5- сынып ІІ . Әлеуметтік -мәдени ая.
ІІ. Біз мектепте жаңа жыл тойлаймыз.
Лексика - грамматикалық тест №522
1. Қыс айларын атаңыз.
А) маусым, шілде, тамыз
В) жұма, сенбі, жексенбі
С) желтоқсан, қаңтар, ақпан
D) қыркүйек, қазан, қараша
Е) наурыз, сәуір, мамыр
2. Заттың сынын білдіретін сөз табын көрсетіңіз.
А) сан есім
В) зат есім
С) сын есім
D) етістік
Е) есімдік
3. Қыста ауа райы қандай болатынын табыңыз.
А) суық
В) жылы
С) ыстық
D) салқын
Е) әдемі
4. Сын есімнің сұрақтарын көрсетіңіз.
А) Кім? Не?
В) Не істейді?
С) Қанша? Неше?
D) Қандай? Қай?
Е) Қайда? Неде?
5. Шыршаны қандай мерекеге безендіретінін көрсетіңіз.
А) Жеңіс күні
В) Жаңа жыл
С) Білім күні
D) Наурыз мейрамы
Е) Тәуелсіздік күні
6. Жаңа жыл мерекесін қай айда тойлайсыз.
А) қыркүйек
В) желтоқсан
С) қараша
D) ақпан
Е) қаңтар
7. Туынды сын есімді табаңыз.
А) қысқы
В) әдемі
С) қысқа
D) ұзақ
Е) таза
8. Қар жауады, аяз болады. Бұл қай кезде болатынын көрсетін.
А) күзде
В) қыста
С) кешке
D) жазда
Е) көктемде
9. Бірыңғай ашық буынды сөзді табыңыз.
А) сіңлі
В) сынып
С) мектеп
D) мереке
Е) қарындас
10. Жұмбақтың жауабын табыңыз.
Табаныма байладым, қос таяқпен айдадым.
А) шаңғы
В) шана
С) мектеп
D) мереке
Е) коньки
11. Мына сөздерге қандай сұрақ сәйкес келеді, көрсетіңіз.
Ойнайды, сырғанайды, тебеді.
А) қандай?
В) нешінші?
С) қанша?
D) қайдан?
Е) не істейді?
12. Шығыс септік жалғауы бар сөзді көрсетіңіз.
А) бесте
В) тоғызға
С) екіден
D) алтымен
Е) қырықта
13. Қазақша жаңа жыл қашан болатынын белгілеңіз.
А) қаңтар
В) наурыз
С) ақпан
D) желтоқсан
Е) қараша
14. « Ақшақар» сөзіндегі буын түрлерін анықтаңыз.
А) ашық, ашық, бітеу
В) тұйық, бітеу
С) тұйық, ашық, бітеу
D) бітеу, бітеу
Е) ашық, тұйық, бітеу
15. Антонимдерді табыңыз.
А) суық - ыстық В) салқын - қысқы С) мектеп - сынып
D) мереке - мейрам Е) сұлу - әдемі
Достарыңызбен бөлісу: |