Байсыдық индира болатбекқызы мінез сипаты атауларының лингвомәдениеттанымдық негіздері



Pdf көрінісі
бет279/348
Дата09.04.2024
өлшемі5.82 Mb.
#498150
түріДиссертация
1   ...   275   276   277   278   279   280   281   282   ...   348
18.08.2023 dis

ҚАРАРСЫЗ сын. Ешнәрсеге қанағат қылмайтын, тойымсыз, обыр, мешкей
Жалдаушы бай егерде, Болса обыр, қарарсыз. Еңбек шарты жалғыз-ақ, Соған ғана 
жарамсыз (С. Сейфуллин, Шығ.). Қарарсыз бек, арсыз әмір, Халыққа ұлы еткен зәбір. 
Сазайын ап ел қолынан, Таңы атқанда Ұлы Октябрь (С.Бегалин, Өлеңд.). // Тойымсыз, 
қанағатсыз адам. Қарарсызбен дос болсаң, Жазымық сонан табылып, Қаларсың бір күн 
қошыңнан (Халық поэм.). 
555. 
ҚАРАУ сын. 1. Әділетсіз, қиянатшыл, зорлықшыл, қараниет, арам. «Бақай есеп, арам, 
жылпылдаған жағымпаз яки қайырымсыз қарау болмаса, тәйір-ай, сүмірейген 


275
сұмұрындықтан сол тентектігі, турашылдығы-ақ артық»,– дейтін қарт («Жалын»). 2. 
Ешкімге ешнәрсе бермейтін қолы тар; сараң. Қараудың қазынасы қарғаға бұйырар 
(Мақалнама), Жұбайыңды есіттім, Таңдап тапқан еліңнен. Өзі қарау тартыншақ, Қас 
Қарынбай делінген (Айтыс). 
556. 
ҚАРЫСҚАҚ сын. Тайталасқыш, ерегіскіш. Бекше қарысқақ мінезімен қадалып алды 
(Ә.Сәрсенбаев, Теңіз.). Алғыс айтар ер жігіт, Қыз жаураса нөсерге. Құшаққа енер өр үміт, 
Қыз қарысқақ десең де (Қ.Бекхожин, Ардагер.).  
557. 
ҚАРЫСПА сын. Қарысып қалған, ерегіспе, бірбет. Бағыт алған жағынан танбайтын 
қарыспа ер екен (Х.Досмұхамедұлы, Шығ.). Қарсы тараптың қарыспа адамдарынан өзге 
жай қалыпта тәртіпке көнбейтін тентек матростар мен сотқар солдаттар да аз болған жоқ 
(X.Есенжанов, Көп жыл.). Айдаһардай ысқырған, Айбатты көріп шерлі едім. Қарыспа 
туған паң көрдім, Темірхан ұлы Төрехан (Батырлар жыры) 
558. 
ҚАСАРҒЫШ сын. Қасарып отырып алатын, илікпейтін, бірбеткей; бетпақ. Қыңыр 
адам қасарғыш келеді, ақымақ хан бас алғыш келеді (Нақыл). 
559. 
ҚАСАРМА сын. Қасарып қалған, қыңыр, ерегіскіш. Ол тіл алмайтын қасарма, бір 
қисайса, келісімге келмей, қитабанданып жатып алады (Ә.Нұрпейісов, Қан мен тер). 
«Қасарма қалша» атанбай, Болғыл көптің ығында! Басыңды берсең – мияссар Уағыдасы 
мығымға (О.Шораяқов, Шайыр.). 
560. 
ҚАСАРЫСПА сын. Өз айтқанынан қайтпайтын, бірбеткей, қайсар, қыңыр. Зәуір 
Дүрияға: «Қайда барасың?» – дегісі келсе де, тіл қатпады. Бойын иілмес, қасарыспа бір 
мінез билеп алды (Т.Нұрмағанбетов, Қарлығаш.).  
561. 
ҚАСКӨЙ сын. Қаскүнем, зиянкес, теріс пиғылды. Жәрдем Тілеков – қару-жарағымен 
де, қаламымен де қ а с қой жауды жамсатқан жауынгер жазушы (Синонимдер сөздігі). Көне 
магиялық сенім бойынша қаскөй күштерді қорқытып, үркітуде шудың ғұрыптық әсері мол 
саналған (Б.Абылқасымов, Телқоңыр). Осы тұрған ашынған жұрттың қаскөй жауы, 
қандықол айыпкері сенсің, – деді зілденіп (Ә.Әбішев). 
562. 
ҚАСКҮНЕМ сын. Қара ниетті дұшпан, зиянкес. Иә, дарын ең қаскүнем пендеде де 
болады. Адамды адам ететұғын саналы Әсемдікті бағалауға бағытталған жанары Ізгілік 
пен тазалыққа деген іңкәр талабы (М.Шаханов, Ғасыр.). Сенуші едім, болар деп тойым 
алда, Тек арыма сыйындым мойығанда, Тек ізгілік іздедім тыным таппай Ең қаскүнем 
адамның бойынан да (М.Шаханов, Ғасыр.). Қаскүнем, қара жүрек, қаны бұзық, Ұрыспай 
Дутовпенен жатқан бұғып. Торғайға мен комиссар болмадым деп, Қайғырып қапаланып 
жүрді сұлық (О.Шипин, Дастан.). Тағдырдан сұра, қаскүнем, Бар ма екен менің сасқаным?! 
Алысуға бата алмай, Жалтақтап, сірә, қашқаным?! (М.Дулатов, Шығ.). Мен дос көрсем, 
мені санап дұшманға, Айтқанымды алғыза алмай еш жанға. Қаскүнемнің хайласына көз 
жетпей, Білерсің бір-ақ бүйіріңнен қысқанда (М.Дулатов, Шығ.). 
563. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   275   276   277   278   279   280   281   282   ...   348




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет