Кіру рұхсаты шектеулі ақпараттарды сақтау.
Ақпараттық ағымдарды, қол жеткізу тұрғысынан қарастырғанда келесідей 2 топқа бөлуге болады:
ашық (ақпараттық ортада еркін таратылатын);
пайдалану мүмкіншілігі шектеулі ( құпиялылықты, конфеденциалдылықты сақтай отыру арқылы ғана таратылатын ақпараттар).
Барлық ақпараттар кез келген жағдайда таратылып, пайдаланылады.
Қазақстан Республикасының конституциясы азаматтарға экологиялық, экономикалық, саси, ғылыми және т.с.с ақпарат көздерін пайдалану бостандығына кепілдік береді, бұл мүмкіндіктер заң жүзінде шектелмеген.
Көру мүмкіндігі шектеулілерге ноу-хау, азаматтар және кейбір сот қаулылары туралы құжаттандырылған ақпараттар, мемлекеттік, коммерциялық, қызметтік құпиялар және т.б ақпараттарға жатады және оларға Қазақстан Республикасының конституциясымен заңды түрде қол сұғуға шек қойылған.
Компьютерлік технологиялардағы вирустар мәселелері.
Компьютерлік вирус- арнайы жазылған шағын көлемді программа. Ол өздігінен басқа программалар соңына немесе алдына қосымша жазылады да, оларды «бүлдіруге» кіріседі, сондай-ақ компьютерде т.б келеңсіз әрекеттерді істеуі мүмкін. Ішінен осындай вирус табылған программа «ауру жұққан» немесе «бүлінген» деп аталады. Мұндай программаны іске қосқанда алдымен вирус жұмысқа кірісіп, оның негізгі функциясы орындалмайды немесеқате орындалады. Вирус іске қосылған программаларға да кері әсер етіп, оларға да «жұғады» және басқа да зиянды іс-әрекеттер жасай бастайды (мысалы, файлдарды немесе дискідегі файлдардың орналасу кестесін бүлдіреді, жедел жадыдағы бос орынды жайлап алады және т.б.)
Өзінің жабысқанын жасыру үшін вирустың басқа программаларды бүлдіру және оларға зиян әрекеттері көбінесе сырт көзге біліне бермейді. Вирус өзіне қажетті бүлдіру әрекеттерін орындаған соң, жұмысты басқаруды негізгі программаға береді, ал ол программа алғашында әдеттегідей жұмыс істей береді. Сөйтіп ол программа бұрынғы қалпында жұмысын жалғастырып, сырт көзге «вирус жұққандығы» бастапқыда байқалмай қалады.
Вирустың көптеген түрлері ЭЕМ жадында DOS –ты қайта жүктегенше тұрақты сақталып, оқтын-оқтын өзінің эиянды әсерін тигізіп отырады.
Компьютерде «вирус жұққан» программалар саны кһбеймей тұрғанда, онда вирустың бар екені сырт көзге ешбір байқалмайды. Бірақ біраз уақыт өткен соң, компьютерде әдеттегіден тыс, келеңсіз құбылыстар басталғаны білінеді, оларо, мысалы, мынадай іс-әрекеттер істеуі мүмкін:
кейбір программалар жұмыс істемей қалады немесе дұрыс жұмыс істемейді;
экранға әдеттегіден тыс бөтен мәліметтер, символдар т.б. шығады;
компьютердің жұмыс істеу жылдамдығы баяулайды;
көптеген файлдардың бүлінгені байқалады және т.с.с.
Вирус программаларды көлемі кішішігірім болады және ассемблер тілінде жазылады.
Қазіргі кезде вирустар негізгі 2 топқа бөлінеді:
резиденттік ( компьютер жадында тұрақты сақталатын)
резиденттік емес.
Вирус жұққан программа іске қосылғанда резиденттік вирустар әсерлене әрекет етеді, олар жедел жадыға көшіріліп жазылып, алғашқы бірсыпыра уақытта әсері сезілмегенімен, соңынан бірден іске қатты кіріседі. Бұл вирустарды тез анықтау жұмысын қиындатады.
Резиденттік емес вирус жедел жадқа тұрақты күйде жазылмайды, бірақ вирустың әсері тиген программа іске қосылғанда ол екпіндене түседі де, өзі жұмыс істеп тұрған каталогтардан өзі ішіне байқаусыз еніп кететін файл іздейді.
Достарыңызбен бөлісу: |