Бағдарламасының мониторингі бойынша жедел есептілік Есепті кезең 2012 жыл Іске асыру кезеңі



бет11/18
Дата24.04.2016
өлшемі1.63 Mb.
#79727
түріБағдарламасы
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   18




181.

Экологиялық және балалар-жасөспірімдер туризмін дамыту үшін «Қызғалдақ» фестивалін өткізу

Саны

ҚР ИЖТМ ақпарат

Облыстық ТДШСБ

2012 жылдың мамыр айында Тараз қаласы «Достық» алаңында облыстық қызғалдақтар фестивалі өткізілді.

Мерекеге 2000-нан астам адам қатысты, оның ішінде мектеп оқушылары және облыс жастары, орта және шағын бизнес кәсіпорындарының қызметкерлері, өңірлік және басқа облыстағы туризм саласында, қоғам бірлестіктерінде, мемлекеттік орган және бұқаралық ақпарат құралдарында қызмет тұрғындар қатысты.



182.

Бүкіләлемдік туризм күніне арналған күздік туриада өткізу

Саны

ҚР ИЖТМ ақпарат

Облыстық ТДШСБ

Балалар және жастар туризмін дамыту мақсатында 2012 жылдың қыркүйек айында күздік туриада өткізілді, оған 130 адам қатысты.

183.

«Менің Отаным – Қазақстан» облыстық туристік экспедициясын өткізу

Саны

ҚР ИЖТМ ақпарат

Облыстық ТДШСБ

2012 жылғы қазан айында Дүниежүзілік туризм күніне арналған «Менің Отаным — Қазақстан» атты туристік экспедиция өткізілді, оған 120 адам қатысты.





Мақсат 4.2.6.: Мемлекет пен ұлттардың бірлігін одан ары нығайту, ішкі саяси тұрақтылықты қамтамасыз ету




Міндет 4.2.6.1. Этносаралық және конфессияаралық келісімді сақтау мен нығайту, жастарға мемлекеттік қолдау көрсетуді қамтамасыз ету

184.

Конфессияаралық келісімді насихаттау

бірлік

есеп

Облыс әкімдігінің ішкі саясат басқармасы

2012 жылы конфессияаралық келісімді насихаттау аясында бірқатар іс-шаралар өткізілді. Мәселен, «Жас ұрпақтың бойында діни сауаттылықты қалыптастыру және оның тиімді жолдары», «Діни экстремизммен күрес», «Діни экстремизмнің алдын алу» атты мақсатты топтар арасында семинар-тренингтер және т.б. іс-шаралар ұйымдастырылды.

Дінге еріктілікті, төзімділікті насихаттау және діни экстремизмнің алдын-алу мәселелері бойынша құрамында ғалымдар, теологтар, қоғамдық пікір көшбасшылары бар 5 облыстық және 11 аудандық, қалалық ақпараттық-насихат топтар құрылды. Олар 12 мыңға жуық адамдардың қатысуымен 40 кездесу өткізді.




185.

Облыста тұратын барлық ұлт өкілдерінің мәдениеті мен дәстүрін дамытуға бағытталған әлеуметтік маңызды жобаларды жүзеге асыру

бірлік

есеп

Облыс әкімдігінің ішкі саясат басқармасы

2012 жылы мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс шеңберінде 3 әлеуметтік жоба жүзеге асты, осы мақсатқа 3,9 млн теңге жұмсалды.


186.

Мемлекеттің рәміздерін, Елбасының Жолдауын, этносаралық келісімді насихаттауға, діни экстремизм мен радикализмнің алдын алуға, мемлекет пен азаматтық қоғам институттарының қарым-қатынасын нығайтуға бағытталған имиджтік материалдар шығару (жинақтар, бюллетендер)

бірлік

есеп

Облыс әкімдігінің ішкі саясат басқармасы

2012 жылы мемлекеттік рәміздерді насихаттау мақсатында 100 дана имиджді материалдар, Елбасының Жолдауының 10 000 дана мәтіндері тираждалынып, Тараз қаласы мен аудандарға таратылды.

Сондай-ақ, 500 дана – Жолдау тезистері, 300 дана – Жолдаудан дәйек сөздер, 150 дана – ақпараттық-насихат топтарының мүшелеріне Жолдауды түсіндіру және насихаттау бойынша әдістемелік құрал кітапшалары дайындалып, баспадан шығарылды.



Мемлекеттік органдар мен азаматтық қоғам институттарының өзара әрекеттесу мәселелері бойынша «Жергілікті атқарушы органдарының азаматтық қоғам институттарымен өзара әрекеттесу бойынша қызметі туралы» брошюралардан 200 дана, діни экстремизм мен радикализмді алдын алу бойынша «Абайлаңыз! Ваххабизм деген бүгінгі псевдо-Салафизм!» - «Осторожно Ваххабизм это «псевдо-Салафизм» сегодня!», «Қазақстандағы дәстүрлі емес діни қозғалыстар» атты 500 брошюралар шығарылды.

Осы мақсатқа бюджеттен 3,995 млн теңге жұмсалынды

187.

Мемлекеттік және ұлттық мерекелерге, атаулы даталарға, төзімділік идеясын, этникаралық және конфессияаралық келісімге, мемлекеттік органдар мен азаматтық қоғам институтарымен тиімді іс-қимыл жасауға, сонымен қатар өзекті қоғамдық-саяси мәселелерге арналған кешенді қоғамдық-саяси іс-шаралар, конференциялар, форумдар дайындау және өткізу

бірлік

есеп

Облыс әкімдігінің ішкі саясат басқармасы

Жалпы 2012 жылы 100-ден астам қоғамдық-саяси маңызды іс-шаралар ұйымдастырылды, оған 200 мыңға жуық адам қамтылды. Олардың ішіндегі маңыздылары, «Бір Отан, бір Тағдыр, бір Елбасы!» облыстық форумы, «Елбасы – ел қалауы, тірегіміз!», «Тәуелсіздік – ұлы ұғым!», «Біз Елбасымен біргеміз!», «Президенттен сыйлық» атты жастар және қайрымдылық акциялары, «Тұғыры биік – Тәуелсіздік», «Ядросыз әлем – Қазақстанның басты ұстанымы» атты ғылыми-практикалық конференциялары, «Жасампаз ел жастарын қолдайды!», «Әлеуметтiк саясат және халықтың қартаюы: қартаю проблемалары бойынша Мадрид халықаралық іс-қимыл жоспары», «Тәуелсіздік. Ұлт бірлігі. Ұлт көшбасшысы» , «Президент саясаты: тұрақтылық, жаңару және өркендеу», «Желтоқсан жаңғырығы – Тәуелсіздік бастауы» атты «дөңгелек үстел» отырыстары, «Жолдау: жастардан жастарға!» автокеруен, дельфий ойындары, «Веб-сайттардың тұрақты ақпараттануының тәсілдері, технологиясы, пәрменділігі», «Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздерін насихаттаудың нысандары және әдістері» тақырыбында семминарлар және т.б.. Іс-шараларды жүзеге асыруға 16,892 млн теңге қаражат жұмсалынды.

188.

Этникоаралық өңірдегі конфессияаралық жағдайды зерттеу бойынша, мемлекеттік органдары және азаматтық қоғам институттары арасындағы арақатынас деңгейін анықтау бойынша, сонымен қатар өзекті қоғамдық-саяси мәселелер бойынша кешенді әлеуметтік зерттеу ұйымдастыру

бірлік

есеп

Облыс әкімдігінің ішкі саясат басқармасы

Қоғамдық пікір диагностикасы шеңберінде 23 әлеуметтік зерттеулер жүргізілді, оның ішінде 4-і сараптамалық сауалнама, 4-і телефон арқылы жүргізілген жедел-сауалнама болды. Әлеуметтік зерттеулерге облыс тұрғындарынан әртүрлі әлеуметтік топтарынан құралған жалпы есеппен 10260 респондент қатыстырылды. Сондай-ақ, тәуелсіз зерттеуші құрылымдар қызметті сатып алу шарттары негізінде аймақтың ішкі саяси саласындағы өзекті мәселелерді анықтауға бағытталған 5 кешенді зерттеулер жүргізді. Осы мақсаттарға 5,2 млн. теңге жұмсалынды. Баға ұсынымы бойынша сатып алу шарт негізіндегі конкурс қорытындылары салдарынан қаражаттың үнемдеуі пайда болды.

189.

Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс шеңберінде конкурс негізінде әлеуметтік жобаларды жүзеге асыру

бірлік

есеп

Облыс әкімдігінің ішкі саясат басқармасы

2012 жылы мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс шеңберінде үкіметтік емес ұйымдардың 35 әлеуметтік-маңызды жобалары іске асты, осы мақсатқа 41,801млн. теңге жұмсалды.

190.

Саяси партиялардың, этномәдени орталықтардың, діни бірлестіктердің, кәсіподақ ұйымдары мен үкіметтік емес сектор көшбасшыларының қатысуымен сұхбат алаңдары базасында іс-шаралар кешенін өткізу

бірлік

есеп

Облыс әкімдігінің ішкі саясат басқармасы

2012 жылы диалог алаңдары негізінде саяси партиялар, этномәдени орталықтары, діни бірлестіктер, кәсіподақ ұйымдары мен үкіметтік емес сектор өкілдерінің қатысуымен Елбасы Жолдауларын талқылау бойынша актив жиналыстары, «Қазақстандық патриотизм арқылы ұлттық бірігуге!», «Жастар арасындағы қылмыс және оның алдын алу», «Конфессияаралық келісімді орнату әр азаматтың міндеті», «Аймақта адами капиталдың сапалы өсуіндегі үкіметтік емес ұйымдардың рөлі», «Қаржы нарығында қызметті пайдаланушылардың құқығын қорғау» атты «дөңгелек үстел» отырыстары, кездесулер ұйымдастырылды. Жалпы 70 мың адам қамтылған 850 іс-шара өтті.

Облыста жалпы 76 диалог алаңдары, оның ішінде 57-сі аудан мен Тараз қаласы деңгейінде қызмет атқарады.



191.

Мемлекеттік және орыс тілдеріндегі жергілікті және республикалық газеттер мен ақпараттық агенттіктері арқылы мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізу, неғұрлым өзекті мәселелерді, Елбасының жылсайынғы Жолдауларының, мемлекеттік бағдарламалардың іске асырылуы барысы жайлы баспасөз-конференциялары мен баспасөз-турларына ақпараттық қолдау көрсету










Аймақта мемлекеттік ақпараттық саясатты жүзеге асыруға 247,186 млн теңге бөлініп, игерілген, түрлі тақырыптық бағыт бойынша 12 медиа-жоспар әзірленген.



192.

Әлеуметтік-экономикалық, қоғамдық-саяси мәселелер, мемлекеттік бағдарламалардың, Елбасы Жолдауларының іске асырылу барысы бойынша «тікелей эфир» бағдарламаларын, баспасөз-конференцияларын, баспасөз-турларын ұйымдастыру және өткізу бойынша мемлекеттік ақпараттық саясат жүргізу

сағ.

есеп

Облыс әкімдігінің ішкі саясат басқармасы

2012 жылы өзекті әлеуметтік-экономикалық, қоғамдық-саяси және Елбасының Жолдауларының міндеттерін іске асыру мәселелері бойынша облыс әкімдігінің басқармалар басшылары мен аудан әкімдерінің қатысуымен 14 баспасөз-конференция, 18 «тікелей эфир» жүргізілді. Сонымен қатар, облыстың ірі өнеркәсіп орындарына 8 баспасөз-турлары ұйымдастырылды

193.

Елбасы Жолдаулары мен мемлекеттік бағдарламалардың іске асырылуы және еңбек пен әлеуметтік қақтығыстарына ақпараттық қолдау көрсету жөнінде жергілікті БАҚ өкілдерімен, бас редакторларымен кездесулер, семинарлар, «дөңгелек үстел» отырыстарын ұйымдастыру мен өткізу

бірлік

есеп

Облыс әкімдігінің ішкі саясат басқармасы

2012 жылы еңбек және әлеуметтік қақтығыстарды салиқалы жариялау мәселелері бойынша аймақтық БАҚ редакторларымен кеңес өткізілді, «СМИ и трудовые конфликты», «Кеңесіп пішкен тон келте болмас», «Социально-экономическая поддержка рабочих на крупных предприятиях и разрешение трудовых споров и конфликтов», «Кәсіподақ – еңбеккердің қорғаны болуы шарт» атты «дөңгелек үстел» отырыстары ұйымдастырылды.

194.

Әлеуметтік саланың өзекті мәселелеріне салалық және мемлекеттік бағдарламалардың, Елбасы Жолдауларында көрсетілген міндеттердің орындалуы барысына арналған интернет-конференцияны ұйымдастыру мен өткізу

бірлік

есеп

Облыс әкімдігінің ішкі саясат басқармасы

2012 жылдың 19-21 қаңтар аралығында облыста Елбасы Жолдауының міндеттерін іске асыру мәселелері бойынша облыс әкімінің интернет-конференциясы ұйымдастырылды. Конференция барысында облыс әкіміне 14 сұрақ келіп түсті.

195.

Мемлекеттің даму Стратегиясын насихаттауда және конфессияаралық, этносаралық төзімділік идеяларын кеңінен таратуда ең таңдаулы мақалаларға конкурс ұйымдастыру

бірлік

есеп

Облыс әкімдігінің ішкі саясат басқармасы

2012 жылы этносаралық бейбітшілік пен келісімді, Мемлекеттің даму стратегиясының басымдықтарын ілгерлету және насихаттау бойынша мақалаларды ең үздік жариялаған жергілікті БАҚ журналистер арасында байқау өткізілді. Байқау нәтижесінде 7 номинация бойынша 19 жеңімпаз анықталды. Жеңімпаздар жалпы сомасы 2,0 млн. теңгені құраған бағалы және ақшалай сыйлықтармен марапатталды.

196.

Тұрғындарды сандық хабартаратумен қамту


бірлік

есеп

Облыс әкімдігінің ішкі саясат басқармасы

Сандық хабартаратумен аймақ 100% қамтылды. Осы мақсатқа 42,736 млн теңге қаражат бөлінді.


197.

Этносаралық және конфессияаралық келісімді қалыптастыруға бағытталған әлеуметтік бейнероликтердің жасалуын ұйымдастыру

бірлік

есеп

Облыс әкімдігінің ішкі саясат басқармасы

2012 жылы облыстық телеарнасында этносаралық және конфессияаралық келісімді қалыптастыруға бағытталған «Дінде экстремизм жоқ» - «В религии нет экстремизма», «Толеранттылық. Қазақстандық модель» әлеуметтік бейнероликтер көрсетілді. Оларды іске асыруға 1,220 млн. теңге қаражат бөлініп, игерілді.

198.

Діни экстремизнің алдын алуға бағытталған интернет-сайтын ашу және оның жұмысын ұйымдастыру

бірлік

есеп

Облыс әкімдігінің ішкі саясат басқармасы

2012 жылы мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс шеңберінде www.sektamnet.kz., www.tarazdini.kz 2 интернет-сайттары іске қосылды. Сайттарда діни экстремизмнің алдын алу мәселелері бойынша 26 мақала, 21 бейнеролик, 5 кітап, 11 фотосуреттер жарияланды. Сонымен қатар, жаңалықтар топтамасы, «сұрақ-жауап» айдары және т.б. жұмыс істеуде.


199.

Дәстүрлі емес діни ағымдардан зардап шеккендерді оңалдыру орталығының қызметін ұйымдастыру

бірлік

есеп

Облыс әкімдігінің ішкі саясат басқармасы

2012 жылы мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс шеңберінде Дәстүрлі емес діндердің ықпалына қарсы әрекет жасау бойынша орталықтардың қызметі іске қосылды. Есепті жылы Орталық негізінде 10 семинар, 15 кездесу өткізілді, 11 адамға кеңес берілді, «сенім телефоны бойынша» 43 адамға жауап берілді. Нәтижесінде 8 адам радикалдық діни ағымдардың мүшесі болуынан бас тартты.


200.

Жастар саясаты саласында іс-шараларды іске асыру

бірлік

есеп

Облыс әкімдігінің ішкі саясат басқармасы

2012 жылы мемлекеттік жастар саясатын жүзеге асыруға 50,641 млн.теңге бөлініп, игерілді, оның ішінде 32,1 млн. теңгесі жастар ұйымдарының әлеуметтік-маңызды жобаларын іске асыруға қарастырылған.




Мақсат 4.2.6.: Мемлекет пен ұлттардың бірлігін одан ары нығайту, ішкі саяси тұрақтылықты қамтамасыз ету




Міндет 4.2.6.1. Этносаралық және конфессияаралық келісімді сақтау мен нығайту, жастарға мемлекеттік қолдау көрсетуді қамтамасыз ету

201.

Мемлекеттік мерекелеріне орай жастардың ғылыми- тәжірибелік акциялары мен конференциялар өткізу.


бірлік

есеп

Облыс әкімдігінің жастар саясаты мәселелері басқармасы

Облыстық форумдарды, жастарының слетін, конкурстарды, патриоттық акцияларды, ғылыми-практикалық конференцияларды, Дельфи ойындарын жастар әлеуметтік жобалардың жәрмекелерін, Елбасының жыл сайынғы Жолдауын насихаттауға арналған ақпараттық-насихаттық акциялары мен форумдарын, жас кандидаттардың имиджін барлық деңгейдегі маслихаттар депутатына жылжыту қамтылған.

Бюджет қарастырылған 0,35 млн.теңге қаражаттың 0,21 млн.теңгесі игерілді. Игерілмеу себебі: тендер бойынша үнемделген қаржы.



202.

Жастар саясатын насихаттау мақсатында форумдар және конкурстар ұйымдастыру.

бірлік

есеп

Облыс әкімдігінің жастар саясаты мәселелері басқармасы

Елбасының Жолдауын насихаттау мақсатында жастар ұйымдарының көшбасшыларынан, жас саясаткерлер мен шығармашыл жастардан құрылған «Жолдауға жастардың сенімі!» атты ақпараттық-насихаттық автокеруенінің жұмысын ұйымдастыру. «Жастар Қазақстан халқының бірлігі үшін!» флеш-моб акциясын өткізу.

Жергілікті бюджеттен 0,35 млн.тенге қарастырылып, игерілді.






Гендерлік тепе-теңдікті күшейту

203.

Әйелдердің бос тұрған лауазым орнының конкурстарына қатысуларына ықпал ету

адам

есеп

Облыс әкімінің жанындағы әйелдер істері және отбасы-демографиялық саясат жөніндегі комиссия

Облыстағы 2298 мемлекеттік қызметкердің 912 (40%) – әйелдер.

2012 жылдың қорытындысы бойынша мемлекеттік қызметкерлердің жалпы санынан, кадр резервінде тұрғандардың (199), 84 – әйелдер. 102-сі мемлекеттік кадр резервінен бос тұрған жұмыс орынына тағайындалғандар, 37 (36,2%) – әйелдер.



204.

Әйелдердің өкілетті билік органдарына сайлау науқанына қатысу белсенділігін арттыру

адам

есеп

Облыс әкімінің жанындағы әйелдер істері және отбасы-демографиялық саясат жөніндегі комиссия

19 облыстық басқармалардың төртеуіндегі басшылар - әйелдер, бұл жалпы санның 21% құрайды. Облыстық басқармалардың 36 орынбасарлардың 8-і әйелдер (22%), 4 әйел (12%) – аудан әкімдерінің орынбасарлары, 2 (1,3%) – Мойынқұм және Т.Рықұлов аудандары ауылдық округтерінің әкімдері.

Мәжіліс пен маслихаттарға кезектен тыс сайлау нәтижесі бойынша (2012 жылғы 15 қаңтар) облыстық мәслихаттағы 35 депутаттың 6-ы (17,2%); қалалық мәслихаттағы 25 депутаттың 6-ы (24,0%); аудандық мәслихаттағы 145 депутаттың 18-і (12,4%) - әйелдер.



205.

Әйелдерді билік органдарына кең тарту мақсатында семинарлар, тренингтер, оқыту курстарын өткізу

адам

есеп

Облыс әкімінің жанындағы әйелдер істері және отбасы-демографиялық саясат жөніндегі комиссия

Әйелдерді басқару органдарына тарту мақсатында облыста «Көшбасшы әйелдің жазғы мектебі» жұмысы ұйымдастырылды. Бұл іске аудандық комиссия хатшылары мен ІӘА облыстағы көшбасшы әйелдер мектебінің мүшелері қатысады. Мүгедек әйелдерді қолдау мақсатында «Әйелдердің әйелдерге көмегі» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді. Мәдени-жаппай шаралар: Халықаралық әйелдер күніне - «Анаға сәлем», әйелдер суретінің жәрмеңкесі, «Әкелердің жиыны», «Жамбыл облысының әйелдері ұлт Көшбасшысымен бірге!» фотокөрмесі өткізілуде.

206.

Қоғамның гендерлік мәдениетін көтеру мақсатында кең көлемді ақпараттық , ағарту компанияларын өткізу

адам

есеп

Облыс әкімінің жанындағы әйелдер істері және отбасы-демографиялық саясат жөніндегі комиссия

Қоғамдағы әйелдердің рөлін және гендерлік теңдігін арттыру мақсатында медиа-жоспар бекітілді. Облыстық «Ақ жол», «Знамя труда» газеттерінде «Отбасы-қоғамның іргетасы», «Семья-основа общества» рубрикасы ашылды. Комиссия облыстық телерадиокорпарациясымен біріге отырып «Айша бибі» қыз-келіншектердің сырласы клубын ашты.





Мақсат 4.2.7.: Қоғамдық қауіпсіздікті және құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету




Міндет 4.2.7.1. Қоғамдық тәртіпті және жол қауіпсіздігін қамтамасыз етуді күшейту

207.


Облыс орталығында бейне бақылау жүйесін дамыту,

2011 жылы - 40 бірлікке дейін

2012 жылы - 75 бірлікке дейін

2013 жылы – 105 бірлікке дейін

2014 жылы – 5 бірікке дейін


млн. теңге

Облыс әкіміне ақпарат

Облыс ІІД

2012 жылғы құжаттық жоба сметасына сәйкес сыртқы бақылауға арналған бейнекамераларды сатып алу 222434 мың теңгеге жоспарланған. Электрондық сатып алу рәсімін кеш өткізгендіктен сыртқы бақылау бейне камералары мен аса қымбат аппарат Ресей Федерациясынан жеткізілетіндіктен желтоқсан айында кеденнен өткізу бойынша қосымша уақытты талап етеді және Мәслихаттың шешімімен жоспар 173522,5 мың теңгеге қысқартылған (жекелеп тасымалдау жасалған).

208.

ЖБО жинақталған құрал-жабдықтар сатып алу

млн. теңге

Облыс әкіміне ақпарат

Облыс ІІД

ЖБО жұмыс жүйесінің тоқтаусыз істеуі үшін «Барко» жобалық жүйесіне – 730,0 теңгеге 5 бірлік лампалары және үшін 1434,0 мың теңгеге - 3 бірлік үзіліссіз жұмыс істейтін қуат көзі сатып алынған.

209.

Электронды құжат айналымының бірлік жүйесін кеңетуге серверлік жабдық сатып алу

млн. теңге

Облыс әкіміне ақпарат

Облыс ІІД

ЕСЭДО негізгі базаларының шоғырлануы мен локалдық жүйесін енгізу үшін 1 бірлік серверлік құрылғы сатып алынған.

210.

Ақпараттық-техникалық құралдармен қамтамасыз ету (компьютерлік техника және байланыс құралдарын, сигналды дыбыс құралдарын алу)

млн. теңге

Облыс әкіміне ақпарат

Облыс ІІД

2012 жылы 34036,0 мың теңгеге ақпараттық-техникалық құралдармен қамтамасыз етілген (компьютерлер 203 дана, ноутбук – 2 дана, байланыс құралы 30 дана, АДК (СГУ) 11 дана).

211.

Оқиға орнына уақытылы шығуға, жедел-іздестіру іс-шаралары мен қоғамдық тәртіпті қорғауға арналған арнайы автокөліктерді алу:

2011 ж.-27 бірл.

2012 ж.-52 бірл.

2013 ж. -66 бірл.

2014 ж.- 66 бірл.

2015 ж. -69 бірл.



млн. теңге

Облыс әкіміне ақпарат

Облыс ІІД

Оқиға орнына уақытында жету, жедел-іздестіру іс-шараларын және қоғам тәртібін күзету мақсатында жалпы құны 122847,9 мың теңгеге 52 дана арнайы көлік құралдары сатып алынған.

212.

Жайсыз жағдайдағы оқу орындарында кешенді тексерістер жүргізіп, нәтижесін кәмелетке толмағандар және олардың құқығын қорғау жөніндегі өңірлік комиссия және білім беру органдары отырысында қарау




Облыс әкіміне ақпарат

Облыс Әкімі, Білім беру басқармасы, прокуратура, облыс ІІД

Жайсыз жағдайдағы оқу орындары үнемі кешенді тексеруден өтіп тұрады. Нәтижесі кәмелетке толмағандар және олардың құқығын қорғау жөніндегі өңірлік комиссия және білім беру органдары отырысында қаралады.


213.

2011 жылғы әкімшілік ғимараттарды күрделі жөндеуден өткізу:

-Пушкин 43 ІІД ғимаратын аяқтау

-Тараз қ. ІІБ 3-ПБ

- 5513 ә/б

- ППЖБ атқорасы

-Тараз қ. ІІБ 2-ПБ ЖСҚ


2012 жылғы әкімшілік ғимараттарды күрделі жөндеуден өткізу:

- Тараз қ. ІІБ 2-ПБ

- Тараз қ. ІІБ асханасының және мәжіліс залын

- Мерке АІІБ




  1. ға әкімшілік ғимараттарды күрделі жөндеуден өткізу:

  • Байзақ АІІБ

  • Қордай АІІБ

млн. теңге

Облыс әкіміне ақпарат

Облыс ІІД

Барлық нысандар бойынша күрделі жөндеулер аяқталды. Кассалық шығындар атқарылған жұмыс актілеріне сәйкес орындалған.

Мемлекеттік қабылдап алу актісіне қол қойылмауына байланысты 150,0 мың теңгеге алынған жағдайлар орындалмаған.



214.

Жергілікті атқарушы органдармен бірге қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету жөніндегі жұмыстарға белсенді тіршілік ететін азамттарды полицияның қоғамдық көмекшілері ретінде тартуды ұйымдастыру.

млн. теңге

Облыс әкіміне ақпарат

Облыс ІІД және басқа мүдделі ведомстволар

2012 жылы қоғам тәртібін қадағалауға қатысқан 53 азамат марапатталған.

215.

ІІД әкімшілік ғимаратына кіруді бақылау- күзету

млн. теңге

Облыс әкіміне ақпарат

Облыс ІІД және басқа мүдделі ведомстволар

Мекемеге кіруге арналған Стационарлық аркалық жүйелерін басқаратын 1388,0 мың теңгеге 4 дана металлдетектор сатып алынды

216.

ІІД қызметкерлерінің рухани және денешынықтыру даярлығын дамыту

млн. теңге

Облыс әкіміне ақпарат

Облыс ІІД және басқа мүдделі ведомстволар

Ішкі істер органдары қызметкерлерінің рухани және дене бітімін дамыту үшін:

  • спорттық инвентарь – 1617,0 мың теңгеге;

  • музыкалық аппарат 1 комплект – 1041,3 мың теңгеге;

  • тасымалды ату жабдығы 1 комплект – 6349,0 мың теңгеге;

  • сандық бейнекамера - 94,6 мың теңгеге сатып алынды.

217.

Кезекті тәулікте тез арада ізін суытпай қылмыс жасаған қылмыскерді анықтау

млн. теңге

Облыс әкіміне ақпарат

Облыс ІІД және басқа мүдделі ведомстволар

Жедел әрекет ету мен қылмыскерді аңдуда қиын және өтуі қиын орындар үшін:

  • 35 дана 5593,0 мың теңгеге қызметтік-іздестіру иттері;

  • 18 дана 5998,2 мың теңгеге – аттар;

  • 16 дана 1378,0 мың теңгеге кавалерийстік ер-тоқым сатып алынды.

218.

Жол полициясы бөлімшесін көлік құралдарына бейне түсірім және жылдамдық өлшеуіш, ЖҚЕ бұзушылықты түсіру құралдарымен жабдықтау .

-автоуроган



млн. теңге

Облыс әкіміне ақпарат

Облыс ІІД

46688,0 мың теңгеге 3 дана «Hunday H-1» автокөлігі базасында мемлекеттік нөмірді түсіретін жылжымалы кешен, 7845,0 мың теңгеге 10 дана «Визирь» бейне жазатын жылдамдықты анықтауыш, 178508,0 мың теңгеге 2 дана автоураган, 19172,0 мың теңгеге 30 дана полицияның патрульдік автокөлігіне арналған сандық бейне жазба мобильдік жүйесі сатып алынды.




Мақсат 4.2.7.: Қоғамдық қауіпсіздікті және құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету




Міндет 4.2.7.2. Төтенше жағдайлардан адами және материалдық шығынды төмендету

219.

Жеке қорғаныс құралдарын жаңалау

млн теңге


Сатып алу

ЖДАҚАДЗАЖҰБ


2012 жылы азаматтық қорғаныс құралдарын жаңартуды үшін 8,5 млн. теңге бөлінді. Бюджеттік ұсыныс негізінде «Stella proekt group» ЖШС-нен барлығы 8510880 тенгеге бір данасы 15198 теңге тұратын 560 дана ЖҚҚ (противогаз) сатып алынған. Қазіргі кезде олар облыстық жұмылдыру резерві қоймасында сақталуда.

220.

Облыстық және аудандық жаттығулар мен жарыстарды жетілдіру және сапалы өткізу


млн теңге


КШУ, КУ, ОТ, СТ

ЖДАҚАДЗАЖҰБ


2012 жылы аумақтық қорғаныс шараларын өткізуге облыстық бюджеттен 5000 мың тенге бөлінген. Оның ішінен заттай мүлікті (12000 тенгеден 5 комуфляж) сатып алуға - 60,0 мың теңге, оқу-жаттығу кезеніде әскериміндеттілерді тасымалдау үшін жалға алған көлікке - 48 мың теңге, оқуға барғандардың іссапар шығындарын өтеуге - 612,6 мың теңге, оларды үш мезгіл тамақпен қамтамасыз етуге - 186,1 мың.теңге, компьютер комплектісін сатып алуға - 189,9 мың теңге, автомашиналарды сақтандыруға - 22400 теңге, УАЗ-таблетка автокөлігіне - 2330,0 мың теңге жұмсалды. Мемлекеттік сатып-алу конкурсының нәтижесі бойынша 300 мың.теңге үнемделді.

221.

Аумақтық қорғаныс бригадасын құру

млн теңге


Аумақтық қорғаныс бригадасын құру

ЖДАҚАДЗАЖҰБ


27.01.2012 жылғы №26 бұйрықпен аумақтық қорғаныс қызметі құрылған. Осы қызметті ұстауға облыстық бюджеттен 3,8 млн. теңге қарастырылып, игерілді.




Мақсат 4.3.1.: Инфокоммуникацияны дамыту




Міндет 4.3.1.1. Компьютерлік сауаттылық деңгейін арттыру және байланыс қызметтерін жетілдіру

1.

«Ауыл шаруашылығы» ақпараттық жүйесі

млн. теңге

Жүйені іске қосу

Облыс Әкімінің аппараты, облыс әкімдігінің ауыл шаруашылығы басқармасы

ауыл шаруашылығы бойынша бастапқы мәліметтерді жинауға, есептемелерді құрауға және мәліметтердің тұтастығы мен көкейкестілігін қамтамасыз етуге арналған «Ауыл шаруашылығы» АЖ-сі әзірленді.

2.

«Ауыл әкімдері» ақпараттық жүйесі

млн. теңге

Жүйені іске қосу

Облыс Әкімінің аппараты, аудан әкімдіктері

мәліметтерді есепке алу (шаруашылық кітабы, әскери есепке алу, салық бойынша есепке алу) үрдістерін автоматтандыруға, мәліметтерді жинақтауға талдау жасауға және есептемелерді құрауға арналған «Ауыл әкімі» АЖ-сі әзірленді.

3.

Ахуалдық орталығын құру (жасау)

млн. теңге

Жүйені іске қосу

Облыс Әкімінің аппараты, облыс әкімдігінің басқармалары

Шешім қабылдауды қолдау және дайындау фунцияларын атқаратын ықпалдастырылған бағдарламалық-аппараттық кешен - «Жағдай орталығы» АЖ-сі әзірленді.

4.

Тараз қаласының электрондық картасын жетілдіру

млн. теңге

Жүйені іске қосу

Облыс Әкімінің аппараты, Тараз қ. әкімдігі

Жүйелерді дамыту және сүйемелдеу іс-шаралар жоспарына сәйкес жүргізілуде.

5.

Порталды дамыту және алып жүру

млн. теңге

Атқарылған жұмыс актісі

Облыс Әкімінің аппараты, облыс әкімдігінің басқармалары

Жүйелерді дамыту және сүйемелдеу іс-шаралар жоспарына сәйкес жүргізілуде.

6.

Оңтайлы Үкіметтің қызметін дамыту

млн. теңге

Атқарылған жұмыс актісі

Облыс Әкімінің аппараты, «Қазақтелеком» АҚ келісім бойынша

Жүйелерді дамыту және сүйемелдеу іс-шаралар жоспарына сәйкес жүргізілуде.

7.

ЭҚА алып жүру

млн. теңге

Атқарылған жұмыс актісі

Облыс Әкімінің аппараты, облыс әкімдігінің басқармалары

Жүйелерді дамыту және сүйемелдеу іс-шаралар жоспарына сәйкес жүргізілуде.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   18




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет