Мәселен, дәрісті орынды себепсіз босату үшін 2 балл шегеріледі (-2);
дәрістің шала конспектіленгені үшін жарты балл кемітіледі (-0,5);
тәжірибелік сабақтарда белсенділік танытпай, немқұрайды қатынасу ең кем
дегенде жарты балды шегерумен (-0,5) жазаланады.
Межелік бақылау пәннің тиесілі кезеңде өтілген тақырыптары
бойынша сынақ немесе коллоквиум түрінде ұйымдастырылады. Межелік
бақылауда келесі критерийлер ескеріледі:
Толық дұрыс жауап 100
балмен бағаланады, оның ішінде:
100–90 балл – тиянақты, дәйекті, байланысты, толыққанды жауап;
балдардың шегерілуі жауаптың мәнін
және дұрыстығын бұзбайтын
кемшіліктердің кездесуімен байланысты;
89-75 балл – материалды толық игергендігі, мәселе бойынша
әдебиеттерді білетіндігі көрінетін және қосымша сұрақтардың қажеттігінсіз
берілген жауапқа қойылады;
74-50 балл – студент тек негізгі материалды біледі, мәселе бойынша
әдебиеттерді
шатастырады, қойылған қосымша сұрақтарға жеткіліксіз
жауаптар қайырады;
49-0 балл – студент толық және дұрыс жауап беруге қауқарсыз,
қосымша сұрақтар оған көмектеспейді,
мәселе бойынша әдебиеттер
қарастырмаған.
Достарыңызбен бөлісу: