45
белсенді жүретін ассимиляция және диссимиляция процесстерімен
байланысты.
Бауырдың химиялық құрамы келесі компоненттермен сипатталады: су
– 72, 0%, май – 4,5%, ақуыздың жалпы мөлшері – 17,4%, соның ішінде
коллаген – 1,6%, эластин – 0,04%, минералды қосылыстар (күл) – 1,5%.
Ақуыздар. Бауырдың құрғақ затының
негізгі массасын ақуыздар
құрайды, ақуыздардың жалпы азотының шамамен 25% митохондрияларда
және 20-25% микросомаларда орналасқан, яғни ақуыздардың жартысына
дерлік осы органеллалар құрамына кіреді. Бауырдың ақуызды құрамы алуан
түрлі, себебі онда тек бауыр ақуыздары мен ферменттердің кең спектрі ғана
емес, сонымен бірге қан ақуыздары да синтезделіп, жианалады.
Ақуыздар
негізінен бауыр массасының шамамен 13% құрайтын глобулиннен тұрады,
альбуминдер үлесіне шамамен тек 1% ғана келеді. Бауырда гемді емес
темірлі ақуыздардың мөлшері көп болып келеді. Нуклеопротеидтер,
гликопротеидтер, липопротеидтер,
коллаген, эластин, муциндер мен басқа
айрықша ақуыздар аз мөлшерде кездеседі.
Бауыр экстрактысының ақуыздарын электрфоретикалық алты негізгі
және бірқатар аз анықталған фракцияларға бөледі. Электрфоретикалық
қозғалғыштығы бойынша бауырдың кейбір ақуыздары қан сарысуының
ақуыздарына ұқсас: α-глобулиндерге бауыр ақуыздарының 30-35% (Б және В
фракциялары), β- және γ-глобулиндерге (Г, Д, Е фракциялары)
- шамамен
30%, ақуыздардың 25% қозғалғыштығы аз. Сарысулы альбуминдерге ұқсас
ақуыздар үлесіне 3-6% келеді (А фракциясы). Сарысуда осындай ақуыздар
үлесі 60% құрайды.
Бауырдың темірлі ақуыздары гемоглобин, каталаза, миоглобин,
питохромдар (мұндай ақуыздар көкбауыр мен сүйек кемігінде болады)
синтезі үшін қажетті темірдің қосалқы көзі болып табылады.
олардың бірі
ферритин болып табылады, оның молекулалық массасы 545 кДа құрайды.
ферритиннің простетикалық тобы темірсульфидті кластер болып табылады.
бауырдан сондай-ақ жезі бар ақуыз гематокупреин бөлініп алынған, онда
0,34% жез бар.
Бауыр ферменттерінің кең спектрі онда болатын биохимиялық
өзгерістердің алуан түрлілігімен түсіндіріледі. Бауырда көмірсулы
алмасудың (амилолиз, гликолиз менкөмірсулардың аэробты тотығу),
ақуызды және липидті алмасудың ферменттері бар. Бауырға протеазалар –
катепсиндер
мен
кальпаиндердің
болуы
тән.
Бауырда
сондай-
ақнуклеопротеидтердің
синтезі мен ыдырауының, пуриндердің тотығу,
несепнәр
синтезі,
майлардың
тотығуы,
каротиназа
мен
басқа
бірқатарларының
ферменттері
анықталған.
Олардың
көп
бөлігі
митохондрияларда шоғырланған – бұл сукцинатдегидрогеназа, үшкарбонды
цикл ферменттері, глутаминдегидрогеназа, дегидрогеназа,
қымыздық
сіркесулық
қышқыл,
цитохромоксидаза,
НАД-
мен
НАДФ-
цитохромредуктаза, АТФаза, каталаза, Сцитохром мен басқалары.
46
Ақуыздардан басқа, бауыр құрамында липидтер бар (негізінен
фосфатидтер мен холестерол). Олардың мөлшері сиыр бауырында келесі
деректермен сипатталады (%): жалпы май – 6,2, холинфосфатидтер - 1,56,
кефалинфосфатидтер - 1,5, холестерол - 0,15-0,2.
Достарыңызбен бөлісу: