Бағдарламасын «Назарбаев Зияткерлік мектептері»


«Дене шынықтыру» пәніндегі оқыту үдерісіне қойылатын ұйымдастырушылық талаптар



бет2/5
Дата28.06.2016
өлшемі398 Kb.
#163738
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5

4 «Дене шынықтыру» пәніндегі оқыту үдерісіне қойылатын ұйымдастырушылық талаптар

Бағдарлама бойынша әр сыныптағы сағат саны:




Сынып

Апталық жүктеме


Жылдық сағат саны

1-сынып

3 сағат

99 сағат

2-сынып

3 сағат

102 сағат

3-сынып

3 сағат

102 сағат

4-сынып

3 сағат

102 сағат

Бастауыш сыныптарда «Дене шынықтыру» пәнін оқыту үшін қажетті құрал-жабдықтар.

Барлық мектептерде жалғыз дене шынықтыру сабақтарында ғана емес, оқу жылы бойы физикалық белсенді оқуға жағдай жасайтын кеңістік пен бөлмелердің көп болғаны дұрыс. Бұл көлемдері мен формалары әр түрлі қоғамдық және ойын алаңдарын, ашық алаңдарды және жабық бөлмелерді қарастырады. Әр мектепте қимыл-қозғалыс жаттығуларын өткізу үшін ауа баптағышпен жабдықталған немесе жақсы желдеткіш жүйесі бар кем дегенде бір бөлме; ашық даладағы түрлі алаңдар болуы қажет.

«Дене шынықтыру» пәні бойынша оқу үдерісі динамикалық, интерактивті сипатта болуға тиіс және бұл білім беру бағдарламасы шеңберіндегі ауқымды міндеттер мен оқыту мүмкіндіктеріне сәйкес келетін ішкі және сыртқы бөлмелерді пайдалануға тиісті. Ішкі оқу бөлмелері жақсы желдеткіш жүйелерімен жабдықталып, жақсы жарықтандырылып, температуралық режимі сәйкес болуы тиіс. Физикалық жүктемелердің көлеміне және қалпына келуге берілетін үзілістердің жиілігіне қарай сыртқы алаңдар сәйкес көлеңке қалқалармен жабдықталуға тиіс. Сыртқы алаңдардың жағдайлары бөлмеде оқыту мүмкіндіктерін барынша табиғи жақсарту сияқты қарастырылуы керек.

Мектептерде «Дене шынықтыру» пәнінің мұғалімдері үшін, сондай-ақ басқа өңірлерден келіп жұмыс істейтін жаттықтырушылар, мұғалімдер үшін немесе білім бағдарламасын қолдайтын немесе толықтыратын нұсқаушылар үшін қауіпсіз, мамандандырылған, жақсы жабдықталған киім ауыстыру және жұмыс бөлмелерін қамтамасыз етуге тиіс.

Киім ауыстыру бөлмелері жынысы мен жасына қарай бөлініп, киім ауыстыруға, жуынуға, душ қабылдауға жеткілікті көлемде болып, онда киім, жеке заттар мен бағалы заттарды сақтайтын орын қарастырылуы тиіс. Дәретханалар мен душ қабылдайтын бөлмелері жеке гигиена жағынан таза болуы керек.

Төменде көрсетілген дене шынықтыру пәні бағдарламасындағы спорт түрлеріне байланысты, арнайы құрал-жабдықтардың ең аз мөлшері болып табылады:

Жеңіл атлетика: секундомер, рулетка, ысқырауық, эстафета таяқшалары, конустар, биіктікке секірудегі қолданатын өлшеу бірлігі бар таяқ, ұзындыққа жүгіріп келіп секіру кезінде қонуға арналған құм шұңқыр, 150 гр. резеңке доптар, 500-700 гр. гранаталар, жүгіргендегі қолданатын кедергілер;

Мектепте қолданатын спорттық ойын түрлері:

футбол: командалық форма, футбол доптары, конустар, қақпалар, ысқырауық;

волейбол: қысқа жеңді камандалық форма, волейбол доптары, тор, тіректер, ысқырауық;

баскетбол: қысқа жеңді командалық форма , баскетбол доптары, себет, шығыршық, ысқырауық;

гандбол: қысқа жеңді командалық форма, гандбол доптары, қақпалар, ысқырауық;

үстел теннисі: үстел теннисіне арналған үстелдер, ракеткалар, үстел теннисіне арналған доптар;

бадминтон: ракеткалар, тор, воландар; ысқырауық

үлкен теннис: ракеткалар, торлар, теннис доптары;

ұлттық ойын түрлері: тоғызқұмалақ тақтасы, шахмат, дойбы, асық.

Гимнастика: арқандар, гимнастикалық төсеніш, швед қабырғалары, параллельді брусьтер, біркелкі емес брусьтер, гимнастикалық бөрене (төмен), гимнастикалық ортеке, гимнастикалық ат, гимнастикалық доп, гимнастикалық ленталар (таяқшаларымен), гимнастикалық шеңберлер, секірмелер, медицинбол.

Шаңғы және кросстық дайындық: шаңғылар, шаңғы таяқтары, сәйкес бекіткіштері бар аяқ-киім (ылдидан және ойлы-қырлы жермен шаңғы тебу).

Жүзу: ленталар, қолға байлауыштар, резеңке кубиктар, ауыр шеңберлер, су ойыншықтары, шарлар.


5 «Дене шынықтыру» пәнін оқыту барысында қолданылатын педагогикалық әдіс-тәсілдер

Білім беру ұйымдары білім алуды қалай үйрену керектігін білетін, дербес, ынталы,

қызығушылығы жоғары, сенімді, жауапты, зерделі оқушы тәрбиелейтін қағиданы ұстанады.

Мұғалімдер аталған қасиеттерді сабақ беру мен оқытудың түрлі стратегияларын пайдалану арқылы тәрбиелейді және дамытады деп күтіледі, бұған төмендегілер кіреді:


  • әрбір оқушының пікірін тыңдау және олардың білімін, шеберліктерін және дағдыларын ары қарай дамыту үшін қолдану;

  • мұқият іріктелген тапсырмалар мен қызмет түрлерінің көмегімен оқушыларды ынталандыра және дамыта оқыту;

  • оқушыларға түсінікті мысалдармен проблемаларды шешу стратегияларын модельдеу;

  • оқыту үшін бағалау арқылы оқушылардың оқу үдерісін қолдау;

  • зерттеу әдістеріне және оқушылардың зерттеулеріне негізделген белсенді оқуды ынталандыру;

  • оқушылардың бойында сын тұрғысынан ойлау дағдыларын дамыту;

  • оқушылардың жеке, топтық қызметтерін және бүкіл сыныптың жұмысын ұйымдастыру.

«Дене шынықтыру» пәні бойынша сабақ беру мен оқытудың аталған стратегияларының мысалдары төменде көрсетілген:

  • пайдаланылған формативті және жиынтық (суммативті) бағалаудың стратегиялары мен процестері;

  • оқушылардың кешенді дағдылары мен қабілеттерін дамыту;

  • оқушылардың дене қуаты қасиеттерін дамыту (төзімділік, жылдамдық, күш, секіру, икемділік);

  • сабақ үстінде оқушылардың назарын аудару; оларды өзіндік дамуға ынталандыру;

  • бірқатар кешенді физикалық жаттығулар;

  • «Дене шынықтыру» сабағын өткізудің дәстүрлі және заманауи әдістері мен процестерінің теңгерілген комбинациясы;

  • оқушылардың «Дене шынықтыру» сабағында және басқа да сабақтарда өздерін бақылауы және бағалауы;

  • бөлу: жеке, шағын және үлкен топтардағы жұмыс, барлық сыныппен;

  • оқытудың ең тиімді әдіс-тәсілдерін пайдалану;

  • оқушылардың өз денсаулықтарына құрметпен қарауы және оны сақтаудың маңыздылығын түсінуі;

  • сын тұрғысынан ойлау дағдыларын дамыту;

  • оқытудың дифференциалды әдістері;

  • негізгі қимыл-қозғалыс дағдыларын дамыту мақсатындағы әдістер.

П.Дж. Арнольд моделі (1979) «Дене шынықтыру» пәні бойынша оқыту үдерісі үшін қажетті білім бағдарламасының мазмұнын құрастыруға ең нақты және мақсатты негіз береді. Арнольд үшін дене шынықтырудың ерекшелігі – оның дене шынықтырумен төмендегідей байланыста болатын біртұтас оқыту үдерісіне баса ықпал ететіндігінде:

Қозғалыс «бойынша» тәрбиелеу сабақ кезінде оқушылардың физикалық жаттығуларды зерттеуі мен орындауының нәтижесінде білім мен түсінік алуын қарастырады. Мұны техникалық білім деп атауға болады. Дене шынықтыру тәжірибесінің толық кешені арқылы өз тұжырымдамаларын, техникалары мен ережелерін құру мүмкіндігін бере отырып, мұндай білімді балаларда кішкентай жасынан бастап дамыту керек.

Қозғалыс «барысында» тәрбиелеу дағдыларды меңгерумен (тәжірибелік білім) және қозғалыс қызметіне саналы түрде және табысты қатысу қабілетімен тікелей байланысты. Аталған әдіске физикалық жаттығулар кіреді, бұл жаттығулардың жеке пайдасы да бар, оқушылардың физикалық әрекеттерге саналы түрде қатысуы нәтижесінде меңгерген білімдерінің, түсініктерінің және дағдыларының контексінде де пайдасы зор (мысалы, бұлшық еттерін, сіңірлерін және жүйке тамырларын іске қосу арқылы кинестетикалық оқыту; кейбір физикалық жаттығулар үшін қажет дайындық талаптары мен денсаулық жағдайы туралы ойлау).

Қозғалыс «арқылы» тәрбиелеу – бұл қозғалу қызметі басқа нәтижеге, мақсатқа немесе міндетке қол жеткізудің бір әдісі ретінде қарастырылатын процесс. Қозғалыс қызметі арқылы оқыту – оқушылар қозғалыс қызметін орындаудың және оқудың нәтижесі ретінде түсіну, үйрену және қарау дағдыларын жанама түрде меңгеретін оқыту процесі (мысалы, жоғары физикалық дайындық немесе пәнаралық түсінік, мысалы, ойындарға арнап нұсқаулықтар жасау, жарыс хаттамаларын пайдалану, басқа оқушылардың жетістіктерін бақылау және сипаттау). Демек, аталған аспект қимыл-қозғалыс қызметінің білім бағдарламасының басқа да көптеген салаларында оқыту процесіне қаншалықты ықпал ететінін айрықша көрсетеді.



Арнайы медициналық топтарда (денсаулығына байланысты, әр деңгейдегі оқушылармен) сабақ ұйымдастыру

Жүйелі түрде жүргізілетін және ғылыми негізделген педагогикалық бақылаудың арқасында ғана дене шынықтыру балалар мен жасөспірімдердің денсаулықтарын сақтау мен нығайтудың, олардың физикалық дамуын жақсартудың тиімді әдісі бола алады. Осыған байланысты дене шынықтыру пәнінің мұғалімі физикалық жаттығулардың өсіп келе жатқан ағзаға әсері туралы жеткілікті деңгейде хабардар болуға тиіс. Сонымен қатар, дене шынықтыру пәнінің мұғалімдері өздерінің педагогикалық әдістерін бақылап, оларды оқушылардың анатомиялық-физиологиялық ерекшеліктеріне сәйкес өзгертіп отырулары тиіс.



Арнайы топтағы оқушылар үшін дене шынықтырудың басты міндеттері төмендегілер болып табылады:

• салауатты өмір салтын насихаттау, сонымен қатар оқушылардың физикалық даму процесінде өз құқықтарын білуі;

• аурудан әлсіреген органдары мен жүйелерінің функционалдық деңгейін арттыру;

• физикалық және ақыл-ой қабілеттерін арттыру;

• оқушылардың ағзалары аллергияларға, суық тию ауруларына және созылмалы инфекцияларға қарсы тұра алуы үшін олардың иммундық жүйелерін жақсарту;

• дұрыс мүсін қалыптастыру және оны түзету;

• дұрыс тыныс алу техникасына үйрету;

• негізгі қимыл-қозғалыс қабілеттері мен дағдыларын дамыту;

• адамгершілік тәлім-тәрбиеге үйрету;

• оқушыларды дене шынықтыру сабақтарында және өмірдегі басқа жағдайларда өздігінен әрекет етуге тәрбиелеу;

• барлық оқушылар үшін тиімді жұмыс істеу жағдайларын жасау.

Арнайы медициналық топтағы оқушылардың шалдыққан сырқаттарының ауырлығына және сипатына байланысты дене шынықтыру сабақтарында дифференциалды оқыту үшін оларды А және Б кіші топтарына бөлу ұсынылады.



  • А кіші тобы – денсаулықтарында түрлі ахуалы бар, қалпына келтіруге болатын ауытқулар бар оқушылар.

  • Б кіші тобы – сыртқы ағза мен ішкі органдар жүйесінде ауыр сырқатқа шалдыққан, қалпына келтіруге болмайтын өзгерістері бар оқушылар (мысалы, жүрек-қан тамырлары ауруы, несеп шығару жолдарының аурулары, бауыр аурулары; көру қабілетінің жоғары деңгейде бұзылуы, мысалы, перифериялық көру қабілетінің бұзылуы және т.б.)

«Дене шынықтыру» пәнінің мұғалімдері төмендегілерді орындауға тиіс:

  1. Оқушыларды олардың денсаулық жағдайларына сәйкес кіші топтарға бөлу (жоғарыда көрсетілген);

  2. Оқушылардың сырқаттану диагнозына байланысты оқушыларға жаттығулар белгілеу;

  3. Оқыту, сабақ беру және бағалау үдерісіндегі әдістерін жекелеу;

  4. Сабақтарда орындалатын қимыл қозғалыс әрекетінде өз білімдерін жетік қолдана алатын, медициналық білімі бар мамандардың қолдауымен сабақ өткізу.

Сілтемелер:

П.Дж. Арнольд (1979). Қозғалыстың, спорттың және дене шынықтырудың мәні. Лондон: Хайнеманн. (Arnold, P.J. (1979). Meaning in Movement, Sport and Physical Education. London: Heinemann.)





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет