Қара күйе қоздырғышы-Urocystis cepulae .Ауру пияздың жапырағында эпидермис жабылған сұр қорғасын түсте ісік пайда болады. Кейін эпидермис жарылады да, оның жарығынан бойлық қара жолақ, жасыл-қара ұнтақты спора
массасы шығады. Бірінші жапырақшасы шықанда, өскін қатты зақымданады да, қурап қалады. Телиоспоралар мен жіпшелер тығыздалған қабыршақ ретінде қыстайды.
Тат ауруы- қоздырғышы Puccinia allii. Melampsora alliipopulina. P. alli- бір иелі саңырауқұлақ барлық даму циклі бір өсімдіктің өзінде жүреді. Зақымданған жапырақта әуелі ашық сары, шамалы томпайған көпшікше пайда болады. Бұл эцидиялар зақымдайды, сол жерде ашық-қоңыр урединия бөртпелер пайда болады. Телейтобортпелер қаралау, екі қалың қабығы бар, қоңыр түсті екі клеткалы, қысқа сирақты.
M.allii-populina-толық циклді дамитын әр иелі саңырауқұлақ. Пияз аралық иесі болып келеді,ал терек негізгі иесі. Зақымдалған бөлігінде ашық сары дақ, онда саңырауқұлақтың ашық сары немесе ашық-қызыл эцидиялары топтасып орналасады. Терек жапырағында телейтоспоралар және көпжылдық пиязда жіпшелер қыстайды.
Достарыңызбен бөлісу: |