Байсыдық индира болатбекқызы мінез сипаты атауларының лингвомәдениеттанымдық негіздері


арлан, бірі кәдік, Тістелуі бірінің бармақтары. Жалғыз қайда барарсың?  Жауыңды қалай табарсың? Ауызданбаған арланым



Pdf көрінісі
бет69/348
Дата09.04.2024
өлшемі5.82 Mb.
#498150
түріДиссертация
1   ...   65   66   67   68   69   70   71   72   ...   348
18.08.2023 dis

арлан, бірі кәдік, Тістелуі бірінің бармақтары. Жалғыз қайда барарсың? 
Жауыңды қалай табарсың? Ауызданбаған арланым, Абайсызда шабарсың 
Айлалы жаудың алдында Тұзаққа түсіп қаларсың! (М.Мақатаев, Шығ.). Ер 
адамның батылдығын арланға теңеп отыр.  
Маралды мал ішінен атпен қуып, Әкеп жүр ауылына айдап Албан. Тазқара, 
балтажұтар, ақбас құмай, Бұлақта отырғанын көрем ұдай (І.Жансүгіров, Шығ.). 
Ер адамның ер жүректігіне қарата балтажұтар деген сөзді қолданып отыр
Оспанның ерлігіне қайран қап: – Туу, сарамас. Мынау неткен көз жоқ бетпақ 
деді (М.Әуезов, Таңд. шығ.). Еркектің асқан батырлығына қарата көз батыр 
деген сөзді қолданып тұр. 
Ал ер адамның бірбеткейлігі мен жағымсыз мінезіне қарата: ағаш мінез, 
адыраңбай, адыр-бұдыр, әпербақандау, бұқа мінез, даңққой, дүм кеуде, нойыс 
және т.б. атауларды қолданған. 
Мысалы: Тапсырған сөзді алмай-қоспай жеткізіп отыратын, берген әмірді 
иілмей орындайтын ағаш мінез адам шығарсың (Х.Есенжанов, Таркезең). 
Мұнда ер адамның бірбеткейлігіне қарата ағаш мінез деген атауды қолданып 
отыр. Қиқу Әнеш оныншы көшкесін басталды. Түк көрмеген Қасен адыраңбай 
қыт-қытпен шыбын-шіркей қуатын болды (М.Қабанбаев, Жиһанкез.). Бұл жерде 
ер адамның әкіреңдеп қалған бимазсыздығын адыраңбай мінез деп қолданып 
отыр. Шынындада ол – ешкімге қатал сөзі жоқ, ала көзі жоқ, адыр-бұдыр 
мінезден аман адам (Б.Қыдырбекұлы, Шайтан.). Адыр-бұдыр мінезді дегеніміз 
қырсық адамның мінезіне қарата қолданылатын сөз. Шофері әпербақандау 


112
жігіт екен, қардан алып шыққаны құрысын. «Көздерің жоқ па, өздерін ішіп 
алғаннан саусындар ма? Осындай жолда есі бар адамның машинасы қарға кіре 
ме екен?» – деп әбден жерлеп болды (А.Лекеров, Түз гүлі). Сотқар адамның 
мінезіне әпербақандау деген сөзді қолданып отыр. Бұқа мінез әлгі пәлекеттің 
сыры белгілі: жолындағыны жалмайды, қаусатады (Д.Досжанов, Жібек.). Дүлей, 
ұр да жық мінез-құлық атауын бұқа мінез деп атайды. Даңқсыздар, болыңдар 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   65   66   67   68   69   70   71   72   ...   348




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет