Бағдарламасы Түсіндірме жазба


-тарау. Ересектер тобы (5-6 жастағы балалар)



бет136/188
Дата30.05.2023
өлшемі0.84 Mb.
#474520
түріБағдарламасы
1   ...   132   133   134   135   136   137   138   139   ...   188
үлгілік ОҚУ бағдарламасы 2022 қосымша

4-тарау. Ересектер тобы (5-6 жастағы балалар)
1-параграф. "Денсаулық" білім беру саласы
67. Мақсат: тірек- қимыл аппараты бұзылған мектепке дейінгі жастағы балалардың қозғалыс мүмкіндіктерін түзету және дамыту.
68. Міндеттер:
1) тірек- қимыл аппаратының ақаулы орнатуын түзету (аяқ- қолдың, омыртқаның);
2) жеке бұлшық ет топтарының әлсіздігін (гипотрофия, атрофия) жою;
3) буындардағы қозғалуды жақсарту, түзетуді жасау және алдыналу;
4) бұлшық ет тонусын қалыптандыру (позотоникалық реакцияларды түзету);
5) бұлшық ет- буындық сезімді (кинестезияны) және сипап сезуді жақсарту;
6) қолдың заттық- манипулятивті қызметін дамыту;
7) қол мен аяқтың түрлі сүйеніш реакцияларын қалыптастыру; жалпы ағзаның және оның жеке бөліктерін босаңсыту;
8) дұрыс мүсінді қалыптастыру;
9) дұрыс емес қалып пен жағдайды тежеу және жою.
2-параграф. 1-жартыжылдық
69. Құрлықтағы емдік дене тәрбиесі:
1) алақанды жоғарыға бұрған кезде, иық алдын бір-біріне жақындатпай, білек буындарында қолды тіктеу, саусақтарды ашық күйде қалдыру;
2) тізені толығымен қолмен ұстауға үйрету;
3) шапалақтауда екі қолдың бірдей қатысуын қалыптастыру. Гемипарезде тәрбиеші зақымдалған қолмен қозғалыстарды орындауға көмектеседі;
4) БЦСА бар балаларды қолмен тізелерін ұстауға үйрету мақсатында, кеуде мен аяқ қозғалысын дамыту;
5) алға- артқа қолды сермеуді, кеуде алдында қолмен айналдыру қозғалыстарын (бір қол екіншісінің айналасында айналады), қолды жан- жаққа сермеу, төменге түсіре алуын қалыптастыру;
6) отыру қалпынла, бөксе сыртқы бұрылыс кезінде (сыртқы ротация) (құмы бар қапшықпен фиксациялау) қалыпты қабылдай алуға үйрету;
7) кезекпен өзіне қарай аяқты тарту білігін қалыптастыру, қажет жағдайда екінші аяқтты құмы бар қапшықпен бекітеді.
70. Негізгі қозғалыстар: жүру, жүгіру, секірулер, лақтыру, қағып алу, еңбектеу, өрмелеу, тепе-теңдік, қайта сапқа тұру.
71. Жүру.
1) дұрыс және үнемді қозғалыстарды;
2) жүріс кезінде басын түсірмеу және артқа шалқаймау, төменге аяққа қарамау, аяғын көтеріп жүру, еденде сүйретпеу, алға қарауын қалыптастыру. Бұл үшін сызықтарды, кубиктар аттаумен арнайы жаттығулар қолданылады;
3) жүріс кезінде қолды еркін қозғаалтуға үйрету;
4) бағанда жалғыз; аяқ ұшымен, өкшемен; бүгілген тізені жоғарыға көтеріп; заттарды аттап өтумен; әр түрлі темпте; қол қалпын өзгертіп; ересектің белгісі бойынша тоқтаумен; қозғалыс бағытын өзгертіп; бет- бетімен; заттар арасымен; алға аяқ кезектескен қадаммен жүру;
5) кезектесуде қайталанатын жүру және жүгіру.
72. Жүгіру:
1) кеуде мен бас қалпын (иықтар аздап алға, бас омыртқамен бір сызық бойында);
2) қол мен аяқ қозғалысының үйлесімділігін (қолды кеудеге жабыстырмау), кеңістікте бағдарлануын өзіндік бақылауын қалыптастыру;
3) бет-бетімен, жұппен, бағанда біреуден, заттарды аттаумен, кедергілерді аттаумен, табиғи жағдайдағы кедергілерді аттаумен, бір сызықта қойылған заттардан "жылан" секілді, әр түрлі жылдамдықпен - баяу, жылдам,орташа темпте үздіксіз 1,5-2 минут жүгіру.
73. Секіру:
1) әр түрлі ойын тәсілдерін және баланың жеке ерекшеліктерін ескере отырып нұсқаушы үлгісі бойынша салу сипатындағы жаттығуларды қолдана отырып, ұзындыққа секіруге үйрету;
2) орында секіру, 3 метр арақашықтыққа алға жылжумен, заттар арасынан екі аяқпен арақашықтық 4 м, заттар арасынан оң және сол аяқпен кезектестіріп, биіктікке орнынан секіру (ТҚАБ балалар үшін);
3) жіптер, сызықтардан аттап секіру, биіктіктен секіру (жерге түскенде аяқ тізеде бүгілген, табандар параллель, тепе- теңдік сақтау), жоғарыға секіру (ТҚАБ балалар үшін).
74. Лақтыру, қағып алу:
1) құрамның сапалы қалыптасуы: траектория, күш, тепе- теңдік;
2) саусақтар мен білектердің дұрыс қалпына назар аудара отырып, әр түрлі өлшем және формадағы заттарды алу, оларды ұстай алу және екі және бір қолмен;
3) әр түрлі өлшемдегі доптарды қолдана отырып алып жүру білігін бекіту: үлкен доптарды - екі қолмен қармау, кішкентайларын — біреуімен;
4) оң және сол қолмен кезектесіп допты жоғарыға;
5) оң және сол қолмен кезектесіп жерге лақтыру;
6) екі қолмен және кезекпен оң және сол қолмен бінеше рет қатарынан қағып алу (мөлшері диагнозға байланысты);
7) бір қолынан екінші қолына лақтыру;
8) шапалақпен лақтыру және қағып алу;
9) допты бір- біріне лақтыру;
10) тордан допты лақтыру;
11) қабырғаға допты лақтыру және оны қағып алу;
12) алысқа лақтыру; көлденең нысанға допты лақтыру;
13) допты сақинаға лақтыру;
14) допты бір қолмен еденге ұрып жүру;
15) допты заттар арасынан алып жүру, қақпаға оң және сол қолмен кезектесіп допты кіргізу (зақымдалған қолға жүктеме көп).
75. Еңбектеу, өрмелеу:
1) жіп, доға, орындық астына еңбектеп кіру;
2) белгілі бір темпте еңбектеу, қол мен аяқ қозғалысының автоматизациясы дағдысын қалыптастыру;
3) тіктену сипатындағы қозғалыстармен еңбектейтін жаттығуларды (еңбектеп жету және тұру), тепе- теңдікке тапсырмамен (тақтай бойынша еңбектеу) үйлестіру;
4) қолын еденге тигізбей, тік және бүйірден жіп астына еңбектеп кіру;
5) гимнастикалық орындықта қарынмен еңбектеу;
6) еңіс баспалдаққа гимнастикалық қабырғаға өтумен міну және ьаяқшаларын жібермей одан түсу (ТҚАБ балаларға арналған);
7) доға астына еңбектеп кіру, доға астына қолындағы доппен еңбектеп кіру, құрсау шеңберге кіру, еңбектеп доға астынан, басымен допты итеріп өту, кедергілерден еңбектеп өту және доға астына еңбектеп кіру, топпен, еденге қолын тигізбей, доғаның жоғары жағына тимей оң және сол бүйірмен құрсау шеңберге еңбектеп кіру.
76. Тепе-теңдік:
1) дененің тұрақты қалпын сақтау білігін қалыптастыру;
2) кенеттен тоқтау және жылдам қозғалыс кезінде орында тұра алуы дағдысына үйрету;
3) заттарды аттаумен;
4) шектелген бетпен аяқ ұшымен, кубиктерді аттап, орындықта адымдау;
5) арқаннан бүйірмен, адымдап (өкше арқанда, аяқ ұшы еденде), орындақта алға алдынан немесе арқасынан әр қадамда бір қолынан екінші қолына допты ауыстырумен, кедір-бұдырлы бетте жүру.
77. Сапқа тұру, сапқа қайтадан тұру:
1) үйрету жұппен, шеңбердешеңбер ортасын белгілеумен болады;
2) кеңістіктік түсініктерін қалыптастыру;
3) нұсқаушының көрсеткен бағдарында белгілі бір бағытта жүру дағдысын бекіту;
4) бағанға біреуден, екіден, үштен сапқа тұр;
5) саптан бағанға біреулен, екіден, үштен қайтадан тұру;
6) орнында оңға, солға қозғалыста бұрылу, қолын алға созып бағанда, сапта, шеңберде қолы жан- жаққа созылған түрде түзелу;
7) оңға, солға бұрылу, аттаумен және секірумен айналу.
78. Музыкалық-ырғақтық жаттығулар:
1) музыкалық сүйемелдеумен сәйкес әр түрлі темпте таныс физикалық жаттығуларды орындау;
2) ырғақ, икемділік сезімін, қозғаллыс координациясын дамыту;
3) аяққа арналған арнайы жаттығуларға үйрету (алдымен отырып, сосын сүйеніш жанында тұрып үйренеді және тек кейбір балалар өз мүмкіндіктерінше қозғалыстарды сүйенішсіз орындайды);
4) музыкаға әдемі, көркем таныс физикалық жаттығуларды орындау;
5) аяқ аяқ ұшына кезекпен қою және таптау;
6) отырып тұрумен адымдау;
7) музыканың қарапайым ырғақтық бейнесіне сәйкес шапалақтар;
8) жұппен шеңбер бойынша қозғалыс.
79. Спорттық жаттығулар:
1) шанада сырғанау:төбешіктен біреуден және екеуден сырғанау, шанамен төбешікке көтерілу, мұз жолдармен өзі, жүгіруден соң сырғанау (ТҚАБ балалар үшін);
2) велосипедпен жүру: басқалардың көмегінсіз қозғалуға үйрету, кеңістікте еркін қозғалуын қалыптастыру; кеңістіктік түсініктерін қалыптастыру,тіке жәешеңбер бойынша үш дөңгелекті велосипедте (педальдарда табанды фиксациялау және бекіту, баланың арқасын ұстап тұратын, қапсырмасы бар белбеу, қорғауыш шлем), екі дөңгелекті велосипедте ТҚАБ балалар үшін жүру, оңға және солға бұрылулар.
80. Судағы емдік дене тәрбиесі:
1) суда жүзу:арқада жан- жаққа тербелу (енжар) арқылы бұлшық ет тонусын босаңсытуға жаттығулар 2-3 минут, су бетінде ішпен жату қалпында қол мен аяқты айналдыру қозғалысы көмегімен гиперкинездерді басуға жаттығулар орындау білігін қалыптастыру(2-3 минут);
2) ұсақ орында суда отырып және жатып, сүйенішті ұстап аяқпен қозғалыс орындау (жоғары және төмен);
3) қолмен түбінде алға және артқа жүру (аяқтар көлденең созылған) (ТҚАБ балалар үшін);
4) суға иекке, көзге дейін кіру, отырып тұру;
5) суға бетін кіргізу, суға үрлеу.
81. Спорттық ойындар элементтері.
1) баскетбол: екі қолмен кеудеден бір- біріне допты лақтыруға, оң және сол қолмен алып жүруге үйрету (диагнозға байланысты жеке);
2) бадминтон: белгілі бір жаққа оны бағыттап, допты ракеткамен ұруға үйрету (ТҚАБ балалар үшін);
3) футбол:берілген бағытта оң және сол аяқпен допты тебу, допты қақпаға кіргізу, допты бірнеше рет қатарынан қабырғаға ұру, жеке.
82. Өзіндік қозғалыс белсенділгі:
1) кеңістікте бағдарлануын қалыптастыру;
2) өзіне қаратылған сөзді түсінуін, зейін, есте сақтау, қызметін реттеуді дамыту, сөйлеу тілімен бірге жүру дағдысын жаттықтыру;
3) құрдастарымен жарыс ұйымдастыру, олардың ережелеріне бағыну дағдыларын қалыптастыру;
4) әр түрлі түзету құралдары мен спорттық жабдықтарға толы қозғалыс ортасын жасау;
5) түзету, көп нұсқалы ойындар үшін кеңістік ұйымдастыру.
83. Күтілетін нәтижелер:
1) тірек- қимыл аппаратын дұрыс орнату дағдысына ие;
2) жеке бұлшықет топтарындағы гипотрофияның көрінуі азайған;
3) буындардағы қимыл жақсарған;
4) бұлшықет тонусы қалыптандырылған;
5) бұлшық ет- байланыс сезімі қалыптасқан;
6) аяқ пен қолдың сүйеніш реакциялары қалыптасқан.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   132   133   134   135   136   137   138   139   ...   188




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет