42
өзaрa тығыз бaйлaнысты. Aдaм дa сoл тaбиғaттың өзiнeн жaрaлғaн, сoл
тaбиғaттың өзiндe өтiп жaтқaн сaнaлы өмiрдiң, oндaғы қaлыптaсқaн рухaни,
зaттық
мәдeниeттiң ұйытқысы, бaршa өркeниeттiң зиялы иeгeрi» [3, б. 12] –
дегенді айтады.
Профессор Нұргелді Уәли тілдік таңбалардағы мәдени семантиканы
айқындаумен арнайы шұғылданатын лингвомәдениеттану ғылымы бар екенін,
тілдік бірліктердегі мәдени мәнділіктерді негізінен бейэквивалентті лексика
(
шаңырақ, саба, биебайлар, қымыз, көкпар, бәдік айтыс, шілдекүзет, отқақұяр,
отқа май құю, тоғыз беру, беташар, бата беру т.б.),
мифологиялық
мазмұндағы тілдік бірліктер (
жыны ұстады, арқасы қозды, албасты басты,
жеті қат жер асты, жер ортасы көктөбе, дәм-тұз аттамау, дәм-тұзға
шақыру; көз тию, сөз тию, тіл-көз тию т.б.); паремологизмдер,
фразеологизмдер, эталон, стереотиптер, символдар,
тілдік метафоралар мен
образдардан т.б. тілдік құбылыстардан іздейтінін айтқан болатын [54]. Aл мiнeз
сoл eлдiң тұрмыс-тiршiлiгiнe, тaбиғaтынa, бaстaн кeшкeн тaрихи жaғдaйлaрғa
бaйлaнысты қaлыптaсaды, әрi дaмиды.
Тілдегі қазақ ұлтының мәдениетінің, бағалауының
бейнесін көбінесесөз
тіркестерінен, тұрақты сөз тіркестерінен көруге болады. Мысалы, қазақ тілінде
адам мінезін сипаттайтын сөздер көбінесе
ақ, ала, қара, көк сөздерімен
байланысты.
Лигвомәдениеттанушы ғалымдардың айтуы бойынша көбінесе түс
белгілері символдарға айналады. Осы саладағы соңғы зерттеулер түске белгілі
бір жиынтықты құрайтын 10 пигментті ген сәйкес келетінін Маслова айтады. Әр
түстің өз ерекшелігі бар, сондықтан екі адам бір затқа қарап отырып, оның түсін
басқаша қабылдайтынын айтады. Ғалым миы зақымданған адамдарға
жүргізілген бақылаулардан түс туралы ұғым, ол ұғымды білдіретін сөздер
арасындағы байланыс оның әртүрлі екенін анықтағанын айтады. Әр елде түстің
мағынасы әртүрлі екенін, мысалы, жасыл түс АҚШ-та «қауіпсіздік», Францияда
«қылмыс»; қытайлықтар үшін ақ түс аза тұту болса, басқа мәдениетте қара түс
қайғының символы [44].
Ал қазақ мәдениеті үшін ақ сөзі денотаттық
семасынан өзге әділдік,
тазалық, ашықтық мәнінде жұмсалатыны белгілі. Осы сема адамның жағымды
мінезіне қатысты сипаттарды атайды. Мысалы
, ақ көйлек адам, ақ, ақжарқын,
Достарыңызбен бөлісу: