Бағдарламасының маҕсаты, міндеттері және мазмұны Мақсаты


Дәріс тақырыбы.Жазылым дағдыларын қалыптастыру әдістемесі



бет15/22
Дата19.09.2022
өлшемі174.54 Kb.
#460928
түріБағдарламасы
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   22
дәріс Әдебиет 21-22

Дәріс тақырыбы.Жазылым дағдыларын қалыптастыру әдістемесі




Мақсаты:жазылым, жазылымның ішкі кезеңдерін сабаҕ үдерісінде іске асыру жолдарының әдістемесін игеру
Қаралатын мәселелер: жазылым жазылымның ішкі кезеңдері.Сауаттылыҕ және идеяны жеткізе білу шығармашылыҕ жұмыс түрлері

Жазылым дегеніміз


Жазылым тӛрт дағдылардың бірі және ол ӛндіруші дағдылар ҕатарына жатады. Яғни ӛндіруші дағды дегеніміз тілді ҕолданып сӛйлеу немесе жазу. Ҕарапайым тілмен айтҕанда, жазылым хабарды ҕағаз бетіне түсіруді ҕамтамасыз етеді. Жазу арҕылы коммуникацияға түсу үшін біз әріптер мен сӛздерді пайдалана отырып, сӛйлем ҕұрай алуымыз керек, ал сӛйлемдерді топтастыру арҕылы біздер ӛз ойымызды жеткізе аламыз.
Жазылым түрлері: тізім жасау, ҕұттыҕтау ҕағазы, электрондыҕ хат, күнделік, хабарлама, әңгімелер, эссе және т.б.
Әр жазылымның ӛзіне сай ерекшелігі болады. Мысалы, жазу стилінің деңгейлері: ресми (ғылыми, іс ҕағаздар стилі) және бейресми (ауызекі сӛйлеу сӛздері); ҕағаз бетінде орналасу тәртібі; аҕпараттарды орналастыру реті; мәтіннің ұйымдастырылуы.
Жазылымның ішкі дағдыларын екі топҕа бӛліп ҕарастыруға болады. Біріншісі –
сауаттылық, ал екінші тобы – идеяны (ойды) жеткізе білуі.

Сауаттылыққа қатысты дағдылар:


  1. орфограяфиялыҕ ҕатесіз жазу;

  2. әріптерді дұрыс және ҕосып жаза білу;

  3. пунктуацияны дұрыс ҕолдану;

  4. ҕағаз бетіне дұрыс орналастыра білу;

  5. сӛздерді дұрыс таңдай білу;

  6. грамматиканы дұрыс ҕолдану;

  7. сӛйлемдерді дұрыс байланыстыра білу;

  8. абзацты (жаңа азат жолдан басталған, бір идеяға ғана негізделген кӛлемділеу жазылым бӛлігі) дұрыс ұйымдастыра білу.

Идеяны жеткізе білуге қатысты дағдылар:


  1. Стильді дұрыс таңдай білу;

  2. Идеяларды жүйелі ұйымдастыра білу;

  3. Мәтін түрлерінің ерекшеліктерін ҕолдана білу және мағынасын жеткізе білуде ҕажетті функцияларды пайдалана білу.

Мысалы: баяндау, шағымдану, ӛтініш білдіру, алғыс айту, ҕысҕарту (бірнеше сөздермен негізгі идеяларға тоқталу), ҕорытындылау.
Жазылымда ҕарастырылатын тағы да бір екі аспект- үйлесімділік пен жүйелілік.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   22




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет