Бақылау іс-шараларының 2012 жылғы 9 айдағы негізгі нәтижелері



бет4/4
Дата15.07.2016
өлшемі295 Kb.
#201920
1   2   3   4
«ҚазАгроИнновация» АҚ-ға (бұдан әрі – «ҚАИ» АҚ) және оның еншілес ұйымдарына агроөнеркәсіптік кешенді ғылыми-техникалық дамыту үшін жарғылық капиталын ұлғайтуға бөлінген республикалық бюджет қаражаты мен мемлекет активтерін пайдаланудың Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкестігін және қаржылық есептілігін бақылаудың қорытындысында бюджет және өзге заңнама талаптарының жалпы 2 042,2 млн.теңгеге бұзушылықтарын анықтады.

Бақылау барысында «ҚАИ» АҚ-ның өзіне жүктелген функцияларды еншілес ұйымдарына орындауға беру арқылы өз қызметін іске асырып отырғаны анықталды. Бұл ретте «ҚАИ» АҚ бөлінген бюджет қаражатын игеру және тікелей нәтижелерге қол жеткізу жөніндегі міндеттердің еншілес ұйымдар тарапынан орындалуын бақылауды тиімді ұйымдастырмаған.

2010-2012 жылдары мемлекеттік тапсырыс шеңберіндегі 36 ғылыми-зерттеу жұмысының бірде-біреуін «ҚАИ» АҚ өзінің күшімен атқармаған.

2010-2012 жылдары «ҚАИ» АҚ 042 бағдарламасы бойынша жобаларды ғылыми үйлестіруге 951,6 млн. теңге жұмсаған, алайда іс жүзінде ғылыми-зерттеу жұмыстарын оның еншілес ұйымдары орындаған.

«Мал шаруашылығында ірі ауқымдағы селекция» жобасын іске асыру аясында сатып алынған сүт бағытындағы донор сиырлар эмбриондар алу мақсатында пайдаланылмай отыр. Мәселен, сатып алынған 60 донор сиырдың сатып алынғаннан кейін 3 ай өткен соң, мәжбүрліктен 6,1 млн.теңгенің 10 бас малы сойылып, есептен шығарылған.

Мал шаруашылығында ірі ауқымдағы селекция бойынша ақпараттық-талдамалық жүйе заңнамада белгіленген тәртіппен электрондық ақпараттық ресурстардың мемлекеттік тіркелімінде тіркелмеген. Ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерді субсидиялау «Қой шаруашылығы» қосалқы жүйесінде тіркелудің негізінде жүзеге асырылады, бұл ретте «Мал шаруашылығы және ветеринария ғылыми-инновациялық орталығы» ЖШС малдың саны жөніндегі деректердің енгізіліп сақталуын бақылауды жүзеге асырмауда.

Ауыл шаруашылығы министрлігінің 2011-2015 жылдарға арналған стратегиялық жоспарының өнертабысқа алынған патенттердің саны жөніндегі нысаналы көрсеткішіне қол жеткізілмеген. Еншілес кәсіпорындар бойынша бидай шығымдылығы өңірлердегі орташа шығымдылықтан төмен болған.

Мал басы өсуінің, соның ішінде қой басы азаюының серпінін талдау көрсетіп отырғандай, 2010-2011 жылдары агроөнеркәсіп кешенінде мал шаруашылығы саласын орнықты дамыту жөніндегі 042 бюджеттік бағдарламасын орындау аясында «ҚАИ» АҚ-ның өнімді мал басын ұлғайту бөлігіндегі ғылыми жұмыстары өзінің күтілген нәтижесін бермеген.

042 бюджеттік бағдарламасы шеңберінде ғылыми жұмыстар үшін қойлардың сатып алынғанына қарамастан, «ҚАИ» АҚ пайдаланушы отардың 400 бас қойын 8,5 млн.теңгеге өткізіп жіберген.

«Агроөнеркәсіптік кешендегі индустрияландыру карталары» ақпараттық-талдамалық жүйесіне қызмет көрсету бойынша жұмыстар аталған зерттеу жұмысының құнынан асып кеткен. 2009 жылы Қоғам меншік құқығы бойынша өзіне тиесілі ғимараттағы үй-жайды 3,4 млн.теңгеге жалға алған, ал аталмыш ғимарат оның еншілес ұйымы – «Инфрақұрылымды басқару жөніндегі орталық» ЖШС-ға сенімді басқаруға берілген болатын. Кейіннен осы ғимарат аталған ЖШС-ға қайта ресімделген соң, «ҚАИ» АҚ-ға белгіленген жалдау ақысы басқа жалға алушылар төлейтін жалдау ақысының ставкасынан айтарлықтай асып кеткен.

Бухгалтерлік есепті жүргізудің тәртібін бұзу оқиғалары байқалады. Мәселен, 2009 жылғы шоғырландырылған қаржылық есептілікте «ҚАИ» АҚ салық салынуға жататын 3 657,2 млн.теңге кірісті, 367,1 млн.теңге кредиторлық берешекті дұрыс көрсетпеген.

«ҚАИ» АҚ-да уәкілетті орган – Ауыл шаруашылығы министрлігі бекіткен алаңдар нормаларының болмауына байланысты, 2010-2011 жылдары орталық аппаратты орналастырудың белгіленген нормативтерінің 630,5 шаршы метрге асып кету фактілері орын алған, осы орайда аталған артық алаңдарды ұстауға 5,9 млн.теңге жұмсалған.

«ҚАИ» АҚ өзінің еншілес ұйымдарына әкімшілік аппаратты орналастыруға арналған алаңдар лимиттерін және қызметтік автомобильдердің тиістілік нормативтерін бекітпеген.

«ҚАИ» АҚ-ның еншілес ұйымдары өздері орналасқан әкімшілік алаңдарды ұтымсыз пайдалануда. Мәселен, «ҚАИ» АҚ мен оның еншілес ұйымдарының баласындағы 839,7 мың шаршы метр алаңның 33,2 мың шаршы метрі (4%) жалға берілген, 48,9 мың шаршы метрі (6%) бос тұр. Сонымен қатар, алынған 3 469 бірлік мөлшеріндегі зертханалық жабдықтардың 668 бірлігі немесе 19%-ы пайдаланылмай тұр.

«ҚАИ» АҚ «Акциялардың мемлекеттік пакеттеріне дивидендтер мен ұйымдардағы қатысудың мемлекеттік үлестеріне кірістер туралы» Үкіметтің 2007 жылғы 26 шілдедегі № 633 қаулысын, оны іске асыру үшін уәкілетті органның қабылдаған нормативтік актілерінің талаптарын бұза отырып, 2010-2011 жылдары акциялардың мемлекеттік пакетіне дивидендтер төлеуден босатылған тұста алынған 270,1 млн.теңге мөлшеріндегі таза кірісті материалдық-техникалық базасын дамытуға пайдаланбаған.

Сонымен бірге, «ҚАИ» АҚ өзінің еншілес ұйымдарының 2010-2011 жылдардың қорытындысы бойынша тапқан 878,1 млн.теңге мөлшеріндегі таза кірісінің 43,6 млн.теңгесін қызметкерлеріне сыйлықақы төлеуге, 65,3 млн.теңгесін әкімшілік шығыстарға жұмсаған.

Еншілес ұйымдар таза кірісті бөлу кезінде жарғыны бұза отырып, 2010-2011 жылдары таза кірістің 30%-дан 50%-ға дейінгі мөлшеріндегі 132,0 млн. теңге дивидендті «ҚАИ» АҚ-ға аударған, бұл сома кейіннен әкімшілік шығыстарға пайдаланылған.

Іс-шаралар тиісті дәрежеде жоспарланбағандықтан, 2009-2011 жылдары «Трансферт және агротехнологияларды коммерцияландыру орталығын құру» және «Алматы қаласындағы бас институттың базасында ауылшаруашылық машинажасау тәжірибелік-экспериментальдық орталығын реконструкциялау» жобалары бойынша іс-шаралар, тиісінше, 1 055,4 млн.теңгеге және 679,1 млн.теңгеге іске асырылмаған. «ҚАИ» АҚ-ның еншілес ұйымдарының есеп айырысу және депозиттік шоттарында 3 жылдан астам уақыт бойы сақталып жатқан 1734,5 млн.теңге мөлшеріндегі қаражат игерілмеген.

Бұл ретте инвестициялық жобаларды іске асыруға арналған республикалық бюджет қаражатының орташа айлық уақытша бос қаражаты 2009 жылы – 614 млн.теңге, 2010 жылы – 724,0 млн.теңге және 2011 жылы 603 млн.теңге болды.

«Зертханалық желіні құру» жобасының іс жүзіндегі құны техникалық-экономикалық негіздемеде қарастырылған құнынан 295,8 млн.теңгеге асып кеткен. Сонымен, бюджеттік инвестициялық жоба Қазақстан Республикасының 2008 жылғы Бюджет кодексінің 157-бабын бұза отырып іске асырылған.

Есеп комитеті бақылаудың қорытындысы бойынша Үкіметке 2012 жылдың қорытындысы бойынша «ҚазАгроИнновация» АҚ-ны акциялардың мемлекеттік пакетіне дивидендтер төлеуден босату туралы шешімнің күшін жою мәселесін қарастыру жөнінде ұсыныс берді.



Ауыл шаруашылығы министрлігіне бақылау барысында анықталған бұзушылықтарды жою, Қазақстан Республикасының бюджет және өзге де заңнамасының талаптарын бұзуға жол берген лауазымды адамдардың жауапкершілігін дейін қарау жөнінде қажетті шаралар қабылдау; «ҚазАгроИнновация» АҚ-ға сервистік компаниялар болып табылатын еншілес ұйымдардың құрылымы мен штат санын оңтайландыру; еншілес ұйымдарға арналған алаңдардың және қызметтік автомобильдердің тиістілік нормативтерін уақтылы бекіту; әкімшілік алаңдарды және зертханалық жабдықтарды пайдаланудың тиімділігін арттыру; ғылыми зерттемелерге алынған патенттерді және инновациялық патенттерді бухгалтерлік есеп бойынша материалдық емес активтер құрамында көрсету жөнінде қажетті шаралар қабылдау тапсырылды.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет