Бағдарламасының (Syllabus) бекіту парағы Нысан пму ұс н 18. 3/37



Дата29.06.2016
өлшемі338.49 Kb.
#166247
түріБағдарламасы

Пән бойынша оқыту

бағдарламасының (Syllabus)

бекіту парағы





Нысан

ПМУ ҰС Н 7.18.3/37


Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі


С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті

Құрылыс материалдарын өндіру және стандарттау кафедрасы


5В042000 «Сәулет» мамандығының сырттай оқитын студенттеріне арналған


Құрылыс материалдары
пӘнІ бойынша оқыту бағдарламасы

(Syllabus)

Павлодар












Пән бойынша оқыту бағдарламасын (Syllabus)

бекіту парағы

Нысан

ПМУ ҰС Н 7.18.3/38

БЕКІТЕМІН

Сәулет-құрылыс

факультетінің деканы

________Күдерин М.Қ.

2012 ж. «___»_________

Құрастырған: __________ аға оқытушы Шайхислам Тәкібайұлы


Құрылыс материалдарын өндіру және стандарттау кафедрасы


5В042000 «Сәулет» мамандығының сырттай оқитын студенттеріне арналған
Құрылыс материалдары

пәні бойынша оқыту бағдарламасысы (Syllabus)

Бағдарлама 2012 ж. «___»_________ бекітілген жұмыс оқу бағдарламасының негізінде әзірленді.


Кафедра отырысында ұсынылды. 2012 ж. «___»_______ № __ Хаттама

Кафедра меңгерушісі _____________ В.Т. Станевич 2012 ж. «___»_______


Сәулет-құрылыс факультетінің оқу-әдістемелік кеңесімен мақұлданды

2012 ж. «___»___________ №___ Хаттама


ОӘК төрағасы _____________ Г.А. Жүкенова «___»_______2012 ж.

1 Оқытушылар туралы мәліметтер және байланысу акпараттары

Шайхислам Тәкібайұлы аға оқытушы «Құрылыс материалдарын өндіру және стандарттау» кафедрасы ПМУ-дың бас корпусында (Ломов к-і), 266 аудиторияда орналасқан. Байланысу телефоны (8-7182) 54-60-02 .


2 Пән туралы мәліметтер

Жұмыс оқу бағдарламасы жұмыс оқу жоспары және 5В042000 Сәулет мамандығының элективті пәндер каталогы негізінде әзірленді және 20__ж. «___»__________, №___ хаттамамен бекітілген. Қорытынды бақылау түрі – емтихан.


3 Пәннің еңбек сыйымдылығы

Семестр

Кредиттер саны

Аудиториялық сабақтар түрлері бойынша кездесу сағаттарының саны

Студенттің өздік жұмысының сағаттар саны

Бақылау түрі

Барлы-ғы

Дәріс-тер

Практи-калық

Зертха-налық

Студия-лық

Жеке-шелік

Бар-лығы

СОӨЖ

5В042000 Сәулет

1

3

135

6







-

-

129

129

Е



4 Пәннің мақсаты және міндеттері

Бірінші курстың алғашқы семестрінде оқытылады. Оқу көлемі 135 сағат, оның 6 аудиториялық ,қалған 129 сағаты студенттердің өздік жұмысы (СӨЖ) на бөлінген. Барлық дәрістер А – 268 аудиториясында өткізіледі. Қорытынды бақылаудың түрі емтиханмен өткізіледі Пәнді оқыту мақсаты «Құрылыс материалдары» пәнің бірінші инженерлік пәндер ретінде оқытудың мақсаты – қажетті қасиеттерге ие құрылыс материалдарын алуды және материалтану негіздерін терең меңгерген, олардың жоғары пайдаланушылық қасиетін, экологиялық тазалығын, тиімділігін және көркемдігін қамтамасыз етудегі ролын жақсы білетін мамандарды дайындау.

Бұл пәнді оқу нәтижесінде мемлекеттік білім беру стандартына сәйкес студенттердің:

Негізгі құрылыс материалдары мен бұйымдары өндірісі саласының жетекші жағдайынан; өзінің тағайындалуына сәйкес құрылыс материалдары мен бұйымдары өндірісіндегі экологиялық қауіпсіздікті, отын-энергетикалық және басқа материалдық қорларды ескере отырып шикізаттық материалдарды тиімді пайдалану туралы түсініктері болуы керек;

Құрылыс материалдарының түрлерін және олардың қасиеттерін; олардың құрылымдарының ерекшеліктерін; шикізат қорларын; шикізатты өндеу процестерінің ерекшеліктерін; әр түрлі құрылыс материалдарын өндіру технологиясын, олардың құнын және т.б. білуі керек;

Құрылыс материалдарының ерекшеліктерін сауатты анықтай алу; жобалық шешімдерде нақты пайдалану жағдайы үшін материал таңдауды негіздей алу; материал сапасын қамтамасыз ете алу; конструкциядағы материалдың сенімділігі мен ұзақ мерзімділігін болжай алу; құрылыс материалдары мен бұйымдарын өндірудегі және пайдаланудағы экономикалық тиімділікті анықтай алу; өндірісті бақылай алу; құрылыс материалдары мен бұйымдарының қасиеттерін сандық мәндермен бағалап және оларды анықтаудың әдістемелік принциптерін жақсы меңгеруі керек.


5 Білімдеріне, икемділікке және дағды-машықтарға қойылатын талаптар

Осы пәнді оқу нәтижесінде мемлекеттік білім беру стандартына сәйкес студенттердың: құрылыс материалдарының ерекшеліктерін сауатты анықтай алу; жобалық шешімдерде нақты пайдалану жағдайы үшін материал таңдауды негіздей алу; материал сапасын қамтамасыз ете алу; конструкциядағы материалдың сенімділігі мен ұзақ мерзімділігін болжай алу; құрылыс материалдары мен бұйымдарын өндірудегі және пайдаланудағы экономикалық тиімділікті анықтай алу; өндірісті бақылай алу; құрылыс материалдары мен бұйымдарының қасиеттерін сандық мәндермен бағалап және оларды анықтаудың әдістемелік принциптерін жақсы меңгеруі керек.


6 Пререквизиттер

Пәнді оқып үйрену алдында меңгерілетін пәндер: Физика - І, Химия – І, Құрылыс физикасы

5В042000 – «Сәулет» мамандығы үшін:

Пәнді оқып үйрену алдында меңгерілетін пәндер: Математика – І.



7 Постреквизиттер

5В042000 – «Сәулет» мамандығы үшін:

Пәнмен қатар оқылатын және онымен байланысты пәндер – Құрылыстық өндіріс технологиясы – І, Жөндеу жұмыстарының технологиясы, Құрылыс конструкциялары – І, Сәулеттік жобалау – І, ІІ, Интерьер сәулеті, Қала құрылысының экологиясы, Үймереттер мен кешендер конструкциясы, Заманауи өнделетін материалдар.

8 Тақырыптық жоспары

5В042000 – «Сәулет» мамандығы үшін:



р/с


Тақырып атауы



Сағаттар саны

Дәрістер

Тәжіриб.

Зертхан.

СӨЖ


1

2

3

4

5

6

1

Кіріспе

1

-

-

2

2

Құрылыс материалдарының құрылысы және негізгі қасиеттері

1

-

-

17

3

Табиғи тас материалдар және құрылыс материалдарын өндіруге арналған тау жыныстарынан алынатын шикізаттық материалдар

1

-

-

30

4

Минералдық шикізатты термиялық өндеумен алынатын материалдар

1

-

-

20

5

Бейорганикалық байланыстырғыш заттар негізінде алынатын құрылыс материалдары

1

-

-

30

6

Органикалық шикізат негізінде алынатын құрылыс материалдары

1

-

-

30

БАРЛЫҒЫ:

6

-

-

129


9 Пәннің қысқаша сипаттамасы

Құрылыс материалдарын пәнінің шешілетін мәселелері мен мақсаттары - қазіргі заманғы талаптарына сәйкес капиталды құрылыс материалдары, бетон және темірбетон конструкцияларын өндіру технологиясын және олардың қасиеттерін терең оқылады.


10 Курстың компоненттері
10.1 Пәннің тақырыптарының мазмұны мен тізімі

1) Кіріспе. Құрылыс материалдарының Қазақстан экономикасындағы және құрылыс индустриясындағы орны. Құрылыс материалдары өндірісінің заманауи әлемдік және отандық тенденциясы.

Қазақстандағы құрылыс материалдары өндірісіндегі жаңа базалар: жергілікті табиғи шикізат, синтетикалық өнімдер және техногендік шикізат, өндірістің қалдық өнімдері.

Құрылыс материаларын шикізат түрі, оларды дайындаудың технологиялық процесстерінің ерекшеліктері, функционалдық тағайындалуы және пайдалану саласы бойынша топтастыру (0,5-сағат).

Ұсынылатын әдебиет: [1-5]

2) Құрылыс материалдарының құрылысы және негізгі қасиеттері.

Құрылыс материалдарының құрамы, құрылысы және қасиеттерінің өзара байланысы. Материалдың физикалық жағдайының ерекшеліктерін сипаттайтын қасиеттері. Материалдардың гидрофизикалық және жылуфизикалық қасиеттері. Механикалық қасиеттері: жүктеулер, деформациялар, кернеулер және беріктік (1-сағат).

Ұсынылатын әдебиет: [1-5]

3) Табиғи тас материалдар және құрылыс материалдарын өндіруге арналған тау жыныстарынан алынатын шикізаттық материалдар.

Табиғи тас материалдар мен бұйымдарды алу үшін пайдаланылытын тау жыныстары (жалры мағлұматтар).

Тау жыныстарының генетикалық топтастырылуы. Олардың пайда болу жағдайы, құрылысының сипаттамасы және қасиеттерінің өзара байланысы.

Шөгінді, магмалық және метаморфты жыныстардан жасалған материалдардың негізгі түрлері, құрылысының ерекшеліктері, қасиеттері және пайдалануы

Тас материалдарының кен орындары, оларды табу және өндеу туралы түсінік. Әр түрлі жағдайларда қолдану үшін тас материалдарына қойылатын талаптар(1,5-сағат).

Ұсынылатын әдебиет: [1-5]

4) Минералдық шикізатты термиялық өндеумен алынатын материалдар. Керамикалық бұйымдар.

Сазды шикізаттың пайда болуы және құрамы, оны иімділігі, отқа шыдамдылығы бойынша топтастыру. Керамикалық бұйымдар өндірісіндегі шикізат ретіндегі саздың негізгі қасиеттері. Сазды кептіру және күйдіру кезінде жүретін процесстер. Саздарға арналған қоспалар.

Керамикалық бұйымдарды өндірудің технологиялық принциптері, олардың құрылымы және негізгі қасиеттері. Керамикалық бұйымдарды тағайындалуы бойынша түрлерге болу. Тиімді қабырғалық материалдар: қарапайым саз кірпіш, беттік, кеуекті, саңылаулы және қуысты кірпіш; қуысты керамикалық тастар; индустриалдық құрылысқа арналған керамикалық ірі қабырғалық панельдер.

Саздан жасалатын кеуекті толтырғыштар, өндіру принциптері, қасиеттері, қолданылуы. Жылуоқшаулайтын және отқа шыдамды керамикалық материалдар мен бұйымдар.

Ұсынылатын әдебиет: [1-5]

5) Шыны және минералдық балқымалар негізінде алынатын материалдар.

Шыны өндіруге арналған шикізаттық материалдар, заттың шыны тәрізді күйі туралы түсінік. Шыны өндірісінің негіздері: шикізаттық материалдарды өндеу, шихта дайындау, шыныны қайнату, құрылыс шынысын шығару. Шыны бұйымдарын қалыптау әдістері.

Шыны қоспасының және шынының құрылымы және қасиеттері. Шыны материалдарының түрлері. Ситаллдар, қожситаллдар және ситаллпласттар туралы түсінік, оларды дайындау тәсілдері және пайдалану саласы. Қождардан және тау жыныстарын дайындаудағы қалдықтардан алынатын құйма бұйымдар.

Ұсынылатын әдебиет: [1-5]

6) Бейорганикалық байланыстырғыш заттар негізінде алынатын құрылыс материалдары. Бетонадар.

Ауыр бетондар. Бетондарды байланыстырғыш түріне, толтырғыш түріне, тығыздығына байланысты топтастыру. Бетондарды дайындауға арналған материалдар. Ұсақ әне ірі толтырғыштар (оның ішінде қосалқы қорлардан): олардың беріктігі, түйіршектік құрамы, қуыстылығы.

Ауыз суды тиімді пайдалануды және қоршаған ортаны қорғауды ескеру есебімен шылайтын суға қойылатын талаптар. Бетон араласпасы. Бетон араласпасының реологиялық және техниикалық қасиеттері туралы түсінік. Шылайтын су мөлшері.

Бетон беріктігі заңының және бетон беріктігі формуласының физикалық мәні. Бетонның қасиеттері. Беттонның беріктігі, аязға төзімділігі, сусіңірмегіштігі бойынша класстары (маркалары) және олардың цемент маркасына, су-цемент (цемент-су) қатынасы мен толтырғыштың сапасына байланыстылығы.

Бетон бұйымдарын дайындау: материалдарды өлшеу және араластыру, бетон араласпасын құю және тығздау, әр түрлі жағдайларда бетондардың қатаюы. Химиялық қоспалар және қатаюды жеделдеткіштер.

Темірбетон туралы түсінік. Құрылмалы, құрылмалы-тұтас және тұтас (монолит) темірбетон конструкцияларын дайындау технологиялық процесстерінің негізгі әдістері.

Жеңіл бетондар. Жеңіл бетондардың түрлері: құрамының, алу әдістерінің ерекшеліктері, қасиеттері және пайдалану саласы. Кеуекті толтырғыштардың түрлері (оның ішінде қосалқы шикізаттан) және оларға қойылатын талаптар. Жеңіл бетондарды тығыздығына байланысты топтастыру және маркалау. Ұялы бетондар: газбетон және газсиликат, көбікбетон және көбіксиликат, оларды дайындауға арналған шикізаттық материалдар, технологиялық тәсілдері (құйма, дірілдету, кесу) және қасиеттері (4-сағат).

Ұсынылатын әдебиет: [1-5]

Силикат материалдар мен бұйымдар.

Әк және кремнеземдік компоненттер негізіндегі бұйымдар. Автоклавтық өндеу барысында кремний диоксидінің кальций гидроксидімен физикалық-механикалық әрекеттесу процесстері және осы процесстерге кремнеземдік компоненттің ұнтақтық дәрежесінің әсер етуі туралы түсінік.

Силикаттық кірпіш: шикізат, дайындау принциптері, маркалары, қолданылу ерекшеліктері.

Силикат бетондар (ауыр, кеуекті толтырғыштардан, ұялы). Көбіксиликаттан және басқа ұялы материалдардан жасалатын бұйымдар. Әк-қож және әк-күл кірпіші.

Ұсынылатын әдебиет: [1-5]

Асбестцемент бұйымдар.

Асбестцемент бұйымдарды дайындау үшін қолданылатын шикізаттық материалдар. Асбестцементтің асбест талшықтарымен беріктелген цементтік композиттік материал ретіндегі физикалық – механикалық қасиеттері.

Асбестцемент бұйымдардың негізгі түрлері және өндіру тәсілдері.

Ұсынылатын әдебиет: [1-5]

Құрылыс ерітінділері және құрылыстық құрғақ араласпалар.

Құрылыс ерітінділері және құрылыстық құрғақ араласпаларын байланыстырғыш түріне, тығыздығына және оларды жасайтын материалдар түріне байланысты топтастыру. Әр түрлі ерітінділердің олардың тағайындалуына байланысты қасиеттерінің ерекшеліктері. Заманауи автоматтандырылған тауарлық ерітінді зауыттары туралы түсінік. Ерітінділердің беріктігі, маркаларға бөлінуі, аязға ьөзімділігі. Беттік – активтік қоспаларды пайдалану (4-сағат).

Ұсынылатын әдебиет: [1-5]

13) Органикалық шикізат негізінде алынатын құрылыс материалдары. Ағаштан жасалатын материалдар мен бұйымдар.

Құрылыста қолданылатын ағаштың негізгі тұқымдары. Ағаштың құрамы және қасиеттері. Ағаштың негізгі қасиеттерінің құрылымына және ылғалдылығына тәуелділігі. Ақаудың негізгі түрлері және олардың ағаш сапасына әсер етуі. Ағаштың ұзақ мерзімділігін арттыру: ағашты шіруден, жанудан шабуылынан қорғау әдістері.

Орман материалдарының ассортименттері: дөңгелек орман материалдары, араланған материалдар. Ағаштан жасалатын бұйымдар. Ағаш және ағаш қалдықтарын қолдану.

Ұсынылатын әдебиет: [1-5]

Полимер материалдар.

Полимер материалдарының негізгі компоненттері. Полимердің түрлері мен құрылысы. Пластмассалардың термиялық қасиеттері: жаңғыштығы және отқа төзімділігі, термиялық деструкциясы, зиянды заттардың бөлінуі.

Полимер материалдарын өндіру негіздері және олардың түрлері.

Құрылыс материалдарын полимерлермен модификациялау: бетондарды, битумдарды, ағашты модификациялау, мақсаты және әдістері. Полимер материалдары мен бұйымдарын өндіру және қолдануды дамыту болашағы (1-сағат).

Ұсынылатын әдебиет: [1-5]

10.2 Практикалық сабақтардың мазмұны мен тізімі
Студенттер дәріс, зертханалық сабақтардан алған білімін жақсы түсініп, терең игеру, тәжірибелік оқуларды жүргізудің нәтижесінде курстық жұмыста керекті технологиялық есептерді талдау және т.б. мағлұматтар алады.

№ 1 тәжірибелік сабақ. Ауыр бетон құрамының есебі. Жеңіл бетон құрамының есебі. Ұсынылатын әдебиет: [1-5, 13-16]

№ 2 тәжірибелік сабақ. Қуысты газобетон құрамының есебі. Қуысты көбікбетон құрамының есебі. Ұсынылатын әдебиет: [1-5, 13-16]

№ 3 тәжірибелік сабақ. Ұсақ тұқымды бетон құрамының есебі. Ұсынылатын әдебиет: [1-5, 13-16]

№ 4 тәжірибелік сабақ. Жол құрылысы үшін бетон құрамының есебі. Ұсынылатын әдебиет: [1-5, 13-16]

№ 5 тәжірибелік сабақ. Автоклавты қатысының силикатты бетон құрамының есебі. Ұсынылатын әдебиет: [1-5, 13-16]

№ 6 тәжірибелік сабақ. Химиялық толтырғыштармен бетон құрамының есебі. Ұсынылатын әдебиет: [1-5, 13-16]

№ 7 тәжірибелік сабақ. ВНВ-дағы ауыр бетон құрамының есебі. Полимерцементті бетон құрамының есебі. Ұсынылатын әдебиет: [1-5, 13-16]

№ 8 тәжірибелік сабақ. Дайын өнімнің және қойма есебі. Бетон қоспалы цехтің есебі. Арматуралы цехтің есебі. Ұсынылатын әдебиет: [1-5, 13-16]

№ 9 тәжірибелік сабақ. Алдын ала күштенулерінің арматура параметрлерінің есептемесі. Бетон қоспасының режим қысымының есебі. Ұсынылатын әдебиет: [1-5, 13-16]

№ 10 тәжірибелік сабақ. Өндірістің технологиялық конвейерлі схеманың есебі. Өндірістегі стендті сұлбасының технологиялық есебі. Өндірістегі агрегатты-ағынды сұлбасының технологиялық есебі. Өндірістің касетті схемасының технологиялық есебі. Ұсынылатын әдебиет: [1-5, 13-16]

№ 11 тәжірибелік сабақ. Өндірістегі темірбетон құбырларының технологиялық сызба есебі. Ұсынылатын әдебиет: [1-5, 13-16]

№ 12 тәжірибелік сабақ. Көліктік құралдарының есебі. Ұсынылатын әдебиет: [1-5, 13-16]

№ 13 тәжірибелік сабақ. Бетонның физикалық-механикалық қасиеттерін анықтау. Бетонның мұзтұрақтылығын анықтау. Ұсынылатын әдебиет: [1-5,13-16]

№ 14 тәжірибелік сабақ. Тұтқырғыш түрлерінің және бетон мінездемесінің құрылымдарынан тұратын бетон ұзақтығының ауасы. Технологиялық мақсаттың ситуационды шешімі шығындарсыз берілген бетон қасиетттерінің және оның жақсартуымен тұтқырғышты басқа тұтқырғыш түріне ауыстыруы. Ұсынылатын әдебиет: [1-5, 13-16]
10.2 Зертханалық жұмыстардың сабақтардың мазмұны мен тізімі

Зертханалық жұмыстар дәріс оқумен қатар жүргізіледі және дәрістік сабақтарда алынған білімдерді тереңдетіп, бекіту үшін орындалады.

Зертханалық жұмыстар студенттердің сәйкес тақырып бойынша өзіндік дайындығымен әдістемелік нұсқауларға сай тәжірибелік жұмыс орындап, қорытындысы бойынша сараптама жасау арқылы орындалады.

Зертханалық жұмыстардың жуық тақырыптары:

1 Құрылыс материалдарының физикалық қасиеттерін: тығыздығын, кеуектілігін, қуыстылығын және сусіңіргіштігін анықтау. Механикалық қасиеттерін анықтау. Сынау нәтижелері бойынша беріктілік шегінің мәнін есептеу. Бұзбай бақылау әдістерімен тааныстыру.

2 Табиғи тас материалдарынан құрылыс материалдарын және құрылыстағы жасанды материалдар өндірісі үшін қолданылатын жыныс түзуші минералдар мен тау жыныстарының негізгі қасиеттерін зерттеу және салыстыру (коллекциялармен жұмыс).

3 әр түрлі керамикалық бұйымдардың түрімен танысу (коллекция бойынша). Қарапайым керамикалық кірпіштің сапалық сипаттамаларын және олардың МемСт – қа сәйкестігін, маркаларын анықтау.

4 Коллекция бойынша құрылыс шынысының және шыны бұйымдарының түрлері мен қасиеттерін және олардың МемСт-қа сәйкестігін анықтау.

5 Металл үлгілерінің механикалық қасиеттерін анықтау: қаттылығы, беріктің есептік көрсеткіші.

6 Гипс байланыстырғышының маркасын, ұнтақтық дәрежесін, қалыпты қоюлығын, қатаю мерзімін анықтау. Әр түрлі химиялық қоспаларды пайдалана отырып су қажететушілігін, қатаю мерзімін және беріктілік сипаттамаларын анықтау және алынған нәтижелерді сараптау.

7 Ауа әгінің техникалық сипаттамаларын: сөну жылдамдығын, әк қоймалжыңының шығуын, сөнбеген түйіршектер қалдығын анықтау.

8 Цеметті сынау: қалыпты қоюлығын, қатаю мерзімін, көлемінің бірқалыпты өзгеруін анықтау. Цемет-құм еретіндісінен дайындалған үлгілерден портландцементтің маркалық беріктігін анықтау.

9 МемСт-қа бетон толтырғыштарын сынау: ұсақ және ірі (құм және қиыршықтас) толтырғыштардың түйіршектік құрамын анықтау, електен өткізіп талдау, құмның ірілік модулін анықтау.

10 Ауыр бетонның алдын-ала құрамын анықтау (жеке тапсырмалар бойынша бетон құрамын есептеу). Бетон араласпасының жеңілжайылғыштығын анықтау, құрамын түзеу, материалдар шығынын, бетонның шығу коэффициентін, маркасын анықтау.

11 Қылқанды және жапырақты ағаш тұқымдарымен танысу. Ағаштың макро- және микроқұрылым үлгілердің белгілік көрсеткіштерін сипаттай отырып зерттеу. Физикалық – механикалық қасиеттерін анықтау: тепе-теңдік ылғалдық, орташа тығыздық және ағаш беріктігінің есептік көрсеткіші.

12 Әдебиеттер арқылы, коллециялық үлгілер бойынша пластмассадан жасалатын негізгі материалдардың негізгі қасиеттерін, құрамын, өндіру әдістерін және қолданылу саласымен танысу.

13 Түйіршектелген шикізаттан тығыздығы берілген полистиролдық пенопластты алу. Дайын болған үлгінің ісіну коэффициентін, тығыздығын анықтау.

14 Әдебиеттер арқылы, коллекциялық үлгілер бойынша негізгі жылуоқшаулағыш материалдарды сынау. Сыналатын материалдардың тығыздығын және есептік жылуөткізгіштік коэффициентін анықтау. Негізгі қасиеттері мен қолдану салаларын салыстыру.

15 Пигменттерді, бояулық құрамдарды және лактарды сынау. Олардың қасиеттерін: бояу қабілетін, жұғымдылығын, майқажететушілігін, жарыққа төзімділігін, түсі, тұтқырлығын, қатаю мерзімін, жалтырлығын анықтау.
10.4 Студенттеің өздік жұмысының мазмұны
10.4.1 СӨЖ түрлерінің тізімі
Студенттердің өзіндік жұмысы пәндердің жеке тақырыптарын және дәрістік, зертханалық сабақтар материалдарын терең үйреніп меңгеру үшін қарастыралады.


р/с


СӨЖ түрі

Есеп беру формасы

Бақылау түрі

Сағат көлемі

1

Дәрістерді пысықтау

-

Сабаққа қатысу

10

2

Тәжірибелік сабақтарына дайындық, үй тапсырмаларын орындау

Жұмыс дәптері

Сабаққа қатысу, үй тапсырмаларын қорғау

9

3

Зертханалық жұмысқа дайындық

Жұмыс дәптері

Сабаққа қатысу

5

4

Есеп дайындау және практикалық тапсырмаларды дайындау

Қажетті кестелерді дайындау және басқалар

қорғау

5

5

Есеп дайындау және практикалық тапсырмаларды дайындау

Қажетті кестелерді дайындау және басқалар

қорғау

20

5

Аудитория сабағының мазмұнына кірмеген материалды меңгеру

Конспект

(ж/е басқалар)



Коллоквиум

(және басқалар)



20

6

Семестрлік тапсырмаларды орындау

Реферат (және басқалар)

СТ қорғау

30

7

Бақылау шараларына дайындық

-

МБ 1, МБ 2-нің коллоквиум (тестілеу және басқалар)

30

Барлығы:

129

10.4.2 Студенттерге өз бетінше оқуға ұсынылатын тақырыптар тізімі.

Студенттің өзіндік жұмысы дәріс, практика, тәжірибе сабақтарында өтілген тақырыптарды өздігінен тереңдете оқып, меңгеруді қарастырады.

Студенттердің өзіндік жұмыстарына ұсынылған тақырыптар:

1 Органикалық және бейорганикалық байланыстырғыш заттардан жасалатын құрылыс материалдарының химиялық құрамы. Кристалдық және аморфтық денелер туралы түсінік. Конгломераттар және композиттер туралы түсінік.

2 Қаттылық, тозуғатөзімділік туралы түсінік, олардың өлшем бірлігі. Құрылыс материалдарын стандарттау: МемСт, ССт (ОСТ), ТШ (ТУ), ҚНжҚ (СНиП) тағайындалуы және мазмұны.

3 Жыныстүзуші минералдар: кремнезем тобының минералдары, дала шпаттары, темірмагнезиалды силикаттар, слюдалар, сазды минералдар, карбонаттар, сульфаттар, олардың тау жыныстарындағы қасиеттерін анықтайтын ерекшеліктері.

4 Табиғи тас материалдарынан жасалатын өндеулік материалдардың фактурасының түрлері және оларды алу әдістері.

5 Арнайы табиғи тас материалдары. Табиғи тастың коррозиясы және одан қорғау әдістері.

6 Өндеулік керамика түрлері мен қасиеттері.

7 Төбелер және жабындар жасауға арналған керамикалық бұйымдардың түрлері және қасиеттері.

8 Санитарлық – техникалық және арнайы керамикалық бұйымдардың қасиеттері.

9 Арнайы керамикалық бұйымдар: клинкерлік кірпіш, қышқылға төзімді кірпіш және тақталар.

10 Парақша мөлдір бұйымдар мен конструкциялар, өндеулік, жылуоқшаулағыш шыны бұйымдар: түрлері және қасиеттері.

11 Болаттың тозу себебі және оның құрылыста қолданылатын болаттардың қасиетіне әсер етуі.

12 Болатты термиялық және термомеханикалық өндеудің мақсаты.

13 Әр түрлі гипс байланыстырғыштары және әктің қатаю ерешеліктері туралы түсінік.

14 Портландцемент түрлерінің мқұрамы, қасиеттері және қолданылу ерекшеліктері туралы түсінік: пуццолонды, қожпортландцемент, гипсоцементопуццоланды байланыстырғыш, ақ және түсті, тез қатаятын, өте тез қатаятын, пластификацияланған цементтер.

15 Ұлғаятын, ширамайтын және глиноземді цементтердің құрамы және тағайындалуы.

16 Ауыр бетонның деформациялық, гидро- және жылуфизикалық қасиеттері.

17 Бетондарды құрамалы, тұтас (монолит) ұүрамалы-тұтас темірбетон конструкцияларында қолдану ерекшеліктері.

18 Бетонның ерекше түрлері: жоғары беріктілігі, гидротехникалық, жолдық, ыстыққа төзімді, қышқылға төзімді, радиоактивтік әсерлерден қорғайтын бетон. Құрамы, қасиеттері және қолданылу ерекшеліктері.

19 Жеңіл бетондардың техникалық – экономикалық тиімділігін арттыру жолдары.

20 Құрылыс ерітінділерінің тағайындалуы бойынша топтастырылуына сәйкес құрамы мен қасиеттерінің ерекшеліктері. Құрылыс ерітінділерінің беріктігіне әсер ететін факторлар.

21 Ағаштың механикалық қасиеттері: статикалық қаттылық, соққылық, қаттылық, серпімділік модулі туралы түсінік және ағаштың механикалық қасиеттеріне әсер ететін факторлар.

22 Полимерлердің құрылысы, полимеризациялық және поликонденсациялық полимерлерді алу принциптері.

23 Әрлеулік полимер материалдадың түрлері; еденге арналған материалдар: синтетикалық кілем, тігіссіз едендер, полимербетон құйылған едендер, еденге арналған тақтайшалар; санитарлық – техникалық және ұзын бұйымдар, полимер желімдер мен мастикалар.

24 Асфальт бетондар және ерітінділер: құрамы, қасиеттерінің ерекшеліктері және қолданылу.

25 Әр түрлі жабындық, гидроизоляциялық және тығындық (герметикалық) материалдардың құрамы, алу принциптері.

26 Минерал матқта бұйымдарының түрлері: Бейорганикалық және ағаш қалдықтарын қолданумен жасалатын қаттты бұйымдар; олардың құрылыстағы қолданылу саласы.

27 Өндірістік жабдықтар мен құбырлардағы жылуоқшаулау.

28 Сырлы бояулар құрамындағы негізгі пигменттер және олифа түрлері.

29 Сумен езілетін сырлы бояу құрамы. Әк, желім, силикат және басқа құрамдар, олардың қасиеттері және қолданылу саласы.

30 Конструкциялық композиттердің жоғары беріктілігін қамтамасыз факторлар.


10.4 Ағымдағы үлгерім мен қорытынды бақылау түрлері бойынша салмақ үлестерінің таратылуы



Қорытынды бақылау түрі

Бақылау түрі

Салмақ үлестері

1

Емтихан

Ағымдағы үлгерімді бақылау

0,6

Емтихан

0,4

10.5 Ағымдағы үлгерімдерді бақылау іс-шараларының күнтізбелік кестесі



1 рейтинг (3 семестр)

Апталар

1 сабақ үшін макс. бл

1

2

3

4

5

6

7

8

Барл

ығы


Максималды балл

8

8

20

8

20

8

20

8

100

Дәрістерге қатысу және дайындалу

СӨЖ түрі / есеп беру түрі




ДҮТ 1, 2

ДҮТ 3, 4

ДҮТ 5, 6

ДҮТ 7, 8

32

Бақылау түрі




Қ

Қ

Қ

Қ

Макс. балл

4

8

8

8

8

Практикалық сабақтарға қатысу және дайындалу

СӨЖ түрі / есеп беру түрі




ПҮТ 1

ПҮТ 2

ПҮТ 3

ПҮТ 4

32

Бақылау түрі




Қ

Қ

Қ

Қ

Макс. балл

4

8

8

8

8

Материалды өздігінен меңгеру

СӨЖ түрі / есеп беру түрі







ӨМ ҮТ1




ӨМ ҮТ2




ӨМ ҮТ3




ӨМ ҮТ4

36

Бақылау түрі







К




К




К




К

Макс. балл

4







12




12




12




Пән тақырыптары бойынша білімді бақылау

СӨЖ түрі / есеп беру түрі






















ПТ




100

Бақылау түрі






















Бж




Макс. балл




























2 рейтинг (3 семестр)

Апталар

1 сабақ үшін макс. бл

9

10

11

12

13

14

15




Барл

ығы


Максималды балл

8

8

22

8

22

8

24




100

Дәрістерге қатысу және дайындалу

СӨЖ түрі / есеп беру түрі




ДҮТ 9, 10

ДҮТ 11, 12

ДҮТ 13, 14

ДҮТ 15

28

Бақылау түрі




Қ

Қ

Қ

Қ

Макс. балл

4

8

8

8

4

Практикалық сабақтарға қатысу және дайындалу

СӨЖ түрі / есеп беру түрі




ПҮТ 5

ПҮТ 6

ПҮТ 7

ПҮТ 8

28

Бақылау түрі




Қ

Қ

Қ

Қ

Макс. балл

4

8

8

8

4

Материалды өздігінен меңгеру

СӨЖ түрі / есеп беру түрі




ӨМ ҮТ5




ӨМ ҮТ6




ӨМ ҮТ7




ӨМ ҮТ8




44

Бақылау түрі




К




К




К




К




Макс. балл

14







14




14




16




Пәннің тақырыптары бойынша білімді бақылау

СӨЖ түрі / есеп беру түрі



















ПТ







100

Бақылау түрі



















Бж







Макс. балл



















100







Шартты белгілер: 1 ДҮТ – №1 дәріске дайындалу үшін берілетін үй тапсырмасы; Қ – оқу үрдісіне қатысу; ПҮТ 1 – №1 практикалық сабақтарға дайындалу үшін берілетін үй тапсырмасы; 1 зерт.ҮТ - №1 зертханалық сабаққа дайындалу үшін берілген үй тапсырмасы; Ж – жіберілу; Е – есеп; 1ЗҚ- №1 зертханалық жұмысты қорғау; КЖБ1 – курстық жұмыстың №1 бөлімі; Т – тексеру; ӨМҮТ1 - материалды өздігінен меңгерудің №1 үй тапсырмасы; К – конспект тексеру; Бж – пәннің тақырыптары бойынша бақылау.
11 Курстың саясаты
11.1 Бақылау шараларын бағалау және өткізу формалары

Курс бойынша білімді қорытынды бақылау түрі – емтихан. Емтихан жазбаша өткізіледі.

1МБ және 2МБ межелік бақылаудың әрқайсысы 100 балл бойынша жеке бағаланады. Межелік бақылаулар тест немесе жазбаша бақылау жұмысы түрінде өткізіледі.

СӨЖ орындалу мерзімі сабақ кестесіне сәйкес өзгеруі мүмкін.


12 Әдебиеттер тізімі

Негізгі

1) Горбунов Г.И. Основы строительного материаловедения:. – М.: ИАСВ, 2002.

2) Материаловедение в строительстве, под.ред. И.А. Рыбьева. – М.: Издательский центр «Академия», 2006.

3) Микульский В.Г. и др. Строитеьные материалы (материаловедение и технология), уч. пос. – М.: ИАСВ, 2004.

4) Наназшвили И.Х. Строительные материалы, изделия и конституции. Справочник. – М.: Высшая школа, 2004.

5) Рыбьева И.Г. Строительное материаловедение. – М.: Высш.шк. 2002.



Қосымша

6) Баженов Ю.М. Технология бетона. М.: ИАСВ, 2002.

7) Батырбаев Ғ., Садуақасов М.; Құрылыс материалдары мен бұйымдары (І-ІІ бөлім) Оқу құралы. Алматы. Республикалық баспа кабинеті. 1996ж.

8) Белов В.В., Петропавловская В.Г., Шлапаков Ю.А. Лабораторные определения свойств строительных материалов. – М.: ИАСВ, 2004.

9) Гипсовые материалы и изделия (производство и пименение). Справочник. Под. Общей ред. А.В. Ферронской. – М.: Издательство АСВ, 2004.

10) Горшков В.С. и др. Вяжущие, керамика и стеклокристаллические материалы: структура и свойства: Справочное пособие. – М.: Стройиздат, 1994.

11) Киреева Ю.А. Строительные материалы: учеб.пособие/-2-изд., стер. – Мн.: Новое знание, 2006. – 400с: ил.- (Техническое образование).

12) Козлов В.В. Сухие строительные смеси.: - М.; ИАСВ, 2000

13) Композиционные материалы: Справочник/ Под.ред. В.В. Васильева, Ю.М. Тарнопольского. – М.: Машиностроение, 1990.

14) Материаловедение в строительстве, под ред. И.А. Рыбьева – М: Издательский центр «Академия», 2006 Наназшвили И.Х., Бунькин И.Ф.

15) Наназшвили В.И. Строительные материалы и изделия. – М.: ООО «Аделант». 2006г., 480с.

16) Самойлов В.С. Строительство деревянного дома. ООО «Аделант», 2003.

17) Хрулев В.М. Технология и свойства композиционных материалов для строительства. Учебное пособие для строительно-технологических специальностей ВУЗов.- ТАУ, 2001, 168с.

18) Хрулев В.М. Производство конструкции из дерева и пластмасс. – М.: Высшая школа, 1989.



19) Филимонов Б.П. Отделочные работы. Современные материалы и новые технологии. М.: АСВ, 2004. – 176с.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет