Байланыс туралы 2004 жылғы 5 шілдедегі №567-ii қазақстан Республикасының Заңы



бет2/4
Дата04.07.2016
өлшемі0.82 Mb.
#178118
1   2   3   4
3-бап. Қазақстан Республикасының байланыс саласындағы заңдары

1. Қазақстан Республикасының байланыс саласындағы заңдары Қазақстан Республикасының Конституциясына негізделеді, осы Заңнан және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерінен тұрады.

2. Егер Қазақстан Республикасы бекіткен халықаралық шартта осы Заңдағыдан өзгеше ережелер белгіленсе, онда халықаралық шарттың ережелері қолданылады.

 

2-тарау. Байланыс саласындағы қызметті мемлекеттік



реттеу мен бақылау

 

4-бап. Байланыс саласындағы қызметті мемлекеттік реттеу мен бақылау

1. Байланыс саласындағы қызметті мемлекеттік реттеу мен бақылау қызметтің жекелеген түрлерін құқықтық қамтамасыз ету, лицензиялау, Қазақстан Республикасының байланыс саласындағы заңдарының сақталуын бақылау арқылы жүзеге асырылады.

2. Байланыс саласындағы мемлекеттік басқаруды Қазақстан Республикасының Үкіметі және уәкілетті орган жүзеге асырады.

3. Қазақстан Республикасының байланыс саласындағы заңдарының сақталуын мемлекеттік бақылауды уәкілетті орган жүзеге асырады.

 

5-бап. Байланыс саласындағы қызметті мемлекеттік реттеудің негізгі принциптері



Байланыс саласындағы қызметті мемлекеттік реттеу принциптері мыналар болып табылады:

1) байланыс қызметтерін пайдаланушылардың, байланыс саласындағы қызметті жүзеге асыратын шаруашылық жүргізуші субъектілердің құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау;

2) телекоммуникацияның әмбебап қызметтерін көрсету үшін жағдайлар жасау;

3) телекоммуникация желілері мен құралдары арқылы хабарламалар тарату еркіндігі, почта жөнелтілімдерін қабылдау, жеткізу және оларды транзитпен жіберу еркіндігі;

4) жеке және заңды тұлғалардың байланыс саласындағы қызметке қатысу және оның нәтижелерін пайдалану құқықтарының теңдігі;

5) адал бәсеке;

2006.29.12. № 209-III ҚР Заңымен 6) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)

6) Қазақстан Республикасы аумағындағы бірыңғай стандарттар негізінде желілік технологиялық ерекшеліктерді ескере отырып, байланыстың қауіпсіздігін, сенімділігі мен басқарылуын қамтамасыз ету;

7) байланыс саласындағы халықаралық ынтымақтастықты, әлемдік байланыс жүйесіне ықпалдасуды кеңейтуге қолдау көрсету;

8) байланыс саласындағы ұлттық ресурстарды орталықтандырылған басқаруды қамтамасыз ету.

 

6-бап. Байланыс саласындағы қызметті мемлекеттік реттеу



мен бақылаудың негізгі міндеттері

Байланыс саласындағы қызметті мемлекеттік реттеу мен бақылаудың негізгі міндеттері мыналар болып табылады:

1) байланыс қызметтері нарығының тиімді жұмыс істеуі үшін байланыс саласындағы мемлекеттік саясатты жүзеге асыру;

2) байланыс саласындағы қызметті мемлекеттік реттеу мен бақылауды жүзеге асыру;

3) ұсыныстар әзірлеу және Қазақстан Республикасының байланысын дамыту мен жетілдірудің негізгі бағыттары мен басымдықтарын іске асыру;

4) жеке және заңды тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделерін, сондай-ақ мемлекеттің ұлттық мүдделерін қорғау.

 

2008.21.11 № 89-ІV ҚР Заңымен 7- бап өзгертілді  (бұр. ред. қара)



7-бап. Қазақстан Республикасы Үкіметінің құзыреті

Қазақстан Республикасының Үкіметі байланыс саласындағы құзыретіне:

1) басым дамудың негізгі бағыттарын айқындау, байланыс саласындағы мемлекеттік саясатты жетілдіру, дамудың салалық бағдарламаларын бекіту;

2) байланыс саласындағы халықаралық ынтымақтастықты дамытуды қамтамасыз ету, уәкілетті органға осы мәселелер бойынша өкілеттіктер беру;

3) радиожиілік спектрін бөліп беру, сондай-ақ радиожиіліктерді және байланыс жерсеріктерінің орбиталық позицияларын тиімді пайдалану саласындағы мемлекеттік саясатты әзірлеу және іске асыру;

4) ортақ пайдаланылатын телекоммуникация желілерін, біртұтас телекоммуникация желілерінің ресурстарын Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының, қорғаныс, қауіпсіздік және құқық тәртібін қорғау органдарының қажеттері үшін әзірлеу мен пайдалану тәртібін бекіту;

5) қалааралық және (немесе)  халықаралық телефон байланысы операторларын айқындау жөніндегі біліктілік талаптары мен өлшемдерін бекіту;

6) байланыс қызметін көрсету жөніндегі кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыруға лицензия алу үшін конкурстар өткізу тәртібін бекіту;

7) Қазақстан Республикасының Радиожиіліктер жөніндегі ведомствоаралық комиссиясы туралы ережені және оның құрамын бекіту;

8) Қазақстан Республикасы радио қызметтері арасында барлық мақсаттағы радиоэлектрондық құралдарға арналған 3 кГц-тен 400 ГГц-ке дейінгі жиіліктер ауқымында жиіліктер белдеуін бөлу кестесін бекіту;

9) байланыс саласындағы қызметті лицензиялаған кезде лицензия беру шарттарын айқындау және біліктілік талаптарын бекіту;

10) радиожиілік спектрін пайдалана отырып байланыс саласындағы қызметтер көрсету жөніндегі кәсіпкерлік қызметті жүзеге асырғаны үшін біржолғы төлемақы тәртібі мен мөлшерін айқындау;

11) Қазақстан Республикасының мемлекеттік фельдъегерлік қызметі туралы ережені, сондай-ақ нысанды киім үлгілерін бекіту;

12) почтамен жіберуге тыйым салынған заттардың тізбесін айқындау;

13) Қазақстан Республикасындағы телекоммуникация желілерін күзету ережелерін бекіту;

14) телекоммуникацияның әмбебап қызметтерінің тізбесін және телекоммуникацияның әмбебап қызметтерінің құнын субсидиялау ережелерін бекіту;

2006.29.12. № 209-III ҚР Заңымен 14-1) тармақшамен толықтырылды



14-1) байланыс саласындағы техникалық регламенттерді бекіту;

2008.21.11 № 89-ІV ҚР Заңымен  14-2) тармақшамен толықтырылды

14-2) радиожиілік спектрінің конверсиясын жүргізудің ережелері мен радиожиілік спектрінің конверсиясын жүргізуге жұмсалатын шығындардың техникалық-экономикалық негіздемесінің әдістемесін бекіту;

15) өзіне Қазақстан Республикасы Конституциясымен, заңдарымен және Президентінің актілерімен жүктелген өзге де функцияларды орындау жатады.

 

8-бап. Уәкілетті орган мен оның аумақтық бөлімшелерінің құзыреті



1. Уәкілетті органның құзыретіне:

2006.29.12. № 209-III ҚР Заңымен 1) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)

1) байланыс саласындағы ұлттық ресурстарды бөліп беруді және пайдалануды, сондай-ақ өз құзыреті шегінде байланыс саласындағы техникалық реттеу және метрология қызметтеріне қатысуды қоса алғанда байланыс саласындағы мемлекеттік саясатты жүзеге асыру және оның іске асырылуын қамтамасыз ету;

2) өз құзыреті шегінде байланыс саласындағы қызметті мемлекеттік реттеу мен бақылауды жүзеге асыру;

3) Қазақстан Республикасының байланысын дамыту мен жетілдірудің негізгі бағыттары және басымдықтары жөнінде ұсыныстар әзірлеуді ұйымдастыру және оны іске асыру, оның сапасын, қолжетімділігін және орнықты жұмыс істеуін арттыру;

4) байланыс саласындағы қызметті салааралық үйлестіру;

5) радиожиілік спектрін жоспарлау және тиімді пайдалану;

6) байланыс қызметтері нарығының жұмыс істеуі үшін өз құзыреті шегінде жағдайлар жасау;

7) байланыс саласындағы ұлттық ресурстарды басқару;

2006.31.01. № 125-III  ҚР Заңымен  8) тармақша   жаңа редакцияда ( бұр. ред. қара); 2008.21.11 № 89-ІV ҚР Заңымен  8) тармақша өзгертілді (бұр. ред. қара)



8) өз құзыреті шегінде байланыс саласындағы нормативтік құқықтық актілерді, оның ішінде радиоэлектрондық құралдарды, жоғары жиілікті құрылғыларды тіркеу және пайдалану, сондай-ақ оларды шет елдерден әкелу тәртібін,  радиоәуесқойлық қызметтің радиоэлектрондық құралдары мен жоғары жиілікті құрылғыларын тіркеу және пайдалану тәртібін, байланыс қызметтерін көрсету ережесін және Қазақстан Республикасының бірыңғай телекоммуникациялар желісін, Қазақстан Республикасының ортақ пайдаланылатын телекоммуникация желілерін құру тұжырымдамаларын әзірлеу және қабылдау;

2006.31.01. № 125-III  ҚР Заңымен  8-1) тармақшамен толықтырылды

8-1) радиобақылауды жүзеге асыру және байланыс саласындағы қызметті жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғалардың радиожиілік спектрін пайдалануына және байланыс қызметтерін көрсететін лицензиаттардың лицензия талаптарын сақтауына тексеру жүргізу;

2006.31.01. № 125-III  ҚР Заңымен  8-2) тармақшамен толықтырылды

8-2) радиобақылауды, байланыс саласындағы қызметті жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғалардың радиожиілік спектрін пайдалануын және байланыс қызметтерін көрсететін лицензиаттардың лицензия талаптарын сақтауын тексеруді жүргізуге қатысты құжаттардың (хаттаманың, нұсқаманың, тексеру тағайындау туралы актілердің) нысандарын әзірлеу және бекіту;

2009.17.07. № 188-IV ҚР Заңымен 8-3) тармақшамен толықтырылды

8-3) «Жеке кәсіпкерлік туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес ведомстволық статистикалық есептіліктің, тексеру парақтарының нысандарын, тәуекел дәрежесін бағалау критерийлерін, жыл сайынғы тексерулер жоспарларын әзірлеу және бекіту;

9) байланыс саласындағы қызметті лицензиялау, соның ішінде телекоммуникацияның әмбебап қызметтерін көрсету құқығына лицензия беру;

10) почта ақысы мемлекеттік белгілерінің түрлерін және шығарылу көлемін бекіту;

11) арнаулы мақсаттағы телекоммуникация желілерінің объектілерін қоспағанда, байланыс саласындағы қызметті жүзеге асыратын және радиожиілік спектрін пайдаланатын шаруашылық жүргізуші субъектілердің байланыс объектілеріне белгіленген тәртіппен тексеру жүргізу үшін тиісті үлгіде ресімделген техникалық тапсырманы және қызметтік куәлікті көрсету бойынша кіру;

12) пайдалануға және шет елден әкелуге рұқсат етілген радиоэлектрондық құралдар мен жоғары жиілікті құрылғылардың тізбесін айқындау және тізбеде көрсетілмеген радиоэлектрондық құралдар мен жоғары жиілікті құрылғыларды әкелуге және пайдалануға рұқсат беру құқығын өзінің аумақтық бөлімшелеріне беру;

13) пайдалану құқығына рұқсаты болмаған, техникалық сипаттамалары белгіленген нормаларға сәйкес келмеген жағдайда радиоэлектрондық құралдар мен жоғары жиілікті құрылғыларды өшіру;

14) байланыс саласындағы мемлекеттік техникалық қадағалау мен бақылауды жүзеге асыру;

15) адамдардың өмірі мен денсаулығына, қоршаған ортаға немесе тіршілікті қамтамасыз ету жүйелерінің қалыпты жұмыс істеуіне қауіп төндіретін байланыс желісі технологиялық жабдығын пайдалану, еңбекті қорғау және қауіпсіздік техникасы ережелерін бұзу анықталған кезде Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жекелеген байланыс құралдарының немесе желілерінің жұмысындағы бұзушылықтарды жою туралы ұйғарымдар жіберу;

16) байланыс саласындағы қатынастарды реттеу мәселелері бойынша жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау;

17) байланыс саласындағы ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге бағытталған талаптарды белгілейтін нормативтік құқықтық актілерді ұлттық қауіпсіздік органдарымен келісу, сондай-ақ ұлттық қауіпсіздік органдарымен бірлесе отырып, байланыс операторларының байланыс саласындағы ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселелері бойынша қызметін үйлестіруді жүзеге асыру;

18) байланыс саласындағы ұлттық ресурстардың және лицензиаттардың тізімдерін жүргізу;

19) телекоммуникация желілерін ортақ пайдаланылатын телекоммуникация желісіне қосу және Қазақстан Республикасының ортақ пайдаланылатын телекоммуникация желісі бойынша трафикті өткізуді реттеу ережелерін бекіту;



2006.29.12. № 209-III ҚР Заңымен 19-1) тармақшамен толықтырылды

19-1) байланыс саласындағы техникалық регламенттерді әзірлеу;

 2007.27.07. № 316-III ҚР Заңымен 19-2) тармақшамен толықтырылды; 2008.21.11 № 89-ІV ҚР Заңымен   (бұр. ред. қара); 2008.29.12. № 116-ІV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 19-2) тармақша өзгертілді



19-2) телекоммуникациялар және почта байланысының жалпыға қолжетімді қызметі саласындағы табиғи монополиялар аясында және реттелетін нарықтарда реттеу мен бақылауды жүзеге асыру;

 2007.27.07. № 316-III ҚР Заңымен 19-3) тармақшамен толықтырылды

19-3) телекоммуникациялар және почта байланысы қызметтерін көрсету нарығында үстем (монополиялық) жағдайға ие нарық субъектілерінің тауарларына (жұмыстарына, көрсетілетін қызметтеріне) бағаларды мемлекеттік реттеуді жүзеге асыру;

 2007.27.07. № 316-III ҚР Заңымен 19-4) тармақшамен толықтырылды

19-4) телекоммуникациялар және почта байланысы саласындағы нарық субъектілерінің тауарларына (жұмыстарына, көрсетілетін қызметтеріне) және инфрақұрылымына кемсітусіз қол жеткізуді қамтамасыз ету мақсатында тауар нарықтарына талдау жүргізу;

20) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес өзге де функциялар жатады.

2. Аумақтық бөлімшелердің құзыретіне:

1) тиісті әкімшілік-аумақтық бірлікте Қазақстан Республикасының байланыс саласындағы заңдары талаптарының орындалуына мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру;

2) байланыс саласындағы шаруашылық жүргізуші субъектілердің қызметіне және радиожиілік спектрінің пайдаланылуына мемлекеттік техникалық қадағалау мен бақылау жүргізуді қамтамасыз ету;

3) адамдардың өмірі мен денсаулығына, қоршаған ортаға немесе тіршілікті қамтамасыз ету жүйелерінің қалыпты жұмыс істеуіне қауіп төндіретін байланыс желілері технологиялық жабдығын пайдалану, еңбекті қорғау және қауіпсіздік техникасы ережелерін бұзу анықталған кезде Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жекелеген байланыс құралдарының немесе желілерінің жұмысындағы бұзушылықтарды жою туралы ұйғарымдар жіберу;

4) байланыс құралдарын пайдалануға қабылдап алу жөніндегі іс-шараларға қатысу;

5) радиоэлектрондық құралдар мен жоғары жиілікті құрылғыларды тіркеу;

6) радиоэлектрондық құралдар мен жоғары жиілікті құрылғыларды олар пайдалануға және шет елден әкелуге рұқсат етілгендер тізбесінде болмаған немесе техникалық сипаттамалары белгіленген нормаларға сәйкес келмеген жағдайда өшіру;

7) электрондық құралдар мен жоғары жиілікті құрылғылардың электромагниттік үйлесімділігін қамтамасыз ету жөніндегі ұйымдастыру-техникалық іс-шаралардың орындалуын бақылау;

8) үкіметтік байланыс желілерін қоспағанда, байланыс ғимараттарының, телекоммуникация жолдарының және басқа да инженерлік инфрақұрылым объектілері құрылысының жоспарларын келісуге қатысу;

9) байланыстың барлық түрлерін қауіпсіз пайдалануды қамтамасыз ету, соның ішінде тиісті әкімшілік-аумақтық бірлікте заңсыз жұмыс істеп тұрған радиоэлектрондық құралдарды анықтау және пайдаланудың жолын кесу мәселелерін шешу кезінде Қазақстан Республикасының құқық қорғау және жергілікті атқарушы органдарымен өзара іс-әрекетті қамтамасыз ету;



2006.31.01. № 125-III  ҚР Заңымен  9-1) тармақшамен толықтырылды

9-1) радиобақылауды жүзеге асыру және байланыс саласындағы қызметті жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғалардың радиожиілік спектрін пайдалануына және байланыс қызметтерін көрсететін лицензиаттардың лицензия талаптарын сақтауына тексеру жүргізу;

2006.31.01. № 125-III  ҚР Заңымен  9-2) тармақшамен толықтырылды

9-2) лицензиаттардың Қазақстан Республикасының аумағында лицензия талаптарын сақтауын бақылау;

2006.31.01. № 125-III  ҚР Заңымен  9-3) тармақшамен толықтырылды

9-3) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес телекоммуникациялар желілері мен құрылғылары құрылыстарының және почта байланысының техникалық нормалар мен оларды техникалық пайдалануды ұйымдастыру жөніндегі талаптарға сәйкестігін тексеру;

2006.31.01. № 125-III  ҚР Заңымен  9-4) тармақшамен толықтырылды

9-4) Қазақстан Республикасының байланыс саласындағы заңнамасын бұза отырып пайдаланылып жүрген радиоэлектрондық құралдар мен жоғары жиілікті құрылғыларды анықтау және олардың жолын кесу;

2006.31.01. № 125-III  ҚР Заңымен  9-5) тармақшамен толықтырылды

9-5) почта желісі объектілерін пайдалануды ұйымдастыру және байланыс қызметін пайдаланушыларға қызмет көрсету жөніндегі нормативтік құқықтық актілердің талаптарын сақтауды қамтамасыз ету;

10) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес өзге де мәселелер жатады.

 

9-бап. Қазақстан Республикасының радиожиілік органдары



1. Қазақстан Республикасында жиіліктер белдеулерін, радиожиіліктерді (радиожиілік арналарын) бөліп беруді, бөлектеуді және иелікке беруді жүзеге асыратын радиожиілік органдары мыналар болып табылады:

Қазақстан Республикасының уәкілетті органы;

Қазақстан Республикасының әскери басқару орталық атқарушы органы.

2. Уәкілетті органның радиожиілік спектрін реттеу кезіндегі негізгі функциялары мыналар болып табылады:

2006.29.12. № 209-III ҚР Заңымен 1) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)

1) радиожиілік спектрін бөліп беру және пайдалану мәселелері, радиоэлектрондық құралдар мен жоғарғы жиілікті құрылғыларды пайдалану жөніндегі нормативтік құқықтық актілерді өз құзыреті шегінде әзірлеу және қабылдау;

2) бөлектелетін жиіліктер белдеулерін, радиожиіліктерді (радиожиілік арналарын) техникалық сараптау жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыру;

3) Қазақстан Республикасының аумағында радиожиілік спектрін пайдалануға, сатып алуға (сатуға), іске қосуға және азаматтық мақсаттағы радиоэлектрондық құралдар мен жоғары жиілікті құрылғыларды шетелден әкелуге рұқсат беру және оның тәртібін айқындау;

4) азаматтық мақсаттағы радиоэлектрондық құралдар мен жоғары жиілікті құрылғыларды тіркеу;

5) радиоэлектрондық құралдар мен жоғары жиілікті құрылғылар белгіленген стандарттар мен техникалық нормаларға сәйкес келмеген, азаматтардың қауіпсіздігіне, қоршаған ортаға қауіп төндірген жағдайда, сондай-ақ аса маңызды жұмыстар мен іс-шараларды орындаған кезде оларды пайдалануды Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес тоқтата тұру;

6) Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіпке сәйкес радиожиілік спектрінің пайдаланылуын бақылауды жүзеге асыру;

7) радиоэлектрондық құралдарға, оның ішінде халықаралық ұйымдар мен шет мемлекеттердің халықаралық шарттарға сәйкес жұмыс істейтін радиоэлектрондық құралдарына радиобөгеуілдерді жою жөніндегі іс-шараларды ұйымдастыру;

8) жиіліктер белдеулерін, радиожиіліктерді (радиожиілік арналарын) иелікке беруді жүзеге асыру және Халықаралық электр байланысы одағының Радиобайланыс регламентіне сәйкес радиожиіліктерді халықаралық үйлестіру жөніндегі іс-шараларды жүзеге асыру.

3. Қазақстан Республикасының әскери басқару орталық атқарушы органы Жиілік белдеулерін бөлудің ұлттық кестесіне сәйкес азаматтық мақсаттағы радиоэлектрондық құралдар үшін бірлесіп пайдалану ауқымдарында радиожиілік спектрін бөлектеу және пайдалану жөнінде қажетті келісулерді жүргізеді, сондай-ақ мемлекеттің қорғанысы мен қауіпсіздігі қажеттерін қамтамасыз ету мақсатында радиожиілік спектрінің және тиісті радиоэлектрондық құралдардың пайдаланылуын реттеуді жүзеге асыруды қамтамасыз етеді.

10-бап. Жергілікті атқарушы органдардың құзыреті

1. Облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) әкімдігі:

1) қызметін тиісті әкімшілік-аумақтық бірлікте жүзеге асыратын уәкілетті органның аумақтық бөлімшелерімен және Қазақстан Республикасы әскери басқару, ұлттық қауіпсіздік және ішкі істер уәкілетті мемлекеттік органдарының аумақтық бөлімшелерімен бірге, үкіметтік байланыс бөлімшелерінің желілерін қоспағанда, байланыс ғимараттарының, телекоммуникация жолдары мен басқа да инженерлік инфрақұрылым объектілері құрылысының жоспарларын айқындайды және әзірлейді;

2) байланыс операторларына Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен тиісті шығыстарды өтей отырып, абоненттерге тегін қосуды ұсыну үшін байланыс операторларымен бірлесіп, әлеуметтік мәні бар объектілердің тізбесін айқындайды;

3) почта операторларының өндірістік объектілері үшін Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес тұрғын емес үй-жайлар бөледі, сондай-ақ почта операторларының олардың аумағына өндірістік объектілерді орналастыруына жәрдемдеседі.

2. Облыстағы (республикалық маңызы бар қаладағы, астанадағы) ауданның, аудандық маңызы бар қаланың, кенттің, ауылдың (селоның), ауылдық (селолық) округтің әкімі облыс (республикалық маңызы бар қала, астана) әкімдігіне облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) даму жоспарына енгізу үшін тиісті әкімшілік-аумақтық бірлікте байланыс қызметтерін көрсетуді ұйымдастыру жөнінде ұсыныс енгізеді.

 

11-бап. Радиожиілік спектрін және байланыс жерсеріктерінің орбиталық позицияларын пайдалануды реттеу



 2008.21.11 № 89-ІV ҚР Заңымен  1 тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара)

1. Радиожиілік спектрін және байланыс жерсеріктерінің орбиталық позицияларын пайдалануды реттеу мемлекеттің ерекше құзыретінде болады.

Радиожиілік спектрін пайдалануды реттеу дегеніміз радиожиілік спектрін тиімді пайдалануға және радиоэлектрондық құралдар мен жоғары жиілікті құрылғылардың электромагниттік үйлесімділігін қамтамасыз етуге бағытталған құқықтық, экономикалық, ұйымдастырушылық және техникалық шаралар кешенін білдіреді.

Радиожиілік спектрі байланыс саласындағы ұлттық ресурс болып табылады.

2. Радиожиілік спектрін бөліп беру, сондай-ақ радиожиілік спектрі мен байланыс жерсеріктерінің орбиталық позицияларын мемлекет мүддесі үшін тиімді пайдалану саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру жөніндегі ұсыныстарды әзірлеуді Қазақстан Республикасының Радиожиіліктер жөніндегі ведомствоаралық комиссиясы байланыс операторлары қауымдастықтары (одақтары) мен байланыс қызметтерін және радиожиілік спектрін пайдаланушылар қоғамдық бірлестіктерінің қатысуымен жүзеге асырады.

 2008.21.11 № 89-ІV ҚР



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет