Тұмау
Тұмау – жұқпалы аурудың бірі. Оның қоздырғыштары
вирустар болып
табылады. Вирустар арнайы құралмен ғана көрінеді. Ол жөтелгенде,
түшкіргенде ауа тамшылары арқылы таралады.
Тұмаудың белгілері:
дене қызуының жоғарылауы, бас ауыру, түшкіру,
мұрыннан су ағу. Бұл жағдайда дәрігерге қаралу керек. (37 сөз)
«Денсаулық»
журналынан
Күз
Күз келді. Күн қысқарып, түн ұзарды. Күн
сирек көрініп, аз
жылытады. Кей күндері таңертең күн салқын болады. Жұрт күземін алып,
киізін де басып алған. Құстар жылы жаққа ұша бастады. Қарлығаштар
көптен көрінбейді. Егіншілер астығын жинап болған. (36 сөз)
М.
Дулатов
Зерлі шапан
Зерлі шапан – сырт киім. Ол қымбат матадан тігіледі. Оның жағасы
мен өңіріне зер салынады. Арқасы,
етегі мен жеңі оқалы жіппен
өрнектеледі. Өн бойына оюлар салынады. Ертеректе мұндай шапанды хан
мен
сұлтандар, ауқатты адамдар киетін болған. (35 сөз)
«Қазақ халқының дәстүрлі өнері» кітабынан
Жетіген
Жетіген – жеті ішекті шертпелі музыка аспабы.
Аспап ағаштан
құрастырылып жасалады. Құрылысы өте қарапайым. Жетіген жүздеген
жылдар өтсе де, баяғы күйінде. Жетілдірілген түрінде он үш ішек
байланған. Арнайы тиектер қойылған. Аспаптың үні құлаққа жағымды. (33
сөз)
«Ұлттық аспаптар» кітабынан
1.Мәтіннен
сан есімдерді тапқызып, астын сызғызу.
Достарыңызбен бөлісу: