5- сынып ІІ . Әлеуметтік -мәдени ая.
3. Біздің мектептегі спорт үйірмелері
Лексика - грамматикалық тест №523
Ойлауды қажет ететін ойын түрін атаңыз.
А) футбол
В) баскетбол
С) тоғызқұмалақ
D) волейбол
Е) теннис
2. Мен шахмат үйірмесіне қатыса... – керекті жалғауды жалғаңыз.
А) -бын В) -мен С) -сіз D) -мын Е) –мыз
3. Асық қолданатын спорт түрі
А) баскетбол
В) ханталапай
С) футбол
Д)шахмат
Е) тоғызқұмалақ
4. «Біз мектепте спорт үйірмесіне қатысамыз» - деген сөйлемдегі есімдік түрін анықтаңыз
А) сілтеу
В) өздік
С) сұрау
Д) жіктеу
Е) белгісіздік
5. Қазақ халқының ұлттық ойынын белгілеңіз
А) лото
В) дойбы
С) баскетбол
Д) тоғызқұмалақ
Е) шахмат
6. Заттың қимылын білдіретін сөз табын табыңыз
А) зат есім
В)сын есім
С)есімдік
Д)етістік
Е) сан есім
7. Буынға дұрыс бөлінген сөзді табыңыз
А) то- ғыз- құм-ал-ақ
В) то-ғыз-құ-ма-лақ
С)тоғ-ыз-құма-лақ
Д) то-ғыз-құма-лақ
Е)тоғыз-құ-малақ
8. Бірыңғай бітеу буынды сөзді көрсетіңіз
А) қарға
В) құмырсқа
С)қарағай
Д)қасқыр
Е)қарлығаш
9. Есімдіктерді табыңыз
А) жазғы, қысқы
В)адам, ойын
С)біз, кім
Д)бар, кел
Е)бала, ана
10. Жуан дауысты сөзді табыңыз
А) үйірме
В)дәріхана
С)спортзал
Д)мектеп
Е)үзіліс
11. Етістікті табыңыз
А) тұр
В)жерде
С)біз
Д)қызыл
Е)екі
12. Мектеп оқушыларының демалатын күнін белгілеңіз
А) сәрсенбі
В)бейсенбі
С) дүйсенбі
Д) жексенбі
Е)жұма
13. Көптік жалғаулы сөзді табыңыз
А)дәптер
В)ғалымдар
С)әкем
Д)жұмысшы
Е)оқулықта
14. Сөйлемді толықтырыңыз «Ол шахмат ..... қатысады»
А) үйірмесіне В)үйірмеге С)үйірмеден Д)үйірмені Е)үйірмесін
15. Негізгі сын есімді табыңыз
А) қысқы В)күзгі С)қалалық Д)ұлттық Е)жасыл
5- сынып. ІІІ. Оқу еңбек аясы.
1.Менің мектебім. Мектеп ғимараты
Лексика - грамматикалық тест №531
1.«Мектеп» деген сөз қай тілден шыққанын табыңыз.
А) Араб
В) Парсы
С) Қазақ
D) Қырғыз
Е)Өзбек
2. Мақалды аяқтаңыз. «Мектеп - кеме, білім - .....»
А) мектеп
В) ұстаз
С) қазына
D) теңіз
Е) кітап
3.Көп нүктенің орнына керекті етістікті жазыңыз.
Мен кітапханаға жиі ......
А) барамын
В) барасың
С) барады
D) барды
Е) барамыз
4.Сын есімнің жұрнақтарын табыңыз.
А) - дай,- дей
В) - ып, - іп
С) - ған, - ген
D) -ыл, - іл
Е) -ар – ер
5. Сан есім түрін анықтаңыз: Атадан алтау, Анадан төртеу
Жалғыздық көрер жерім жоқ.
А) Жинақтық
В) Реттік
С) Топтау
D) Болжалдық
Е) Есептік
6.Оқу құралдарын табыңыз.
А) өшіргіш, карта,сабақ
В) ұстаз,қалам, сызғыш
С)оқушы,компас,портфель.
D) желім,қалам,сызғыш.
Е) күнделік,тақ,бор.
7.Мектеп спортзалында балалар.....
А) кітап оқиды
В) футбол ойнайды
С) шахмат ойнайды
D) сурет салады
Е) би билейді
8. «Әдемі», «сұлу», «көркем», «көрікті» деген сөздер қандай сөздер
А) синоним
В) антоним
С) омоним
D) көп мағыналы
Е) сөз құрамы
9.Антоним сөзді көрсетіңіз.
А)мектеп, сабақ
В) әке, аға
С) көл, өзен
D) ұзын, қысқа
Е) тәтті, дәмді
10. Мұражай деген сөзге көптік жалғауын жалғаңыз.
А) -лар
В) -дар
С) -дер
D) -лер
Е) –тер
11.Заттың атын білдіретін сөз табыңыз.
А) сан есім
В) зат есім
С) сын есім
D) етістік
Е) есімдік
12. Күш – білімде, білім - .....
А) ақылда
В) ойда
С) мектепте
D) тілде
Е) кітапта
13.Сан есім нені білдіретінін табыңыз.
А) Заттың атын
В) заттың сынын
С)заттың санын
D) заттың дәмін
Е)заттың қимыл – әрекетін
14.Мектеп сөзі қандай ұғымды білдіретінін айтыңыз.
А) Оқу орны
В) сауаттылық
С) дұрыс жазу
D) басты міндет
Е) ереже
15.Адамды тамақтандырады, бірақ – өзі ештеңе жемейді.
А) ана
В) табиғат
С) ата-ана
D) досы Е) әже
5- сынып. ІІІ. Оқу еңбек аясы.
Мектеп демалысы. Оқу жылындағы демалыс.
Лексика - грамматикалық тест №532
1. Жазда күндер қандай болатынын табыңыз.
А) қысқа
В) кең
С) ұзақ
D) қараңғы
Е)жарық
2. Мына сөйлемнен сын есімді табыңыз.
Өсімдіктер мен жануарлардың табиғаттағы, адам өміріндегі керемет қадір-қасиетін, пайда-маңызын жақсы білген.
А) өсімдіктер
В) жақсы
С) керемет
D) адам
Е)білген
3. Көп нүктенің орнына керекті сөзді жазыңыз.
Қайрат жазғы демалыста ауылға .....
А)барамыз
В) бардым
С) барасың
D) барасыз
Е) барады
4. «Көңілді» сөзі қай сөз табына жатады.
А) зат есім
В) сан есім
С) сын есім
D) етістік
Е) үстеу
5. «Ер – елдің көркі, орман ,тоғай - ... көркі»
А) таудың
В) жердің
С) көлдің
D) ауылдың
Е) көшенің
6. Жаз айларын атаңыз.
А) мамыр,маусым, шілде
В) мамыр, шілде, тамыз
С) сәуір, мамыр, тамыз
D) наурыз, сәуір, мамыр
Е) маусым, шілде, тамыз
7. «Летом» - сөзінің аудармасын табыңыз.
А) жазғы
В) жазда
С) жаздың
D) жазға
Е) жаздан
8.Реттік сан есімді табыңыз.
А) жетеу
В) он
С) бесінші
D) екі екіден
Е) төрттен бір
9. Жалғаулық шылауды табыңыз.
А) Мен үйден кеше келдім.
В) Тау мен тасты су бұзар, адамзатты сөз бұзар.
С) Баламен жүру қиын болар.
D) Менің шаруам қанша?
Е) Адамның күні адаммен
10. Сын есімнің сұрақтары
А) қай? қандай? В) кімнің? кім?
С) нешінші? нешеу?
D) нешеу? ненің?
Е) қандай? қайтты?
11. Асты сызылған сөз қай шақта тұрғанын анықтаңыз. Түнде жаңбыр жауады.
А) нақ осы шақ
В) өткен шақ
С) келер шақ
D) ауыспалы өткен шақ
Е) ауыспалы осы шақ
12.Жаздың бір күні қыстың .... айын асырайды.
А) мың
В) жүз
С) он
D) бір
Е) көп
13.Қандай әріптер сөз басында айтылмайтынын табыңыз.
А) й,ң
В) ь,я
С) э,ы
D) ъ,х
Е) ң,р
14.Жазда тоқтамайды, қыста қозғалмайды.
А) шана В) сағат С) су
D) шөп Е) гүл
15.Сенбіден кейін үш күн өтті. Ол қай күн екенін анықтаңыз.
А) бейсенбі В) сейсенбі С) жұма
D) сәрсенбі Е) жексенбі
Достарыңызбен бөлісу: |