Бағдарламасын (Syllabus) бекіту парағы Нысан пму ұСН


Тақырып 10 Халықаралық сауда контрагенттері



Pdf көрінісі
бет16/27
Дата10.01.2023
өлшемі395.99 Kb.
#468299
түріБағдарламасы
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   27
Тақырып 10 Халықаралық сауда контрагенттері
Жоспар
1) Контрагент
2) Транұлттық және ұлттық компаниялар 


1) Сыртқы сауда операцияларын барынша дамытып кеңейту арнайы
экспорттық бөлімдерді өткізу салаларымен толықтыруды қажет етеді. Фирма
тауар өткізуді өзінің бақылауындағы өткізу салаларына тапсырады. Олар
өздерінің ораналасқан жеріне қарамай кәдімгі сауда агенттерінің қызметін
атқарады. Агенттік қатынастар шеңберінде тауар өткізуді ұзақ мерзімді,
тұрақты болдырту үшін өндіруші мен сатушы күш біріктіреді:
біріншіден, фирма - өндіруші жедел байланыс жүйесі арқылы тауар өткізу
барысы, жарнама туралы, тұтынушылар тілегі, сұраныстың өзгеру
мүмкіндіктері туралы ақпараттарды тұрақты алып отырады;
екіншіден, фирма-сатушы өндірушінің қызметіндегі өндірістік-
техникалық өгерістерге тұрақты назар аударады, тауар модельдерін дамыту
бағыты жөнінде кеңес береді, қажетті техникалық қызмет көрсету бағыт-
бағдарын толықтырып отырады.
Ірі экспорттаушылар белгілі тауарлық немесе географиялық ұйымдар
бағытына қарай еншілес компаниялар ұйымдастырады. Мұндай процесс өткізу
және өндіретін тауарларының табиғи ерекшеліктеріне байланысты болады.
Өткізудің мұндай түрін таңдау мынадай себептерге байланысты:
1. өткізу компаниясы өндіруші фирмамен келіскен баға бойынша тауар
өткізуді жүзеге асырады.
2. шетелде өзінің тауарды өткізу жолдары болатын болса, фирма
экспорттық маркетинг программасын мынадай тізбек бойынша жүргізеді:
жобалау - өндіру - өткізу – қызмет көрсету.
Экспорттық базасы орналасқан елдегі тауар экспорттаудан өнеркәсіптік
қызмет атқаруға кейде компанияның бағытын өзгертеді. Бұл көбінесе өнімді
шетелдік нарыққа шығаруға болатын шекараға жақын орналасқан,
компанияның өз бақылауындағы өндіріс орындарына сай келеді. Осындай
жағдайда халықаралық монополия қалыптасады. Оның ерекшеліктері
келесідей:
- өнім өндіру, өткізуді интернационалдық түрде ұйымдастырады;
- өнеркәсіп тауарлары, ғылыми-техникалық білім, шикізат, отын, қызмет
көрсету экспортындағы озаттар болып саналады.
Монополиялардың сыртқы сауда аппараты шетелдегі және экспорттық
базасы орналасқан өткізу бөлімдерін, экспортқа қызмет жасайтын экспорттық
еншілес компаниялар мен салаларды, шетелдердегі өткізуші еншілес
компаниялар мен салаларды, шетелдік операциялардың барлық кешенін
басқаратын халықаралық бөлімдерін өзіне қамтиды. Компаниялар шетелде 5-6
салалы болған жағдайда ғана халықаралық бөлімдер құрылады.
Халықаралық бөлімдер мынадай міндет атқарады:
1. ССА қызметін, оны дамытудың жалпы бағыттарын және мақсаттарын
анықтайды;
2. осы мақсатқа жету үшін құралдарын және әдіс-амалдарын белгілейді;
3. өз шешімдерінің орындалуын бақылайды;
4. аппарат қызметінің басым бағыттар жүйесіне өзгерулер енгізеді.


Негізі монополиялар корпорациялар қызметін басқаруда стратегиялық
жоспар негізінде кешенді қаржылық бақылау жасауды нығайту керек.
Сондықтан, стратегиялық коммерциялық орталықтар (СКО) құрылады.
Олардың мақсаттары мен қызмет ерекшеліктері келесідей:
- мақсаты – фирманың стратегиялық жоспарын жасайды, оны іске
асырады;
- орталық компаниялардың ұйымдастыру қызметін күшейтуге жағдай
туғызады;
- СКО шаруашылық тұрғысынан қарағанда дербес сипатта болады.
СКО нарықтың белгілі сегментін көздеген өндіріс - өткізу салалары
негізінде қалыптасады. Жоспар бойынша компанияның сыртқы
айналымындағы нарықтық өзгерістерге назар аударады. Онда өз ресурстарын
тактикалық тұрғыдан қайта бөлу жолдарын көздейді. Фирманың стратегиялық
жоспары шеңберінде оны жүзеге асырудың нақты құралдарын таңдауда СКО-ға
кең өкілеттілік беріледі.
2) ХХ-ХХІ ғ. сыртқы экономикалық нарықта негізгі субъекті болып ТҰК-
лар байқалды. Бұл процеске ТҰК-ларлар:

инвесторлар

жаңа технологияны таратушылар

инновациялық жобаларды жүзеге асырушылар

халықаралық еңбек миграциясын реттеушілер ретінде қатысуда.
Трансұлттық компаниялар:

шаруашылық қызметінде халықаралық бағытты қолданатын

халықаралық өндірістік-өткізу

сауда және қаржы кешенін дамытатын

бір орталықтан шешім қабылдайтын

өзге елдерде филиалдары, өкілдіктері мен елшілес компаниялары бар
ірі бірлестік.
Біріккен Ұлттар Ұйымы сарапшылардың пікірі бойынша трансұлттық
корпорациялар дүниежүзілік экономиканың бірегей қозғаушы күші болып
есептеледі. 90 жылдардың ортасында дүние жүзінде 40 мыңнан астам
корпорациялар қызмет атқарған. Транұлттық корпорациялардың негізі бөлігі
АҚШ-та, Еуропалық Одақ елдерінде және Жапонияда тіркелген.
Өтпелi кезең жағдайларында ел үшiн әлемдiк жаһандану шығынға
ұшырау қаупi өте жоғары болады. Өйткенi, 

елдегi ұлттық экономикалық құрылымның әлсiздiгi

өнiмнiң бәсекеге қабiлеттiлiгiнiң төмен дәрежелiгiн

басқарушы кадрлар біліктілігінің жетiспеушiлiгiн есепке алғанда ел
экономикасына

әлемдiк нарықтағы өте iрi

бәсекеге қабiлеттiлiгi жоғары

жеткілікті маманданған



технологиясы жетiлген корпорациялар терiс ықпал тигiзуi де мүмкiн. 
Сондықтан, әлемдiк шаруашылық байланыстарына тиiмдi қатысу
мәселесiн шеше отырып, Қазақстан ТҰК-дың экономикалық қызмет жүйесiнiң
барлық қиындығын, терiс әсерлерiн ескеру қажет.
Қазақстан экономикасының корпорациялық секторы бүгiн де жаһандық
бәсекелестiкке қабiлеттi халықаралық аренадағы корпорациялардың iс жүзiнде
жоқтығымен сипатталады. Көптеген қазақстандық корпорациялар, негiзiнен
төмен жарғылық капитал және нарық капитализациясының төмендiлiгiмен
сипатталады. Геобәсекелiктiң минималды талаптарына (капитализация деңгейi
1 миллиард АҚШ долларынан астам) қазақстандық корпорациялардың бiрін-
бiрi сай келмейдi. 
1994-1998 жылдары iрi өнеркәсiптiк корпорацияларды шетелдiк басқаруға
беру қарқынды түрде жүргiзiлдi. Жалпы алғанда, осы кезеңде шетелдiк
басқаруға 45 iрi кәсiпорын берiлдi.
Осындай теңдесiз акциялар нәтижесiнде, сарапшылық бағалау бойынша,
республикадағы өндiрiстiк потенциалдың 80%-нан астамы (негiзiнен, қара және
түстi металлургия, көмiр және химиялық өнеркәсiптер, энергетика саласы) қазiр
шетелдiк инвесторлар қолында, ал бұл өз кезегiнде елдiң экономикалық
қауiпсiздiгiне елеулi және анық қатер тудырады.
Сонымен қатар, Қазақстанның iшкi нарығында қазiргi кезде орын алған
мынадай керi сипаттар бар:

өтпелi кезеңдегi кәсiпорындардың “бұлдыр” нормативтi-құқықтық
жағдайы;

әлсiз бәсекелестiк;

төлемқабілетінің терең дағдарысы;

айналым қаржыларының кәсіпорындарда жоқтығы;

еңбекақыға төлейтін, әлеуметтік инфрақұрылымды ұстайтын
қаржылардың жоқтығы;

және осылардың нәтижесінде өндіріс көлемінің қысқаруы;

жұмыссыздар санының көбеюі;

мамандандырылған кадрлардың өзге мемлекеттерге қоныс
аударуы нәтиже болды.
Сондықтан, осы мәселе төңiрегiндегi мемлекеттiк қолдау шараларын
және экономикалық стратегиялық бағдарламаларды iске асыру қажет.
Кәсіпорындарды шетелдік меншікке сату көбінесе асығыс түрде жүргізілді, ал
кейде заңдарды бұзу, келісім-шарт жасау кезінде қажетті шарттарды ескермеу
түрінде жүргізілді, сондай-ақ олардың орындалуына ешқандай қажетті
бақылаудың болмайтындығы жатады. Осыған байланысты әлемдік тәжірибе
ұлттық қауіпсіздік мүддесін қорғауға байланысты стратегиялық салаларда
шетелдік инвестицияларды тартуды шектеу қажеттілігін дәлелдейді.
Сонымен бірге, шетелдік инвесторлардың жағымсыз әрекеттерін де
ерекше қарау керек. Оған:

салық төлеуден жалтару

ТҰК шеңберінде трансферттік бағалар қолдануы



жасалған келісім-шарттардың толық көлемде орындалмауы

кейбір заң нормаларын бұзушылығы

үкіметтен пайдаларын жасыру әрекеттерін айтуға болады.
Алайда барлық шетелдік корпорациялар осындай әрекеттерге араласады
деп те айтуға болмайды.
ТҰК-дың теріс әрекеттерге баруы біздің мемлекетіміздің заң жобаларын
толық, нақты әрі тиімді түрде тұрақтандыра алмауынан да болар. 
ТҰК-лардың дамушы мемлекеттерге терiс ықпалының мынадай негiзгi
сəттерiн атап көрсетуге болады:
- ТҰК жергiлiктi компанияларға қуатты бəсекелестiк туғызады жəне
олардың дамуына мүмкiндiк бермей, iшкi нарықтан ығыстырады;
- трансұлттық капиталдың күрт орын ауыстыруы ұлттық валютаның
тұрақтылығын бұзып, дамушы елдердiң ұлттық қауiпсiздiгiне қатер төндiруi
мүмкiн;
- ТҰК-лардың елдің экономикасына ықпалының кеңеюі, жергілікті саяси
тұтқаларға қол жеткізу мүмкіндігіне әкеледі.
Сонымен, жоғарыда айтылғандарды негiзге ала отырып, келесiдей
қорытынды жасауға болады. Отандық экономиканың бәсеке қабiлеттiлiгiн
көтеру және оның халықаралық нарықтағы қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету
мақсатында отандық iрi өндiрiстердi қайта қалыптастырып, оларды
халықаралық нарыққа шығарудың кешендi бағдарламасын өндеу қажет. Бұл
Қазақстанның әлемдiк экономикадағы интеграция мәселелерiн шешуге,
өндiрiстiк мүмкiншiлiктердi тиiмдi пайдалануға жол ашады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   27




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет