10.2.2. Қазақстан мемлекеті, оның құрылымы.
1. Қазақстан Республикасы қандай мемлекет екенін көрсетіңіз.
А) Демократиялық, зайырлы, құқықтық В) Коммунистік
С) Анархиялық Д) Либералдық Е) Монархиялық 2. Мемлекеттің ең қымбат қазынасы не екенін анықтаңыз.
А) Халқы
В) Табиғат және табиғат байлықтары
С) Жер асты кені
Д) Тілі мен діні
Е) Адам және адамның өмiрi, құқықтары мен бостандықтары 3. Қазақстан Республикасының заң шығару қызметiн жүзеге асыратын Республиканың ең жоғары өкiлдi органын табыңыз.
А) Парламент
В) Үкімет
С) Мәжіліс
Д) Сот
Е) Сенат
4. Парламентте тұрақты негiзде жұмыс неше Палатадан тұратынын анықтаңыз.
А) Екi Палатадан: Сенаттан және Мәжiлiстен тұрады
В) Бір Палатадан: Сенаттан
С) Үш Палатадан: Үкіметтен, Сенаттан және Мәжiлiстен Д) Мәжілістен Е) Сот пен Парламенттен 5. Қазіргі кезеңде Қазақстандағы облыс санын көрсетіңіз. A) 19 B) 16 C) 12 Д) 17 E) 14 6. ҚР Конституциясы бойынша әрбір азаматтың қасиетті борышы мен парызы не болып табылатынын анықтаңыз.
A) Конституцияның сақталуы.
B) ҚР Мемлекеттік нышандарын құрметтеу.
C) Қазақстан Республикасын қорғау.
Д) Тарихи және мәдени ескерткіштерді сақтау.
E) Табиғатты қорғау.
7. Қазақстан БҰҰ-ға қай жылы мүше болғанын табыңыз.
А) 1992 ж. 2 наурыз В) 1993 ж. 6 наурыз
С) 1995 ж. 12 маусым
Д) 1991 ж. 24 қараша
Е) 1992 ж. 4 маусым
8. Қазақстан тәуелсіз ел болып қашан жарияланғанын анықтаңыз.
А) 1990 ж. 10 желтоқсан
В) 1992 ж. 4 маусым
С) 1993 ж. 15 қараша
Д) 1991 ж. 16 желтоқсан
Е) 1989 ж. 22 қыркүйек
9. ҚР Конституциясына сәйкес Қазақстанның мемлекеттік құрылым формасы қандай екенін анықтаңыз.
A) Унитарлы.
B) Федеративті.
C) Конфедерация.
Д) Бір ұлтты.
E) Аралас.
10. Қазақстан Республикасының Конституциясы бойынша халық пен мемлекеттік биліктік бірлігінің нышаны әрі кепілі болып кім табылатынын анықтаңыз.
А) Сенат.
В) Мәжіліс.
С) Президент.
Д) Премьер-министр.
Е) Конституциялық Кеңес.
11. 2-жақ көпше түрінде тұрған етістікті табыңыз.
A) Жатырсың.
B) Жатырсыз.
C) Жатырмыз.
Д) Жатырсыңдар. E) Жатырмын.
12. Тұйық етістікті анықтаңыз.
A) Көрсет.
B) Дәлелде.
C) Көмектес. Д) Түсіндір.
E) Шегелеу.
13. Жасырын тұрған табыс жалғаулы тіркесті табыңыз.
A) Атты адам.
B) Кітап оқы.
C) Кеше келді.
Д) Малды ауыл.
E) Ертең барам.
14. Көсемшені табыңыз.
A) Жазып.
B) Жазба.
C) Жазған. Д) Жазбақ.
E) Жазар.
15. Септік жалғауы жалғанған сөзді көрсетіңіз.
A) Көріксіз.
B) Күз.
C) Кітап.
Д) Қағазды.
E) Қашты.
16.Өздік есімдігі қатысқан сөз тіркесін көрсетіңіз.
A) Мектеп оқушылары.
B) Өзіміздің балалар.
C) Еңбектеген бала. Д) Көңілді қария.
E) Өнерлі жастар.
17. Етістіктің бұрынғы өткен шақ түрін табыңыз.
A) Сездің.
B) Сезесің.
C) Сезіпті.
Д) Сезермін.
E) Сезбек.
18.Туынды сын есімді табыңыз.
A) Ақ.
B) Аспалы.
C) Абырой. Д) Нашар.
E) Аласа.
19.Нақ осы шақтағы етістікті табыңыз.
A) Бізге жиі келіп тұрады.
B) Үнемі сөйлесіп тұрамыз. C) Кітап оқып отыр. Д) Біз мұнда жиі келеміз.
E) Кітап оқып отырады.
20.Көсемше жұрнақтарын табыңыз.
A) -ар, -ер, -р. B) -мақ, -мек. C) -па, -пе. Д) -қан, -кен.
E) -ғалы, -гелі.
Достарыңызбен бөлісу: |