Сабаққа қатысушылар барлық аудитория сабақтарына кешікпей келулері
керек.
Егер сабаққа кешіккен жағдайда, деканаттың бекітілген тәртібімен іс
шара жүргізіледі. Ең жоғары дегенде екі сабақты босатқан студент болса, онда
ол жіберіледі.
Сабаққа екі реет кешігіп келсе, ол бір босатқан болып
есептелінеді. Егер
екі босатқаннан да көп болса, онда оқытушы студентті
сабаққа кіргізбеуге құқылы және бұл мәселені
әкімшілік тарапынан шешуге
жібереді. Дәрістерге бұл курстарда оқымайтын бөгде адамдардың кіруіне рұқсат
берілмейді..
Жұмыстарды берілген уақыттарында тапсыру керек.
Барлық
тапсырмаларды ақырғы тапсыру – емтихан сессиясы басталғанға дейін 3 күн
қалғанда.
Барлық тапсырмаларды тапсырмаған және курстық жұмысты қорғамаған
студенттер емтиханға жіберілмейді.
Өткен тақырыптарды және өткен материалдарды міндетті түрде қайталап
оқып отыру қажет. Оқу материалдарын меңгеруді бақылау тест түрінде немесе
жазбаша түрде тексеріліп отырады.
Оқытушының жетекшілігімен студенттердің өздік жұмыстарын орындау
кезінде мына төрт негізгі функцияларды ескеру қажет:
Бірінші – студенттер оқу пәні бойынша белгіленген сабақтары бойынша
оқытушылардың ақпараттарын белсенді қабылдауды қажет етеді.
Екінші функциясы, студенттер өз
еріктерімен оқу-әдістемелік
құралдарын, оқулықтарды пайдалана отырып үй тапсырмаларын,
бақылау
жұмыстарын және курстық жұмыстарды орындайды..
Үшінші функциясы студенттер талдау жасағанда, сабақты түсінбей
қиындықтар туындауы мүмкін. Осы жағдайда студенттер оқытушыға сұрақтар
қою арқылы мәселелерді шешуі.
Төртінші функция студенттердің
оқытушыға кеңестер алуы,
талқылаулары жатады.