Байсыдық индира болатбекқызы мінез сипаты атауларының лингвомәдениеттанымдық негіздері



Pdf көрінісі
бет106/348
Дата09.04.2024
өлшемі5.82 Mb.
#498150
түріДиссертация
1   ...   102   103   104   105   106   107   108   109   ...   348
18.08.2023 dis

БЕТ МОНШАҒЫ ҮЗІЛМЕГЕН Ұяң, беті ашылмаған. Қаншама ер жетті 
дегенмен, бет моншағы үзілмеген жассың ғой, сондықтан ойыңа алған ісіңе 
батылдығың жете бермейді (С.Мұқанов, Таңд. шығ.). 
127. 
БЕТЕГЕДЕН БИІК, ЖУСАННАН АЛАСА 1. Аса сыпайы, кішіпейіл
ілтипатты. Тірісінде бетегеден биік, жусаннан аласа жан ед, өлгенде дабыралатып 
қайтеміз (Ә.Тарази, Бұлтқа сал.). 2. Момын, жуас, момақан. Атам... осы... осы... “Сіз” 
деп, “біз” деп, бетегеден биік, жусаннан аласа боп майысып қалады (М.Әуезов, Таңд.). 
Сырттай қарағанда, бәріміз бірдейміз, бетегеден биік, жусаннан аласамыз (О.Бөкей, 
Таңд.). Кезім жоқ босқа бусанған, Төбеме тұрсын тиіп көк: Аласа болдым жусаннан, 
Бетегеден биік боп (С. Мәуленов, Алыс кетіп.). Енді біреулер бетегеден биік, жусаннан 
аласа болып жүріп-ақ түйені түгімен, көшті жүгімен жұтып жібереді (Б.Қыдырбекұлы. 
Ұры.).  
128. 
БЕТТІ сын. ауыс. Өжет, өткір, қайсар. Жанында қанжары бар қайран төре, 
Сұлтан жоқ заманында ондай бетті Сұрағы, топырағы жеңіл болсын, Фәниден бақи 
жайға жүріп кетті (Ә.Найманбаев, Шығ.). Батылы жетпегені ме? Жұрт: «Алғыр да бетті 
жігіт!» дейді ғой, Айжан түсінбейді (3.Шашкин, Сенім). Жайратпай тынбас жау көрсе, 
Наурызбайдай жалынды. Қамалды өтер қақ жарып, Бекеттей бетті, шалымды (Біздің 
Мәлік).  
129. 
БЕТІ ШІРКЕУЛІ Ұялған, ыңғайсызданған. Осы жасына дейін бала сүй меген 
адамның беті шіркеулі, көп алдында да кінәлі сияқты (Ш.Мұртазаев, Қара маржан). 
130. 
БИПАЗ сын. Биязы, сыпайы. Айшаның өзі де әйелдің сүйкімдісі. Мінезі қандай 
биязы, бипаз болса, тілі де соңдай жұмсақ, майда (3. Шашкин, Теміртау). – Оның бәрі 
рас қой, қажы, – деді Жәмпейіс – сонда өзің сипаттап отырғандай тәрбиелі, бипаз қызды 


160
қайдан табамыз бұл Сәбитке? (С. Мұқанов, Есею жыл.). Білгенің жақсы, – деді қарт әже 
бипаз үнмен, – бұның бәрін менің Зинатайым да біледі (Б.Соқпақбаев, Жекпе-жек). 
131. 
БИЯЗЫ ауыс. 1. Сыпайы, әдепті. Найза сілтесіп, қылыш сермесер 
жауынгершілік емес, сөз біліп таңдай тақылдатар даугершілік те емес, отырыс-
тұрысынан олпылық сезілмейтін, сөзінде ағаттық айтылмайтын, кісіліктен гөрі кішілігі 
басым биязы «Шіркін, мына қазақтар осындай жұрт екен ғой» дегіздермей үлгілі 
серіктер таңдарсың (К.Сегізбаев, Беласқан). Он алтыға енді шыққан бала қыздың мінезі 
баяғы алғашқы әйелін есіне түсірді. Тарпаң-тұрпаңсыз, биязы. Биліктің әзәзіл дәміне 
әлі құныға қоймаған уыз жас (Ә.Кекілбаев, Бір уыс топырақ). Сыңғырлаған күлкі, 
биязы амандықпен бұратыла басып, тобылғыдай майысқан бойжеткендер (С.Жүнісов, 
Шығ.). 2. Сабырлы, ұстамды. Жаңағы жұтқан уыз қымыздың дауасы ма, әлде айтайын 
деген жырының қақ-соқсыздығынан ба... үні биязы шықты (I. Есенберлин, Алмас.). Бұл 
өзі – сыпайы, биязы жігіт деп жүрсек... жақында бір шофермен төбелесіп, оның аузы-
мұрнын қан жалатқан (3.Шашкин, Сенім). 
132. 
БИЯЗЫ МІНЕЗДІ Жайдары, жұмсақ мінезі бар (адамға қатысты). Бір-ақ 
биязы мінезді апасы әрдайым сіңлісінің ығына жығыла жүретін еді. Қазір Күнзия есіне 
оған еткен талай кесірліктері, кейбір ерсі қылықтары түседі (З.Шүкіров, Ізгілік.). 
133. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   102   103   104   105   106   107   108   109   ...   348




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет