Байсыдық индира болатбекқызы мінез сипаты атауларының лингвомәдениеттанымдық негіздері



Pdf көрінісі
бет18/348
Дата09.04.2024
өлшемі5.82 Mb.
#498150
түріДиссертация
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   348
18.08.2023 dis

жан дүниесі ағарып, рухани қасиеті артқан, мүлтіксіздіктің қалыбы мен 
негізіне мейлінше жақындаған асыл адам. Кемел адамның әрбір іс-әрекеті Алла 
тағалаға арналады. Ол – адасқандар үшін Темірқазықтай жол көрсетуші, жолда 
қалғандар үшін – көпір, үміті үзілгендер үшін – ашылар есік (ҚҰЭ). Кемел адам 
ұғымы қазақ әдебиетінде кітаби ақындар мен Абайдан бастап сөз болып келеді 
(ҚҰЭ)» деп беріледі [33, б. 241-242].
М.Жұмабаевтың «Педагогика» оқулығында мінез туралы былай дейді: 
«Бір адамның барлық ісін басқа адамдардың істерінен айыратын сипаттар мінез 
деп аталады. Сондықтан мінез ақылға, яки сезімге байлаулы нәрсе емес, қайратқа 


29
байлаулы һәм мінез қайрат деп, дәрежесіне қарай бөледі. Егер бір адамның 
қайраты күшті болса, сөзінен ісі айырылмайтын, екеуі екі бөлек жайылмайтын 
болса, ондай адамның мінезі қайратты, күшті, берік мінез деп аталады. Егер де 
сөз бен ой және ісі қабыспайтын болса, ауыз айтқанды қол істей алмаса, ондай 
адамның мінезі жұмсақ мінез деп аталады» [16, б. 112].
Мінез адамның жаратылысына қарай тума болады: һәм басқа сыртқы 
себептермен тұрмыс түрі, жаратылыс, жолдас, тәрбие секілді жүре пайда болады. 
Тума мінез көбінесе тұқым қуалап келеді. «...Адамның өмірлік бет алысын 
білдіретін оның бір сыдырғы тұрақты және жеке-дара тұрлаулы қасиет мінезінің 
екі сипаты бар: бірі – адамның ақиқат дүниеге қатынасы және оны жүзеге 
асырудың өзіндік амалдары. Екіншісі – өз әрекетін тәртіпке келтіре алатын 
өзіндік еріктері. Адам ғұмырының барлық жасындағы мінезіне тәрбиенің 
ықпалы зор» делінген [16, б. 112]. Сонымен, ғалым мінезді жеке тұлғаның 
айрықша қыры ретінде қарастыра отырып, адамның іс-әрекеті мен тәрбиесіне 
әсер ететін жеке, айқын және ерекше сапалық психологиялық қасиеттері 
екендігін анықтап өткен. 
«Адам мінезінің, ақыл-қайратының әр түрлі болуы – тәрбиенің түрлі-түрлі 
болуынан» деген екен Ж.Аймауытов. Қазақ мәдениетінде жалпы мінез деген 
сөздің өзі жақсы, жағымды ұғыммен байланысты болады. Мысалы, мінезді адам, 
мінезі мықты, мінезі бірқалыпты деген тіркестер бар, ол мінезі жақсы деген 
сипатта жалпы айтылатын атаулар. Соған байланысты психологияда да мінездің 
мықтылығы деген ұғым бар. Яғни қойылған мақсатқа жетуге, қиындықтарды 
жеңуге бейім, өз сенімін дәлелдейтін, іске қызу кірісіп, батылдық көрсете алатын 
кісіні мінезі мықты деп сипаттап жатамыз.
Мінез – адамның алға қойған мақсатынан, сонымен қатар мақсатты жүзеге 
асырудағы қолданатын құралы мен әдісінен көрінеді. Адамның мінезі тек не 
істейтінімен ғана сипатталмайды, қалай істейтінімен де сипатталады. 
Екі адам бірдей бір істі істеп, бірдей мақсат көздеулері мүмкін. Сонда 
бұлардың біреуі, қызу кірісіп, жұмысты қарқынмен істеуі, екіншісі – борыш-
міндетін өтеу деп қана қарап, адал ниетпен салқын ғана істеуі мүмкін. Осы екі 
адамның жұмысты қалай істейтіндігі жөніндегі бұл айырмашылығы бұл екі 
адамның іске тиянақтылығында даралық айырмашылықтарын ерекше терең 
сипаттайды. 
Адамның мінезін оның дүниеге, бөгде адамдарға, өзінің ісіне, ең 
ақырында, тіпті өзіне деген қатынасы билейді. Бұл қатынас саналы түрде 
адамның дүниеге көзқарасынан, сенімінен және түрлі пікірлерінен көрінеді. 
Адам өзінің көңіл-күйінде осының бәрін басынан кешіреді. 
Мінез адамның өмір сүру барысына, тұрмыс салтына ықпал жасайды. 
Табанды, қажырлы, қайратты кісі қандай кедергіні болса да жеңіп, көздеген 
мақсатына жете алады, осы жолда өз еңбегін, тұрмысын тиімді етіп 
ұйымдастырады, барлық мүмкіндіктерді жете пайдаланады. 
Мінез жеке өзі үшін ғана емес, қоғам үшін де қажет. Ұжымдық өмір мен 
ондағы тіршілік, әсіресе қызметтегі әр адамның көңіл күйі ондағы адамдардың 
мінез бітістерімен сабақтасып жатады. Кейде мінезі ауыр адам бүкіл өндіріс 


30
ұжымына қырсығын тигізетін кездері болады. Осындай адамның әлегінен 
ұжымда тартыс, кикілжіңдер туады, өсек өріс алады, бұл басқалардың 
жұмысына, көңіл күйіне қолайсыз әсер етеді. Мұндай жағдай отбасында да 
кездеседі. Ал ақкөңіл, жайдары адам, жолдастық қарым-қатынаста болады, 
кісімен оңай шүйіркелеседі, үйде де, түзде де демалысына қолайлы жағдай 
туғызады. 
«Адамдардың мінезіндегі бір айырмасы: өзіне-өзі сенуі әртүрлі болады. 
Кейде бұл сипат анық байқалады: өзіне өте сенгіштік, яки сенімсіздік салған 
жерден көзге түседі; мұндай парық мінезге де өзгешелік береді», – деп есептейді 
Г.Жакпарова [34, б. 139-143].
«Жаратылысынан барлық ізгі, этикалық, интелектуалдық қасиеттерді 
бойына сіңірген адамның болуы шындыққа да, ақылға да симайды, сол сияқты 
жаратылысынан барлық өнерге бейім адам да болуы мүмкін емес. Дәл сол секілді 
жаратылысынан барлық бұзақылыққа бейім адамның болуы да ақылға 
симайды», – деген әл-Фарабидің сөзін келтіру арқылы Р.Жақсылықбаева адам 
жаратылысының жақсылыққа не жамандыққа бейім болып тумайтындығын айта 
кетеді [35, б. 126-128].
Сонымен, мінез сипатын психологтердің, этнолог, әлеуметтанушылардың 
айтуы бойынша жинақтап келгенде, темперамент тумысынан болатын, 
физиологиялық қасиетіне сай, адам әрекетінің сыртқа шыққан көрінісі болса
адам мінезі сол темпераменттен шығатын әрекеттерді бақылайтын, ұстайтын, 
жіберетін, жетілдіретін, тәрбие мен ортаның әсерінен жүре пайда болатын қасиет 
болып табылады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   348




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет