Бағдарламасын (Syllabus) бекіту парағы Нысан пму ұСН



Pdf көрінісі
бет25/27
Дата10.01.2023
өлшемі395.99 Kb.
#468299
түріБағдарламасы
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   27
12. Әдебиеттер тізімі
Негізгі
1) Халықаралық маркетинг: оқу құралы. Көкебаева А. М. – Алматы: Заң
әдебиеті, 2009
2) Әленова Н. М. Басқарушылық шешімдерді әзірлеу. [құраст. Н. М.
Әленова]. – Павлодар: Кереку, 2009
Қосымша
3) Ходов Л. Г. Государственное регулирование национальной экономики:
учебник. – М.: Экономист,2004.
4) Стровский Л. Е. Внешнеэкономическая деятельность предприятий. –
М.:Юнити, 2000
5) Мадиярова Д. М. Стратегия формирования внешнеэкономической
политики. – Алматы: Экономика, 2000
6) Покровская В. В. Организация и регулирование ВЭД. – М.:Юрист,
2000
7) Султанов Б. К., Алшанов Р. А. Әлемдік экономикалық дағдарыс:
Қазақстан үшін салдары.

Алматы, 10 дек. 2008 г. Алматы: КИСИ при
Призиденте РК,2009.


13. Курстық жұмыс тақырыбын таңдау нұсқасы
1. Курстық жұмыстың тақырыбы студенттің сынақ кітапшасының соңғы
цифры бойынша және аты-жөнінің бірінші әріпі бойынша таңдалады (1-кесте).
1-кесте – Курстық жұмыс тақырыптарының нұсқасы
Аты-жөнінің
бірінші әріпі
Сынақ кітапшасының соңғы цифры
0
1
2
3
4
5
6
7
8
9
А - Е
1
2
3
4
5
6
Ж - Л
7
8
9
10
11
12
М - С
13
14
15
16
17
18
Т - Я
19
20
21
22
23
2. Курстық жұмысты орындауға арналған әдістемелік нұсқау
Курстық жұмысты орындау кезінде келесі әдістемелік нұсқаулар
орындалуы тиіс:
- таңдап алынған тақырыптың мәнін, ғылыми-әдістемелік және мәселелік
негіздерін ашу мақсатында қажетті материалдық көздерді зерттеу және
конспектілеу;
- ғылыми теориялық қорытындыны тәжірибеде болып жатқан үрдістермен
салыстыру мақсатында динамикалық, нормативтік материалдар мен
құрылымдық, көлемдік және сапалық көрсеткіштерге талдау жасау;
- зерттелетін мәселені шешу, жетілдіру және әлеуметтік-экономикалық
тиімділігін арттыру жолдары мен әдістерінің негіздемесі.
Курстық жұмысты орындауды ұйымдастыруды келесі кезеңдерден өтеді:
- студенттерге кафедраның отырысында бекітілген курстық жұмыс
тақырыптары ұсынылады;
- тақырыпты таңдап алғаннан соң студент әдебиет көздерімен танысады,
жұмыстың жоспары мен библиографиясын құрастырады, жұмыс жоспары
ғылыми жетекшімен келісіледі;
- жұмыс жоспары бекітілгеннен кейін, студент жоспар бойынша
тақырыпты мазмұндайды, таңдалған әдебиет, журналдың мақалалары, кестелері
арқылы өз конспектілерін дайындайды. Жұмыстың бөлімдерінің аттары жұмыс
жоспарының сұрақтарына сай болуы тиіс.
Курстық жұмыс 20-25 баспалық бетке жазылады. 
Кіріспеде: 
- шешілетін мәселенің қазіргі жағдайын баға беріледі, тақырыптың
көкейтестілігін және ғылым мен тәжірибе үшін оның маңыздылығын
негіздейді; 
- жұмыстың мақсаттары мен міндеттерін, зерттеу аясын және зерттеу
объектісі мен пәнін, зерттеудің заңнамалық базасын анықтайды; 
- талдауды өткізуге, сәйкес қорытындыларды жасауға және кепілдемелерді
беруге мүмкіндік туғызатын зерттеудің ақпараттық базасын көрсетеді; 
- жұмыс нәтижелерінің мақұлдауын (апробациясын) белгілейді (егер ол
орын алатын болса).


Кіріспеде нақты жұмыс көзқарасы тұрғысынан маңызы аз мәліметтер
болмауы тиіс және көлемі бойынша 2-3 беттен аспауы керек. 
Бірінші бөлім, ереже бойынша, теориялық сипатқа ие. Курстық жұмыстың
теориялық бөлігінде зерттелетін мәселенің мәні ашылып көрсетіледі, оның
өңделу жағдайы анықталады, зерттелетін объектінің әрекет етуінің нақты
жағдайларын ескере отырып осы мәселені шешудің тұжырымдамасы
баяндалады. Берілген бөлім ғылыми-зерттеушілік сипатқа ие, мұнда
мемлекеттік және жергілікті басқарудың әдістемелік сұрақтары,
ұйымдастырушылық, экономикалық, аумақтық, әлеуметтік және басқа да
мәселелердің принципиалды аспектілері терең қарастырылады және бұл
бөлімде зерттелетін мәселеге байланысты шетел тәжірибесін қоса қарастыруға
болады. Теориялық бөлімнің мазмұны студенттің мамандану мен мамандықтың
профильді пәндері саласындағы білімдерін, әдебиетпен жұмыс істеу және
жиналған материалды жүйелендіру іскерлігін көрсетеді. Теориялық бөлімде
егер әдебиет көздері туралы сөз болса, онда әдебиетке сілтемелер көрсетілуі
қажет.
Екінші бөлім сараптамалық сипатқа ие. Мұнда жинақталған мәліметтер
көмегімен тақырыптың қазіргі күйі зерттелініп, мәселенің оң және теріс
қырлары анықталады. Зерттеу объектісінің жағдайын талдау және бағалау
практикада жиналған мәліметтер негізінде орындалады. Зерттеу барысында
зерттелетін объектінің жағдайына әсерін тигізген факторларды бөліп көрсету,
оның дамуының қол жеткізілген деңгейіне баға беру, осы үдерістің серпінінің
оң және кері үрдістерін, олардың негізгі факторларын анықтау қажет. Берілген
тарау талдау және жоспарлау үшін алдын-ала өңделген, жүйелендірілген
сандық материалға негізделген есептеулермен толықтырылады. 
Үшінші бөлім – ұсыныс бөлімі. Мұнда бірінші және екінші бөлімде
жинақталған мәліметтер негізінде аталмыш мәселенің қолайсыз, олқы тұстарын
жетілдіру немесе түбегейлі өзгерту бағыттарына арналуы мүмкін немесе бұл
бөлімде зерттелетін мәселеге байланысты шетел тәжірибесін қоса қарастыруға
болады. Бұл қорғау үшін аса маңызды бөлім, сондықтан да берілген бөлімде
келтірілетін барлық есептер аса сенімді негіздеуге, ал кестелер мен сызбалар –
жеткілікті дәлелдер мен түсініктерге негізделген болуы тиіс.
Қорытынды бөлімнің басты міндеті болып барлық жұмыстың
қорытындысын шығару табылады. Сондықтанда мұнда, ереже бойынша, жаңа
нақты мәліметтер де, жаңа теориялық ережелер де келтірілмейді, ал тек қана
қорытындылар мен ұсыныстар беріледі. Ұсыныстар мен қорытындыларға
келесі талаптар қойылады: 
- оларда теориялық және тәжірибелік зерттеулер нәтижелері болуы тиіс; 
- олар нақты әрі қысқаша болуы керек; 
- қортындыда әдебиетке сілтемелер мен түсіндірмелер болмауы керек;
- қорытындыда тек «кіріспе» бөлімінде көрсетілген зерттеу мақсаттарына
сәйкес болуы керек және олардың мазмұны жұмыс мәтінін оқымай-ақ түсінікті
болатындай баяндалуы тиіс, сонымен қатар орындалған жұмыстың
практикалық маңыздылығын және егер мүмкін болса – жаңашылдықтың
маңызын атап өту қажет.


Жұмыс талаптарға сәйкес нысандалады және белгіленген мерзімде
«Менеджмент» кафедрасына тіркелуге тапсырылады: 
- әдістемелік нұсқауларымен сәйкес жазылған курстық жұмысты жетекшіге
тексеруге және оның деңгейін бағалауға тапсырылады;
- курстық жұмыс ғылыми жетекшісінің ескертулерімен өңделуі тиісті, егер
ғылыми жетекшіні курстық жұмыс қанағаттандырмаса, онда ол қорғауға
жіберілмейді;
- егер курстық жұмыс талаптарға сәйкес келіп, ғылыми жетекшімен
құпталса, онда кафедраның шешімімен құралған комиссияның алдына студент
курстық жұмыс қорғайды. 
Курстық жұмысты қорғау барысында студент тақырып бойынша өз
бетінше зерттеу жүргізгенін, талданып отырған әдеби-дәлелдік
материалдарды жеткілікті мөлшерде игергенін, ғылыми-әдістемелік және
тәжірибелік сипатта қойылған сұрақтарға дәлелді жауап қайтара алатынын
дәлелдеп шығуға тиісті. Егер қорғау бұл талаптарға сай болмаса комиссия
курстық жұмысқа теріс баға қояды және ол жөндеу мен толықтыру үшін
қайтарылады.
Курстық жұмыс 2-кестеде берілгендей 100 балдық шәкілмен бағаланады.
Мысалы, СӨЖ-дің 60 сағатының 25 сағаты курстық жұмысты орындауға, оның
ішінде: тапсырма беру, сәйкес әдебиеттерді оқуға – 1с (2 балл), курстық
жұмыстың негізгі мақсаттары мен талаптарын орындауға – 2 с (6 балл), курстық
жұмыстың бірінші бөлімін жазуға – 4 с (10 балл), курстық жұмыстың екінші
бөлімін жазуға – 8 с (14 балл), курстық жұмыстың үшінші бөлімін жазуға – 7 с
(12 балл), қойылған талаптарға сәйкес жұмысты дайындауға – 2,5 с (5 балл),
орындалған жұмысты қорғауға – 0,5 с (51 балл) бөлінеді. 
Сәтті қорғаудан шыққаннан кейін студент есепке немесе
«Макроэкономика» курсы бойынша емтиханға жіберіледі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   27




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет