95. Ортаңғы екі цифры 97 болатын және 45-ке бӛлінетін тӛрттаңбалы сандарды табыңдар.
№96.Жазылуында барлық 10 цифр кездесетін және 36-ға бӛлінетін ең кіші натурал санды табыңдар.
№97. 3 • 4 = 10 теңдігі қандай санау жүйесінде ақиқат?
№98. 3 + 4 = 10 және 3 • 4 = 15 орындалатындай санау жүйесі бар ма?
№99. 2 + 3 = 5 және 2 • 3 = 11 орындалатындай санау жүйесі бар ма?
№ 100. Мектептің бір мұғалімі сыныбында 100 оқушы және олардың 24-і ұл бала, 32-і қыз бала екендігін мәлімдеді.Мұғалім қандай санау жүйесін қолданған?
№101. Бес жәшікте сандары бірдей алмалар жатыр. Егер әр жәшіктен 60 алмадан алса, онда барлық жәшікте алғашындағы екі жәшікте қанша алма болса, сонша алма қалады. Әр жәшікте қанша алма болған?
№102. Сыныптағы 38 оқушының 16-сы баскетбол, 17-сі хоккей, 18-і волейбол ойнайды. Спорттың екі түрімен шұғылданатындар: 4-уі баскетбол және хоккеймен; 3-уі баскетбол және волейболмен; 5-уі волейбол және хоккеймен. Үш оқушы баскетбол, хоккей, волейбол да ойнамайды. Неше оқушы спорттың үш түрімен шұғылданады?
№56. Алмаз әр қабатында 6 пәтері бар үйдің 9-қабатында тұрады. Ерназ әр қабатында 7 пәтері бар үйдің 7-қабатында тұрады. Олардың пәтерлерінің нӛмірі бірдей, олардың әрқайсысы бірінші подъезде тұрады. Олардың пәтерлерінің нӛмірі қандай?
№57. Қартазалағыш бір машина бүкіл жолды 1сағатта, ал екінші машина 45 минутта тазалап бітіреді. Екі машина қар тазалауды бірге бастағанда, 20 минут ӛткен соң, бірінші машина сынып қалды. Екінші машина неше минуттан кейін қарды тазалап бітірді?
№58. Бірді қосу немесе екіге еселеу амалдарының бірін орындау арқылы 1 санынан 51 санын алу үшін ең аз дегенде неше амал орындау керек?
№59. Соңғы екі санның квадраттарының қосындысы алдыңғы үш санның квадраттарының қосындысы тең болатын тізбектес бес натурал санның қосындысын табыңдар.
№60. Айдын тақтада 1*2*3*4*5*6*7*8*9=20 теңдігін жазды. (тақтадағы * орындарына + және - минус таңбалары белгісіз ретте қойылған). Теңдікте қате жіберілгендігін дәлелде.
№61. Салды кездестіргеннен кейін катер бастапқы бағытымен тағы жарты сағат қозғалысын жалғастырды, содан соң бұрылып кері қайтты. Салды қуып жету үшін оған қанша уақыт керек?
№62. Велосипедші пунктке белгіленген уақытта жетуі тиіс. Егер ол 10 км/сағ жылдамдықпен жүрсе, онда белгіленген уақыттан бір сағат кешігеді, ал егер 15 км/сағ жылдамдықпен жүрсе, белгіленген уақыттан бір сағат ерте келеді. Пунктке белгіленген уақытта келуі үшін велосипедші қандай жылдамдықпен жүруі тиіс?
№63. Талғат 24 миль арақашықтықты жүгіріп ӛтуі керек. Ол осы арақашықтықтың үштен екісін сағатына 8 миль жылдамдықпен жүгіріп ӛтті. Барлық жолдағы орташа жылдамдығы сағатына12 миль болатындай етіп жолдың қалған бӛлігіндегі жылдамдығын арттыруға бола ма?
№
Достарыңызбен бөлісу: |