БАҒдарламасының жарғысы №1 дана №1-басылым Енгізілген күні: 2015 ж. 18 ақпан Астана Мазмұны


Бағдарламаны басқару блогының жетекшісі (PMO)



бет6/10
Дата24.04.2016
өлшемі3.89 Mb.
#79063
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10

Бағдарламаны басқару блогының жетекшісі (PMO)


Басқарманы басқару блогы жетекшісінің негізгі міндеттеріне тиімді бағдарламалық кеңсені құру мен оны қолдау және Бағдарлама басшылығы үшін барлық салада ақпаратты ұсыну және қолдауды қамтамасыз ететін негізгі процестер кіреді. Бағдарламалық кеңсе қызметтің барлық саласын қамтиды және РМО қызметкерлері өздерінің жұмысқа деген икемділігін көрсетуі тиіс. Сондай-ақ уақыт тапшылығы жағдайында өзгерістерге тездетіп жедел мән бере білу шеберлігі олардың маңызды міндеттері болып табылады.

Басқарманы басқару блогының жетекшісі жауаптылықта болады, бірақ төмендегі бағыттар бойынша шектелмеген:



  • Бағдарлама мен Жобаларды, процестер мен құралдарды басқару тетіктеріне табысты әкімшілік ету;

  • әртүрлі мүдделі тараптардың есептілігін қамтамасыз ету;

  • Команда бойынша өзара тиімді байланыс жасау және барлық мәртебелер мен көрсеткіштерді қадағалау;

  • процестерді, рәсімдер мен құралдарды құру және жетілдіру;

  • бірқалыпты сапаны қамтамасыз ету үшін РМО шеңберінде білімдерді басқару процесін қамтамасыз ету, ақпаратқа рұқсат және құралдарды, процестер мен нұсқаларды ұтымды қолдану.

Негізгі міндеттері:

  • Бағдарлама менеджеріне, Команда мүшелері мен басшыларға жобаларды басқару жөніндегі іс-тәжірибелерді оңтайлы пайдалану, жоғары технологиялық ортадағы жылда даму тәсілдері мен аспаптық құралдар бойынша көмек көрсету және кеңес беру;

  • жобаларды басқару саласындағы озық іс-тәжірибелерге сұрау салу және оны насихаттау жөнінде бағыт бағдар жасау және олар жайында басшыларға кеңес беру;

  • Бағдарлама құжаттамаларының, есептемелері мен жоспарының анықтығын, толықтығы мен өзектілігін қамтамасыз ететін процестерді қолдау;

  • нақты уақыт ішінде барлық жобаларға кешенді талдау жасай отырып, Бағдарламаның прогресі жөніндегі деректердің шоғырландырылуын қадағалау, есеп жүргізу және басқару;

  • РМО қолдау үшін қажетті жобаларды, аспаптар мен іс-тәжірибелерді басқару құрылымын қолдау мен жаңалап отыруды қамтамасыз ету;

  • РМО-ға қатысуды қамтамасыз ету мақсатында басшылармен және қызметкерлермен оларға көмектесуді қоса алғанда, қолдау көрсетуде оң қатынастарды дамыту;

  • жаңа мүмкіндіктерге немесе өзекті мәселерге негізделген түзетулерді назарға ала отырып, Қоғам шеңберінде ресурстарды бөлуге қолдау көрсету;

  • мүдделі тараптармен басқару жоспарын құруға және коммуникациялар іс-шараларын іске асыруға қолдау көрсету;

  • мүдделі тараптармен барлық деңгейде жұмыс қатынастарын құрып, Бағдарлама қатысушылары арасында үйренген дағдылары мен іс-тәжірибелерін алмасу;

  • PMO ішкі және сыртқы клиенттерінің жұмыс нәтижелерін талдау және бірлескен ынтымақтастық процесін құру көмегімен табысқа жетуге мүмкіндік туғызу;



    1. Өзгерістерді басқару блогының жетекшісі


Өзгерістерді басқару блогының жетекшісі белгіленген мерзімде және бюджет шеңберінде қызметкерлердің шешімдерді тез қабылдай білуі және жаңаға тез бейімделуі есебінен Бағдарламаның мақсаттарына қол жеткізуді қамтамасыз етуде негізгі рөль атқарады. Өзгерістерді басқару блогының жетекшісі өз назарын адами фактордағы өзгерістерге аударады - бизнес-процестердің, жүйелер мен технологиялардың, ұйымдық құрылымдар мен лауазымдық міндеттердің өзгерістерін қолдау. Өзгерістерді басқару блогының жетекшісі жауапкершілігінің негізгі жұмыс аймағы өзгерістерді қабылдауды, оған бейімделуді және қызметкерлердің жаңаны енгізуге қарсыласуын азайтуын жылдамдататын өзгерістерді басқару стратегиялары мен жоспарларын әзірлеу мен енгізу болып табылады.

Өзгерістерді басқару блогының жетекшісі бизнес-пайда алуға қол жеткізуді арттыру, құндылықтарды құру және талап етілетін нәтижелерге қол жеткізу үшін Қоғам қызметкерлеріне ықпалын тигізетін өзгерістердің тиімділігін арттырумен жұмыс істейтін болады. Өзгерістерді басқару блогының жетекшісі тұрақты жетілдірудің корпоративтік мәдениетін, ептілігі мен жаңашылдығын құру, қызметкерлерді оқыту және жаңғырту процесіне тарту және өзгерістерге тарту мәдениетін ұштастыру үшін жауаптылықта болады.

Өзгерістерді басқару блогының жетекшісі өз алдына қойған мақсатына жету үшін Бағдарлама командасының ішкі және сыртқы көшбасшылары мен басшылары үшін тәлімгер ретінде іс-әрекеттер жасап, өзгерістердің өрге дамуына көмектесе отырып, Қоғамның басқа басшыларымен тығыз ынтымақтаса жұмыс істейтін болады. Өзгерістерді басқару блогының жетекшісінен бизнес-ортағы жан-жақты білімі мен саладағы тікелей іс-тәжірибесі болуы талап етіледі. Атап айтқанда, Қоғамның басқарушылық құрылымын, саясаты мен мәдениетін ұғынуын талап етеді. Оның Бағдарламаның болжамдарын қызметкерлердің бизнестің барлық деңгейлерінде дұрыс көре білуі үшін тиімді маркетингтік және коммуникациялық дағдылары болуы тиіс.

Өзгерістерді басқару блогының жетекшісінің міндеттері:



  • құрылымдық әдіснаманы қолдану және бизнесті өзгерту жөніндегі белсенділікті басқару;

  • өзгерістердің ықпал етуін бағалау;

  • өзгерістерді басқару стратегиясын құру;

  • тәуекелдерді анықтау және талдау, оларды азайтудың тәсілдерін әзірлеу;

  • өзгерістерге әлеуетті кедергілерді анықтау және басқару;

  • тәлімгерлік ету және жобалық командаларға кеңес беру;

  • өзгерістерді басқарудың бес бағыты: коммуникациялар жоспары, мүдделі тұлғаларды талдау матрицасы, тәлімгерлік ету жоспары, оқыту жоспары, өзгерістерге әлеуетті кедергілерді басқару жоспары үшін қажетті материалдарды әзірлеу;

  • коммуникациялар бөлігінде қолдау;

  • оқыту бөлігінде қолдау;

  • жоғары басшылықты қолдау және тарту;

  • Қоғамның менеджерлеріне тәлімгерлік ету;

  • ұйымдық инициациялауды әзірлеуді қолдау, міндеттер мен жауапкершіліктерін анықтау;

  • басқа сарапшылармен күштерді үйлестіру;

  • жоба жоспарына өзгерістерді басқару жөніндегі жұмысты енгізу;

  • қызметкерлердің дайындығын бағалау және қамтамасыз ету;

  • мүдделі тұлғаларды басқару;

  • ашық мәселелер мен өзекті мәселелерді басқару және талдау;

  • табыс көрсеткіштерін анықтау және өлшеу және өзгерістердегі прогресті қадағалау;

  • Қоғам деңгейінде өзгерістерді басқаруды қолдау;

  • Бағдарлама бойынша жүктемені басқару және өзгерістерді басқару.





    1. Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет