Бақылау-өлшеу құралдары және қорытынды бақылау ерекшелігі "Жалпы медицина мамандығы үшін " фармакология "пәні бойынша 2022-2023 оқу жылының көктемгі семестріне



бет3/6
Дата08.12.2022
өлшемі1.71 Mb.
#466795
1   2   3   4   5   6
КИС 3 ОМ Фармакология 22-23 kz

80 жасар ер кісі
Шағымдары: әлсіздік, бастың айналуы, бастың ауруы, көз алдында «шіркейдің» жыбырлауы, құлақтың шуылдауы, аяқ-қолдардың терісінің жыбырлауы, қол басы мен табандардың тонуы, аяқтарда сезім болмауы, қол басы саусақтарының сезімталдығының төмендеуі, тілдің күйдіру сезімі, эпигастрийдағы дискомфорт.
Ауру анамнезі: жоғарыда берілген шағымдар жарты жыл бойы мазалайды. Тексерілмеген, емделмеген.
Өмір анамнезінен: 5 жыл бұрын асқазанның аденокарциномасына байланысты асқазанның субтоталды резекциясы жүргізілген.
Объективті: Жағдайы орташа дәрежелі. Конституциясы нормостеникалық. ДСМ 20 кг/м2. Дене температурасы – 36,6С. Терісі таза, бозғылт. Тілі ашық қызыл түсті, лактанған. Лимфа түйіндері ұлғаймаған. Өкпеде - везикулярлы тыныс, сырылдар жоқ. ТАЖ 19 мин. Жүрек тондары ашық, ырғағы дұрыс. ЖСЖ 90 мин. АҚ 120/80 мм с.б. Іші пальпациялағанда эпигастрий аймағында ауырсыну анықталады. Бауыр және көкбауыр пальпацияланбайды. Іш қатуға бейімділік бар. Зәр шығаруы ауырсынусыз.
Зертханалық-аспаптық зерттеулер:
Жалпы қан анализі - Hb 80 г/л, эритроциттер - 1,5х1012/л, ТК - 1,6, лейкоциттер - 3,0х109/л. базофилдар-0%, эозинофилдар-3%, сегментторшалы нейтрофилдар-67%, лимфоциттер-28%, моноциттер-2%, тромбоциттер 100х109/л. ЭТЖ 10 мм/сағ.;
Биохимиялық қан анализі: сарысулық темір - 20 мкмоль/л (норма 10,7 – 32,2 мкмоль/л), ферритин- 40 мкг/л (норма 10 – 120 мкг/л), ЖТБҚ (жалпы темір байланыстыру қабілеті) - 48 мкмоль/л (норма 27,8 – 53,7 мкмоль/л), витамин В12-50 пг/мл (норма 180-900 пг/л), фолий қышқылы-9 нг/мл (норма 7–45 нмоль/л).
Қойылған сұрақтарға жауап беріңіз:
«Ішкі аурулар»
1.Науқаста анықталған клиникалық синдромдарды бөліп алыңыз және негіздеңіз; жетекші синдромды анықтаңыз.
2. Осы клиникалыық жағдайда қандай ауруға күмәндануға болады, неліктен, түсіндіріңіз.
«Биологиялық химия»
Эритропоздағы В12 дәрумені мен темірдің метаболизмінің рөлі мен негізгі жолдарын көрсетіңіз.
«Патология»
А. Жасалған асқазанның резекциясының науқастағы қан патологиясының дамуындағы рөлін түсіндіріңіз.
Б. Осы аурудағы сүйек кемігіндегі құрылымдық өзгерістерді, ішкі мүшелердегі өзгерістерді сипаттаңыз.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет