Бағдарламасында білім берудің барлық деңгейлерінде «Қазақ тілі»


– сынып ІІІ. Оқу – еңбек аясы



бет30/47
Дата02.01.2022
өлшемі235.45 Kb.
#453497
түріБағдарламасы
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   47
9 – сынып

ІІІ. Оқу – еңбек аясы

  1. Менің арман мектебім

Лексика - грамматикалық тест № 932

1.Мақалды тиісті сан есімдермен толықтырыңыз. Білекті ... жығады, білімді ... жығады.

А) бес, тоғызыншы

В) жетеу, отызға жуық

С) екі-екіден, елу төрт

Д) сегізінші, төртеу

Е) бірді, мыңды

2. Қай жылдан ЮНЕСКО-ның шешімі бойынша 23 сәуір «Бүкіл дүниежүзілік кітап күні» деп жарияланды?

А) 1999 жылы

В) 2000 жылы

С) 1997 жылы

Д) 2001 жылы

Е) 1998 жылы

3. Мақсатты келер шақтың жұрнақтарын көрсетіңіз.

А) –мақ,-мек,-бақ,-бек,-пақ,-пек

В) -ар, -ер

С) –а, -е, -й

Д) –ып, -іп, -п

Е) –ған, - ген, -қан, -кен

4. Сөйлемде қай пән туралы айтылғанын анықтаңыз..

Бұл сабақта біз мәтінмен жұмыс істейміз, диалог, сөйлем құрастырамыз.

А) физика

В) алгебра

С) дене шынықтыру

Д) биология

Е) қазақ тілі

5. Ы. Алтынсарин қай жылы қазақ мектебін және қазақ қыздары үшін мектеп ашқан?

А) 1860 жылы

В) 1864 жылы

С) 1859 жылы

Д) 1863 жылы

Е) 1862 жылы

6. Өнер саласына жататын мамандықтар:

А) әнші, сазгер, режиссер

В) диқаншы, сауыншы, биші

С) шаштараз, зергер, күйші

Д) дәрігер, құрылысшы, ұста

Е) есепші, аудармашы, ұшқыш

7. Ой - еңбегі саласы бойынша мамандық атауларын табыңыз.

А) аспаз, кенші

В) тігінші, бағбан

С) жүргізуші, әртіс

Д) ғалым, жазушы

Е) зергер, ұста

8. Мамандық атауына жатпайтын сөзді көрсетіңіз.

А) балташы

В) есепші

С) зергер

Д) ақылшы

Е) орманшы

9. Болжалды келер шақтағы етістікті табыңыз.

А) бармақпын

В) барғансың

С) барармын

Д) бардым

Е) бара жатыр

10. Мақалды толықтырыңыз.

Тілін қорлаған ұлт ... .

А) тозар

В) жетер

С) озар

Д) келер

Е) алар

11. Ы. Алтынсариннің «Қазақ хрестоматиясы» кітабы қай жылы шыққан?

А) 1876 жылы

В) 1880 жылы

С) 1879 жылы

Д) 1877 жылы

Е) 1878 жылы

12. «Қиын, ауыр» деген мағынаны білдіретін тұрақты сөз тіркестерін табыңыз.

А) инемен құдық қазғандай

В) көзді ашып – жұмғанша

С) басынан сөз асырмау

Д) көз байлау

Е) қолы ашық

13. Қазақстан Республикасының Білім беру туралы Заңы қашан қабылданды?

А) 1997 жылы

В) 1999 жылы

С) 1995 жылы

Д) 1993 жылы

Е) 1998 жылы

14. Айтылу мақсатына қарай сөйлем түрін көрсетіңіз.

А) жақты

В) толымды

С) лепті

Д) атаулы

Е) жалаң

15. Қалау, ниет сияқты ойды білдіретін бұйрық райды табыңыз.

А) Тезірек болсайшы!

В) Кел, балалар, оқылық!

С) Айтып болдыңыз ба?

Д) Түсте асханаға барайын.

Е) Маған көмектесіңізші.

16. Көп нүктенің орнына керекті сөзді жазыңыз.

Болашақ ... басталады.

А) мектептен

В) көктемнен

С) үйден

Д) отбасынан

Е) есіктен

17. Қазақстандағы тұңғыш мемлекеттік жоғары оқу орны қай жылы ашылған?

А) 1927 жылы

В) 1932 жылы

С)1917 жылы

Д) 1928 жылы

Е) 1923 жылы

18. Сұрау белгісі қай сөйлемнің аяғында қойылады?

А) Таңдаған оқу орнына түсу үшін қалай оқуың керек

В) Қазір емтиханға дайындалып жатырмын

С) Мектепті жақсы бағалармен аяқтаймын

Д) Сұрақтарға толық жауап берді

Е) Білім - арзан, білу - қымбат

19. Ыңғайлас салалас жалғаулықтарын белгілеңіз.

А) я, яки,не

В) бірақ,дегенмен

С) себебі,өйткені

Д) да,де,әрі

Е) сонша

20. Себеп бағыныңқы сабақтас құрмалас сөйлемді көрсетініз.

А)Шоқан жасында мұсылманша хат танып, кейін Омбыда кадет

корпусында оқыды.

В)Бұл үй үлкен үй болып саналғандықтан ,осы үйге туыстары ,балалары

жиналды.

С) Қазақ халқы-ән құмар халық.

Д) Бұл уақыттың ішінде ел де өзгерді,адамдар да өзгерді.

Е) Әкеге қарап ұл өсер, шешеге қарап қыз өсер.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   47




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет