Байқау нәтижесі 3 кезең бойынша анықталды



Дата31.03.2023
өлшемі15.83 Kb.
#471498
макала


Темір аудандық оқушылар үйінің әдіскері Бакытжанова Амангүл Елтайқызының ұйымдастыруымен «Қосымша білім беру педагогы – 2023» байқауы өткізілді. Байқаудың мақсаты: Шығармашылық пен жұмыс жасайтын ой өрісі кең, өзінің авторлық жаңашыл идеясы бар, шеберлігі жоғары, жан-жақты дамыған мұғалім мәртебесін көтеретін ерекше тұлғаны анықтау;
Мұғалімдердің өз кәсіби құзырлықтарын жетілдіруге ынталандыру, озық педагогикалық іс-тәжірибелерді насихаттау, тарату және аудандық кезеңге іріктеу.
Байқау нәтижесі 3 кезең бойынша анықталды:

  1. «Менің портфолием» (портфолио)

  2. «Білім берудегі менің инновациям» (Шеберлік сабақ)

  3. «Қазіргі заман педагогы» (Презентация)

Оқушының білімге қанат қаққан сәтінен бастап, оның сенімін нығайту, іскерлігі мен дүниетанымын қалыптастыру, оқуға деген қызығушылығын оятып, ынтасын арттыру ұстамды ұстаздың ұстанатын міндеті. Тек мықты ұстаз ғана осындай ауыр жүкті алып жүре алады – дей келе ұстаздарымыз 1 кезеңде портфолиелері арқылы өздерінің қандай маман екендерін, іс тәжірибелерін көрсете білсе, ІІ кезеңде шеберліктерін, оқушымен жұмыстарын көрсете білді, шешуші кезеңде қазіргі зман талабына сай мұғалім екендерін дәлелдеді.


Байқаудың кезеңдері бойынша қорытынды нәтижесінде: Оқушылар үйінің қосымша білім беру ұйымының үздік педагогы, Бас жүлдені «Алтын қазына» үйірмесінің жетекшісі Нурумбетова Нұргүл Құдайбергенқызы иеленді.
І орынды «Жас саяхатшы» үйірмесінің жетекшісі Сәбит Кәмшат Ыбырайқызы
ІІ орынды «Жасыл әлем» үйірмесінің жетекшісі Силыбаева Эльмира Есенқызы
ІІІ орынды «Жас биолог» үйірмесінің жетекшісі Джумаева Аякөз Нұрланқызы иеленді.
Аудандық кезеңде жолдама алған әрптестеріміз өз шеберліктерімен ауданнан Сәбит Камшат Ыбырайқызы ІІІ орын, Нурумбетова Нұргүл Құдайбергенқызы номинациямен марапатталды. Ұстаздарымызға еңбекқорлық пен табандылық тілей отырып, болашақтарыңыз берік, келешектеріңіз кемел болсын дегім келеді.
Аудандық оқушылар үйінің әдіскері
Бақытжанова Амангул Елтаевна

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет