9 – сынып
ІІІ. Оқу – еңбек аясы
Біздің елде орта мектепте білім алу.
Қандай емтихандар тапсырамын?
Лексика - грамматикалық тест № 931
1.Зат есімді көрсетіңіз.
А) көмектесу
В) басшы
С) қалың
Д) нешінші
Е) қарсы алу
2.Негізгі зат есімді табыңыз.
А) көмекші
В) тарсыз
С) білім
Д) мәдениетті
Е) қалам
3.Зат есім тудырушы жұрнақты табыңыз.
А) –қар, -көр
В) –сын, -сін
С) –лық, -лік
Д) –та, -те
Е) –дан, -ден
4.Етістіктен жасалған зат есімді белгілеңіз.
А) дәріхана
В) жақсылық
С) қапшық
Д) бөлме
Е) достық
5.Зат есім құрамына қарай қалай бөлінеді?
А) дара, күрделі
В) негізгі, туынды
С) жіктеу, сілтеу
Д) деректі, жансыз
Е) бастауыш, баяндауыш
6.Туынды зат есімі бар сөйлемді табыңыз.
А) Мен интернетті көп қолдандым.
В) Осы аптада тағы да ақпараттар жинадым.
С) Оқулықсыз келген оқушылар да болды.
Д) Құжаттарды дұрыс толтыру керек.
Е) Мектепте достарыммен кездестім.
7. Сын есімнен жасалған зат есімді белгілеңіз.
А) жақсылық
В) шебер
С) етікші
Д) дүкенші
Е) қонақ
8.Зат есімнен туындаған сын есімді табыңыз.
А) маңында
В) тастың
С) майлы
Д) жанында
Е) басында
9.Туынды зат есімі бар мақал-мәтелді табыңыз.
А) Екі кеменің басын ұстаған суға кетеді.
В) Жеті рет өлшеп, бір рет кес.
С) Татулық – табылмас бақыт.
Д) Ынтымақ түбі - береке
Е) Аңдамай сөйлеген, ауырмай өледі.
10.Туынды сөзді табыңыз.
А) тілмен
В) тілші
С) тілге
Д) тілден
Е) тілді
11. «Мұғалім» сөзінің синонимін көрсетіңіз.
А) аудармашы
В) оқытушы
С) шәкірт
Д) құрбы
Е) зерттеуші
12.Ыбырай Алтынсарин - … .
А) саяхатшы
В) зерттеуші
С) академик
Д) ағартушы, педагог
Е) әнші
13. Ы.Алтынсарин қай жылы қазақ мектебін ашты?
А) 1881
В) 1878
С) 1864
Д) 1859
Е) 1862
14.Білім беру туралы Заң қай жылы қабылданды?
А) 1989
В) 1995
С) 1997
Д) 1999
Е) 2000
15.Мақалды аяқтаңыз. Оқусыз білім жоқ, ... ... .
А) білімсіз күнің бар
В) білімсіз күнің жоқ
С) білімсіз жарық жол
Д) білімсіз өмір жоқ
Е) білім бар
16.Көп нүктенің орнына керекті сөзді жазыңыз. Талаптанған тауға шығар, ... жерде қалар.
А) жалқауланған
В) үлгерген
С) барған
Д) жазған
Е) келген
17.Мектептерде оқушылар оқу жылының аяғында нені тапсырады?
А) жоспар
В) тапсырыс
С) емтихан
Д) кеңес
Е) дәптер
18.Қарамен жазылған сөздің антонимін көрсетіңіз. Мен қазақ тілі пәнінен емтиханды жақсы тапсырдым.
А) жетік
В) орташа
С) жаман
Д) жылдам
Е) кеше
19.Қазақ тілі қандай тілдер тобына жатады?
А) орыс
В) түркі
С) кавказ
Д) славян
Е) балтық
20.Сен нешінші сыныпта оқисың?
А) бес
В) жетіге
С) сегізде
Д) тоғызыншы
Е) алтымен
Достарыңызбен бөлісу: |