Бағдарламасында білім берудің барлық деңгейлерінде «Қазақ тілі»


Компьютер: пайдасы мен зияны



бет46/47
Дата02.01.2022
өлшемі235.45 Kb.
#453497
түріБағдарламасы
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   47
Компьютер: пайдасы мен зияны.

1. Компьютерден адамға келтіретін зиян түрін көрсетіңіз.

А) көңіл-күйі көтеріледі

В) көз көруі төмендейді

С) мінезі жақсарады

Д) қарым-қатынасы жақсарады

E) денсаулығы жақсарады

2. Компьютер мен адамның арасында болатын арақашықты белгілеңіз.

А) 30 см


В) 20 см

С) 40 см


Д) 50 см

E) 60 см


3. Адамға компьютерден келетін пайдасын анықтаңыз.

А) көз көруі төмендейді

В) көңіл-күйі нашарлайды

С) денсаулығы жақсарады

Д) пайдалы ақпарат алады

E) мінезі жақсарады


4. Электронды поштаның атауын табыңыз.

А) е-пошта

В) www пошта

С) кәдімгі пошта

Д) үй пошта

E) мекеме пошта

5. Компьютер атасы кім екенін анықтаңыз.

А) Иван


В) Джон

С) Альберт

Д) Николос

E) Арнольд

6. Компьютердің шыққан жалын көрсетіңіз.

А) 1928


В) 1933

С) 1935


Д) 1943

E) 1930


7. Интернеттің туған күнін белгілеңіз.

А) 1950 ж. 10 желтоқсан

В) 1969 ж. 29 қазан

С) 1967 ж. 25 ақпан

Д) 1965 ж. 1 қаңтар

E) 1970 ж. 5 наурыз

8. Компьютердің шыққан жерін көрсетіңіз.

А) ҚХР


В) ҚССР

С) Жапония

Д) АҚШ

E) Англия



9. Қалта компьютер шығарған адамды анықтаңыз.

А) Билл Гейтс

В) Джон Скалли

С) Элвис Пресли

Д) Анри Барбюс

E) Александр Затаевич

10. Ғаламтор деген сөздің мағынасын көрсетіңіз.

А) е-пошта

В) интернет

С) виндоус

Д) майкрософт

E) е-лернинг

11. Бағыныңқы және басыңқы сөйлемнен тұратын сөйлемнің түрін анықтаңыз.

А) жай сөйлем

В) атаулы сөйлем

С) салалас құрмалас сөйлем

Д) сабақтас құрмалас сөйлем

Е) жалаң сөйлем

12. Ақпараттық технология терминдерін табыңыз.

А) теледидар, жарнама

В) тышқан, үстел

С) қарындаш, сызғыш

Д) мәлімет, мәтін

Е) активстудио, процессор

13. Мезгіл бағыныңқы сабақтас құрмалас сөйлемді табыңыз.

А) Не ексең, соңы орасың.

В) Күз келсе де, жаңбыр жаумады.

С) Сабақ ерте басталғандықтан, ерте бітті.

Д) Ол көп уайымдап, ерте келді.

Е) Мұғалім айтқанда, ол жазды.

14. Сөйлемнің түрін анықтаңыз: Сабақ кестесін өзгертсе, бізде кітапханаға баратын уақыт болады.

А) салалас құрмалас сөйлем

В) жай сөйлем

С) жалаң сөйлем

Д) атаулы сөйлем

Е) сабақтас құрмалас сөйлем

15. Шартты бағыныңқы сабақтастың жасалу жолын анықтаңыз.

А) -са, -се

В) -ғандықтан, -гендіктен

С) -ғанда, -генде

Д) -мақшы, -мекші + болып

Е) -ғанмен, - генмен

16. Себеп бағыныңқы сабақтастың жасалу жолын анықтаңыз.

А) -а, -е, -й

В) -у үшін

С) -ғандықтан, -гендіктен

Д) -са, -се

Е) -са да, -се де

17. Мезгіл бағыныңқы сабақтастың жасалу жолын анықтаңыз.

А) -қанмен, -кенмен

В) -са, -се

С) -ып, -іп, -п

Д) -қанда, -кенде

Е) -у үшін

18. Қарсылықты бағыныңқы сабақтастық жасалу жолын анықтаңыз.

А) -са, -се + жіктік жалғау

В) -мақшы болды, -мекші болды

С) -ғанмен, -генмен

Д) -ғанша, -генше

Е) -ып, -іп, -п

19. Сөйлемнің түрін анықтаңыз: Ол көп ойланып, үйге қайтып келді.

А) мезгіл бағыныңқы сабақтас

В) мақсат бағыныңқы сабақтас

С) қимыл-сын бағыныңқы сабақтас

Д) қарсылықты бағыныңқы сабақтас

Е) шартты бағыныңқы сабақтас

20. Мақсат бағыныңқы сабақтас құрмаластың жасалу жолын анықтаңыз.

А) -ғанмен, -генмен

В) -у үшін

С) -ғандықтан, -гендіктен

Д) -са, -се + жіктік жалғау

Е) -са да, -се де





  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   47




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет