай,қырғыз,гагауз, түркімен,тува, хакас, шор, якут, тілдерде ғана бар.Осы аталған тілдерде дауыстылардың созылыңқы немесе әдеттегідей дыбысталуы фонемалық дәрежеге жеткен. Сондықтан ол тілдердің фонетикалық жүйесі жайлы сөз болғанда, созылыңқы дауыстыларға тоқтамай кету мүмкін емес. Ең алдымен, түркі тілдерінің көне дәуірлеріне түркі негіз тілінде дауыстылардың созылыңқы дыбысталуы болған ба? – дейтін мәселеге тоқталу қажет. Түркологияда бұл мәселе туралы әр түрлі көзқарас айтылады. Зерттеушілердің бір тобы түркі негіз тілінде бар деп қараса, екіншілер созылыңқы дауыстылар жеке тілдердің даму процесінде қалыптасқан
5 практикалық сабақтың тақырыбы: Созылыңқы дауыстылар жүйесі
Тапсырмалар:
1. Түркі тілдерінің созылыңқы дауыстылар жүйесі
2. Созылыңқы дауыстылардың түркі тілдеріндегі зерттелуі
3. Созылыңқы дауыстылардың қазақ тіліндегі көрінісі


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   33




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет