Байсыдық индира болатбекқызы мінез сипаты атауларының лингвомәдениеттанымдық негіздері



Pdf көрінісі
бет276/348
Дата09.04.2024
өлшемі5.82 Mb.
#498150
түріДиссертация
1   ...   272   273   274   275   276   277   278   279   ...   348
18.08.2023 dis

ҚАНҚҰЙЛЫ сын. Қаныпезер, қанішер. Сен, қанқұйлы, тамам елді жылатып болдың 
ғой, осы итаршылықты қоямысың?.. (М.Әуезов, Абай). "Тым болмаса аяңдар, – деп, – 
сәбиді!» – Әулиедей аппақ басын шал иді. Тындамады қарақшылар зар-күйді, Жібімеді 
қарақшылар қанқұйлы (С.Мәуленов, Алыс кет.). Даладан тауға көшіріп барлық ұрысты, 
Даңққа бөлеп алдаспан ауыр қылышты, Қанқұйлы жаудан босатқан ерлер солар ғой 
Ақжайықтан Алтайға жетер ұлысты (Ж.Жақыпбаев, Ләйлә.). Қанқұйлы фашистер-ай, 
сендердің осыныңды адам қауымы ұмытар ма? (Арулар отты жылдарда). 
539. 
ҚАНСҮРЕК сын. Қанқұйлы, қанішер. Екеуі де жүрген бір қазан бұзар қансүрек 
(Ж.Алтайбаев, Сыпырғыш). Кесел ғой нағыз ақырет. Адамға ортақ азап сол. Патша бол 
мейлің қансүрек, Қозыдай момын қазақ бол (Қ.Дәрібаев, Серт) 
540. 
ҚАНЫ БҰЗЫҚ Қараниетті, үнемі жамандық ойлайтын, арам (адам). ...Ол қаны 
бұзық ұры-қары, Қапысын тауып сені алар (Абай, Тол. жин.). Отарбай үйіне жаңағы бар 
қаны бұзық сойқандар жиылып, Сармолланы сыртынан құртып-жойып жатыр дейді 
(М.Әуезов, Шығ.). Әкесі Ұлы жүздің Аққойлы деген атасынан еді, соғысқұмар, қаны бұзық 
боп өсті (Ж.Тілеков, Хинган асу.). 
541. 
ҚАНЫ ҚАРА Зұлым, жауыз. Қаны қара сұмырай Қатты басты беліңді, Үн шығармай 
тұншықтың, Шығара алмай шеріңді (Жамбыл, Шығ. жин.). Сол жерде Таһир тұрып ой 
ойлайды, Салбырап төмен қарап көп ойлайды. Ғазиздің қаны қара адам еді, Бұл мені 
құрытады,– деп ойлайды (Ғ.Малдыбаев, Қырым қызы). Басында тәж, алтын қамқа кигені, 
Қаны қара қатал еді не деген! – Азияны Ақсақ Темір биледі, Тірісінде ешкім ақсақ демеген 
(Ж.Жақыпбаев, Ләйлә.).  
542. 
ҚАНЫПЕЗЕР сын. Бейбіт елге бүлік салушы қанқұйлы, қанішер, жауыз. Екі арыстан 
жабылса дәуді өлтірер, Ажал жетсе аурусыз сауды өлтірер, Қаныпезер бұзақы жігіт болса, 
тыныш жатқан еліне дау келтірер (Шал ақын, Өлеңд.). Бұрын талай кісі өлтірген
қаныпезер ұрылар абақтыда жататын ғой (Ж.Аймауытов, Шығ.). Осы қаныпезер 
қарақшыларды неге ғана жер жұтып кетпейді екен! (Б.Жетпісбаев, Жорық.). Қазаққа кәзір 
қаныпезер хандар емес, қар жастанып, мұз төсеніп ел жорығын бастайтын ерлер керек 
(Ғ.Мұстафин, Көз көрген). Міне, міне, асыл досым, қарашы. Тым тереңде шын байлықтың 
бағасы. Егер Гитлер ұлы ақын бабасы Гете рухын өз бойына сіңірсе, Тағдырына ақын 
көзбен үңілсе, Пенделігі айнала тор құрса да Қаныпезер болар ма еді мұншама? 
(М.Шаханов, Ғасыр.).  
543. 
ҚАРА ЖЕЛІН Тасбауыр, итмінез әйел. Жасымнан ел аралап көп жүріп ем, Көрмедім 
келін иттен қара желі н. Тектіден қарап жүріп қыз алмасаң, Әрқашан жақсы ат бермес 
мұндай келін (Өске Торқаұлы // ХІХ ғ. қаз. поэз.). 
544. 
ҚАРА ЖЫЛАН бейн. Сұм, сұрқия адам. Көк темір қайрауменен алмас болмас, Көк 
есек құрдас болып, мұңдас болмас. «Жаман дос – қара жылан» деген мысал, Жар болып 
шұбар жылан жолдас болмас (Ақмолла, Күндер.). 
545. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   272   273   274   275   276   277   278   279   ...   348




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет