БАҒдарламасының жарғысы №1 дана №1-басылым Енгізілген күні: 2015 ж. 18 ақпан Астана Мазмұны


Тәуекелдер мен өзекті мәселелерді басқару



бет8/10
Дата24.04.2016
өлшемі3.89 Mb.
#79063
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10

Тәуекелдер мен өзекті мәселелерді басқару


      1. Тәуекелдерді басқару


Тәуекел «шығындар, уақыт, сапа және/немесе пайда алу перспективалары тұрғысынан болашақта болуы мүмкін және Бағдарламаны іске асыруға қолайсыз ықпалын тигізетін бірдеме» ретінде анықталады.

Тәуекелдерді басқару – бұл бірдейлендіру, бағалау, және жеңілдету немесе белгісіздерді бақылау, оларды кесте бойынша орындаудың кешіктірілуіне, қаражаттардың артығымен жұмсалуына, нәтижелерге байланысты өзекті мәселелердің болуына, Бағдарламаға қолайсыз ықпал етуге немесе өзге орынсыз салдарларға әкеп соғуы мүмкін. Тәуекелдер туралы нақтылаулар толығымен «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ-ның трансформациялау жөніндегі басшылығының 02 процесс бөліміндегі Жоспарлау және мониторингте сипатталған, III-том.



      1. Өзекті мәселелерді басқару


Өзекті мәселелер «шығындар, уақыт, сапа және/немесе пайда алу перспективалары тұрғысынан осы уақытта болып жатқан және Бағдарламаны іске асыруға қолайсыз ықпалын тигізетін бірдеме» ретінде анықталады.

Өзекті мәселелерді басқару – бұл мойындау, бағалау және өзекті жағдайларды түзету, оларды жоспарлы орындаудың кешіктірілуіне, қаражаттардың артығымен жұмсалуына, нәтижелерге байланысты өзекті мәселелердің болуына немесе Бағдарламаға қолайсыз ықпал етуге әкеп соғуы мүмкін.

Кез келген мүдделі тарап көтерген кез келген өзекті мәселе өзекті мәселелер тізілімінде тіркелуі тиіс. Осыдан кейін туындаған өзекті мәселеге баға беру қажет. Егер мәселе ағымдағы лимит шеңберінде шешілсе. онда:


  1. оның рұқсаты бойынша алдын ала іс-қимылдар қабылдаған, өзекті мәселелер тізілімдемесін жаңалаған және ол туралы қызметкерге хабарлаған жөн,

  2. немесе өзекті мәселені неғұрлым сатылық жоғары деңгейге берген, тізілімдемені жаңалаған және дерек көздеріне хабарлаған жөн.

Егер өзекті мәселеге баға бергеннен кейін Бағдарлама/жоба деңгейінде өзгерту талап етілсе, онда өзгерістерді енгізу процесін бастаған жөн. Егер баға бергеннен кейін Бағдарлама/жоба деңгейінде тәуекелдердің пайда болғаны анықталса, онда мұндай жағдайларда тәуекелдерді басқару әдіснамасына сай әрекет жасаған дұрыс.

  1. Сапаны бақылау

Сапаны бақылау Бағдарламаның нәтижелерін әзірлеу, жоспарлау және қол жеткізу үшін қажетті барлық іс-қимылдардың тиімділігін қамтамасыз етуге, сондай-ақ сәйкес келмейтін нәтижелерді болдырмауға бағытталған процесс.

Сапаны басқару тәсілі:

1) сапаны басқару жоспарын әзірлеу;

2) Бағдарлама жоспарына сапаны басқару жоспарын біріктіру;

3) Жоба кезеңінің әрбір бақылау нүктесі алдында нәтижелер сапасына тексеру жүргізу;

4) түзетуші іс-қимылдар ұсынымдары;

5) сапаны қадағалау.

Сапаны басқару туралы нақтылау «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ-ның трансформациялау жөніндегі басшылықтың 06 процесс Сапаны басқару бөлімінде сипатталған, III-том.


  1. Өзгертулерге арналған көлемдер мен сұратуларды басқару

Өзгерістерге бақылау жасау процесінің негізгі мақсаты Бағдарламаның тиісті мақсаттары бойынша басқарылатын өзгерістерді бұл ретте Бағдарлама басшылығының күтулерінен шегінбей қабылдау процесі.

Бағдарламаның өзгерістерін бақылау рәсімдері мынадай негізгі қадамдардан тұрады:

1) талап етілетін өзгерістерді бірдейлендіру;

2) өзгеріске сұратуды қалыптастыру.

Бірінші қадам өзгерістерді орынды және уақтылы келісу, екінші - орынды өзгерістер енгізу. Төменде өзгерістерге бақылау жасау процесінің негізгі қадамдардың жүйелілігі көрсетілген (3-суретті қараңыз).




3-сурет Өзгерістерді бақылаудың жалпы процесі



  1. Бюджет пен шығындарды басқару

Қоғамның Бағдарламаны қаржыландыруы үшін «KEGOC» АҚ даму жоспары мен бюджетін әзірлеу, келісу, бекіту, түзету енгізу, орындау және орындалу мониторингісін жүргізу туралы Ер KEGOC 00-315-13-СД ережесіне сәйкес «KEGOC» АҚ Кірістері мен шығыстары бюджеті мен Инвестициялық бағдарламасы құрамында шығындар қарастырылады.

Тараптар бюджет қаражаттарын тиімді пайдаланудың маңыздылығын түсінеді. Бұл үшін Бағдарламамен қатаң бюджеттік тәртіп пен анықтық тәсілі қолданылады. Қоғам басшысы Бағдарламаны іске асыру үшін жауапты (Демеуші, CBTO, Бағдарлама менеджері), Бағдарламаны іске асыру болжамдарын әзірлейді, Кеңестің қарауына келісуге енгізеді. Бюджетті пайдалану жөніндегі есептілік Бағдарламаның нысанды есептемесінің бір бөлігі болып табылады. Қаржы жылы ішінде бюджетке түзету енгізу «KEGOC» АҚ (Е KEGOC 00-314-08) Бюджет комитеті туралы ережеге сәйкес жүргізіледі.

Бюджет бағдарламасы Қоғам ережелерімен бекітілген неғұрлым дұрыс және қол жетімді ақпарат нысанын пайдалана отырып дайындалады. Оған мынадай шығыстар кіреді:

1) персонал;

2) консультациялық қызметтер;

3) жайлар;

4) логистика/іссапар шығыстары;

5) байланыс;

6) аппараттық қамтамасыз ету/жабдық;

7) Команданы ұйымдық қамтамасыз ету;

8) бағдарламалық қамтамасыз ету;

9) оқу;

10) лицензиялар және бағдарламалық қамтамасыз ету.



Бюджетке Іске асыру, 3-кезеңге арналған трансформациялау жобаларын іске асыру шығыстары кірмейді.

  1. Кезеңдердің жабылуын басқару

Кезеңдерді жабу процесі кеңес өткізуге дайындық жасау, өткізу және кезеңдерді тиімді жабуды табысты және экономикалық тұрғыдан қамтамасыз ету үшін қажетті қабылданған шешімдерді іске асыру жөніндегі қызметтің барлық түрлерін қамтиды. Кезеңдерді жабу процесінің аяқталуы осы кезең орындалды немесе орындалмады деп мойындау ұсынысы қабылданатын бақылау нүктесінің жетістігін бағалау жөніндегі кеңесті өткізу болып табылады.

Кезеңді жабудың барлық процесі ішінде оған барлық негізгі мүдделі тараптар мен Бағдарламаға қатысушылар (мәселен, нәтижелер иелері, аудиторлар, сапа бақылаушылары, Демеуші және бағдарлама жетекшілері) тартылады. Кезеңді жабу процесі – бұл Бағдарламалар мен жобалардың ақпараттық дұрыстығын, жұмыс көлемдеріне бақылау жасауды, тәсілдерді, мерзімдерді, ресурстарды қамтамасыз етуді, шығындар мен тәуекелдерді қамтамасыз ететін Бағдарламаны басқарудың жалпы үлгісін негізгі құраушы. Бақылау нүктесінің өтуін бағалау жөніндегі кеңесте дайындалған кезеңді жабудың нәтижелері оны бұдан кейін бекіту үшін Кеңеске жіберіледі.



  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет