Бағдарламасының (Syllabus) пму ұсн 18. 3/34 титулдық парағы



Дата09.06.2016
өлшемі269.24 Kb.
#125024
түріБағдарламасы
 

Пәні бойынша оқыту Нысан

бағдарламасының (Syllabus) ПМУ ҰСН 7.18.3/34

титулдық парағы



Қазақстан Республикасының ғылым және білім миністірлігі

С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті


Гуманитарлы-педагогикалық факультеті

Психология және педагогика кафедрасы

5В050300 – Психология мамандығының сырттай оқу нысанындағы студенттеріне арналған

«Медициналық психология»

ПӘНІ БОЙЫНША ОҚЫТУ БАҒДАРЛАМАСЫ

(Syllabus)


Павлодар



Пәні бойынша оқыту Нысан



бағдарламасын (Syllabus) ПМУ ҰС Н 7.18.3/35

бекіту парағы




БЕКІТЕМІН

Гуманитарлы-педагогикалық факультетінің деканы

___________ Ж.Т. Сарбалаев

«___»_____________20 ж.

Құрастырушы: профессор Булекбаева С.Е.


Психология және педагогика кафедрасы
5В050300– Психология мамандығының сырттай оқу нысанындағы

студеттеріне арналған

«Медициналық психология»


пәні бойынша оқыту бағдарламасы (Syllabus)
Бағдарлама «___» _________20__ж. бекітілген жұмыс оқу бағдарламасының негізінде әзірленген.
20_ж. « »____________кафедра отырысында ұсынылған №_____ хаттама.
Кафедра меңгерушісі ___________Бурдина Е.И. 20 ж. «____» ________
Гуманитарлы-педагогикалық факультетінің оқу-әдістемелік кеңесімен құпталған 20 ж.«____»_________№____ хаттама
ОӘК төрағасы __________Жуманкулова Е.Н. 20 ж. «_____»_________

КЕЛІСІЛГЕН

Кафедра меңгерушісі ________Бурдина Е.И. 20 ж. «____» ________

1 Оқытушылар туралы мәліметтер және байланысу ақпараттары

Булекбаева Слухия Елеуовна

К.м.н., доцент, психология және педагогика кафедрасының профессоры

Психология және педагогика кафедрасы А корпусында 149 аудиторияда орналасқан. Байланысу телефоны 67 36 85 (1139 )


2 Пән туралы мәліметтер

Медициналық психология қазіргі заман психологиясының алдыңғы қатарына шығып отыр. Медициналық психологияның дамуы – бүкіл әлемдік тенденция. Әлемнің дамыған елдеріндегі психологтар «клиникалық психологиямен» айналысады, ал біздің елімізде оны «медициналық психология» деп қарастырады. Медициналық психологияның басты ерекшелігі – бастапқы теорияның негізі мен оның халықтың денсаулық сақтаудағы тәжірибелік мәселелерінің шешімін енгізумен тығыз байланыстылығында. Психологияның басқа салаларына қарағанда қазіргі кезде медициналық психология, денсаулық сақтау ісінің көпшілік мәселелерінің шешілуінде қолданылады.


3 Пәннің еңбек сыйымдылығы

Семестр

Кредиттар саны

Аудиториялық сабақ түрлері бойынша қарым-қатынас сағаттарының саны

Студенттің өздік жұмысының сағат саны

Бақылау нысаны

барлы-ғы

Дәріс

практи-ка

Зертха-налық

студия-лық

жеке

барлығы

СРСП

5

3

135

12

6










117

18

РБ, емтихан

Бар-лығы

3


135

12

6










117

18






4 Пәннің мақсаты және тапсырмасы

студенттерді қазіргі заманғы нейропсихологияның, патопсихологияның негіздері, соматикалық ауралардың психологиялық факторлары, тұлғалық дамуының ауытқуларығ олардың коррекция және профилактика негіздерімен таныстыру. Курстың міндеттері:



  • нервтік-психикалық және соматикалық аурулардың дамуындағы, өтуіндегі және емделуіндегі психикалық факторлардың рөлін зерттеу;

  • әртүрлі ауралардың психикалық белгілерін динамикада зерттеу;

  • тұлғалық аномалиялардың, ауытқулардың нервтік-психикалық өзгерістерінің психикаға әртүрлі әсерлерін зерттеу;

  • аура адамның ортамен, оның микроортасының, өзара қатынасының сипатын зерттеу;

  • орталық жүйке жүйесінің локальды-органикалық бұзылулары жағдайында топикалық диагностика міндеттерімен байланысты психикалық функциялардың бұзылуын зерттеу;

5 Білімге, икемділікке және машықтарға қойылатын талаптар

Пәнді игеру нәтижесінде студенттің білуі керек:



  • отандық клиникалық психологияның теория мен тәжірибесінің өзара байланыс дамуы өнімділін оқып білу;

  • медициналық психологияның базистік, фундаменталдық зерттеу мәнділігін практикалық міндеттер шешімінің негізі ретінде қолдану;

- қазіргі заманғы денсаулық сақтаудың алдын алу шараларын жүргізу кезінде медициналық психологияның қолданбалы мүмкіндіктерін пайдалана білу. Студент істей білуі керек:

  • психоневрологиялық мектептердегі клиникалық психологтардың негізгі функцияларын орындау;

- психосоматикалық мәселелер және оны шешу жолдарын игеру;

- психикалық ауытқулары бар адамдарды диагностикалау және емдеудің қазіргі әдістерін білу.



6 Пререквизиттер: . «Жалпы психология», «жасөспірім психологиясы», «тұлға психологиясы», «дифференциалды психология», «психогенетика», «жоғары нерв әрекеттерінің физиологиясы».

7 Постреквизиттер. «Жеке дара және топтық психотерапия», «отбасылық психологиясы», «психологиялық кеңес берудің негіздері».
8 Пәннің тематикалық жоспары


Тақырыптар атауы



Сабақ түрлері бойын- ша қарым-қатынастық сағаттар саны

дәріс

практ

СӨЖ

1

2

3

4

5

1

Қазіргі заманғы медициналық психологияның әдістеме-теориялық мәселелері

1




8

2

Клиникалық психологиядағы негізгі түсініктемелік парадигмалары.




1

8

3

Медициналық психологиядағы психологиялық бағыттар және түсіндіру модельдері.

1




8

4

Патопсихология және аномальды дамудың психологиясы.

1




8

5

Психикалық бұзылудың жастық ерекшеліктері..




1

8

6

Кейбір психикалық аурулардың клиникалық-психологиялық сипаттамасы.

1




8

7

Сананың, қабылдаудың, естің, эмоцияның бұзылулары. Критерийлері, синдромдары.

1

1

7

8

Невроздар. Невротикалық бұзылулар туралы қазіргі кездегі теориялар.

1

1

7

9

Жеке тұлға аномалиялары және олардың жалпы психология үшін зерттеудің мәні.


1




8

10

Аддиктивті жүріс-тұрыс. Маскүнемдік. Нашақорлық. Психологиялық көмек және психокоррекция.

1

1

7

11

Нейропсихология және медициналық психологиядағы оның мәні.

1




8

12

Психикалық іс-әрекеттің ми негіздерінің нейропсихологиялық талдауы.




1

8

13


Мидың локальді патологиясында психикалық процестердің бұзылулары.

1




8

14

Психосоматика. Соматикалық аурулар клиникасының психологиялық мәселелері.

1




8

15

Аурудың ішкі көрінісі.Тұлғаның спецификалық ерекшеліктері және ауру.

1




8




Барлығы

12

6

117


9 Пәннің қысқаша сипаттамасы

Осы курста отанымыздың медициналық психология теориясы мен тәжірибесі дамуы, қарым-қатынас жемістілігі, сол сияқты, денсаулық сақтаудың тәжірибелік сұрақтардың шешілуіне қолданбалы мәнділігі көрсетілу керек. Медициналық психологтардың базистіктеориялық зерттеулері тәжірибелік істің негізі ретінде көрсетіледі. Денсаулық сақтау жүйесінде психологтың жұмысы жоғары жауапкершілікпен байланысты, өйткені ол психиатриялық, соттық, әскери сараптамаларда қатынаса алады. Сараптамалардың нәтижелері бойынша диагноз қойылады, әскерге жарайтындығын не, жарамайтындығын, сот алдында кінәлі ме, әлде кінәлі емес екендігі шешіледі. Сондықтан бұл курста студенттердің ауру адамдарды экспериментті-психологиялық зерттеудің негізгі әдістері және тәсілдерімен, сонымен қоса, психокоррекциялық жұмыс жүргізудің тәсілдеріне ерекшк көңіл бөлінеді.


10 Курс компоненттері

Теоретикалық курстың мазмұны

1 тақырып. Қазіргі заманғы медициналық психологияның әдістеме-теориялық мәселелері

Медициналық психологияның пәні мен объектісі. Медициналық психология дамуының тарихы. Медициналық психологияның тарихын зерттеудегі екі теория-әдістемелік негіздері. М.Фуконың таным философиясы және табиғи-ғылымдық парадигмасы: психикалық ауруға екі түрлі көзқарастың тарихы. Батыс Европа мен Шығыс елдерінің (үнді, Қытай, Орта Азия) психикалық ауруларға салыстырмалы көзқарасын талдау. Қазіргі заманғы медициналық психологияның негізгі бөлімдері: нейропсихология, патопсихология, психосоматика. Халыққа психиатриялық көмек жасау жүйесіндегі және психикалық саулығын сақтауда психологиялық қызмет.



3 тақырып. Медициналық психологиядағы психологиялық бағыттар және түсіндіру модельдері.

Медициналық психологиядағы психологиялық бағыттар және түсіндіру модельдері. Медициналық психологиялық көмек көрсетудің әдістері мен психологиялық түсіндіру модельдерінің байланысы. Психоаналитикалық тәсіл мен психодинамикалық модель. Когнитивті-бихевиоралды парадигма.

Медициналық психологиядағы түсіндірушінің теориялық құндылықтары мен мағынасы. Боиграфиялық тәсіл.

4 тақырып. Патопсихология және аномальды дамудың психологиясы.

Патопсихология, пайда болу тарихы және дамуы. Психоневрологиялық мектептердегі патопсихологтардың негізгі функциялары. Жалпы патопсихологиялық пәннің анықтамасы, эксперименталды-психологиялық әдістерді клиника-нозологиялық диагностика мақсаттарына пайдалану принципі. Патопсихологиялық зерттеудің әдісі. Сараптама, оның типтері, негізгі міндеттері. Бұрмаланған психикалық даму. Ерте балалық аутизм. Дисгармониялық психикалық даму, әлеуметтік дезадаптация түсінігі. Мінездің психопатиясы мен акцентуациясы. Диагностика мен коррекция, алдын алудағы психологтың ролі. Балалардағы невроздар. Балалардағы невроздардың көшіру формасы.



6 тақырып. Кейбір психикалық аурулардың клиникалық-психологиялық сипаттамасы.

Психикалық аурулар туралы жалпы түсініктер, себептері мен ерекшеліктері. Психикалық аурулардың, соматикалық ауруларға қарағанда, сапалық ерекшеліктері. Психикалық ауруларды диагностикалау және емдеудің қазіргі әдістері.Көңіл-күйдің бұзылуының негізгі клиникалық формалары, эмоционалды сферасының бұзылуы. Жабырқаудың, мазасыздықтың, қорқыныштың феноменологиясы. Паникалық бұзылулар. Фобиялар. Посттравматикалық стресстік бұзылулар. Депрессия, түрлері. Эмоционалды сферасындағы өзгерістер.Тұлғаның эмоционалды сферасындағы бұзылуарды түсінуге психологиялық бағыттар. Олармен психокоррекциялық жұмыстардың негізгі бағыттары. Шизофрения, ойлау және эмоциялық процестердің сипаттамасы. Эпилепсия (қояншық ауру), жалпы клиникалық ерекшеліктері. Дірілдеме (судорожный припадок), түрлері. Эксперименталды-психологиялық диагностика.



7 тақырып. Невроздар. Невротикалық бұзылулар туралы қазіргі кездегі теориялар. Невроздар. Невротикалық бұзылулар туралы қазіргі кездегі теориялар. Нев ротикалық бұзылулар: 1) обсессивтік-комплексті бұзылулар, олардың әлеуметтік жағдайлармен байланысы, психологиялық механизмдері, психотерапевтік және психокоррекциялық жұмыстарды өткізу; 2) соматоформдық бұзылу, конверсиондық (истерия), соматогендік, ипохондрия, психокоррекциясы; 3) диссоциативтік бұзылулар: психогендік деперсонализация; 4) «МЕН» бейненің бұзылуымен байланысты дисморфоманиялар, дисморфобиялар, нервтік анорексия. Олардың психотерапиясы мен психокоррекциясы.

8 тақырып. Сананың, қабылдаудың, естің, эмоцияның бұзылулары. Критерийлері, синдромдары.

Сананың бұзылулары. Сананың бұзылуының критерийлері,синдромдары: кома, сткпор, онейроид, қарауытқан ... бұзылулары (сумеречное состояние), есеңгіреу (оглушенность), делирия, құнды идеялар, олардың құрылуы мен психологиялық механизмі.Паранойя. Сандырақ, оның түрлері. Сананың өзгерген күйі. Қабылдаудың бұзылуы. Иллюзиялар және галлюцинациялар.Жалған галлюцинациялар. Зейіннің бұзылулары. Зейіннің және қабылдаудың мотивациялық компонентінің бұзылуы. Зейінді қабылдауды зерттейтін әдістер. Естің бұзылуы. Жүйкелік-психикалық аурулардың әртүрлі формаларындағы естің бұзылуы. Амнезиялар. Естің бұзылуын зерттеу әдістері. Эмоциялар және олардың патологиялық өзгеруі. Эмоциялар ... стресс. Эмоциялардың психофизиологиялық механизмдері. Эндогенді және шектік (пограничные) күйлердегі эмоционалды бұзылулар. Орталық жүйке жүйесінің органикалық зақымдалуындағы аффективті бұзылу. Физиологиялық және патологиялық аффект. Эмоционалды бұзылулардың диагностика мен коррекциясы. Ерік және оның бұзылуы. Эмоционалды-еріктік бұзылулардың милық механизмдері. Ойлаудың бұзылуының патопсихологиялық зерттеулері. Жүйкелік-психологиялық аурулардың әртүрлі формаларындағы ойлаудың бұзылуы. Ойлаудың бұзылуын зерттейтін әдістер, олардың дифференциалды-диагностикалық мағыналылығы.



9 тақырып. Жеке тұлға аномалиялары және олардың жалпы психология үшін зерттеудің мәні.

Ауру генезінде жеке тұлғалық факторлардың ролі, алдын ала аурумен күресу, ауруларды емдеу. Жеке тұлғаның патологиялық өзгерістері және тұлғаның мақсат қоюдағы мотивациялық сферасының бұзылуы, могтив иерархиясы, жанамалалаудың бұзылуы. Мағына қалыптастыру процесі және оның бұзылулары. Патологиялық қажеттіліктердің құрылу анализі. Өзін-өзі реттеудің бұзылуы. Невроздардағы тұлғаның бұзылуы. Тұлғаны зерттеудегі патопсихологиялық әдістер. Жалпы психология үшін тұлғалық аномалияларды зерттеудің мәні. Тұлғаның аномалия кезіндегі апсихологиялық коррекция.

Ауытқыған жүріс-тұрыстың медициналық-психологиялық мәселелері, зерттеудің мәні. Ауытқыған жүріс-тұрыс концепциясының даму тарихы; негізгі теориялық тәсілдер мен мектептер. Ауытқыған жүріс-тұрыстың түрлері. Олардың диагностикасы және коррекциясы.

10 тақырып. Аддиктивті жүріс-тұрыс. Маскүнемдік. Нашақорлық. Психологиялық көмек және психокоррекция.

Аддиктивті жүріс-тұрыс. Маскүнемдік. Нашақорлық. Маскүнемдік және нашақорлыққа тәуелділіктің әлеуметтік және психологиялық факторлары. Психологиялық көмек және психокоррекция. Аддикциялардың басқа формалары: дәрі-дәрмекке тәуелділік, темекі шегу, трудоголизм, тағамға тәуелділік. Аддиктивті жүріс-тұрыстың коррекциялық әдістерді қолдану.

Дағдарыс кезіндегі тұлға және суицидология. Дағдарыс кезіндегі адамның жүріс-тұрыстың түрлері және типтері. Суицидалды жүріс-тұрыс. Суицидалды жүріс-тұрысгенезисіндегі тұлғалық және орта факторлардың арақатынасы. Сау адамдарда және психикалық патологиядағы суицид. Суицид кезіндегі психотерапия және психокоррекция. Суицидологиялық қызмет.

11 тақырып. Нейропсихология және медициналық психологиядағы оның мәні.

Нейропсихологияның даму тарихы. Нейропсихология пәні. Нейропсихологияның орталық проблемасы –психикалық іс-әрекеттердің милық негізі. Психикалық іс-әрекеттің ми негіздерінің нейропсихологиялық талдауы. Жалпы психологиялық мәселелерді шешудегі нейропсихологиялық зерттеудің маңызы. Психикалық функциялардың локализация проблемасына көзқарастар ауысуының негізгі кезеңдері. Осы мәселелерді шешу жолдары. Нейропсихологияның дамуына А.Р.Лурияның үлесі.



13 тақырып. Мидың локальді патологиясында психикалық процестердің бұзылулары.

Мидың локальді патологиясында психикалық процестердің бұзылулары. Мидың қандай бөлігі зақымдалғанда ЖПФ-ң бұзылулары. Маңдай синдромының варианттары. Мидың төбе-шүйде бөліктері зақымдалғанда ЖПФ-ң бұзылулары. ЖПФ-ң бұзылу синдромы кезіндегі оң және сол жақ жарты шарлардың зақымдалуы. Апраксия жағдайындағы зақымдалған аймақтарын локализациялау мәселелері. Қозғалыс пен іс-қимылдың бұзылуы. Апраксия түрлері. Қабылдаудың бұзылуы. Көру агнозиясының түрлері. Агнозия түрлері жөніндегі қазіргі заманғы түсінік. Агнозия жағдайындағы ми зақымдалуының локализациясы. Алексиялар, аграфиялар, акалькулиялар.Сөйлеудің бұзылуы. Афазия түрлері. Афазия жағдайындағы ми зақымдалуының локализациясы. Мнестикалық процестердің бұзылуы. Мнестикалық бұзылудың нейропсихологиялық механизмдерін зерттеу. Ойлау процестерінің нейропсихологиялық бұзылуы. Мидың маңдай, самай, шүйде, төбе,оң және сол жарты шарлары зақымдалған кезіндегі ойлаудың бұзылуы. Зақымдалған қызметтерді қалпына келтірудің нейропсихологиялық негіздері. Мидың локальді зақымдалуы кезіндегі эмоционалдық бұзылулар кезіндегі нейропсихологиялық зерттеудің мүмкіндіктері.



14 тақырып. Психосоматика. Соматикалық аурулар клиникасының психологиялық мәселелері.

Соматикалық аурулар клиникасындағы психологиялық проблемалар. Психосоматикалық мәселе және оны шешу жолдары. Психосоматикалық дамудың философиялық және медициналық алғы шарты. Психосоматика пән аралық сала ретінде. Психикалық және соматикалық байланысының мәселесі. Соматикалық аурулардың басталуымен күнделікті психикалық факторлардың маңызы. Психосоматозды бұзылулар дамуына және тұрақты болуына психологиялық факторлардың маңызы. Психосоматикалық аурулар. Психосоматикалық аурулардың негізгі теориялары.Психосоматиканың мәдениет аралық аспектілері.



15 тақырып. Аурудың ішкі көрінісі.Тұлғаның спецификалық ерекшеліктері және ауру.

Аурудың ішкі көрінісі. Созылмалы соматикалық аурулардың тұлғалық өзгеруі. Тұлғаның спецификалық ерекшеліктері және ауру. Тыныс алу органдарының (туберкулез, бронхиалдық демікпе және т.б.) аурулары бар науқастардың психологиялық ерекшеліктері. Жүрек-қан тамыр жүйелерінің ауыратын науқастардың психологиялық ерекшеліктері. Асқазан-ішек жолдарының (асқазан жарасы, бауырдың және өт жолдарының созылмалы аурулары) аурулары бар науқастардың психологиялық ерекшеліктері, әр түрлі этаптағы (алдын алу, аурудың бастапқы кезеңі,жедел периоды, ремиссия, созылмалы жағдайы, өмірге қауып төнуі) соматикалық ауруы бар науқастардың реабилитациясы мен коррекциясының психологиялық деректері. Ауру адамдардың психологиялық коррекциясы мен әлеуметтік-еңбектік реабилитациясының жалпы деректері. Соматикалық аурулары бар науқастың реабилитация кезіндегі психологиялық деректері. Дәрігер мен науқас арасындағы қарым-қатынас мәселелері. Дәрігердің тұлғалық ерекшеліктерінің маңызы, эмпатияның мәні. Аурулардың дәрігер тұлғаларды қабылдағандағы нұсқау типтері. Ятрогениялар. Психологтың ауруханалардағы дәрігерлер және кіші медициналық персоналдармен жұмыс істеудегі ерекшеліктері мен мүмкіндіктері.



Практикалық сабақтардың мазмұны

2 тақырып. Клиникалық психологиядағы негізгі түсініктемелік парадигмалары.

Медициналық психологиядағы түсіндірмелі модельдердің дамуына дифференциалды психологияның үлесі. Жыныстық, жас ерекшелік аырмашылықтар, жеке адамның психикалық өмірінің ерекшеліктерін шарттандыратын факторлар ретіндегі конституциядағы айырмашылықтар. Тұлға және психоз. Психопатия және мінездің акцентуациялары.



5 тақырып. Психикалық бұзылудың жастық ерекшеліктері..

Психикалық бұзылудың жастық ерекшеліктері. Аномальды дамудың психологиясы. Психикалық дамудың биологиялық және әлеуметтік факторлардың өзара қатынас мәселесі. Психикалық толық жетілмеу. Негізгі клиникалық формалар. Диагностика. Кешіккен клиникалық даму (КПД), этиологиясы, түрлері, дифференциалды диагностика, психологиялық коррекция мәселелері. Зақымданған психикалық даму. Органикалық деменция, этиология, ойлаудың бұзылуы. Дефицитарлық психикалық даму, олармен коррекциялық жұмыстардың тапсырмалары мен әдістемелері.



7 тақырып. Невроздар. Невротикалық бұзылулар туралы қазіргі кездегі теориялар.

Невроздар. Невротикалық бұзылулар туралы қазіргі кездегі теориялар. Нев ротикалық бұзылулар: 1) обсессивтік-комплексті бұзылулар, олардың әлеуметтік жағдайлармен байланысы, психологиялық механизмдері, психотерапевтік және психокоррекциялық жұмыстарды өткізу; 2) соматоформдық бұзылу, конверсиондық (истерия), соматогендік, ипохондрия, психокоррекциясы; 3) диссоциативтік бұзылулар: психогендік деперсонализация; 4) «МЕН» бейненің бұзылуымен байланысты дисморфоманиялар, дисморфобиялар, нервтік анорексия. Олардың психотерапиясы мен психокоррекциясы.



8 тақырып. Сананың, қабылдаудың, естің, эмоцияның бұзылулары. Критерийлері, синдромдары.

Сананың бұзылуының критерийлері,синдромдары: кома, стопор, онейроид, қарауытқан ... бұзылулары (сумеречное состояние), есеңгіреу (оглушенность), делирия, құнды идеялар, олардың құрылуы мен психологиялық механизмі. Физиологиялық және патологиялық аффект. Эмоционалды бұзылулардың диагностика мен коррекциясы. Ерік және оның бұзылуы. Ойлаудың бұзылуын зерттейтін әдістер, олардың дифференциалды-диагностикалық мағыналылығы.



10 тақырып. Аддиктивті жүріс-тұрыс. Маскүнемдік. Нашақорлық. Психологиялық көмек және психокоррекция.

Аддиктивті жүріс-тұрыс. Маскүнемдік. Нашақорлық. Психологиялық көмек және психокоррекция. Аддикциялардың басқа формалары: дәрі-дәрмекке тәуелділік, темекі шегу, трудоголизм, тағамға тәуелділік. Аддиктивті жүріс-тұрыстың коррекциялық әдістерді қолдану.

Дағдарыс кезіндегі тұлға және суицидология. Дағдарыс кезіндегі адамның жүріс-тұрыстың түрлері және типтері. Суицидалды жүріс-тұрыс. Суицид кезіндегі психотерапия және психокоррекция. Суицидологиялық қызмет.

12 тақырып. Психикалық іс-әрекеттің ми негіздерінің нейропсихологиялық талдауы.

Психикалық іс-әрекеттің ми негіздерінің нейропсихологиялық талдауы. Жарты шараралық ассиметрия және жарты шараралық ара-қатынас мәселесі. Клиникалық және нейропсихологиялық синдромдар. Нейропсихологиялық синдромдарды құрастыру және бөліп шығару принциптері, әртүрлі нейропсихологиялық синдромдардың сипаттамасы. Мидың локальді патологиясында психикалық процестердің бұзылуларының диагностикалыұ әдістері.


Студенттің өздік жұмысының мазмұны



СӨЖ түрі

Есеп беру түрі

Бақылау түрі

Сағат көлемі

1

Дәріске дайындалу

Конспект

Сабаққа қатысу


12

2

Тәжірибелік сабақтарға дайындалу, үй тапсыр- маларын орындау

Жұмыс дәптері

Сабаққа қатысу


18

3

Аудиториялық сабақ -тардың мазмұнына кірмеген материалды зерделеу

Конспект


Баяндаманы қорғау

31

4

Рефераттарды орындау

Реферат


Қорғау

16

4

Курстық жұмысты орындау

Курстық жұмыс


Қорғау

28

6

Бақылау іс-шараларына дайындалу

Межелік және қорытынды бақылау

12

Барлығы:

117


Студенттердің өзіндік зерделеуіне арналған тақырыптар

1 тақырып. Клиникалық психологиядағы негізгі түсініктемелік парадигмалары.

Медициналық психологиядағы түсіндірмелі модельдердің дамуына дифференциалды психологияның үлесі. Жыныстық, жас ерекшелік аырмашылықтар, жеке адамның психикалық өмірінің ерекшеліктерін шарттандыратын факторлар ретіндегі конституциядағы айырмашылықтар. Тұлға және психоз. Психопатия және мінездің акцентуациялары.

Ұсынылатын әдебиеттер: 1, 4, 9, 10, 18, 19.

2 тақырып. Медициналық психологиядағы психологиялық бағыттар және түсіндіру модельдері.

Психикалық патологияның пайда болуының механизмдері туралы психоанализ. Когнитивті-бихевиоралды парадигма. Психопатологияның қайнар көзін түсінуге бихевиоралды тәсіл: әртүрлі үйренудің типтері мен патолтгияның қалыптасуы. Дерессия, фобия соматоформды бұзылулар және басқа да психологиялық патологияның түрлерінің пайда болуының когнитивті модельдері. Әлеуметтік шарттардың мінезге әсері және психикалық бұзылудың көрінісі. Психопатология және дін.

Ұсынылатын әдебиеттер: 1, 4, 6, 12, 13.

3 тақырып. Патопсихология және аномальды дамудың психологиясы.

Патопсихологиялық зерттеудің әдісі. Сараптама, оның типтері, негізгі міндеттері. Психикалық аурумен ауыратын адамдарды сауықтыру. Психикалық жағдайдың динамикасын бақылау. Кейбір психикалық аурудың табиғатын зерттеудегі патопсихологияның ролі. Бұрмаланған психикалық даму. Ерте балалық аутизм. Дисгармониялық психикалық даму, әлеуметтік дезадаптация түсінігі. Мінездің психопатиясы мен акцентуациясы. Диагностика мен коррекция, алдын алудағы психологтың ролі. Балалардағы невроздар. Балалардағы невроздардың көшіру формасы.

Ұсынылатын әдебиеттер: 1, 4, 6, 12, 13.

4 тақырып. Аддиктивті жүріс-тұрыс. Маскүнемдік. Нашақорлық. Психологиялық көмек және психокоррекция.

Аддиктивті жүріс-тұрыс. Маскүнемдік. Нашақорлық. Психологиялық көмек және психокоррекция. Аддикциялардың басқа формалары: дәрі-дәрмекке тәуелділік, темекі шегу, трудоголизм, тағамға тәуелділік. Аддиктивті жүріс-тұрыстың коррекциялық әдістерді қолдану.

Дағдарыс кезіндегі тұлға және суицидология. Дағдарыс кезіндегі адамның жүріс-тұрыстың түрлері және типтері. Суицидалды жүріс-тұрыс. Суицид кезіндегі психотерапия және психокоррекция. Суицидологиялық қызмет.

Ұсынылатын әдебиеттер: 1, 3, 4, 16, 17.



5 тақырып. Нейропсихология және медициналық психологиядағы оның мәні.

Нейропсихология пәні. Нейропсихологияның орталық проблемасы –психикалық іс-әрекеттердің милық негізі. Психикалық іс-әрекеттің ми негіздерінің нейропсихологиялық талдауы. Жалпы психологиялық мәселелерді шешудегі нейропсихологиялық зерттеудің маңызы. Психикалық функциялардың локализация проблемасына көзқарастар ауысуының негізгі кезеңдері. Осы мәселелерді шешу жолдары. Нейропсихологияның дамуына А.Р.Лурияның үлесі.

Ұсынылатын әдебиеттер: 1, 3, 4, 8, 15.

6 тақырып. Психикалық іс-әрекеттің ми негіздерінің нейропсихологиялық талдауы.

Психикалық іс-әрекеттің ми негіздерінің нейропсихологиялық талдауы. Жарты шараралық ассиметрия және жарты шараралық ара-қатынас мәселесі. Клиникалық және нейропсихологиялық синдромдар. Нейропсихологиялық синдромдарды құрастыру және бөліп шығару принциптері, әртүрлі нейропсихологиялық синдромдардың сипаттамасы. Мидың локальді патологиясында психикалық процестердің бұзылуларының диагностикалыұ әдістері.

Ұсынылатын әдебиеттер: 1, 3, 4, 8, 15.

7 тақырып. Мидың локальді патологиясында психикалық процестердің бұзылулары.

Мидың локальді патологиясында психикалық процестердің бұзылулары. ЖПФ-ң бұзылу синдромы кезіндегі оң және сол жақ жарты шарлардың зақымдалуы. Қозғалыс пен іс-қимылдың бұзылуы. Апраксия түрлері. Қабылдаудың бұзылуы. Көру агнозиясының түрлері. Агнозия түрлері жөніндегі қазіргі заманғы түсінік. Сөйлеудің бұзылуы. Афазия түрлері. Ойлау процестерінің нейропсихологиялық бұзылуы. Мидың маңдай, самай, шүйде, төбе,оң және сол жарты шарлары зақымдалған кезіндегі ойлаудың бұзылуы.

Ұсынылатын әдебиеттер: 5, 6, 8, 12, 14, 16.

8 тақырып. Психосоматика. Соматикалық аурулар клиникасының психологиялық мәселелері.

Соматикалық аурулар клиникасындағы психологиялық проблемалар. Психосоматикалық мәселе және оны шешу жолдары. Соматикалық аурулардың басталуымен күнделікті психикалық факторлардың маңызы. Психосоматозды бұзылулар дамуына және тұрақты болуына психологиялық факторлардың маңызы. Психосоматикалық аурулар. Психосоматикалық аурулардың негізгі теориялары.Психосоматиканың мәдениет аралық аспектілері.



Ұсынылатын әдебиеттер: 4, 10, 11, 13, 16.

Студенттердің өздік жұмысына ұсынылатын тақырыптардың нұсқасы

  1. Медициналық психологияның негізгі әдістемелік мәселесі ретінде «норма» және «патология» ұғымдарын анықтау.

  2. Клиникалық психологиядағы негізгі түсініктемелік парадигмалар.

  3. Патопсихологиялық диагностика.

  4. Психиканың нормадағы және патологиядағы дамуы.

  5. Психикалық аурулар жайлы жалпы түсінік. Шизофрения. Эпилепсия.

  6. Невроздар.

  7. Психикалық процестердің патопсихологиялық бұзылулары.

  8. Тұлғаның бұзылулары.

  9. Кешіккен психологиялық дамудың және олигофренияның дифференциялдық диагностикасы.

  10. Психологиялық сараптама өткізген кезде психологтың жүріс-тұрысы.

  11. Соматикалық ауруханада психологиялық диагностика.



Реферат тақырыптары


  1. Медициналық психологияның даму тарихы.

  2. Медициналық психологияның қазіргі жағдайы және оның негізгі салалары.

  3. Медициналық психологтар қызметінің негізгі астарлары.

  4. Психикалық толық жетілмеу.

  5. Кешіккен психикалық даму.

  6. Зақымдалған психикалық даму.

  7. Дефицитарлық психикалық даму.

  8. Бұрмаланған психикалық даму.

  9. Дисгармоникалық психикалық даму.

  10. Сананың бұзылуы.

  11. Психикалық процестердің патопсихологиялық бұзылулары.

  12. Тұлғаның бұзылулары.

  13. Нейропсихология пәні, мақсаттары, міндеттері.

  14. Синдром туралы түсінік. Синдромдық талдау.


Курстық жұмыстардың тақырыптары

  1. Психикалық толық жетілмеудің диагностикасы мен коррекциясы

  2. Кешіккен психикалық дамудың (КПД) диагностикасы мен коррекциясы

  3. КПД-дағы балалармен психологиялық жұмыстардың формалары мен әдістері

  4. Жас өспірімдерде кезінде болған дисгармониялық психтка типтерінің кроссмәдениеттік айырмашылықтары.

  5. Әр түрлі акцентуациялары бар балалардың өзіндік ерекшеліктері және оның психолдогиялық коррекциясы.

  6. Теріс тәрбие диагностикасы және коррекциясы.

  7. Шизофренияға қазіргі заманғы көзқарастар.

  8. Шизофрениктер психологиялық коррекциясының мүмкіндіктері.

  9. Эпилепсия кезіндегі тұлғалық өзгерістер.

  10. Сананың өзгерген және патологиялық жағдайлары.

  11. Естің бұзылуы.

  12. Зейіннің бұзылуы.

  13. Эмоциялардың патологиялық өзгерістері.

  14. Ерік және оның өзгерістері.

  15. Маскүнемдік кезіндегі тұлғалық аномалиялар.

  16. Патологиялық қажеттіліктердің қалыптасуы.

  17. Психикалық денсаулықтың алдын алу шарасы.

  18. Ауру адамдардың психологиялық коррекциясы мен әлеуметтік-еңбектік ауытқуларының жалпы астарлары.


11 Курс саясаты

Тапсырмалардың дәл және дер кезінде орындалуы жанында барынша көп бал ұсынылады және бағыт жұмыстарының жүз пайыздық қатысуында .

- лекцияларға қатысу , материал конспектілеуі -3 балл ( қатысу 1 балл , конспекті барысы 2 балл );

- қатысу практикалық жұмыста және топта белсенді жұмыс -5 балл

( қатысу 2 балл, белсенді жұмыс тапсырма дұрыс орындалуы 3 балл );

- орындалу және үй тапсырмасын қорғау -4 балл.

Бірінші бақылау -16 балл , екінші -16 баллдан құралады . Тестілеу түрінде өткізіледі . 25 сұрақ алдын ала ескерілген : сұраққа жауап дұрыс -1 балл .

Дұрыс жауаптардың саны қосындыланады .

100 балл - қойылған сұрақтарға жүйелі және жеткілікті жауап береді ;

85-75 балл – материалды нақты біледі, және жетекші сұрақтарсыз жауап береді , проблемалармен әдебиеттерден танысады ;

74-50 балл - тек ең басты материалды біледі, проблемамен әдебиетте шатасады , берілген сұрақтарға жеткіліксіз жауап береді ;

49-0 балл - берілген сұрақтарға дұрыс жауап бере алмайды, проблема бойынша әдебиеттермен таныс емес.


12 Ұсынылатын әдебиеттер тізімі

Негізгі:


1. Ілешева Р.Г. Медициналық психология. Алматы, 1994.

2. Ілешева Р.Г. Психиатрия. Алматы, 1995.

3. Құдиярова Г.А. Психиатрия. Алматы, 1994.

4. Абрамова Г.С., Юдчиц Ю.А. Психология в медицине. М., 1998.

5. Братусь Б.С. «Аномалии личности». М., 1990.

6. Лебединский М.С. Нарушения психического развития у детей, М.,1985.

7. Лурия А.Р. Основы нейропсихологии. М.,1973.

8. Личко А.Е. Психопатии и акцентуации характера у подростков. М.,1986.

9.Николаева В.В. Влияние хронической болезни на психику. МГУ, 1987.

10.Сапарова И.А. Психология переживания болезни. Алматы, 1997.

11.Хрестоматия по медицинской психологии. (составитель Сапарова И.А. Алматы, 2004

12. Хомская Е.Д. Нейропсихология . М., 1990.

13. Менделевич В.Д. Патология девиантного поведения. М., 2001.

14. Лакосина Н.Д. Неврозы и невротические развития. Под ред. Г.В.Морозова,-М., 1988, т. 2.

15. Клиническая психология. Под ред. Б.Д.Карвасарского). М., 2002

16. Курпатов А. Пространство психосоматики. М., 2006

Қосымша:

17. Захаров А.И. Неврозы у детей и подростков. Л., 1989.

18. Лэнг Р. Расколотое Я. М., 1996.

19.Фуко М. История безумия в классическую эпоху. М.,1997.

20. Зейгарник Б.В. Патопсихология. МГУ, 1987

21.Рубинштейн С.Я. Экспериментальные методики патопсихологии. М., 1970.

22. Клиническая психология в социальной работе. (под ред. Б.А.Маршинина, 2002.

Сырттай оқу нысанының студенттеріне арналған бақылау шараларының күнтізбелік кестесінің үлгілері
СӨЖ тапсырмаларын орындау және тапсыру жөніндегі және «Медициналық психология» пәні бойынша 5В050300 – Психология мамандығы бойынша сырттай оқу нысанындағы студенттерге арналған

бақылау шараларының күнтізбелік кестесі


СӨЖ түрі

Максималды балл

Тапсырманы тапсыру мерзімі

Срок сдачи

Форма контроля

1 сабақта

барлығы

Дәріске қатысу және дайындалу

3

18

6 сабақта

кесте бойынша

қатысу

Практикалық сабақтараға қатысу және дайындалу

5

30

6 сабақта

кесте бойынша

қатысу

Материалды өздігінен меңгеру

4

20

5 сабақта

кесте бойынша

қатысу

Пән тақырыптары бойынша білімді бақылау

16 

32

2 сабақта

кесте бойынша

қатысу



















1 бөлім

 

1 қараша

тексеру

2 бөлім

 

15 желтоқсан

тексеру

 

 

100

 

 

 

20 __ж. «___»__________№___хаттамамен кафедра отырысында ұсынылды.


Кафедра меңгерушісі __________ Бурдина Е.И. 20 __ж. «___» ______

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет