4. Синтаксистік құрылыс бойынша:
а) сөздер арасындағы синтаксистік қатынас көбіне олардың орналасу тәртібі арқылы беріледі. Синтетикалық тәсілдер арқылы синтаксистік қатынастардың берілу аумағы орын тәртібіне қарағанда әлдеқайда тар;
ә) сөз тіркесі құрамында болсын бағынышты мүшелер бірінші/алдыңғы орында тұрады: анықтауыш анықталушының алдында, толықтауыш пен пысықтауыш, сондай-ақ, бастауыш та баяндауыштың алдында жұмсалады.
б) сын есім, сан есімдер анықтауыш қызметінде зат есім анықталушымен ешбір қосымшасыз қабыса байланысады (алтын қасық, темір күрек, ағаш үстел);
в) сұрау мәнді сөйлемдер сұраулық шылаулармен айтылады;
г) толықтауышқа логикалық екпін түсіру үшін оны табыс септіктің ашық түрінде айтып, сөйлемнің басқы позициясына шығарады;
д) халық тілдерінде түсіндірмелі (относительное) есімдіктер жоқ, сондықтан олар арқылы қалыптасатын сабақтас я салалас түсіндірмелі (құрмалас) сөйлемдер де жоқ.
Әдеби тілде (жазба) ондай сөйлемдердің орнына сөйлемге ұқсас конструкциялар – сөз тіркестері қолданылады.
Түркітанушылар зерттеулерінің қорытындылары бойынша анықталған түркі тілдерінің сөздеріне ғана тән, оларды басқа тілдерден ерекшелейтін өзгешеліктер осылар.
Фонетикалық құрылымында:
Сегіз-тоғыз дауыстының болуы, олардың ішінде ы, и, і (у, ұ, ү) қысаң дауыстыларының өзіндік нақышы болады;
ағ > ау, ег > ий, үг > үй т.б. дауысты мен дауыссыздың ежелден белгілі тіркестеріне сәйкестіктің болуы, мысалы: тағ > тау «тау», тег – > тий- «тию, жанасу», ү(ө)грен – > үйрен – «үйрену» т.б.;
Түркі тілдерінің ішінде қыпшақ тілдеріне сөз соңындағы дауыссыздың түсіп қалуы тән. Мысалы, оғыз және қыпшақ тілдеріндегі лексемаларды салыстырыңыз: сулук-сулу – (сұлу) чистый, красивый; серук-серу – тоқыма станогі; табак-таба – (жайпақ/жалпақ табақ); бураук-бурау – (бұраушы/бұрғы), бурав; тipiк-тipi – (тірі).
Сондай-ақ, қыпшақ тілдері морфологиясы мен лексикасына тән кейбір ерекше белгілері бар. Олар оғыз және қарлұқ тілдерінің белгілерімен қарама-қарсы қойылады.
Қыпшақ тілдерінің ноғай, қарақалпақ және қазақ тілдерісияқты тірі тілдерден тұратын қыпшақ-ноғай топшасы Алтын орда мемлекетінің ыдыраған тұсында (дәуірінде) қалыптасты және өзге тілдердің дамуымен байланысты болды.
ХХ ғасырдың 40-жж. бастап жазуы орыс кириллицасына негізделген. 1928-1938 жж. латын алфавиті, содан кейін қайтадан кириллица қолданылған. XIX ғ. жазба ескерткіштері – алтайлық-ойроттарды христиан дініне өткізу кезінде жасалған Библия /Інжіл кітабы мәтіндерінің аудармалары, әулиелердің өмірлері, дұғалар жинақтарының т.б. аудармалары.
Әдеби тілді дамытуда М.В.Чевалков сынды ағартушы-жазушының шығармашылығы үлкен роль атқарды. Қазіргі авторлар: С.Манитов, К.Тёлёсёв, Т.Шинжин, П.Шабатин.
№2 практикалық сабақтың тақырыбы:Түркі тілдерінің классификациясы
Тапсырмалар:
1.Тілдік жіктеулер, топтастырулар жайында мәлімет
2. Батыс ғұн тілі: бұлғар тобы, оғыз тобы, қыпшақ тобы, қарлық тобы.
Әрбір сұраққа қатысты материалдар жинастыру. Оларды қорыту.
Достарыңызбен бөлісу: |