«Сәулелік диагностика»
Суретте қандай зерттеу әдісі ұсынылған, суретті сипаттаңыз.
«Фармакология»
Қандай препарат NO босатады және осы пациентке демеуші терапия ретінде пероральді ұсынылады. Жауапты негіздеу.
Жауап:
Нитроглицерин органикалық нитраттар тобына жатады.
Эндотелий босансытатын фактор (NO) сияқты әрекет етеді. Организмде азот оксиді нитроглицериннен (және басқа нитраттардан) шығады, одан S-нитрозотиолдар түзіледі. Бұл қосылыстар гуанилатциклазаны белсендіреді, бұл цГМФ жоғарылауына әкеледі. Соңғысы цитозолды бос Са2 + иондарының құрамын төмендеуіне әкеледі.
Мұның бәрі тамырлардың тегіс бұлшықеттерін босансытуға әкеледі.Тәждік артерияны кеңейту арқылы коронарлық қан ағымын арттырады.Веноздық және артериялық қысымды төмендетеді, бұл жүрек алды және жүректен кейінгі жүктемені төмендетеді. Бұл жүректің жұмысы мен оның оттегіге деген қажеттілігін төмендетеді.Миокардтың ишемиялық аймағын қанмен қамтамасыз етуін жақсартады, себебі қарынша қабырғаларының диастолалық кернеуі төмендейді, миокардтың субэндокардиальды бөлігінің қанмен қамтамасыз етілуі жақсарады.
Коллатералды қан айналымын жақсартады, сондай-ақ тәждік артерия-тарылтқыш рефлекстердің орталық звеноларын тежейді.
«Аурулар механизмі .Тірек-қимыл жүйесі»
Науқас Есенов Мурат , 42 жаста, дене температурасы 37,3 С дейін көтерілуіне, әлсіздікке, басының ауруына, үлкен аяқ басы саусағының ісінкілігі және қызаруына,кенеттен ұстама ауруға шағымданумен емханаға түсті.
Объективті статусы: Жалпы жағдайы қанағаттанарлық, дене конституциясы гиперстениялық, мөлшерден тыс тамақтану. Бойы-182 см, салмағы-105 кг. Тері жамылғысы дымқыл, ұстағанда ыстық, дене температурасы 38С. Құлақ аймағында түйіндер пальпацияланады-тофус.
Сүйек-буын жүйесі: Айқын экссудативті құбылыстардың болуына байланысты сол аяқтың бірінші плюснефалангты буынының дефигурациясы байқалады; буынның өткір ауырсынуына байланысты оны пальпациялау мүмкін емес;Зақымдалған буын үстіндегі тері жарқыраған, көкшіл-қызыл түсті, ыстық. Аурудың салдарынаң буында қозғалыс шектелген. Басқа буындарды тексергенде ешқандай өзгерістер анықталмаған, буындардағы қозғалыстар сақталған.Науқаста анықталған клиникалық синдромдарды тізіңіз.
Достарыңызбен бөлісу: |